Алгебралық бөлшектер.
Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
Алгебралық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар орындай алады: Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту ережесін біледі.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Алгебралық бөлшектерді қосу мен азайтуда бөлшектің ортақ бөлімін тауып, толықтауыш көбейткіш, яғни көпмүшені таба алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:Алгебралық бөлшектерді қосып, азайту барысында алынған күрделі өрнекті қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып, ықшамдай алады.
Бағалау критерийі
Оқушы: алгебралық бөлшектерді қосу және азайту үшін, екі бөлшектің ортақ бөлімін табады;
әр бөлшекке толықтауыш көбейткіш (көпмүшені) табады;
толықтауыш көбейткіш көпмүшені бөлшектердің алымдарындағы көпмүшелерге көбейте алады;
ұқсас мүшелерді біріктіре алады;
мүмкін болса бөлшектің алымындағы көпмүшені көбейткіштерге жіктей алады;