Тақырып 3.Бағалаудың түлері мен әдістері
Лекция8. Формативті (қалыптастырушы) бағалау
Жоспар:
1.Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты
2.Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруы
Формативті (қалыптастырушы) бағалау– оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс. Формативті бағалау «формальды емес» (көбінесе белгі қоймай) бағалау болады. Ол бағалау критерилеріне сәйкестікке негізделіп, кері бойланысты ұстанады. Егер нәтиженің бағасы анықталған қажеттіліктерді ескеріп, оқу процесін жақсартуға қолданылса, онда бағалау формативті болады.
Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады. Түзетулер енгізу білім алу нәтижесін жақсарту үшін мұғалімнің немесе оның оқушылармен бірігіп жаңа мәселелерді ұсынуы.
Формативті бағалау мұғалімге оқушылардың оқуда мақсатқа жету процесін қадағалап отыруға мүмкіндік береді және оқу процесіне дер кезінде өзгертулер мен түзетулер енгізуге, ал оқушыға өзінің білім алуында жоғары дәрежедегі жауапкершілікті сезінуге көмектеседі.
Формативті бағалау:
күнделікті тәжірибеде қолданылады (сабақ сайын, күнделікті)
оқушыға да, мұғалімге де қолайлы түрде пайдаланылады.
Формативті бағалау – білім берудің ерте кезеңінде оқыту процесіне өзгерістер енгізу мақсатында оқушының прогресік дамуын бағалау.
Әрбір оқушының жеке жетістіктерін басқа оқушылармен салыстырмай және оқудың нәтижесінің әкімшілік қорытындысы ретінде қарастырмай, мектепке формативті (қалыптастырушы) бағалау тәсілдерін енгізу міндеті көкейкесті мәселе болып тұр.
Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға, оның орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталған. Педагог осындай бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтап, оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді картина түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың барабар (адекватты) тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына көмектеседі. Оқушылар өзін-өзі бағалау ұстанымдарын, өзінің жұмыс нәтижелерін жетілдіру тәсілдерін меңгереді, өзінің оқуына деген жауапкершілікті мұғаліммен бөліседі.
Формативті (қалыптастырушы) бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс сыртқы кері байланыстан ішкі кері байланысқа ауысады, ал бұл оқушыны білім берудің субъектісі деңгейіне көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Солайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бақылау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады.
Қалыптастырушы баға технологиясы мұғалім қызметінің алгоритмі мен ол алгоритмді жүзеге асыру ресурстарының бірлігінен тұрады.
Мақсатты белгілеудің мәрелік (стартовый) нүктесін анықтай отырып, әрі қарай былайша жылжу қажет болады:
мақсатты өлшенетін оқу нәтижелеріне аудару;
нәтижеге жету деңгейін анықтау;
бағалаудың мазмұнын және техникасын іріктеу;
оқудың сәйкес әдістерін таңдау және жүзеге асыру;
бағалауды жүргізу және оқу нәтижелерінің өлшенетін деңгейіне жеткенін анықтау.
Ресей ғалымдары (И.С.Фишман, Г.Б.Голуб) мұғалімнің қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы алгоритмін мына тұрғыда ұсынады:
Жоспарланған оқу нәтижелерін анықтау.
Оқушының маңызды оқу нәтижелерін жоспарлау және оған жету әрекетін ұйымдастыру.
Оқушылардың жоспарланған оқу нәтижелеріне кері байланыс механизмі көмегімен жетуін жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |