Тікелей шығыстар – өзіндік құнға кіргізілетін өнімнің белгілі түрін жасап шығуына байланысты шығыстар. Оларға шикізат пен негізгі материалдардың құны; сатып алынатын бұйымдар мен жартылай дайын өнімнің бағасы; отын мен электр қуатына жұмсалатын шығыстар; жұмысшыларға еңбекақы төлеу; жабдықтардың өтелімі жатады.
Жанама шығыстар – тікелей шығыстардан басқа өз ісіңізді жүргізген кезде жұмсайтын барлық басқа шығыстар. Жанама шығыстар, әдетте, белгілі өнім не- месе қызметке тікелей байланысты болмайды. Мысалы, жұмыскерлерге еңбекақы төлеуге немесе өнімді жасауға не болмаса қызмет көрсетуге тікелей қатыспайтын кәсіп иелеріне жұмсалатын шығыстар жанама шығыстар болады. Оларды еңбектің жанама шығыстары деп атайды.
Әкімшілік-басқарушығыстарына әкімшілік-басқару қызметкерлерінің негізгі жалақысына және оған есептелген төлемдер мен сыйақыларға жұмсалатын шығы- стар; іссапарлар мен көлікке жұмсалатын, кеңсе және пошта-телеграф шығыстары; әкімшілік-шаруашылық ғимараттар мен үй-жайларды ұстау құны, сондай-ақ ғима- раттар мен құрал-саймандардың өтеліміне жұмсалатын шығыстар және басқадай әкімшілік-басқару шығыстары жатады.
БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ БӨЛІМІ
Жаңадан іс бастаған кәсіпкерлердің көбі алғашқы айларда пайда таппайды. Өткізуден (сатудан) қаражат түскенше біршама уақыт өтеді. Осы кезеңде бизнес өте осал, сондықтан қаржылық жағдайды мұқият бақылау керек.
Жаңа іс бастап жатқан кезде екі шартты сақтау өте маңызды:
сіз қаражатсыз қалмауыңыз керек (кассалық жетіспеушілік болмауы тиіс).
Біраз уақыт шығынмен жұмыс істеуіңіз мүмкін, өйткені алғашында жұмсалған шығыстарды жабу үшін бастапқы капиталдан айналым қаражатын пайдалана ала- сыз, бірақ бастапқы капиталды пайдаланған соң өткізу (сату) көлемі шығыстардан артуы тиіс, олай болмағанда сіз қаражатсыз қаласыз да банкротқа ұшырайсыз.
Бизнесіңізді бастар алдында пайда және қолма-қол ақша жиынының қозғалы- сы бойынша жоспар құруыңыз керек. Бәрі жоспардағыдай болу үшін өткізу (сату) көлемі мен шығыстарды, сонымен қатар ақша қаражатының қозғалысын мұқият бақылау қажет. Егер ісіңіз жоспардағыдай болмай жатса, туындаған мәселені шешу үшін шұғыл түрде әрекет ету керек.
Қаржылық жағдайды жоспарлау және бақылау үшін:
Табыстар және шығыстар жоспарын құру;
Ақша қаражаты қозғалысының жоспарын құру;
Ай сайынғы есеп бойынша жазбаларды екі жоспардың әрқайсысымен салыс- тырып отыру;
Табыстар және шығыстар жоспары (қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтиже- лері туралы есеп) бірінші жылы бизнестегі ай сайынғы табыстарды (өткізу), шығы- стар мен таза табысты (пайда) бейнелейді. Бастапқыда бизнес өте осал болатын- дықтан, табыстар мен шығыстар жоспарын құрған кезде пессимистік нұсқада жа- сауыңыз қажет. Шығыстарды ойлағаныңыздан жоғарылау, ал өткізу (сату) көлемін төмендеу болжаңыз. Соның нәтижесінде, егер алғашқыда жұмыс жүрмесе де, биз- нес өзін сақтап қалады.
Жоспарларды құрған кезде ақпарат іздеңіз және оны қолданыңыз.