Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет48/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Америка Құрама Штаттарындағы
әлеуметтану
Еуропадағы әлеуметтанумен ғылыми негізі бір болғанымен, амери- 
калық әлеуметтанудың кейбір ерекшеліктері бар. Ең бастысы, еуро- 
палық әлеуметтанушылар қоғамның қалай жүмыс істейтіні туралы 
ауқымды, философиялық теорияларды қалыптастыруға баса назар ау- 
дарса, америкалық әлеуметтанушылар жүйелі, эмпирикалық дерек- 
герді жинауға көп көңіл бөледі.
Соның нәтижесінде америкалық әлеуметтанушылар әлеуметтік 
проблемаларды анықтап, түсінуге және шешуге жиі мән береді.
Уильям Эдуард Дюбуа (1868-1963)
Америкалық әлеуметтанудың еуропалық әлеуметтанудан өзгеше 
дамуының себебі - әлеуметтік проблемалар әртүрлі болды. 1860-1920 
жылдар аралығында қүлдық пен азаматтық соғыстың және қарқын- 
ды иммиграцияның әсерінен Еуропамен салыстырғанда АҚШ-та нә- 
сілшілдік пен этностық кемсітушілік маңызды проблемаға айналды. 
Бұл проблемаларды зерттеген алғашқы әлеуметтанушылардың бірі -


ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
39
У.Э. 
Дюбуа болды. Ғалым 1895 жылы Гарвард университетінде доктор- 
лык; дәрежесінқорғады.Ол афроамерикалықгартуралыэмпирикалық 
деректерді саралап, оны нәсілшілдікпен күресте қолдану мақсатына 
бүкіл саналы ғұмырын арнады.
Джейн Аддамс (1860-1935)
Тағы бір әлеуметтанушы, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының 
1931 жылғы иегері Джейн Аддамс өз еңбегінде АҚШ әлеуметтануының 
ерте кезіндегі әлеуметтік проблемалар мен әлеуметтік реформаларға 
баса назар аударды. Аддамс Чикагоның кедей аудандарында әлеуметтік 
қызмет көрсету және қоғамдық белсенділік орталығы, Халл-хаустың 
негізін қалады. Әріптестерімен бірге ол әлеуметтік ғылыми деректерді 
еңбек қауіпсіздігін арттыруға, жасөспірімдерді заңмен қорғауды жетіл- 
діруге, қоғамдық санитария мен кедейлерге қызмет көрсетуді жақсарту- 
ға арналған заңдарды қабылдау үшін пайдаланды (Linn 
&
Scott, 2000).
Бүгінде көптеген америкалық әлеуметтанушылар нәсілдің, тап 
пен жыныстың (жекелей әрі бәрін бірге алып) қоғам өміріне тигізетін 
әсерінің бәрін зерттеп жатыр. Кең мағынада қарасақ, АҚШ әлеумет- 
танушыларының еңбектерінің негізгі бағыты - әлеуметтік проблема- 
ларды шешуге күш салу. Олар әлеуметтік өмірді жүйелі түрде зерттеп, 
зерттеу нәтижелерін басқа адамдардың да қолы жететіндей етудің 
арқасында әлемді жақсартудан үміттенеді. Сонымен қатар кейбір әлеу- 
меттанушылар қоғамдағы проблемаларды шешу үшін әлеуметтік 
қозғалыстар мен ұйымдарда тікелей жұмыс істейді. Америкалық зерт- 
теушілердің азғантай тобы (олардың саны өсіп келеді) The Daily Show 
және The Today Show бағдарламаларына қатысып, «Нью-Йорк Таймс» 
газетінде және Slate.com сайтында материал жариялап, тіпті сотта 
және Конгресте әлеуметтік проблемалардың сипаты жэне оларды 
шешу жолдары туралы баяндамалар жасап, өз зерттеулерін қоғамға 
және саясаткерлерге тікелей жеткізіп жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет