Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


№ 10 дəріс  Тақырып: Көшпелі өзбектер мемлекеті



Pdf көрінісі
бет45/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

№ 10 дəріс 
Тақырып: Көшпелі өзбектер мемлекеті 
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Шайбан ұрпақтарының билік үшін күрестері 
2. Əбілқайырдың билікке келуі
 
3. Хандықтың аумағы мен халқы
 
Əбілқайырдың Моғолстан мен, 
Мауеренахрмен жəне 
қалмақ тайшысы Үз-Темірмен соғыстары.
 
4. Мемлекеттің құлауының тарихи себептері. 
Дəрістің мақсаты
: Шайбани Əбілқайыр негізін қалаған Көшпелі өзбектер 
мемлекетінің тарихын таныту, тарихи тағылымдарын көрсету. 
Дəрістің мазмұны: 
ХҮ ғасырдың 20 жылдары Ақ Орданың əлсіреуі мен 
құлдырауы тұсында оның территориясында бірнеше тəуелсіз ұлыстар пайда 
болды. Мысалы Аралдан солт қарай Сарысу мен Жем өзендері аралығында 
Шайбани Жұмадық хан ұлысы, одан батысқа қарай Газы би бастаған Маңғыт 
ұлысы, Атбасарда жəне Тобыл –Есіл аралығында Махмуд Қожа хан, 
Атбасардың сол жағы Мұстафа хан, Тура аймағында Кепек би мен Адаб-бек 
Бүркіт билік етті. Сонымен қатар, Тобыл, Ырғыз, Жайық өзендері 
аралығында жазғы жайылымы, Арал теңізі бойы, Шу, Сарысу өзендерімен 
Сырдарияның төменгі ағысында қысқы қоныстары орналасқан Шайбани 
ұлысы дербес аймақ ретінде саналған. Шығыс Дешті Қыпшақта жеке 
билеушілерге қарсы 20 жылдай уақыт алған ұзақ күрестен кейін Шайбани 
ұрпағы Əбілхайыр билікке келеді.
Ақ Орданың өрлеуі кезінде Шайбани ұрпақтары өз иеліктерін сақтап 
қалып, онда Шайбани ұлысы жеке ұлыс ретінде өмір сүрген. Махмуд ибн 
Уəли өз еңбегінде бірнеше Шайбанилық билеушілерді атайды. Мысалы: 
Баһадүр, Жошы-Бұқа, Бадағұл Оғлан, Минг Темір, Пулад, Ибрахим, Дəулет 
Шайх тб. Жəне ол хандардың бəрі «сол заманның хандарына, əуелі Алтын 
Орда, кейін Ақ Орда хандарына бағынды» деп жазады. Ал ХҮ ғасырдың І 
ширегінде Ақ Ордадағы бүліктер мен тартыстар кезінде Шайбани ұрпақтары 


бөлектеніп, тəуелсіз билік ете бастаған. Дəулет Шайх өлгеннен кейін билікті 
Суфи хан, кейін оның ұлы Жұмадық хан (1425-1428 жж) қолына алады. 1428 
жылы Жұмадық хан маңғыт əмірлерімен жəне Жошы ұрпағы Қажы 
Мұхаммедпен Жайтар-Жалқын деген жерде болған үлкен шайқаста қаза 
табады да, əскерінің сапындағы 16 жасар Əбілхайыр маңғыттарға тұтқынға 
түседі. Бірақ көп ұзамай олар оны босатып жібереді. Өлтірілген Жұмадық 
ханның орнына 1428 жылы, хижра бойынша 833 мешін жылы Тура 
аймағында (Батыс Сібір) 17 жасар Шайбани ұрпағы Əбілхайыр 200 дей ру 
басылардың қолдауымен хан көтеріледі. Оның қол астындағы мемлекеті 
Əбілхайыр хандығы немесе Көшпелі өзбектер мемлекеті деп аталады. Өзбек 
атауы жөнінде əр түрлі болжамдар бар. Мысалы 1-ден бұл атау жергілікті ру-
тайпалар өзі қойып, өзін-өзі осылай атап кеткен десе, 2 –ден 1312-1342 
жылдары 
Алтын 
Орданы 
ханы 
болған 
Өзбек 
ханның 
атымен 
байланыстырады, 3-ден Өзбек деген кісі аты, ХІҮ ғасырда этноним атауына 
айналған деп есептеледі. Мұсылман деректерінде хандықта «тоқсан екі баулы 
өзбек» халқы түрған, яғни елде 92 ру тайпалық бірлестік болған. Сонымен 
қатар мемлекет бір деректерде жері мен халқының атауына байланыс та 
«Қыпшақ хандығы» деп те аталады. Тарихшы Рузбихани «... 
хандықтың негізін үш халық: шайбанилықтар, қарақалпақтар жəне қазақтар 
құрайды, олардың ішінде ең көбін қазақтар құрайды» деп жазған.Əбілхайыр 
хандығының территориясы: бастысында –Жайық, шығысында Балқаш, 
оңтүстігінде Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысы, ал солтүстігінде Тобыл 
мен Ертіс өзені аңғарларын алып жатты.
Əбілхайыр Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы болып 
табылады. Ханның шежіресі: Шыңғыс хан→ Жошы→Шибан→ Банийал 
баһадүр→ Жошы-бұқа→ Бадағұл→ Меңгі Темір→ Пулад→ Ибраһим→
Дəулет Шайх→ Əбілхайыр тараған. Осман Кухистани (Тарих-и Абулхаиир 
хани) өз еңбегінде Əбілхайырды хижра бойынша 816 айдаһар жылы дүниеге 
келген деп жазады. Ол жастайынан жетім қалып, Шайбанның басқа ұрпағы 
Жұмадық ханның қолында тəрбиеленіп, оған қызмет жасап жүріп, билік үшін 
күресте ерекше көзге түседі. Деректер бойынша Əбілхайырды қолдаған тек 
сұлтандар ғана емес, көптеген ру тайпалар көсемдеріде, батырлар мен 
мұсылман діндарлары да болды. Ол арқа сүйеген ру тайпалар: қият, маңғыт, 
чинбай, йиджан, каанбайлы, табгут, бурман, кошчи, утарчы, найман, тубай, 
таймас, шад, қытай, барақ, ұйғыр, қарлұқ, кенегес, үйсін, қоңырат, құрлауыт, 
туман, меңгі тб. Əбілхайыр хан тарихында маңғыттар өте күшті орын алады. 
Едігенің немересі Нураддиннің баласы Уақас би Əбілқайырмен өте жақсы 
достық қатынаста болған. Қадырəлі бек Жалайри бұл екеуі бір кеседен ас 
ішкен деп жазады. Алайда, Əбілхайырдың бақталасы Мұстафа ханның айдап 
салуымен екеуінің арасындағы достығы бұзылады. Əбілхайыр өзін қолдаған 
көшпелі қоғамның көңілін табу үшін олардың мүддесіне сай қызмет етуге 
тиісті болды. Ең алдымен одан шығудың жолы жаңа жерлерді жаулап алу 
деп түсінді. Тарихшы Бартольд: «Ең аз қозғалған қала мəдениеті –деп жазды- 
Өйткені Шайбани ұрпақтары өздерінің көшпелі əскери дəстүрін қатаң 


ұстанған, сондықтан Шыңғыс династиясының құлдырауы кезеңінде үнемі 
жаулаушы жиһангер ретінде роль атқарды» -деп жазады.
Əбілхайырдың біріктірушілік саясатына қарамастан, Шығыс Дешті 
Қыпшақ аумағы саяси жағынан бытыраңқы болып қала берді. Ақ Орда 
хандары ұрпақтарының билігі сақталып қалған Ақ Орда жерінің оңтүстік
аудандары –Сыр өңірін, Қаратау аудандарын бағындыру Əбілхайырдан 
мейлінше көп күш-жігер мен уақытты талап етті. Ал Сырдарияның төменгі 
ағысында, солт Арал өңірі даласында, Жем жəне Жайық өзені аралығында, 
Қажы-Тархан аудандарында дербес иеліктер Кіші Мұхаммед ханның ұлдары 
Тоқа Темір Ахмед хан мен Махмуд хан ұрпақтарының ұлыстары сақталды.
1430 жылы Тобыл өзені бойында Шайбани Махмуд Қожа ұлы арасында ірі 
шайқас болады. Ұрыс алаңынан талқандалып, қашуға əрекеттенген Махмуд 
Қожа ұсталып, Əбілхайыр бұйрығымен өлтіріледі. Ал оның əйелі айдай сұлу 
Ағанақ бикені мұсылман дəстүрі бойынша Əбілхайыр өзі алады. Одан əрі 
маңғыт əмірі Уақас биді талқандап, ХҮ ғасырдың 40 жылдарында Ертіс 
Солтүстік-батыс Балқаш өңірін қосып алады. Əбілхайырдың мемлекетті 
күшейту саясатында басты бəсекелес болған Ахмед пен Махмуд хандар 
иелігіне, яғни Тоқа Темір ұрпақтарына қарсы 1431 жылы Əбілхайыр көп 
əскермен жорыққа аттанып, Кухистанидің айтуы бойынша Екретуп деген 
жерде кескілескен шайқас болады. Ахмед пен Махмуд хандар тас талқан 
болып жеңіледі. Олардың бас ордасы Орда Базар қаласы Əбілхайырдың 
қолына көшеді. Онда Əбілхайырдың атына Құтпа оқылып (хандық билігін 
мойындау үшін оқылатын дұға), оның атынан теңге соғыла бастайды. 15 жыл 
өткеннен кейін 1446 жылы Атбасарда Мұстафа ханды талқандайды. Алайда, 
бұл кезде көп ұзамай Ахмед пен Махмуд хандар өз иеліктерін қайтару үшін 
жаңа жорықтар ұйымдастырады. Олардың сəтті жорықтары нəтижесінде 
Астрахань, Жайық, Жем өзендерінің сағалары, солт Арал жағалауы солардың 
қолына көшеді. Махмуд Бин Уəлидің айтуынша «... Мұхаммед хан өлгеннен 
кейін балалары Ахмед, Махмуд хандар, Джувак сұлтан жəне Башпақ 
сұлтандар бірігіп, Əбілхайырды түпкілікті күйрете талқандауға əзірленеді». 
Шығыс Дешті Қыпшақ аймағында орталықпен байланыс біртіндеп əлсірей 
береді. Əбілхайырдың көңілі оңтүстік пен оңт-шығысқа ауып көздегені 
Мауеренахр аймағы болды. Ол 1430 жылы Хорезмді басып алып, Үргенішті 
тонайды. 1446 жылы Ұлықбектің иелігіндегі Смарқанд пен Бұқара 
маңындағы аймақтарды тонап, Сырдың орта ағысындағы бірқатар қалаларды 
басып алады. Сығанақ өз еркімен біріліп, кейін бірене соң бірі Аққорған, 
аркөк, Созақ, Үзгент қалаларыда оған қосылады. Өйткені, Мауеренахр 
билеушілерімен Шығыс Дешті Қыпшақ аймағының билеушілері арасындағы 
үздіксіз соғыстардан əбден қажыған қала əмірлері өз қауіпсіздігі үшін 
осындай шешімге келеді. Отырар, ясы, Сауран жəне Сайрам қалалары 
Ұлықбектің қол астында қалады. Ал Сығанақ Əбілхайыр хандығының 
астанасына айналады. Бұған дейін елдің астанасы қызметін Тура немесе 
Чимги Тура қаласы, кейін Орда Базар қалалары атқарған. Əбілхайырдың Сыр 
бойындағы бірнеше қалаларға қол жеткізуі Шайбан ұлысы мен Орда Ежен 
ұлыстары арасындағы қақатығыстарды одан əрі шиеленістірді. Өйткені, 


Əбілхайыр қалалар емн оның төңірегіндегі алқаптарды тонауы Орда Ежен 
ұрпақтары Жəнібек пен Керей сұлтандар иелігіндегі көшіп-қонып жүрген 
қазақтардың мүдделеріне қайшы келді.
ХҮ ғасырдың 20-30 жылдар Іле жəне Ыстықкөл жаңғалауларында 
өздерін ойраттар деп атаған қалмақ тайпалары келіп жетті. Ал 50 жылдары 
олар Сырдария маңына жақындады. Аймақтардағы территориялар үшін 
күрес Моғолстан, темір ұрпақтары билеушілерімен қатар Əбілхайырдың 
иелігіне де қауіп төнді. Ақырында 1457 жылы Əбілхайыр мен Үз Темір 
тайшы арасында Сығанақ қаласы маңында Көккесене деген жерде қанды 
шайқас болады. Əбілхайыр хан талқандалып, Сығанаққа қарай шегінеді. Үз 
Темір тайшы Сыр бойындағы көптеген қалаларды еркін толнап, ірі əкімшілік 
жəне сауда орталықтары Түркістан, Шахрухия жəне Ташкент қалаларының 
маңы толықтай күйретіледі. Халқы күйзеліске ұшырайды. Бұған шыдамаған 
Əбілхайыр Үз Темір тайшымен келісім шартқа қол қояға мəжбүр болады. 
Шарт бойынша өз немересі Махмуд сұлтанды Үз Темірге аманатқа береді. 
Ол жоңғарлардың қолында жеті жыл болады. Ал тайшының өзі 
Əбілхайырдың қалаларын қалдырып, Шу өзеніне қарай кетеді. Одан əрі 
қалмақ жеріне көшеді. Ал Əбілхайыр хан тек 60 жылдардың басында ғана 
Сыр бойына қайта оралып, өз жеріне орналасады. 1468 жылы қазақ 
сұлтандарына қарсы Жетісу жорығы кезінде Алматы маңындағы Аққыстау 
деген жерде Əбілхайыр қаза табады. Ол өлгеннен кейін оның мұрагерлері 
Көшпелі өзбектер мемлекеті билігін сақтап тұра алмайды. Кейін қазақ 
хандығының нығаюына байланысты Шайбани əулетінің Шығыс Дешті 
Қыпшақтағы билігі тоқтайды.
Сөйтіп 40 жылдай өмір сүрген Əбілхайыр хандығы құлайды: 
1 ден, Шыңғыс əулетінің арасындағы толассыз қырқыстар мен 
алауыздықтардан; 
2 ден, ру- тайпалардың ақсүйектерінің оқшаулануға ұмытылысынан; 
3 ден, билеуші əулеттер мен қарапайым көшпелі жəне жартылай 
көшпелі халықтар арасындағы қайшылықтардан; 
4 ден, ішкі жəне сыртқы соғыстардан мемлекет күйреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет