Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет47/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
1.
Ноғай Ордасының алғашқы ханын атаңыз. 
2.
Ноғай Ордасындағы саяси мəселелерде маңызды рол атқарған түркі 
тайпаларын білесіз бе? 
3.
Алтын Орда жəне Киев Русі мемлекеттерімен қарымқатынасы қандай 
болды? 
Əдебиет: 
Қазақстан тарихы ІІ том. А.,1998. 159-160 бб. 
Кочекаев Б.-А.Б. Ногайско-русские отношения вХҮ-ХҮІІІ вв. –Алма-Ата: 
Наука, 1988. 272 с.
№12 дəріс
Тақырып: Ақ Орда, Моғолстан жəне Көшпелі өзбектер мемлекетінің 
саяси-əкімшілік құрылысы


Қарастырылатын сұрақтар:
1. Территориялық орналасуы, əкімшілік басқару жүйесі 
2. Қалалары мен селолық қоныстары 
3. Мəдениеті жəне əлеуметтік құрамы 
Дəрістің мақсаты: 
Ортағасырлық көшпелі мемлекеттердің халқы мен 
басқару жүйесі туралы баяндау жəне деректерге талдау жасау. 
Дəріс мазмұны: 
Ақ Орда, Моғолстан жəне Əбілхайыр хандығы моңғол 
империясы құрамындағы ұлыстар санатында болған. Бірақ «Ұлыс» 
ұғымымен 
қатар 
мемлекет 
немесе 
хандық 
деген 
дəреже 
алған. 
Мемлекеттердің 
құрамындағы 
этникалық-аумақтық 
топтар 
мен 
бірлестіктерді белгілеу үшін деректерде алуан түрлі терминдер қолданылған. 
Əсіресе, ХІҮ-ХҮ ғасырларда үлкен-үлкен бірнеше аумақтық топтар мен 
берлестіктер болып, олардың əрқайсысы феодалдық иеліктер сипатында 
болған. Деректерде олар ұлыс, ел, қабиле, ұрық, оба, ал ру-тайпалық 
бөлімдер ел, аймақ, тайпа, қауым, табақа деп жазылған. Ақ Орданың, 
Моғолстанның, Əбілхайыр хандығының мемлекеттік жəне əкімшілік
құрылысы бірдей болды. Бұл үшеуінде де мемлекеттің жоғары билеушісі 
«хан» деп аталған. Оларға қарасты ұлыстардың, тайпалық бірлестіктердің 
билеушілері ханға вассалдық бағыныштылықта болған. Олар тайпаны хан 
атынан басқара отырып, соғыс болған жағдайда өз қарамағынан жасақ 
ретінде əскер шығаруға, ханға салық төлеп тұруға міндеттенген.Ақсүектердің 
өкілі ретінде олар өздеріне тəуелді халыққа саяси, сот- əкімшілік міндеттер 
мен экономикалық билікті қоса жүргізген. Ал өз қолында əскери күші көп 
ақсүйектер кей жағдайда ханға бағынбай жеке, дербес билікке ұмтылған. 
Өздеріне 
одақтастар 
іздеп, 
ханды 
тақтан 
тайдыруға, 
мемлекеттік 
төңкерістерге қатысқан, хан тағына өз үміткерлерін шығарып, оларды 
қолдап, 
үнемі 
мемлекетте 
қырқыстар 
тудырып 
отырған. 
Ханның 
ақылдасатын оның ең жақын туыстары мен ақсүйектерден тұратын «Хан 
кеңесі» жұмыс жасаған. Моғолстанда ол «Мəжіліс» деп аталған. Елде 
мемлекеттік 
кеңселер 
ретінде 
диуандар 
мен 
дафтарлар 
(қаржы 
ведомствалары, салық басқармасы жəне кеңселер) болған. Мемлекеттік 
істерде ұлысбегілер аса маңызды рол атқарған. Ол тақты мұралану, армияны 
басқару, көрші мемлекеттер мен дипломатиялық қатынастар жасау туралы 
мəселелерді шешуге қатынасқан. Олардан кейінгі лауазым иелері –атабектер, 
яғни тақ мұрагерін тəрбиелеушілер. Сол сияқты жоғары қызметтегі лауазым 
түрі 
наиб-жиналыстар 
мен 
мерекелердегі 
тəртіп 
пен 
рəсімдеуді 
қадағалаушылар, жасауылдар, сарай қызметінің басшылары-ішік аға басы, 
хан кеңесшілері-инақтар, аңшылық бастығы-миршикар сияқты қызметтер 
болған.
Мемлекеттердің құрамындағы қалаларды басқару өте сақ жəне күрделі 
жүйемен жүргізілген. Қала немесе аймақтың хан қойған билеушісі- Даруға 
деп аталған. Мемлекеттік құжаттардың барлығы ханның мөрімен бекітілген. 
Мемлекеттерде моңғол дəстүрі бойынша қос қанатты əскери сап жүйесі 
сақталған. Олар бароңғар жəне жоңғар немесе сол қанат жəне оң қанат. 
Мемлекеттерде сонымен қатар, көкілташтар (аталық), əмир-и шикар, михман 


даруға, худай, мубашир, басқақ сияқты лауазымдар маңызды орын алған. 
Жалпы, Ақ Орданың, Моғолстанның, Əбілхайыр хандығының мемлекеттік 
жəне əкімшілік құрылысы жеткілікті дəрежеде тұрақты, саяси құрылымды 
мемлекеттер болды деуге толық негіз бар. Олардың мемлекеттік-əкімшілік 
жүйесі билеуші үстем таптың мүдделерін қорғауға бағытталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет