Анемиямен науқастанған балаларды БАБЖ бағдарламасы бойынша жүргізудегі мейірбикенің жұмысы және оны ұйымдастыру.
Баланың тәбеті бұзылған, бұзылмағандығын және анемиясы бар-жоғын тексеріңіз
Кесте бойынша салмағы: төмен ___ төмен емес. Аурудан азған белгілері бар ма
Алақаны бозарыңқы ма: анық немесе қалыпты
Екі табаны да іскен бе ____
Лейкоз ауруы қан жүйесінің қатерлі ауруы, қанның қауыпты ісігі.
Себебі: белгісіз, бірақ бірнеше теориялар бар: вирусты, тұқым қуалаушылық, радиация сәулесінің әсері.
Клиникасы: ауру біртіндеп жалпы жағдайдың бұзылуынан басталады: тәбеті төмендейді, бала себепсіз жылайды, ұйқысы бұзылады, әлсіздік пайда болады.
Сонымен қатар баланың сүйектері қақсап ауырады, қанағыштық, астына қан құйылғыштық пайда болады, осы ауруға тән триада айқындалады: бауырдың, көк бауырдың және лимфатикалық түйіндердің ісіп үлкеюі. Ішкі ағзалардың қызметінің бұзылуы, дене қызуының тұрақты көтерілуі, кахексия (көтерем), шырышты қабықтан қан кету – бұл симптомдар ауру өте асқынған кезде шығады.
Қанның жалпы анализінде және жілік майының төстен алынған пунктатында дамып жетілмеген жас лейкоциттер – бласты жасушалар – көптен айқындалады.
Балаларда көбіне лимфобласты тез басталып, өршіп дамитын лейкоз кездеседі.
Емдеу: арнайы гематологиялық бөлімде өткізіледі. Жағдайы тартса баланы жиі таза ауаға серуенге шығарып тұру керек, тәбетіне сәйкес тамақтандырылады.
Бұл аурудың емдеуі сәтсіз, емдеген кездегі мақсат-ауру баланың өмірін ұзарту.
Дәрімен емдеу әр-түрлі схемалармен өткізіледі: преднизолон, винкристин, меркаптоцурин, винбластин және тағы басқа.
Имунды терапия.
Сәулемен емдеу.
Симптомдық емдеу.
Өте жақсы күтім өткізіп, медициналық этика мен деонтологияны мұқият сақтаған жөн.
Геморрагиялық диатездер.
Бұл аурулардың жалпы белгісі-қанауға бейімділік. Геморрагиялық диатездерге: гемофилия, тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы), геморрагиялық васкулит (капилляротоксикоз, Шенлейн-Генох ауруы) жатады.