Бағдарламасы бойынша. Геморрагиялық диатездер. Лейкоз. Дәрістің жоспары


Гемофилия- тұқым қуалайтын ауру, көбіне ер балалар ауырады да, әйелдер (аналар) таратады. Себебі



бет6/7
Дата24.11.2023
өлшемі26,37 Kb.
#125384
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Гемофилия-
тұқым қуалайтын ауру, көбіне ер балалар ауырады да, әйелдер (аналар) таратады.
Себебі: антигемофильді глобулиннің жетіспеуіне байланыстықанның ұюының төмендеуі.
Клиникалық айқындалуы: Ауру өте ерте, Баланың 2-3 жасынан басталып айқындалады.
Аурудың негізгі белгілері:

  1. Жеңіл жарақаттардан кейін тоқтауы қиын, өмірге қатер төндіретін ұзақ қансырау.

  2. Буындарға қан құйылу-гемартроздар. Қан жиі үлкен буындарға құйылады да, буын өзінің қызметін атқармай, қозғалыссыз қалады. Бұны анкилоз дейді.

Қанның жалпы анализінде-қанның ұю уақыты ұзарады.
Емдеу: жергілікті және организмге жалпы әсер ететін әрекеттер деп бөлінеді.
Жергілікті: жарақаттанған жерге қан тоқтататын препараттармен тампонада (тығыздау) жасау-қан тоқтататын губка, тромбин т.б. Сонымен қатар мұздық қою, стерильді таңғыш байлау, сынған жердегі сүйектерді қозғалтпау пайдаланады.
Жалпы: антигемофильді гаммаглобулин, плазма құю, криопреципитат, тікелей қан құю.
Күтім ерекшеліктері:

  1. Баланың жеке дара өзіне лайықты күн тәртібі.

  2. Жарақаттанудан сақтау үшін ата-анасымен, мұғалімдермен ағарту жұмысын жүргізу.

  3. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.

  4. Ауыз қуысын сауықтандыру.

  5. Баланың ауруы туралы анықтамасы болуы керек.

Тромбоцитопеняилық пурпура (Верльгоф ауруы)
-көбіне еркек балалар ауырады.
Себебі: қандағы тромбоциттер санының төмендеуімен байланысты сапасының өзгерістері.
Клиникалық айқындалуы:

  1. Тері астына қан құйылу, денесінде, аяқ-қолдарында көгерген жерлердің пайда болуы. Көгерген жерлердің көлемі және түсі әр-түрлі.

  2. Шырышты қабықтардан қан кету, көбіне мұрыннан.

  3. Көкбауырдың ісініп, үлкеюі.

Қанның жалпы анализінде-тромбоциттердің азаюы-тромбоцитопения.
Емдеу: гематологиялық бөлімде өткізіледі.Ауырған балаға төсек режимі тағайындалады. Жергілікті қан тоқтату шаралары және жалпы организмге ететін емдеу-хлорлы кальций немесе кальций глюконаты, викасол, рутин, аскорбин қышқылы, аминокапрон қышқылы және т.б. Кейбір жағдайларда гармондар беріледі, спленэктомия өткізіледі
.Геморрагиялық васкулит (капилляротоксикоз, Шенлейн-Генох ауруы)-инфекциялық-аллергиялық ауру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет