Бағдарламасы «бастау бизнес»


Гольштин-фриз қара ала сиыры



бет97/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Гольштин-фриз қара ала сиыры


Гольштин-фриз тұқымын қалыптастыру Американы игерген жылдары басталды. 18-19 ғасырда Канада мен АҚШ-та Фрисляндия провинциясынан қара ала тұқым- ды Голланд малы әкелінді. Атының екінші бөлігінің қойылуы Германияның солтүсті- гінде Еуропалық Шлезвинг-Гольштейн портына жіберілуіне байланысты болды.
Бұл тұқымның желіні үлкен тостаған пішіндес немесе астау тәрізді, 9000 кг. ар- тық сүт береді және күніне екі рет саууға болады. Сиырлардың тірі салмағы ша- мамен 700 килограмм, ал бұқаның салмағы 1000 кг-нан асады. Бойының биіктігі
– 140-145 см.
        1. Қырдың қызыл сиыры


Қырдың қызыл сиыры Қазақстанда саны жағынан екінші орын алады. Негізінен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында өсіріледі. Сүт беруі – 2000 кг-ден 4500 кг. дейін, майлылығы 3,6-3,8%.
        1. Әулиета тұқымы


Әулиета тұқымы жергілікті қазақ және қырғыз сиырын голланд малымен бу- дандастыру жолымен алынған. Қазақстанның оңтүстігіңде кеңінен тараған. Басқа тұқымдармен салыстырғанда, ыстық ауа райы мен бірқатар ауруларға (приплаз- моз, тейлериоз және т.б.) төзімді келеді. Түсі негізінен қара ала. Алты айлықтары 160-170 килограммға дейін жетеді. Сүт беруі – 2500-3000 кг, сүтінің майлылыгы
– 3,9-4,1%.


СҮТТІ-ЕТТІ БАҒЫТТАҒЫ СИЫРЛАР:


  1. Алатау тұқымы

Алатау сиыры – 20-ғасырдың ортасында Қазақстан мен Қырғызстан шекара- сында Швейцариядан әкелінген бұқаларды қырғыз-қазақ сиырларымен будан- дастыру арқылы өмірге келген. Олардың салмағы аз болады, бұқалары 900 кг-ға дейін, ал сиырлары бес жүзге дейін жетеді. Олардың сүйегі мықты, сыртқы түрі үй- лесімді, бұлшық еттері дамыған. Сүті маңызына байланысты ерекшеленеді, әдетте, 4 тоннаға дейін сүт алуға болады, сүтінің майлылығы 4 пайызға дейін жетуі мүмкін.
Мұндай майлылық салмағы 600 кг-ға дейінгі сиырларда болады. Жылына 10 тонна сүт беретін жағдайлар да тіркелді.
Сонымен қатар Алатау тұқымы жақсы ет те береді. Сиырлардың салмағы 600 кг-ға дейін, бұқалардың салмағы сегіз жүзден 1 тоннаға дейін жетеді. Пішілген жас бұқалар көп салмақ жинай алады. Сойылған малдың жартысынан астамы сапалы ет, бордақылаудан кейін 60 пайыздан асады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет