терракотаның бастапқы үлгісі болатын. Құрғатылған балшыққа ою-өрнек салып,
оны кейіннен күйдірілген ерте заманнан белгілі оймыштау мен əшкейлеуге
жануарлар əсем бейнелерін салу жалғастырылған. Сүйір аркалармен қоршалып,
артқы аяқтарымен тұрған жануарлардың схемалық бейнесі бар оюлы
тақтайшалар, түрлі арыстан бедерлерімен басылған терракоталық тақталар
ерекше əсер қалдырады. Олар Х-ХІІ ғасырлардағы Қызыл өзен үйлерінен
табылған. Қалаларда қолөнершілік жақсы дамыған. Оны мына кестеден анық
көруге болады.
ХІ ғасырда аса көрнекті ақын Ж. Баласағұн «Қолөнермен айналысатын
шеберлер əлі де бар, оларды өнер тамған с аусақтары асырап отыр, дүниенің
тізгінін ұстап отырғанда солар. əлемдегі ғажайып атаулының бəрі солардың
шеберлігінің нəтижесі» деп жазады. Қазба жұмыстары кезінде əсіресе,
күйдірілген саздан жасалған бүтін ыдыстар көьінесе, олардың сынықтары жие
табылады. Олардың ішінде дəн сақтайтын 200 литрлік үлкен ыдыстарда, жылтыр
газурьмен əшекейленген жасыл жəне қоңыр қаймамен боялған шырақтарда бар.
Саз балшықтан ұсақ ыдыс аяқ жалқы мүсіндері сияқты балалар ойыншықтары да
жасалған. Сүйектерден бұйым жасау өнері ерекше өркендеді. Түрлі үлкен
əшкейлер, түймелер мен доғабастар жасалды. Қала орнынан сүйектен жасалған
шахмат фигуралары да табылды. Талғар қаласынан Орта шығыста жасалған аса
көркем металл бұйымдарда табылды. Атап айтқанда, сондай олжалардың бірі-
қанатты сақтар бейнесі салынған мыс табақша.
Достарыңызбен бөлісу: