10. Үшкарбон қышқылдарының циклі (ҮҚЦ), биологиялық тотығу (БТ), маңызы, реакциялар ретін сызба түрінде көрсету. АСҚ-ның бір молекуласы тотыққандағы энергия балансы. 2-сатысы- УКЦ. УКЦ энергия алмасуының 2-сатысына жатады және барлық органикалық заттардың катаболизмінің басы болып табылады. УКЦ-ның жалпы теңдеуі: АцетилКоА ------ - 2 СО2 + ЗНАДН2 + ФПН2 + АТФ УКЦ-ның атқаратын қызметтері: 1)УКЦ - амфиболикалық циклге жатады, ceбeбi онда катаболикалық та, анаболикалық та
процестер жүреді. УКЦ-дағы анаболикалык процестер - көптеген молекулалардың
синтездерінің алдыңғы заттары. Мұны УКЦ-ның пластикалық кызметі деп те айтуға болады.
2)УКЦ- жасушалардың тыныс алуының және энергияны жинақтап, оны аэробты
жасушалардың жумсауының маңызды бөлігі болып табылады
3)УКЦ-да готыксызданған дегидрогеназалар тузіледі, олар ары карай БТ тізбегінде
пайдаланыла ды. Сондыктан УКЦ БТ-ға тотыксызданған ДГН2 -нi апарушы процеске жатады.
4)УКЦ ( Кребс циклі) барлык зат алмасуының айкаскан ортасы болғандықтан, осының
нәтижесіндебарлык заттардың метаболизмдерінің бір бірімен байланысын тудырады.
ҮКЦ-да жүретін реакциялар 1-реакция. УКЦ -дағы реакциялар оксалоацетат ( ҚСҚ) мен ацетил-КоА-ның
конденсациялануынан цитраттың түзілуінен басталады:
2-реакция. Цитрат аконитаза ферментінің қатысуымен цисаконитатқа айналады,бул кезде су
бөлініп шығады.
3-реакция. Цис-аконит қышқылы гидратазаның әсерінен суды қосып алып изоцитратқа
айналады.
4-реакция. Изоцитратдегидрогеназа ферментінің әсерінен изонитрат оксалосукцинатка дейін
тотығады.
5-реакция. Оксалосукцинат (кымыздық янтарь кышкылы) оксало-сукцинатдегидрогеназа
ферментінің әсерінен декарбоксилденіп α-кетоглутаратты түзеді.
6-реакция. Екінші тотығу-тотықсыздану реакциясы. УКЦ -да альфа-кетоглутарат комплексті
α-кетоглутаратдегидрогеназды комплекспен катализденіп CО2 -нi бөледі де, сукцинил-КоА-ны
және eкінші молекула НАДН2 -нi түзеді.
7-реакция. Сукцинил-КоА сукцинил-КоА-синтетаза ферментінің әсерінен сукцинатка
айналады. Субстраттан фосфорлану нәтижесінде энергия қоры ГТФ түзіледі.
8-реакния. Сукцинат сукцинатдегидрогеназа ферментінің әсерінен тотығу-готықсыздану
реакциясына түсіп өнім фумаратты және оған коса тотыксызданган ФПН2-ні түзеді.