Бағдарламалық сұрақтар Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер



Pdf көрінісі
бет13/57
Дата06.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#65587
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
 
11. 
Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні және 
маңызы, Р/О коэффициенттері. Электрондарды тасымалдау тізбегінің реттелуі. БТ мен 
ТФ қабысу нүктелері. БТ мен ТФ ажырауы. Ажыратқыштар туралы түсінік. 
 Тотығудан 
фосфорлану - аденозиндифосфат пен фосфор қышқылы электрон 
тасымалданатын тізбекте түзілетін энергияны пайдаланып, әрекеттесіп аденозинтрифосфатты 
түзе жүретін үрдіс. Тотығудан фосфорлану аэробты жасушалардың энергия көзі болып 
табылады. БТ-ның үш сатысында АТФ түзілетін энергия бөледі. Бұл сатыларды БТ мен ТФ-
ның қабысу нүктелері  деп аталады, олар -2,6,9 және10 сатылар. 
Электрондарды тасымалдайтын тізбекті реттеу.  ТФ-ның өнімділігін этерификацияланған 
фосфаттың жұтылган О2-ке катынасына карай таразылайды. P/О коэффициенті АТФ тузуге 
кеткен бейорганикалык фосфаттың моль санының соған сәйкес сіңірілген оттек атом санына 
катынасы. егер субстрат ПФ дегидролазалармен тотықса , бейорганикалык фосфаттың бip атом 
оттекке қатынасы(3/1) тең болады, ал егер субстрат ФП дегидролазалармен тотыкса онда 
коэффициент (2/1) болады. Сол себепті қалыпты жағдайда тотығудан фосфорлану 
коэффициенті 3-ке немесе 2-ге тең болады, P/О- ТФ-ныі қуаттылығын көрсететін көрсеткіш. 
ТФ-ны ажыратушы заттар митохондриялардың оттекті фосфорлануга керек АДФ-ке 
тәуелсіз пайдалануын тудырады. Тотығудан фосфорланудың түрлері: 
А. 2,4-динитрофенол- бip кезде семіздікке қарсы қолданылды, кейіннен улылығына 
байланысты қолданылмайтын болды.
Б. Дикумарол- ажыратушы зат, клиникада антикоагулянт ретінде пайдаланылады. Бұл 
егеуқұйрықтарға қарсы у ретінде пайдаланылады.  
В. Митохондрияларға Са2+ иондарын тасымалдау электрондарды тасымалдау мен тотығудан 
фосфорланудың арасын бұзады. Жануарлар митохондрияларына кальцийді тасымалдау 
концентрация градиентіне қарсы жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет