Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет11/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   88
Өлеңімді кілт үзіп, қара сөзге көшейін, аға. Баяғыда Аме-
рикаға барып келген бір балықшы: «Олардың қармағы біз-
ге қарағанда тым имектеу екен» десе керек. Сол сияқты 
Өмеке, сіз менен «Астанада не көрдің?» деп сұрасаңыз, ай-
тайын. 
Абай ескерткіші көзіңді арбап, жүрегіңді жауламайды. 
Тап бір тамаққа тойып ап, үлкен дəретке бара жатқандай... 
талғамсыз. 
Алматыдағы Аманкелді Имановтың ескерткіші ашыл-
ғанда жарықтық Қалтай ағам «Атының «тасы» атының 
басынан үлкен» дегені бар. Əйгілі сəулетші Шота-Аман 
Уəлихан Батыс Еуропаны аралап қайтқанда «Ойпыр-
май, осы шетелдіктер ойына келгенін істейді. Бір қалада 
еркектің ұлы мүшесіне ескерткіш орнатып қойыпты!» деп 
таңырқағаны есімде. 
Басқа ескерткіштерді қайдам, əйтеуір Абай атамның 
бейнесінен береке таппадым. 
Көзі тірісінде-ақ көп ағаларымыз көше мен мектептің 
атын алып қойған. Мысалы, Шымкентте академик Мұхтар 
Əлиев атында көше, ақын Мұхтар Шаханов пен Исрайыл 
Сапарбай атында мектептер бар. 
Мен нені армандады дейсіз ғой?
Алла жазып туғаннан пешенеме,
Күйеу бала болсам-ау бес енеге.


36
«Қазақ санын көбейткен 
Қайран, Көпен!»
Деп жаза ма кейіндеу кесенеме?!
Ескерткіштің ең үлкені – артыңа ұрпақ қалдыру. Абай 
атам да «Адамның бір қызығы – бала деген...».
№8
Ж±МА С¦ЛЕМ
Бекболат Тілеуханов бір жолыққанда: «Сіз патшамен – 
патша, мұжықпен – мұжық, бұзықпен – бұзық боп кете бе-
ретін сияқтысыз. Сізге жақсы орта керек» деген еді. Бура-
байда жын-жыбырдың ортасына түсіп, жолдан тайдым. 
Дегенде дүмбір дүние, дүмбір дүние,
Азырақ дүмбірлетіп жүрдік дүние. 
Қалайын тіршілікте ойнап-күліп, 
Кетеді əлі-ақ өтіп бір күн дүние. 
Қазақтың осы бір қара өлеңін желбіретіп, желіккенім-
ай! Жыным басылғасын өзімді өзім ақтағандай, өзімді өзім 
адвокат боп жақтағандай Өмекеңе жұма сəлем жолда-
дым. 
Саялап Бурабайдың етегінде
Сайтанның кеттім білем жетегінде.
Қазақтардың қасында жіп есе алмас
Жын-перінің ордасы – шет елің де.
Жұма сəлем сақталған жүрегімде,
Иман еді өзімнің тірегім де.
О, Қожеке, иманым түгел болса
Сай қуалап сайтанмен жүремін бе?
Көп емес пе қазақтың серілері,


37
Иті де бойдағында керіледі. 
Батыстың «СЭР», 
«Жентельмен», 
«Дон Жуаны»
Қазақтың серісінен шегінеді. 
Сал-серіні саралап халық деген 
Төбесіне көтеріп дəріптеген. 
Ал, бірақ серілікті күнə санап,
Молдекең қатар қойған бəдікпенен.
– Не демекші, – дейсіз бе,– мына Көпен? 
Дүмбірлеген дүние бұлақ екен.
Оралыңның барында ойнап-күлу –
Серілік пе? 
Жоқ, əлде, күнə ма екен?!..
№9
Ж±МА С¦ЛЕМ
«Адам – кеңістігі шектеулі, уақыты өлшеулі он сегіз мың 
ғаламның тозаңдай ғана бөлшегі»
 
 
 
 
 
 (Альберт Эйнштейн)
Ашуландым. Қатты ашуландым. Айналамдағы топ құр-
ған «тозаңдардың» əділетсіздігіне күйіндім. Күйзелдім. 
Абай атам секілді «Сап, сап көңілім, сап көңілім» деп өзімді 
өзім жуасыттым.
Алла тағаладан Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз «Дү-
ниеде кім күшті!» деп сұраса, жаратқан ием «Кім сабырлы 
болса – сол күшті» депті. Бұл хадисті біздің қазақ «Сабыр 
түбі – сары алтын» деп мақалға айналдырған. 
Жүйкемді тоздырмас үшін өз сезімімді өлеңмен текше-
ледім.


38
«Кімсің?» деген жан болса сұрай қалған,
Олай барған Көпенмін, былай барған.
Сырт қарасам сыншыдай өзіме-өзім,
Жер шары секілдімін шыр айналған.
Күн нұрынан əуелі нəр алғанмын,
Махаббатын арттырып адамдардың. 
Тау-тасы, орман, дала, мұхиты бар
Он екі құрылықтан жаралғанмын.
Аңсаған шағалалы шалқар үнін,
Алты алаштың шөл, шөлейт алқабымын.
Шөліркеген далаға су апарған
Асау өзен секілді əр тамырым.
Жабырқасам жаңбырдай сіркіредім,
Табиғаттай құлпырып бір түледім.
Ал, аспаным ашылмай бұлт торласа,
Найзағай боп, күн болып күркіредім.
Қара дауыл тұрғыздым аптығыстан,
Құйыным да ұйытқып жатты тұстан.
Жапырағым оңтүстік болғасын ба,
Жазым ұзақ қар жауған қатты қыстан.
Жер-Ананы адамдар жылатты ма,
Жылатты ма?
Жылатса жұбатты ма?
Қанша досым жармады «атомдарын»,
Полигон боп өткіздім сынақты да.
Қайтейін жер шарындай болғанменен,
Жарылыстан жарықшақ толған денем.
Екі-үш балмен дүмпідім ауық-ауық,
Түбі бір сілкінермін он балменен.


39
№10
Ж±МА С¦ЛЕМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет