Мәдени әркелкілік пен өзгеріс
бастаулары
Мәдениет ортақ және ортақ емес проблемалардьщ шешімдерін таба-
ды. Дайын шешімдердің өз айырмашылықтары болады. Бұл айыр-
машылыққа қоршаған орта, оқшаулану, мәдени араласу (диффузия),
технология, бұқаралық ақпарат құралдарының әсері және басым мә-
дени тақырыптар себеп болады.
I Күннен-күнге заманауи
I технологиялартезтаралуда.Жаңа
қүралдар адамзат қоғамының негізгі
қажеттіліктерін қанағаттандыра
алады және олар қазіргі заманауи
мәдени үлгілерге сай келеді.
Көшбасшылар уақыттың, орналасқан
мекенінің немесе өз билігінің
мәдени негіздеріне қарамастан,
өз ізбасарларымен тиімді қарым-
қатынас орнатуға ұмтылады.
Қоршаған орта
Неліктен француздар Аустралияның байырғы түрғындарынан ерек-
шеленеді немесе финдер наваходан өзгеше? Мұның бір себебі- олардың
өмір сүру оргасының жағдайы әртүрлі болуы. Бұл жағдайлар экономи-
каның қандай түрі өркендеуі мүмкін екенін, киім мен азық-түліктің
қай түрлерінің қолайлы екендігін және олардың жетіспеушілік неме
се молшылық шамасын анықтауға көмектеседі.
Оқшаулану
Бір мәдениег басқа мәдениеттермен өзара әрекетке түсуден бас тартқан
кезде бірегей нормалар мен құндылықтарды дамытуы ықтимал. Егер оқ-
шаулану басқа адамдармен араласу мүмкіндігінен айырса (мысалы, осы
уақытқа дейінгі Жаңа Гвинея тауларында), онда мәдениет еш өзгеріссіз өз
жолымен жалғасуы мүмкін. Дегенмен XIX ғасырдан бері ешбір мәдениет
басқа мәдениеттерден оқшауланып қала алмайтын болды.
Мәдени сіңісу (диффузия) -
бір мәдениеттің немесе
субмәдениеттің қүрамдас
бөліктерін басқа мәдениетпен
біріктіру процесі.
Мәдени сіңісу
Егер мәдениеттердің тұрақтылығы мен бір-бірінен өзгешеленуіне бас-
ты себеп - оқшаулану болса, мәдениеттің өзгеруі мен уақыт өте келе
басқа мәдениетке ұқсас болып кетуінің негізгі себебі мәдени сіңісу
(диффузия) болып табылады. Мәдени сіңісу - бір мәдениеттің неме
се субмәдениеттің құрамдас бөліктері басқа мәдениеттің бір бөлігіне
айналу процесі. Мысалы, Мехико қаласының көптеген тұрғындары
McDonald’s гамбургерлерінің тұрақты түтынушылары болып қана
қоймай, біртіндеп мексикалық отбасылық тагам қүндылығына де
ген дәстүрлі сенімдерін тез тамақтану қүндылығына деген сеніммен
алмастырды. Сонымен қатар америкалықтар енді жыл сайын кетчуп
соусымен қоса сальса соусын да сатып алады.
Кең ауқымда алғанда, мәдени сіңісу мәдениет жаьандануына
айналады, яғни мәдениет элементтері (сән тенденциясы, музыкалық
|