Бағдарламасы 1205 орта ғасырлар тарихы 5В020300 тарих мамандығы үшін



бет5/13
Дата16.05.2023
өлшемі141,5 Kb.
#93344
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР


Еуропа антика мен орта ғасырлар түйісінде. (IV ғ. соңы мен ХІ ғ. ортасы).


Рим империясындағы дағдарыс (ІІІ ғ. соңы-V ғ.)
Құл иеленушілік дағдарысы. Рим империясындағы қоғамдық және мемлекеттік құрылым. Колонат эволюциясы. Эмфитевсис. Прекарий. Патронат және коммендация. Натуралды шаруашылық. III-V ғғ. экономикалық құлдырау. Доминат дәуіріндегі қаржы реформалары. Идеологиядағы дағдарыс. Империяның христиандануы. Ересьтік қозғалыстар. Багаудтар мен агонистиктер қозғалысы. Еуропалық феодализм, кейінгі антикалық қоғамдық қатынастар мен германдық, кельттік және өзге «варварлық» рулық-тайпалық қоғамның синтезі ретінде.


Халықтардың Ұлы Қоныс аудару дәуіріне дейінгі ежелгі германдықтардың қоғамдық құрылымы
Герман тайпаларының қоныстану территориялары. Жазба деректер, археологиялық мәліметтер, пәнаралық зерттеулер мәліметтері бойынша германдықтардың шаруашылық өмірі. Ежелгі германдықтардағы қауым. Жер өңдеу. Мал шаруашылығы. Мүліктік жіктелсітің басталуы. Соғыс пен әскери істің орны. Материалдық мәдениет. Қолөнер, сауда және айырбастың дамуы. Ежелгі германдықтардың қоғамдық-саяси құрылымы. Рухани әлемі, діні және наным-сенімі. Ежелгі германдықтар тарихының шет елдік және қазақстандық тарихнамадағы мәселелері (XVIII-XX ғғ.).


Батыс Рим империясының құлауы және варварлық корольдіктердің пайда болуы

Халықтардың Ұлы Қоныс аударуының себептері. Герман тайпаларының жылжуы. IV-V ғғ. Олардың қоғамдық құрылымындағы өзгерістер. Империя территориясына германдықтардың ене бастауы. «Варварлардың» қысымымен Батыс Рим империясының ыдырауы және оның себептері. Қара теңіздегі гот одағы. Вестгот корольдігінің пайда болуы. Вандал-Алан және Бургунд корольдіктерінің қалыптасуы. Батыс Рим империясының құлауы. Италиядағы остгот корольдігі және Галлиядағы франк корольдігі. Британиядағы англосакстер. Италиядағы лангобард корольдігі. «Варварлық» жаулап алушылықтардың жалпы нәтижелері. Әлемдік және отандық тарихнаманың Батыс Рим империясының құлауын және варварлық корольдіктердің пайда болуын зерттеу мәселесіне қосқан үлесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет