Есептеулерге арналған тауар кеңселері. Негізгі міндеті: жүкті тасымалдаудағы тасымалдау төлемін анықтау және тасымалдаумен байланысқан қызмет үшін қосымша жинақ, кәсіпорындармен, ұйымдармен тасымалдау үшін Госбанк арқылы есептесу, тасымалдаудан түскен түсімнің толықтығын қамтамасыз ету, станциялардағы тасымалдау құжаттарының дұрыс жасалынылуын тексеру, жолдық ведомостардың және тасымалдау құжаттарының комплекттерінің шығынын есепке алу, жолдық машиналық-санау станциялары және қаржылық қызметтің көрсетілген есеп беру құжаттарын уақытында алу, операцияларды механизациялау және автоматизациялаудың жаңа құрылғыларын пайдалану негізінде орталықтандырылған есептеулердің технологиясын іске асыру, сонымен қатар еңбекті және алдыңғы қатарлы әдістерді ғылыми ұйымдастыру.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жалпыға пайдалану орындарында жүкті қабылдау қалай іске асырылады?
2. Жүктің салмағын анықтау реті.
3. Жүкті жіберуге қабылдау кітабына енгізудің реті.
4,5-дәріс. Тауар кеңселерінде тасымалдауды дайындау. Дәріс мазмұны:
Жүкті тасымалдауға төлеу.
Жүкті тасымалдауға қабылдау.
Тауар кеңселерінде вагон жүктемелерінің техникалық нормасының сақталуына көңіл аудара отырып және жүктемені тексерген аға қабылдап өткізушінің белгілеуіне көңіл аудара отырып, көрсетілген жүк құжатына қарап жүкті қабылдаудың дұрыс безендірілуін тексереді. Содан соң төлемдерді және жинақтарды анықтайды, құжатқа қажетті мәліметтерді енгізеді және жолдық ведомосттарды құрады. Жүкті тасымалдау үшін төлемақыны жүкті тасымалдауға жіберу кезінде жүкжіберуші жіберу станциясында төлейді. Жүкті өткізу кезінде жіберуші төлемақыны өткізбесе әрбір төленбеген күн үшін соманың 1 проценті көлемінде айыппұл алынады; жүкті теміржолмен жіберу төлемақы төленгенге дейін тоқтап тұрады.
Жүкжіберушулердің темір жолмен орындалатын жүкті тасымалдау ақысы, жүкті шығарып салушы жолсеріктердің жолақысы, теміржолдың құрылғыларымен орындалатын тиеу және өлшеу және т.б. операциялар ақысы жіберу станцияларына қолма қол ақшалай, МЕМ банк чектері арқылы төленеді.
Станциялармен үнемі есептесулері бар кәсіпорындар және ұйымдардың жүктерін тасымалдауды төлеу үшін, банктер шектелген немесе шектелмеген чек кітапшаларын береді.
Жіберушінің тапсырысы бойынша жіберу станцияларынан жүкті тасымалдау үшін есептесулерді Көліктік-экспедициялық ұйымдар атқарады.
Қазіргі уақытта жүкті тасымалдауда негізгі формасы орталықтандырылған есептесулер болып табылады.
Орталықтандырылған есептесулерде құжат болып, тасымалдауға арналған орталықтандырылған Госбанктің шектелген анықтамасының орнына, станциялар немесе есептесуге арналған тауар кеңселері беретін, Госбанктердің анықтамалары немесе ФДУ-89 формасындағы қолхат пайдаланылады.
Орман, мұнай және т.б. жалпы халық шаруашылығының жүктері үшін, яғни оларды тасымалдау шығыны жіберушіге байланысты болатын жүктер үшін, жол басқарымы арқылы ведомостаралық есептесулер пайдаланылады. Мұндай жағдайда тасымалдау құнын бір ай көлеміндегі түсірілген жүктің толық көлемімен анықтайды.
Жүкті тасымалдауға қабылдау. Көптеген жүктер өзінің қасиеттеріне байланысты қабылдауда, тасымалдауда және беруде ерекше шарттарды сақтауды қажет етеді. Ондай жүктерге қауіпті, тезбұзылатын, қатып қалатын, габариттіемес және экспорттық жүктер жатады.
Жүктің көп бөлігін әртүрлі қораптарда (тара)ыдыстарда тасымалдайды. Кең таралған ыдыс түрлері қатты (жәшіктер, бөшкелер, бидондар), жартылай қатты (қорап, шарбақ, корзина) және жұмсақ (мешок, сетка).
Ыдыстың көптеген түрлерін бірнеше рет пайдалануға болады. Кез келген өнімді орауға болатын әмбебап ыдыстар болады және анықталған өнім түрлеріне ғана арналған (цементке арналған мешоктар, кислоталарға арналған бөтелкелер) арнайы ыдыстар болады.
Көптеген жүктерді орау тәсілдері ГОСТтармен қарастырылған және көрсетілген техникалық шарттармен қарастырылған; орамасында стандарттар көрсетілменген жүктер бар. Барлық жағдайда да ыдыс тасымалдауда жүктің сақталуын қамтамасыз етуі керек.
Тасымалданатын жүктің сақталуын және оның уақытында жеткізілуін қамтамасыз етудегі басты роль, оның жіберу станциясы және жолы, бару станциясы және жолы, алушының аты, жіберушінің белгілері және маркалары көрсетілетін көліктік маркировкасында жатады.
Жүктің жеке түрлеріне жіберуші, оны тиеу- түсіру жұмыстары кезінде және сақтауда қасиеттерін көрсететін арнайы манипуляциялық белгілерді қою керек. Мысалы: «Байқаңыз», «Не кантовать», «Жоғары» т.с.с.
Жалпыға пайдалану орындарында(станциялық қоймаларда және алаңдарда) жүкті тасымалдауға қабылдау, жүкті станцияға әкелуге рұхсаты қойылған алдын ала толтырылған құжат(накладной) бойынша жүргізіледі. Әкелу рұхсатын тексере отырып, қабылдаптапсырушы жүкті жіберушінің көрсеткен жүгі, орындар саны және сыртқы орамының тегі құжатта көрсетілгендермен сәйкестігіне көз жеткізуі керек. Сыртына қарап тексеруде ыдысында немесе орамында, жүктің сақталуын қамтамасыз ете алмайтын, жеткіліксіздіктер болса, онда қабылдаптапсырушы ол жеткіліксіздіктердің жойылуын талап етуі керек немесе тасымалдауға болмайтын (нетранпортабельный) жүкті тасымалдауға қабылдаудан бас тарту керек.
Ыдыстардағы және бөлектенген(штучных) жүктерді қабылдауда, жүкжіберушінің құжатта олардың салмағы және оны анықтау тәсілдерінің көрсетілуін, қабылдаптапсырушы тексеруге міндетті. Жүктің салмағын салмақ өлшеуіштерде өлшеп немесе трафарет бойынша немесе стандарт бойынша жүк орындарындағы салмағын есептеу арқылы анықтайды. Егер жүктің салмағы трафарет бойынша есептеумен анықталған болса, онда оның дұрыс анықталғанына және мұндай трафареттердің жүк орындарында бар екендігіне көз жеткізу керек.
Жүкті және оның орамын тексерумен бірге оның көліктік маркировкасын тексеру керек. Тасымалдауға қабылданған жүкті қабылдапөткізуші жүкті жіберуге қабылдау кітабына жазады(форма ГУ-34).
Әрбір 100м үшін 0,25 мин және операция үшін плюс 2 мин
8-сурет. Станция қоймасына жүкті қабылдаудың графигі.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жүкті жіберуге қабылдау процесінің негізгі технологиялық элементтері.
2. Тауар кеңселерінде тасымалдауды дайындауды безендіру реті.
3. Жүкжіберушінің жүкті тасымалдау үшін есептесуді іске асыруы.