Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет132/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ




Бизнестегі ең маңызды сөздер ақша ағыны. Бай адамдардың бай болуы ақша ағынын бақылауда ұстайтындығы, ал кедей адамдар осыны істей алмағандықтан,
кедей болады. Қаржылық мәселелердің көбі ақша ағынын жеке бақылай алмаушылықтан туындаған.
Роберт Кийосаки


Қаржылық сауаттылық – қаржыға қатысты салмақты және орынды шешім қабылдауға көмектесетін білім мен дағдылар. Қаржы жағынан сауатты болу үшін негізгі қаржы ұғымдарын жете түсіне білу, қаржы институттарының қызметтері- не бағдарлану, оларды артықшылықтары, кемшіліктері және тәуекелдерін ұғына отырып пайдалану, нарықтағы жағдайды дұрыс бағалау, қаржыны басқару, яғни бюджетті жүргізу, шығыстарды жоспарлау, қаражат жинақтау және мүмкіндігінше қарыздарды болдырмау керек.
Жұмыс істеудегі мақсатымыз – көбірек ақша табу. Әрбір адам жақсы киінгісі, қымбат көлік мінгісі, кең үйде тұрғысы, балаларына жақсы білім бергісі келеді. Осының бәріне қанша ақша керектігін білесіздер ме? Өзімізді бақытты санау үшін бізге қанша ақша керек? Сіздің барлық мақсаттарыңыздың бағасын есептеп шыға- рыңыз, сонда сіз бақытты өмір сүру үшін қанша ақша қажет екенін білетін боласыз. Мысалы, әрбір мемлекеттің өз жұмыс жоспары бар. Балалардың мектептегі дәріс- терінің де өз жоспары, оқитын сабағын бақылап, бағдарлап отыру үшін қажетті күнделігі бар. Кеңес дәуірі кезінде бес жылдық жоспар болғанын жақсы білесіздер. Бір адам: «Тек қорқауларда, яғни көр қазушыларда жоспар болмайды» деген еді, бірақ оларда да сол көрді қазатын құрал-саймандары, кімді қай жерге, қалай жер- леу жайлы жоспары бар. Тек біздің қаржылық жоспарымыз жоқ. Ақшаның өміріміз- де алар орны өте маңызды. Әр ауылда бір-екі адамның ғана отбасылық бюджетінің жоспары бар. Қаржылық жоспар болмаған соң, бізге барлық уақытта ақша жетпей- ді әрі көптеген асқақ армандарымыз орындалмай қалады.
Дамыған елдерде, әдетте, қаржылық жоспар 4 тараудан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет