Бағдарламасы 1205 орта ғасырлар тарихы 5В020300 тарих мамандығы үшін


Франк мемлекетіндегі феодализмнің дамуы



бет6/13
Дата16.05.2023
өлшемі141,5 Kb.
#93344
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
imagePaper76336

Франк мемлекетіндегі феодализмнің дамуы

Франк мемлекетінің тарихы. Франк мемлекетінің тарихы – феодализмнің синтездік дамуының мысалы. Солтүстік Галлияға қоныстанғанға дейінгі франктер-германдықтар. Меровингтердің франктік мемлекеті. «Салий заңдары» (Lex Salica) – франктердің қоғамдық құрылысын зерттеудегі маңызды дерек. VI – VII ғғ. франк қауымы және оның эволюциясы. Рулық қатынастардың ыдырауы, аллодтың пайда болуы. Ірі жер иелігінің өсуі және шаруалардың кедейлене басатауы. Галло-рим тұрғындары және франк қоғамының феодалдануындағы рөлі. Орталық және жергілікті басқару. Хлодвиг мұрагерлері тұсындағы орталық биліктің әлсіреуі және оның себептері. Мемлекеттің жіктелуі. Австразия майордомдарының мемлекетті біріктіруі.


Каролингтердің франктік державасы. Карл Мартелдің бенефициялық реформасы және оның әлеуметтік алғышарттары мен салдарлары. Каролингтер династиясының билік ету уақытының басталуы. Верден келісім-шарты және болашақ үш еуропалық мемлекеттің қалыптаса бастауы. Тарихнамадағы франк мемлекетіндегі феодализм генезисі мәселесі.


IV - XII ғғ. Византия


Византия (Шығыс Рим империясы) IV–VII ғ. бірінші жартысында. Византия империясының құрылуы, территориясы, тұрғындардың этникалық құрамы. IV-VI ғғ. Византия деревнясы және аграрлық құрылымындағы ерекшеліктер. Митрокомия. Қауымдастар жағдайы. Қала, қолөнер және сауда.
І Юстиниан билігі. VII-IX ғғ. империяның сыртқы саяси жағдайы. Иконға қарсы көтеріліс.


ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДЫҢ СОҢЫНДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПА


ХІ ғ. соңындағы Батыс Еуропадағы феодалдық құрылыстың негізгі сипаты

ІХ-ХІ ғғ. Батыс Еуропа елдерінде феодалдық құрылымның орнығуы. Шаруалар. Феодалдар. Феодалдық иерархия. Инвеститура, оммаж. Феодалдардың тұрмысы мен дәстүрі.




ІХ-ХІ ғасырлардағы Франция

Француз кролдығының пайда болуы, оның этникалық құрамы. Франк мемлекетінде феодалдану процесінің ерте аяқталуы және оның ерекшеліктері. Алғашқы Капетингтер тұсындағы король билігі және саяси бытыраңқылық. Иль-де-Франс. ІХ-ХІ ғғ. әлеуметтік-экономикалық даму.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет