Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIX
ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді.
Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да
қалыптасуында
П.Я.Чаадаев (1794—1856) үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты
«Философиялық хаттарында» баяндады.
Чаадаев
католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан,
Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында» деп айтты.
Сондықтан ол Ресейдегі славянофильдіктің де, батысшылдықтың да
негізін қалаушы болып
табылады. Әрине, Чаадаев өз позициясының екіжақтылығын түсінді және осыған байланысты
орыс халқы өзіне тиесілі идеяны іздестіру үстінде дейді. Ұлттық идея сипатының белгісіздігі
туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғамдық ойы өкілдерінің көзқарастарды талдауында
айқындала түседі. Бұл екі бағыт та Орыс идеясының мәні
мен мағынасын қарама-қайшы
кейіпте түсіндіреді.
Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт - бұл
батысшылдық.
Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский,
Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер
тығыз
қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан
орыстың революциялық демократтары өсіп шықты.
Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олардың
пікірінше, ел Батыс
Еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде
экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің
толыққанды мүшесі болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: