Бағдарламасы 1205 орта ғасырлар тарихы 5В020300 тарих мамандығы үшін


Курсты оқу нәтижесінде студент жинақтауға қажетті білім



бет2/13
Дата16.05.2023
өлшемі141,5 Kb.
#93344
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
imagePaper76336

Курсты оқу нәтижесінде студент жинақтауға қажетті білім: Әртүрлі медиевистикалық мектептер арасындағы маңызды теориялық сұрақтар; Орта ғасырлардағы Батыс елдеріндегі тарихи дамудың негізгі және өзекті мәселелері; Батыс Еуропа елдеріндегі феодалдық қатынастардың негізгі сипаты мен даму сатылары; Ортағасырлық қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшелігі; Византия қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшелігі; Еуропадағы ортағасырлық мемлекеттердің қалыптасу сатылары мен эволюциясы; Ортағасырлық Еуропаның христиандадырылуы және католик шіркеуінің қоғамдағы орны мен рөлі; Батыс Еуропалық өркениеттің рухани, мәдени, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы ерекшеліктер; Ортағасырлық тарихқа қатысты негізгі деректер, олардың сипаттамасы, медиевистиканың жетістіктері.
Біліктілігі мен дағдысы: Тәуелсіз зерттеу дағдысын меңгеру; Еуропа елдерінің орта ғасырлар дәуіріндегі кеңістік шеңберін айыра алу; Орта ғасырлық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылысының қалыптасу жолдары мен түрлеріне сипаттама бере білу; Орта ғасырлық Еуропа құрылығындағы өркениет аймақтарын айыра алу; Батыс елдеріндегі феодализмнің ортақтығы мен ерекшелігін айқындау; Тарих ғылымының ғылыми түсініктемелік аппаратын меңгеру; тарихи зерттеу тәсілдерін меңгеру; Тарихи мәліметті түсіну, сыни сараптамадан өткізе алу; Тарихи деректермен, мәліметтік-коммуникативтік технологиялармен тәуелсіз жұмыс істей алу.
Курстың алдында оқытылатын пәндер: Ежелгі дүние тарихы, Алғашқы қоғам тарихы, Қазақстанның ежелгі дүние тарихы.
Аралас пәндер тізімі: Студенттердің теориялық білімін тереңдету үшін «Әлемдік діндер тарихы», «Әлем тарихындағы әлеуметтік-саяси ой», «Философия» сияқты пәндерді қатар оқытқан дұрыс.


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ





Тақырыптық мазмұны

1

Орта ғасырлар тарихы бойынша деректер (IV - XVII ғғ.)

2

Ерте орта ғасырлар. Еуропа антика мен орта ғасырлар түйісінде. (IV ғ. соңы мен ХІ ғ. ортасы). Рим империясындағы дағдарыс (ІІІ ғ. соңы-V ғ.)

3

Халықтардың Ұлы Қоныс аудару дәуіріне дейінгі ежелгі германдықтардың қоғамдық құрылымы

4

Батыс Рим империясының құлауы және варварлық корольдіктердің пайда болуы

5

Франк мемлекетіндегі феодализмнің дамуы

6

IV - XII ғғ. Византия

7

Ерте орта ғасырлардың соңындағы Батыс Еуропа. ХІ ғ. соңындағы Батыс Еуропадағы феодалдық құрылыстың негізгі сипаты

8

ІХ-ХІ ғасырлардағы Франция

9

Италия VІІІ-Х ғғ.

10

ІХ-ХІ ғасырлардағы Германия

11

ХІ ғасырлардың ортасына дейінгі Англия

12

VІІ-ХІ ғасырлардың ортасына дейінгі Испания

13

Дамыған орта ғасырлар. Орта ғасырлық қалалардың пайда болуы мен дамуы

14

Крест жорықтары. Крест жорықтары кезеңіндегі Батыс пен Шығыс

15

XI – XV ғғ. Франция

16

XI – XV ғғ. Англия

17

XI – XV ғғ. Германия

18

XI – XV ғғ. Италия

19

XI – XV ғғ. Испания мен Португалия

20

XI – XV ғғ. ортағасырлық мәдениет

21

Кейінгі орта ғасырлар. Батыс Еуропа елдеріндегі капиталистік қатынастардың пайда болуы

22

Ұлы географиялық ашылулар және отарлық жүйенің пайда болуы

23

XVI – XVII ғғ. бірінші жартысындағы Германия.

24

Реформация және Ұлы Шарулар соғысы кезеңі

25

Швейцариядағы реформация. Еуропадағы контрреформация

26

XVI – XVII ғғ. бірінші жартысындағы Испания

27

XVI – XVII ғғ. бірінші жартысындағы Италия

28

XVI – XVII ғғ. бірінші жартысындағы Англия

29

XVI – XVII ғғ. бірінші жартысындағы Франция

30

XVI – XVII ғғ. бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар. Отыз жылдық соғыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет