Тақырып. Дидактика. Тұтас педагогикалық үдерістегі оқыту.
Дидактика туралы түсінік. Дидактиканың негізгі категориялары. Оқытудың негізгі дидактикалық тұжырымдамалары және заманауи тұжырымдамалары. Оқыту үдерісі туралы түсінік және оның тұтас педагогикалық үдерістегі орны. Оқыту үдерісінің екіжақты сипаты. Дидактиканың методологиялық негізі. Оқыту үдерісінің қозғаушы күші. Оқытудың негізгі функциялары: білімділік, тәрбиелік және дамытушылық. Оқыту үдерісінің негізгі компоненттері: мақсат, міндеттер, мазмұн, әдістер, құрал, ұйымдастырудың және нәтиженің формасы. Оқытуға әртүрлі тұрғылар: тұлғалық-бағдарланған, іс-әрекеттік, жүйелі.
Тақырып. Оқытудың заңдары, заңдылықтары және ұстанымдары.
Оқытудың заңдары, заңдылықтары түсінігі. Оқытудың заңдары. Оқытудың заңдылықтары: оқытудың қоғамдық қажеттілігін ескеру; оқытудың ағымдағы жағдайға тәуелділігі; оқушылардың шынайы оқу мүмкіндіктері және оқытудың өзара тәуелділігі; оқыту мен оқудың бірлігі; оқытудың тұтас педагогикалық үдерісіндегі оқытудың міндеті, мазмұны, әдістері және формаларының өзара тәуелділігі. Оқытудың ұстанымдары және ережелері түсінігі. Оқытудың негізгі ұстанымдарының сипатамасы. Оқытудың ғылымилық принципі. Оқытудың өмірмен байланыстылық принципі. Оқытудың тәрбиелік принципі. Оқытудағы оқушылардың саналылық және белсенділік принципі. Оқытудың жүйелілік және бірізділік принциптері. Оқытудың жеткіліктілік принципі. Оқытудың көрнекілік принципі. Аталған принциптер ережесінің сипаттамасы. Оқытудың заңдылықтарының, ұстанымдары мен ережелерінің өзара байланысы.
Тақырып. Білім мазмұны.
Білім мазмұны туралы түсінік. Білім мазмұны тарихи категория «ұғым» ретінде. Білім мазмұнының құрылымы; мазмұнның ақпараттық, операциялық, аксеологиялық компонентері (білім, іскерлік, дағды). Білім мазмұнына әсер ететін факторлар. Білім мазмұны анықтамасының ғылыми негізі; ғылым негізін таңдау критерилері. Білімнің түрлері: жалпы, политехникалық, кәсіптік, олардың өзара байланысы.