Бағдарламасы бойынша. Геморрагиялық диатездер. Лейкоз. Дәрістің жоспары



бет4/7
Дата24.11.2023
өлшемі26,37 Kb.
#125384
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Анемияның емдеуі: комплексті ұзақ өткізіледі. Жеңіл түрлерін үйде емдеуге болады, ал ауыр түрлері ауруханада емделеді.
1. Анемияның себебін тауып, оны жою.
2. Дұрыс күн тәртібін (серуен, ұйқы) және гигиеналық күтім ұйымдастыру.
3. Рационалды тамақтандыру: баланың тамағы витамин, белок, минералдық тұздарға бай болуы керек. Баланы емшек сүтімен қоректендіріп, уақытында шырындар, қосымша тамақ беру керек. Әсіресе бала рационында темірге, кальцийге, мысқа және т.б. минералды тұздарға бай тамақтар болуы керек – алма, жұмыртқаның сарысы, сүт, бауыр, сулы жармалары, қарақат, қызылша, капуста. Бала қолдан тамақтандырылатын болса, оған айран және басқа қышқыл қоспаларды берген дұрыс.
4. Дәрі-дәрмекпен емдеу:
А) Құрамында темір бар дәрілер: темір қосылған алоэ шырыны, темір аскорбинаты, темір лактаты және т.б. Бұл дәрілер тамақтан кейін аскорбин қышқылымен бірге беріліп, артынан жидек шырындарын ішкен дұрыс. Анемияның ауыр түрлерінде дәрі парэнтеральды егіледі: феррум-ЛЕК, ферконен.
Б) А, В, С витаминдері.
В) Симптомдық емдеу.
Г) Массаж, ем физкультурасы.
Д) Ауыр түрінде консервіленген немесе тікелей қан құйылады.
Күтімі:
1. Күн тәртібін мұқият сақтау, таза ауада серуендету, терезені ашып қойып ұйықтау.
2. Уақытылы ұйықтатып, күндіз дем алдыру.
3. Бөлмедегі ауаның температурасы 20-220С болуы керек, серуенге шығарғанда жылы киіндіру керек, өйткені олар тоңғыш келеді.
4. Ауруханаға салғанда бөлек палатаға жатқызу керек.
5. Мейірімді ықыласпен күтім өткізу.
Анемияның алдын алу:
1. Бала дүниеге келместен бұрын басталады, яки антенатальды кезеңде аяғы ауыр әйелдің денсаулығын нығайту, анемияның болмауына тырысу, шала туудың алдын алу, дұрыс тамақтанып күн тәртібін сақтау.
2. Бала туғаннан кейін – оны емшек сүтімен қоректендіру, шырындар мен қосымша тамақты уақытылы беру, таза ауада жеткілікті болу, күн тәртібін сақтау, массаж және гимнастика өткізу, әр-түрлі аурулардан сақтандыру.
3. Анемияға бейімді балаларға (шала туған, егіздің сыңары) анемияның алдын алу үшін құрамында темірі бар дәрілер 2-5 айынан бастап беріледі.
4. Баланың 3-6 айында және 1 жасқа толғанда, содан кейін жылына бір рет қанының құрамын тексеріп тұру керек.
5. Учаскелік мед.бикенің ата-аналарымен сауатты өткізген санитарлық-ағарту жұмысының, анемияның алдын алудағы маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет