Бағдарламасы 6В10122 «Медицина»



бет11/16
Дата01.10.2023
өлшемі0,49 Mb.
#112139
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
09.09 -каз Силлабус-2ОМ-ОБЩАЯ ПФ-23-24

Тесттік сауалдар: MSQ А- типті 25 тапсырмадан тұратын (ұсынылған 5 опциядан 1 жауапты таңдау), ең жақсы дұрыс жауапты таңдауды талап ететін үш когнитивті күрделілік деңгейдегі тесттер.
Тесттерді бағалау критерийлері



Бөлім

Тесттегі тапсырма саны

Когнитивті деңгейі бойынша тест тапсырмалары / Бағалау

I деңгей -
1 балл

II деңгей –
2 балл

III деңгей –
4 балл

Жалпы нозология

25

10 тапсырма/
10 балл

10 тапсырма/
20 балл

5
тапсырма/
20 балл

Типтік патологиялық процестер

25

10 тапсырма/
10 балл

10 тапсырма/
20 балл

5
тапсырма/
20 балл




Балл

Жазбаша жауапты бағалау критерилері (АБ-1)

50

Сұрақтың жауабы толық, егжей-тегжейлі, жалпы нозология бойынша саналы білімдерінің жиынтығы ұсынылған, жауаптардың құрылымы түсінікті, мазмұндауы логикалық сауатты және нақты, теориялық материалды түсінуге негізделген. Зерттеудің клиникалық-зертханалық әдістерінің барлық нәтижелерін интерпретациялау бойынша дұрыс талдау жүргізілген. Сұрақ бойынша білім деңгейі пәнішілік және пәнаралық байланыстар жүйесінде түсіндірілген. Жауап барысында заманауи медициналық ғылыми терминологияларды пайдаланған. Материал дұрыс жинақталып, дәлелді қорытынды жасалған. Жауап беру кезінде студент негізгі және қосымша әдебиеттерде берілген материалдарды көрсете білген.

45

Сұрақтың жауабы толық, егжей-тегжейлі, жалпы нозология бойынша саналы білімдерінің жиынтығы ұсынылған, жауаптардың құрылымы түсінікті, мазмұндауы логикалық сауатты және нақты, теориялық материалды түсінуге негізделген. Дегенмен, студент баяндау барысында жалпы сипаттағы қателіктер жіберген. Зерттеудің клиникалық-зертханалық әдістерінің барлық нәтижелерін интерпретациялау бойынша дұрыс талдау жүргізілген. Сұрақ бойынша білім деңгейі пәнішілік және пәнаралық байланыстар жүйесінде түсіндірілген. Жауап барысында заманауи медициналық ғылыми терминологияларды пайдаланған. Материал дұрыс жинақталып, дәлелді қорытынды жасалған. Жауап беру кезінде студент негізгі және қосымша әдебиеттерде берілген материалдарды көрсете білген

40

Жауап толық, егжей-тегжейлі, бірақ жалпы нозологияның негізгі ұғымдары мен категорияларын анықтауда 1-2 елеусіз қателер бар. Маңызды және маңызды емес белгілер мен себеп-салдарлық байланыстарды дұрыс ажырата білген. Клиникалық және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің кемінде 2/3 бөлігін қатесіз түсіндірген. Жауаптардың құрылымы түсінікті, мазмұндауы логикалық сауатты. Пән бойынша бұрын оқылған тақырыптарды орташа деңгейде, ал ағымдағы материалды салыстырмалы жақсы деңгейде меңгерген. Жауап барысында заманауи медициналық ғылыми терминологияларды пайдаланған, дегенмен тұжырымда аздаған дәлсіздіктерге жол берілген. Жалпы материал дұрыс жинақталған. Қорытындының негізгі бөлігі дұрыс. Жауап беру кезінде студент негізгі әдебиеттегі және жартылай қосымша әдебиеттерде берілген материалдарды көрсете білген.

35

Жауап дұрыс, бірақ толық ашылмаған, жалпы нозологияның негізгі ұғымдары мен категорияларын, типтік патологиялық процестерді анықтауда 2-3 елеусіз қателер бар. Студент себеп-салдарлық байланыстарды анықтауы қатесіз, алайда, маңызды және маңызды емес белгілерді дұрыс анықтай алмайды. Клиникалық және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің 2/3 бөлігін қатесіз түсіндірген. Жауаптың мазмұны, құрылымды бірізділікті, логикалық сауатты жазылған. Пән бойынша бұрын оқылған тақырыптарды білудің орташа деңгейімен осы материалды меңгерудің салыстырмалы түрде жақсы дәрежесі көрсетілген. Жауаптарында медициналық терминдердің заманауи түсіндірмесі қолданылған, бірақ тұжырымда қателіктер бар. Жалпы материал дұрыс жинақталған. Қорытындылардың кем дегенде 2/3 бөлігі дұрыс. Жауап бергенде студент тек негізгі әдебиетте берілген материалдарды көрсетеді.

30

Жауап жалпылама дұрыс, бірақ терең ашылмаған, жалпы нозологияның негізгі ұғымдары мен категорияларын, типтік патологиялық процестерді, ағзалар мен жүйелер патологиясының типтік формаларын анықтауда 1-2 маңызды қателіктер жіберген. Студент себеп-салдарлық байланыстарды, маңызды және маңызды емес белгілерді дұрыс анықтай алмайдыды. Клиникалық және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің 50%-дан көп бөлігін қатесіз түсіндірген. Пән бойынша бұрын оқылған тақырыптарды білудің төмен деңгейімен осы материалды меңгерудің салыстырмалы түрде орташа дәрежесі көрсетілген. Жауаптарында медициналық терминдердің заманауи түсіндірмесі қолданылған, бірақ тұжырымда бірлі-жарымқателіктер бар. Жалпы материалдың жинақталуында қателіктер бар. Қорытындылардың жартысынан көбі дұрыс. Жауап бергенде студент тек негізгі әдебиетте берілген материалдарды көрсетеді.

25

Жауап толық емес және жеткіліксіз ашылған. Баяндау логикасы мен реттілігінде кемшіліктер бар, тақырыптың негізгі ұғымдарын ашуда, медициналық терминдерді қолдануда қателіктер жіберген. Сұрақтың 50% ғана дұрыс жауап берген. Клиникалық және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің жартысын қатесіз интерпретациялаған. Пән бойынша бұрын оқылған тақырыптарды білуі және ағымдағы материалдарды игеру дәрежесі нашар. Материал жартылай ғана жинақталған, қорытындылар жоқ. Жауап бергенде студент материалды толық көрсетпейді, тек негізгі әдебиеттерді пайдаланады.

20

Жауап толық емес, дәлелденбеген. Мазмұндауы логикалық бірізді емес, тақырыптың негізгі ұғымдарын ашуда, медициналық терминдерді қолдануда қателер бар. Этиологиялық және патогенетикалық факторлар 50%-дан азында дұрыс көрсетілген. Клиникалық және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің 40%-ын қатесіз интерпретациялаған. Пән бойынша бұрын оқылған тақырыптарды білуі және ағымдағы материалдарды игеру дәрежесі нашар. Қорытындылар жоқ. Талқыланып отырған мәселелердің мәнін толық түсіндірмеген. Студент материалды толық ашпаған, тек негізгі әдебиеттерді пайдаланған.

15

Жауап толық емес, жалпы нозология бойынша оқу материалының ең үлкен және маңызды бөлігін қамтуда елеулі қателер бар. Медициналық терминдер дұрыс емес, сөздердің көпшілігі қате. Бөлімнің материалдары бойынша білімі шашыраңқы ұсынылған. Баяндауы қисынсыз, дәлсіздіктер бар. Материал қателікпен жинақталған, қорытындылар жоқ.

0

Жауаптар билеттегі сұрақтарға сәйкес келмейді немесе мүлдем жоқ; жалпы нозология бойынша оқу материалын қамтуда үлкен қателіктер жіберген. Баяндауы бірізді емес, жүйесіз. Медициналық терминдер дұрыс пайдаланылмаған. Материал жинақталмаған, қорытынды жоқ. Сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиеттерді білмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет