Бағдарламасы аясында «Кеңістік пен пішін»



бет16/17
Дата15.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#139746
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
пиза 15 жас

PISA 2021 (PISA 2022)
PISA 2021 когнитивті құралының дизайны үшін ұсынылатын өзгерістер 2021 жылы көпдеңгейлі тестілеуді (MST, multi stage testing) оқу сауаттылығы бойынша да, математикалық сауаттылық бойынша да (ал 2024 жылы барлық үш негізгі бағытта да) қолдануға ерекше назар аударады.
Математикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмаларының басты ерекшелігі көпдеңгейлі тестілеу (MST) болмақ, оның дизайны 2018 жылғы оқу сауаттылығы бағытының дизайнымен ұқсас келеді.
Оқу сауаттылығы бойынша MST 2018 жобасы қайта қолданылады, тек ондағы тапсырмалар жинағы 25%-ға азаяды.
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылыққа келсек, 2018 жылғы бейадаптивті формалар өзгеріссіз күйінде қайта пайдаланылады. «Креативті ойлау» бағыты бойынша тест тапсым атты инновациялық бағытта құралдар бейімдеуге келмейді және олар жаңа элементтерге негізделеді.
Қатысушылардың басым бөлігі PISA 2021 тестілерін компьютерлік сауалнама түрінде өтетін болғанымен, кейбіреулері қағаз форматты пайдалануды жалғастыра береді. Олардың жағдайында қағаз форматтағы тест тапсырмаларының қолда бар қоры пайдаланылады. Онда компьютерлік форматта қолданылатын инновациялық бағыттар мен тапсырмалардың интерактивті функциялары болмайды.

Тест тапсырушыларға қатысты компоненттер

Тест тапсырмайтындарға қатысты компоненттер




Когнитивті бөлімі

Қосымша сауалнама




Оқу сауаттылығы,
Математикалық сауаттылық,
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық
Креативті ойлау

Қаржылық
сауаттылық

Білім беру мекемесінің әкімшілігі сауалнамасы




(120 минут)







Тест тапсырушы сауалнамасы

Педагог сауалнамасы
(қосымша)




(35 минут)







Қосымша сауалнама

Ата-ана сауалнамасы
(қосымша)

Апробация мақсаттарына мыналар жатады:

  • 2021 жылғы PISA (компьютерлік және қағаз формат) циклі үшін пән параметрлерінің алдыңғы циклдармен салыстырғанда өзгермейтінін бағалау;

  • Бекітілген тәртіпте адаптивті тестілеу кезіндегі тапсырмалар сипаттамасының өзгермелі тәртіппен салыстырғанда өзгермейтінін бағалау;

  • Адаптивті дизайнды енгізу үшін математика мен креативті ойлау бағыттары бойынша жаңа тапсырмалардың параметрлері мен сапасын бағалау;

  • Компьютерлік платформаның жалпы және қатысушылар арасында қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін бағалау.

*PISA 2021 зерттеуінде компьютерлік форматтағы қосымша бағыт ретінде қаржылық сауаттылықты бағалау қайта ұсынылады. Бұл жолы жаңартылған концепцияда ұсынылады. Когнитивті құралдар тенденция элементтерін, сондай-ақ арнайы PISA 2021 үшін әзірленген жаңа интерактивті элементтердің жинағын қамтиды. ЭЫДҰ хатшылығының сұранысы бойынша, қаржылық сауаттылық үш негізгі бағыт бойынша тапсырмалар жиынтығын орындаған, PISA критерийлеріне жауап беретін білім алушылардың белгілі бір тобына қолданылады.
PISA зерттеуі тестілеуге қатысатын білім алушылар мен олардың үлгерімін бағалаудың, оқу орны жайлы ақпарат жинаудың маңызын әрқашан баса көрсетіп келеді. Ол контекстілі ауыспалылардың ауқымды спектрін қамтитын, білім алушылар мен білім беру мекемелеріне арналған анкета көмегімен жүзеге асты. Бұл анкеталардың мазмұны әр цикл сайын айтарлықтай өзгеріп отырғанымен, оны толтыру тәртібі сол күйі қалды: әр білім алушы анкетаны өзі үшін, ал оқу орны әкімшісі мекеме үшін толтырады.
PISA зерттеуі анкеталық сауалнаманың бірнеше халықаралық нұсқасын да қамтиды, бағдарлама қатысушылары оны басшылық үшін таңдауына болады. PISA 2021 тестілеуге қатысатындарға арнап ақпараттық-коммуникациялық технологиямен танысуға арналған анкета, әлеуметтік-экономикалық статус анкетасы, жаһандық құзыреттілік анкетасы және қаржылық сауаттылық анкетасы (осы қосымша модульдің қатысушылары үшін) секілді қосымша анкеталарды ұсынады. Бұдан бөлек, PISA 2021 зерттеуі педагогтер мен ата-аналарға арналған анкетаны да ұсынады.
Білім алушы мен оқу орнына арналған анкета қағаз форматта да, компьютерлік форматта да қолжетімді болады әрі анкеталар режимі қатысушының PISA 2021 зерттеуін басқару үшін таңдаған режимімен сәйкес келеді.
Білім алушыларға арналған қосымша анкеталар бекітілген және ол компьютерлік форматта қолжетімді. Негізгі анкетаны толтырып шыққан соң мынадай анкеталар жіберіледі:
І. Ақпараттық-коммуникациялық технологиямен танысуға арналған компьютерлік форматтағы анкета (шамамен 10 минут);
II. Компьютерлік форматтағы әлеуметтік-экономикалық статус анкетасы (шамамен 10 минут);
ІІІ. Компьютерлік форматтағы жаһандық құзыреттілік анкетасы (шамамен 10 минут).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет