Бағдарламасы астана 2014 Бағдарлама «6М010300 Педагогика және психология»


Тақырып. Оқушылардың кәсіби бағдары және еңбек тәрбиесі



бет5/15
Дата10.11.2022
өлшемі41,62 Kb.
#49239
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ped-psih-kaz-mag-2014

Тақырып. Оқушылардың кәсіби бағдары және еңбек тәрбиесі.

Еңбек тәрбиесі. Еңбектің түрлері. Бала еңбегін ұйымдастыру әдістемесі. Заманауи мектептердегі еңбек тәрбиесінің жүйесі. Кәсіби бағдар жұмысы, кәсіби бағдардың түрлері. Оқушыларды экономикалық оқу-ағарту.
9.Тақырып. Ұжым және жеке тұлға.
Оқушылар ұжымының мәні және түсінігі әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде. А.С. Макаренконың ұжым теориясы (балалар ұжымының типтері, тәрбиелілік воспитательные функциялары, даму динамикасы және кезеңдері, перспективалық бағыттар жүйесі, дәстүрлері, ұжымды қалыптастыру және дамыту әдістері). Ұжым теориясын дамыту. Ұжымдық шығармашылық тәрбиесінің әдістері. Тұлғаның және ұжымның өзара іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Тұлға және ұжым мәселелеріне заманауи тұрғылар.

  1. Тақырып. Тәрбие әдістерінің жүйесі.

Тәрбиенің әдістері туралы түсінік. Тәрбие мақсатынан, мазмұнынан, шарттарынан тәрбиенің тәуелділігі. Тәрбие әдістерінің классификациясына әртүрлі тұрғылар. Тұлға санасын қалыптастыру әдістері. Дәрістер, әңгімелер, пікір-сайыстар. Тәрбиедегі үлгі-өнегенің рөлі. Қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері. Дағдылану. Жаттығу. Тапсырма беру. Тәрбиелік жағдаяаттар туындату. Ойын. Іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері. Педагогикалық талап. Қоғамдық талап формасы қоғамдық пікір ретінде. Жарыс. Мадақтау. Жазалау. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау. Тәрбие әдістерін тиімді қолданудағы және таңдаудағы оңтайлы жағдайлар. Педагогикалық техника.

  1. Тақырып. Мектептің тәрбиелік жүйесі.

«Мектептің тәрбиелік жүйесі» түсінігі, «тәрбие жүйесі», «тәрбие жұмысының жүйесі». Отандық және шетелдік мектептер мен педагогиканың теориясы мен практикасындағы тұтас әлеуметтік организм тәрбие жүйесі ретінде. Мектептің тәрбиелік жүйесіне тән белгілер мен ұстанымдардың болуы. Мектептің тәрбиелік жүйесі қазіргі заманның педагогикалық құбылысы ретінде. Мұғалімдер-новаторлар тәжірибесі, авторлық тәрбиелік жүйеге сипаттама.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет