Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет45/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

36
1-ТАРА У
Герберт Спенсер (1820-1903)
Әлеуметтанудағы алғашқы ғалымдардың бірі - британдық фило- 
соф-ғалым Герберт Спенсер болды.
Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп 
болды деп санайды. Ол қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады: жүрек 
пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні 
сияқты қоғамныц бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді.
Бүл идеялар арқылы Спенсер әлеуметтік зерттеулерді бағыттайтын 
екі негізгі қағиданы қалыптастырды. Біріншіден, ол «әр қоғам - қоршаған 
ортаға бейімделу» деп түсіну керек деген қорытындыға келді. Бүл бейім- 
делу қағидаты бойынша қоғамды түсіну үшін өсу мен өзгерістер процесі- 
не баса назар аудару керек. Бұл, сондай-ақ қоғамды үйымдастырудың бір 
ғана жолы «дұрыс» болмайтынын білдіреді. Керісінше, түрлі жағдай- 
ларға байланысты қоғам да өзгеріп отыратынын байқатады.
Спенсердің әлеуметтануға қосқан екінші үлкен үлесі - оның 
ғылыми әдіске қатысты үстанымы болды. Өз заманындағы көптеген 
ғалымдармен салыстырғанда Спенсер зерттеу барысында моральдық 
бейтараптық пен мұқияттықтың маңыздылығын дәлелдеді. Таптық 
жіктеліске, патриоттыққа және теологияға деген жалған көзқарастар 
туралы еңбектерінде ол әлеуметтанушыларға қоғамды зерттеген кез- 
де өз пікірін және қалауын таңбауы керектігін ескертті.
Карл Маркс (1818-1883)
Карл Маркс (1818-1883)
Карл Маркс 1818 жылы Германияда дүниеге келген. Философ, эконо­
мист және қоғам қайраткері 23 жасында философия докторы дэреже- 
сін алды. Радикалды көзқарастарына байланысты ол ешқашан про­
фессор болмады және өмірінің көп бөлігін қуғында және жоқшылықта 
өткізді (Маклеллан, 2006).
Маркс XIX ғасырға тән кедейлік пен теңсіздікке қарсы шықты. За- 
мандастарының көбінен айырмашылығы - ол кедейлікті табиғи қү- 
былыс немесе Құдайдың жазғаны деп мойындамады. Оның орнына ол 
кедейлік пен теңсіздікті жекеменшікке бағытталған, бай адамдардың 
мүдделерін қорғайтын жүйенің адамдарға келтірген зияны ретінде 
қарастырды. Нәтижесінде, өзінің күш-жігерін сол жүйені түсінуге 
және жоюға арнады. Маркстың идеяларының басым бөлігі әлеумет- 
танушыларға қарағанда саясаттанушылар мен экономистерді көбірек 
қызықтырды. Бірақ оның идеялары экономикалық жүйе, әлеуметтік 
конфликт және әлеуметтік өзгеріс тәрізді қүбылыстардың маңызына 
әлеуметтанушылардың назар аударуына зор ықпал етті.
Маркс кез келген адамзат қоғамының ең негізгі элементі - оның 
экономикалық жүйесі деген сенімде болды. Оның пайымдауынша, 
бұл жүйе барлық әлеуметтік және саяси құрылымдардың негізін құ- 
райды. Мысалы, дәстүрлі ауылшаруашылық қоғамдарында әдетте 
қожайын басты экономикалық ресурс - жерге ие болады. Нәтижесінде, 
әйелінің күйеуіне қарсы шығуға құқығы жоқ, ал балалары әкесі жар 
таңдап, үйленуге рұқсат бермейінше шаңырақкөтере алмайды.
Маркс мұраға таласудың әулеттегі жанжалға негіз болатыны 
сияқты, бәсеке де қоғамның экономикалық топтары арасында конф­
ликт тудырады деп санады. Сол замандағы ғалымдардың басым 
көпшілігі қоғам бірқалыпты әрекет етеді, ал әлеуметтік өзгеріс бола 
қалған жағдайда баяу және бейбіт түрде дамиды деп пайымдады. 
Маркс, керісінше, әлеуметтік өзгерістерді экономикалық мүдделе- 
рі қарсы келген топтардың арасындағы конфликтің нәтижесі деп 
санады. Шын мәнінде, қоғам қайраткері және ғалым ретінде Маркс 
конфликтерді өршітуден және байларды әлсіретіп, жүмысшыларға




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет