Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет98/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   200

Симменталь тұқымы


Сиырдың бұл түрі 5-ғасырда Швейцарияда өсірілді, шыққан жері белгісіз, тек әртүрлі жорамалдар бар. Бұл тұқымды бұқаларды қолда баққанда күніне 900- 1100 грамм салмақ қосады және тірідей салмағын бір тоннаға оңай толтырады. Сауын кезінде сүт өнімділігі 4-тен 5,5 мың кг-ға дейін, майлылығы 4%-ды құрайды.
  1. Швиц тұқымы


Бұл сиырлар 14-ғасырда Швейцарияда өсірілді. Сүтті-етті сиырлардың тірі сал- мағы 600 кг дейін, ал етті түрінде – 700 кг-ға дейін. Бұқалардың салмағы 1200 кг-ға дейін жетеді. Сауын сиырлардың салмағы – орта есеппен 4500 кг, ұзақ уақыт сүт беруімен ерекшеленеді.


ЕТ ӨНІМІН БЕРЕТІН СИЫРЛАР:


  1. Қазақтың ақбас сиыры. Қазақстан аумағында және Ресейдің оңтүстік шығыс бөлігінде өсірілген. Дене тұрқы мен түсі жағынан герефорд сиырына ұқсас. Бор- дақыланған бұқашықтардың салмағы 900 кг дейін жетеді, ал сойғандағы еті 60 пен 80 пайыз аралығында. Сиырлары сүттілігімен ерекшеленеді, 1500 кг дейін сүт алуға болады. Майлылығы жоғары, 2000 кг-нан астам сүт алынған жағдайлар да кездеседі.

  2. Абердин-ангус тұқымы. Бұл тұқым Шотландияның солтүстік шығыс бөлігінде жергілікті малмен будандастыру арқылы алынған. Бұқаларының тірідей салмағы 950 кг дейін жетеді. Бордақыдағы бұқашықтардың тәулігіне қосатын орташа сал- мағы 1 кг. Сүйектері жіңішке, сондықтан да тұтас етінің салмағынан 17%-дан ас- пайды.

  3. Әулиекөл тұқымы. Әулиекөлдің етті тұқымы нағыз қазақ бренді болып та- былады, бүгінгі күні ол Қазақстанда өсірудің жергілікті жағдайларына толығымен бейімделген. Әулиекөл тұқымы республиканың Қостанай облысында «Москалев- ский» МАЗ-да 1992 жылы бекітілді. Әулиекөл тұқымының әлеуеті зор, ол жақсы дамып, тұрақты табыс әкелуде. Әулиекөл тұқымы әлемге белгілі Абердин-ангус және Шароле етті тұқымдарымен Қазақтың ақ бас сиырын будандастыру арқылы пайда болған. Әулиекөл сиырлары мен бұқалары ақсұр түсті, бұзаулары да сұр түсті болады. Мал өсірушілер ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес ке- летін ет алуды мақсат етіп қойған. Әдетте, ет бөлек, май бөлек орналасса, Әулиекөл тұқымы май талшықтардың арасында орналасқан «мәрмәр» етті болады. Арнайы етті бағыттағы Әулиекөл тұқымы тез өсетінімен, сапалы ет берумен, жергілікті ауа райына бейімделуімен ерекшеленеді. Әулиекөл сиырларының негізгі тараған ай- мағы – солтүстік өңірлер мен Қазақстан Республикасының оңтүстік шығыс бөлігі.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет