Бағдарламасы бойынша. Геморрагиялық диатездер. Лейкоз. Дәрістің жоспары


Себебі: аллергендердің қантамырларын көрсететін әсеріне байланысты капилляр қабырғасының қанөткізгіштігі өседі. Клиникалық айқындалуы



бет7/7
Дата24.11.2023
өлшемі26,37 Kb.
#125384
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Себебі: аллергендердің қантамырларын көрсететін әсеріне байланысты капилляр қабырғасының қанөткізгіштігі өседі.
Клиникалық айқындалуы: ауру көбіне баспадан, тұмаудан 10-14 күн өткеннен кейін басталады. Баланың қолдарына, бөксесіне, балтырына, әсіресе буын тұстарына симметриялы орналасқан, майда сипағанда қолға білінбейтін теңбіл бөртпе шығады. Баланың іші бүріп қатты ауырады, буындары ісініп ауырсынуы мүмкін.
Асқынуы-нефрит.
Қанның жалпы анализінде-ЭТЖ жоғарылайды, нейтрофилез, эозинофилия.
Емдеу:

  1. Балаға 3-4 аптаға төсек режимі тағайындалады.

  2. Тамақ құрамында ақуыздар мөлшері азайтылып, тамақ жұмсақ түрде беріледі.

  3. Дәрі-дәрмектер:

А) антигистаминді терапия-супрастин, тавегил, диазолин т.б.
Б) қантамырлардың қабырғасын нығайтатын дәрілер-хлорлы кальций, кальций глюконаты, рутин, аскорбин қышқылы.
В) қанның ұюын азайту үшін-гепарин.
Г) симптомдық ем.
Д) керек болған жағдайда гармондар және антибиотиктер.
Күтімі:

  1. Төсек режимін қатал сақтау.

  2. Терісінің және шырышты қабатының жарақаттануының алды алу.

  3. Нәжісінің және зәрінің түсін бақылау.

  4. Баланы инфекциядан сақтау.

Дәрісті бекітуге арналған сұрақтар:



  1. Қан жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

  2. Анемиялар. Теміртапшылықты анемия. Себептері, бейім факторлары, негізгі клиникалық симптомдары, емдеу қағидалары, профилактикасы, сырқаттанған балаларға мотивацияланған күтім жүргізу.

  3. Анемиямен науқастанған балаларды БАБЖ бағдарламасы бойынша жүргізудегі мейірбикенің жұмысы және оны ұйымдастыру.

  4. Геморрагиялық диатез. Себептері, бейім факторлары, негізгі клиникалық симптомдары, емдеу қағидалары, профилактикасы, сырқаттанған балаларға мотивацияланған күтім жүргізу.

  5. Гемофилия. Себептері, бейім факторлары, негізгі клиникалық симптомдары, емдеу қағидалары, профилактикасы, сырқаттанған балаларға мотивацияланған күтім жүргізу.

  6. Лейкоз. Себептері, бейім факторлары, негізгі клиникалық симптомдары, емдеу қағидалары, профилактикасы, сырқаттанған балаларға мотивацияланған күтім жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет