Бағдарламасы 1205 орта ғасырлар тарихы 5В020300 тарих мамандығы үшін



бет8/13
Дата16.05.2023
өлшемі141,5 Kb.
#93344
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
imagePaper76336

XI – XV ғғ. Франция


Феодалдық қатынастардың қалыптасуындағы ерекшеліктер. ХІ-ХІІІ ғғ. қалалардың өсуі. Қала еркіндігінің хартиясы. «Париждің қолөнер кітабы». ХІ-ХІІІ ғғ. саяси бытыраңқылық. Орталықтандыру процесінің басталуы. Филипп II Август және Плантагенет. Альбигой соғыстары және Лангедоктың қосылуы. ХІІІ ғ. мемлекеттік басқару. ІХ Людовик реформалары. XIV-XV ғғ. Франция. Орталықтандыру процесінің жетістіктері. XVI ғ. басындағы король билігінің күшеюі. IV Филипп саясаты. Шампанияның қосылуы. Фландрия үшін күрес. Кроль билігі мен Папа арасындағы күрес. Бас Штаттардың пайда болуы, олардың құрамы және компетенциясы. Франциядағы сословиялық монархияның басталуы, оның ерекшеліктері. Жүз жылдық соғыстың себептері мен бастамасы. Этьен Марсель және Жакерия жетекшілігімен Парижде болған көтеріліс. Карл V Валуа және оның реформалары. XIV ғ. екінші жартысындағы Франция. Партизан соғысы. Жанна Д´Арк – халық батыры. XV ғ. екінші жартысындағы Францияның саяси бірлігі.
XI – XV ғғ. Англия


Норман жаулап алушылығы және оның Англиядағы феодализм дамуына әсері. «Қорқынышты сот кітабы». Англиядағы феодалдық құрылыстың ерекшеліктері. Қалалардың пайда болуы және ХІ-ХІІ ғғ. даму ерекшеліктері. Плантагенет династиясы және ХІІ ғ. мен ХІІІ ғ. басындағы ағылшын-француз державасы. II Генрих реформалары: соттық және әскери. Орталық және жергілікті билік. Ирландияны жаулап алу. Шотландияны жаулап алуға деген ұмтылыс. Біртұтас ағылшын халқының қалыптасуы. Жерсіз Иоанның сыртқы және ішкі саясаты. Еркіндіктің Ұлы Хартиясы. ІІІ Генрих. Барондар соғысы. «Оксфордтық провизиялар», «Вестминстерлік провизиялар». XIII-XIV ғғ. ағылшын парламенті және оның құрылымы. Сословиялық монархияның пайда болуы. Англияның Уэльстегі, Шотландиядағы және Ирландиядағы жаулап алушылық соғыстары. XV ғ. Англияның әлеуметтік-саяси дамуының ерекшеліктері. Тюдорлар династиясы. Ағылшын ұлтының қалыптасу процесінің басталуы және ағылшын ұлтының қалыптасуындағы алғышарттар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет