Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет49/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

 
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 
1.
 
Ортағасырлық маңызды сауда орталықтары болған қалаларды атаңыз? 
2.
 
Қалаларда қандай қолөнер бұйымдары жасалып, шет жерлерге саудаға 
жіберілген?
Əдебиет: 
Аманжолов К. Қазақстан тарихы. А.,2004. 251-254 бб.
 
Қазақстан тарихы /очерктер/. А.,1994. 159-162 бб.
№14 дəрiс 
Тақырып: Қазақстанның ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы экономикасы 
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Мал шаруашылығы 
2. Əлеуметтік-экономикалық қатынастар керуен жолдары, сауда жəне 
ақша айналысы
Дəрістің мақсаты: 
Қазақстан территориясындағы ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы 
экономикалық дамуы туралы мағлұматтар беру.
Дəріс мазмұны:
Тарихи деректер мен құжаттарда жақсы көрсетіліп, өздері 
де кейінгі уақытқа дейін сақталған орта ғасырлардағы басқа да Орта Азиялық 
қалалар мен қатар айтылатын көптеген қалалар бар. Олар ХҮ-ХҮІІ 
ғасырлардағы Сыр өңірі қалаларымен байланысты саяси-экономикалық 
деректерде көптеп кездеседі. Деректерде аталған кезеңдегі қалалардың 
ортағасырлардағы дамуы Шығысқа тəн мазмұнда сипаттауға мүмкіндік береді. 
Олар Орта Азия мемлекеттерінің астаналары Бұқара мен Самарханд, үлесті 
иеліктердің ірі орталығы Балх, Əндіжан жəне басқалары сияқты онша 
салтанатты да сəнді болған жоқ, бірақ əлеуметтік-экономикалық жағынан нақ 


солар сияқты шығыс дүниесінің бүкіл қоғамдық қатныастарымен астасып 
жатқан ортағасырлық ірі қалалар еді. Шығыста феодализмнің ең ерекше 
белгілері қалалардың феодалдарға тəуелді болуы. Осындай құбылыс сыр өңірі 
қалаларына да тəн. Мысалы, Сыр бойындағы қалалар көлемінің шағын болуы
қолөнер кəсіпшілігінің біршама нашар дамуы жəне егіншілікті өңірмен тығыз 
байланысы олардың жергілікті шағын феодалдар мен Түркістанның кезекті 
билеушісіне тəуелділігін бұрынғыдан да арттыра түсті. Нарративтік 
шығармаларда «шаһар» (парсыша-қала) термині өте сирек қолданылған. 
Негізінен бұл атау ортағасырлық шығыс деректерінде төңірегінде ауылдық елді 
мекендермен ерекшеленетін уəлаяттың əкімшілік орталықтарын атауға 
қолданылған. Рузбихан осындай екі шаһарды атайды: олар Сайрам жəне Ясы 
қалалары. Бұл қалалардың маңызын атай келе, ол кейде арабша «медина»-қала 
деп те атайды. Рузбихан жəне тб авторлар шаһар термині түркі 
халықтарында кеңінен тарағандығын да жасырмайды. Сонымен қатар, арабша 
«қал'а» терминімен жие алмастырады. Деректемелерде Сыр өңірінің барлық 
қалалары «қал'а» терминімен жазылады. Сонымен бірге, шығармаларда ірі 
орталықтар туралы қалашық-«балада», шағын қоныс деген терминдерде 
кездеседі. Ортағасырлық авторлар Рузбихан бұл атаумен Сайрам, Сығанақ 
қалаларын, ал Осман Кухистани Ясы қалаларын сипаттауда қолданған. Кейде ірі 
елді мекендерді «дих»-қоныс, ауыл деп атайды, бірақ мұны шығыстанушы 
Вельяминов-Зернов қала деген сөзбен аударған. Деректерді қарастыру 
барысында ортағасырлық қалалардың əр түрлі терминдермен атағандығын 
көреміз. Мысалы, Васифи Сауранды шаһар деп те, балада, қасаба, «қал'а» 
терминімен де атайды. Хафиз Таныш өз еңбегінде Үзгент, Сайрам қалаларын 
«маузи» терминімен атаған. 
Арыстың Сырға құяр сағасында ортағасырлық Отырар жатыр. Қала іргесі
1 ғасырда каланған. Ғасырдың орта шенінде ол шағын қалаға айналады. Қала 
үйлеріқ кссектен 1, 2, 3 бөлмелі етіп салынған. Көлемі 15-30 шаршы метрден
аспайтын үш бөлмесінің өзінде жататын үйдің биіктігі 3-5 метр, ені 1-1,2 метр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет