Мария Лопес – Шынар Жанысбекова
Виктор Корена – Ақыш Омаров
Музыкант – Бақытжан Əлпейiсов
Бишi қыздар Марияны ортаға алып билейдi де, сахнадан
кетедi. Мария жалғыз қалады. Виктор келедi.
Виктор: – Мария!
Мария: – Извините, я вас не знаю.
Виктор: – Я Виктор Корена.
Мария: – Виктор?
Виктор: – Иə, мен Виктормын ғой, Мария!
Мария: – Виктор? Я вас не помню.
Виктор: – Мария, мен сенi сүйемiн. Мен сенiң күйеуiң-
мiн...
Мария: – Кешiр, Виктор, менiң күйеуiм сен емес, басқа.
Артур!
Виктор: – Артур? Бiр бəлелерiңнiң бар екенiн баяғыдан
сезушi ем. Ол оңбаған қайда? Көрсетшi көзiме, көкала қой-
дай қып сабап, əкесiн танытайын!
(Гитарасын асынған бiр музыкант келедi.)
Музыкант: – Мария? Астапыралла, өңiм бе, түсiм бе?
Өлiп қалды дегенi қайда?
Мария: – Виктор, бұл кiм?
Виктор: – Бақытжан ғой, менiң ауылдасым.
Музыкант: – Мария, менi шынымен танымай тұрсың ба?
Есiңде ме, бiз Виктор екеумiз сенi машинамен алып қашып
едiк қой.
Мария: – Қандай машина?
317
Музыкант: – Бортовой. Мен шопыр болатынмын. Сенi
асаудай бас бiлдiргесiн «Ақ келiн-ау, ақ келiн. Сауысқан-
дай сақ келiн!» деп бетiңдi ашқасын мынадай өлең айтып ем
ғой.
(Гитарамен əн салады.)
Мария: – Не помню. Сен қай жерден келдiң, Мексикадан
ба?
Музыкант: – Мексика? Жоқ, бiздiң Шымкентте Мексика
деген жер жоқ.
Мария: – Виктор, мен қай жердемiн, Францияда ма?
Виктор: – Қайдағы Франция, Мария? Қазақстандасың.
Мария: – Қазақстан?
Музыкант: – Иə, СССР деген өгей əкемiз бар едi, бұрнағы
жылы қайтыс боп кеттi.
Мария: – А? Естiген жоқ ем, арты қайырлы болсын. Қат-
ты қайғырып көңiл айтамын. Ештеңе есiмде жоқ...
Музыкант: – Ленин ата есiңде ме?
Мария: – Ленин ата?
Музыкант: – Иə, Ленин атаң былай деп өсиет айтқаны
есiңде ме? «...Товарищи! Из всех искусств для нас важней-
шим является пародия. Пародия, пародия, еще раз пародия!»
Сосын Сталин бабаң...
Мария: – Сталин?
Виктор: – Мария, я тебя люблю! Егер Сталин бабаң тiрi
болғанда менi сүймегенiң үшiн сенi «халық жауы» деп қамап
тастар едi.
Музыкант: – Сталин бабаңның былай дегенiн бiлесiң бе?
«Товарищи! Кто не с нами, тот против нас. Пародия – злейший
враг народа. Кто занимается пародией, всех расстрелять, в
том числе Копен-Гагена».
Виктор: – Мария... Брежнев бабаның даусы да есiңде жоқ
па?
Мария: – Брежнев?
Виктор: – Топырағы торқа болғыр Брежнев бабам сүйiс-
кендi жүдə жақсы көрушi едi. Мысалы, былай сүйетiн...
Музыкант: – Көкемнiң көзi тiрi болса бүгiн былай деген
болар едi. «Указ Президиума Верховного Совета СССР. С
40-летием поднятия целины... в связи с рождением трудно
воспринимаего жанра, как пародия, наградить орденом трех
степеней... то есть орденом «Трех жузов» наградить това-
рища Копен... Гагена».
Ал, Викторжан, бабаң құсап бас сал да сүйшi Марияны!
Виктор: – Мария!
Мария: – Виктор, ұят емес пе? Бас жiбiн үзiп кеткен бала
бұқа құсап ентелей беретiнiң не?
Музыкант: – Ол сенi сүйедi ғой, Мария! Егер күт десең
бар ғой? Алқым жүнi ағарғанша күтуге əзiр. Қазiр демо-
кратия. Ашық айтуды, жарияға жар салуды Горбачев бабаң
үйретiп кеткен.
Мария: – Горбачев? Не помню. Бəрiн де помню.
Музыкант: – «Не помнюың» не сенiң? Ол тiрi. Кезiнде
кес-кестеп сөйлегенi есiңде ме? «Некоторые безответствен-
ные люди делают на нас пародии. Давайте всем миром будем
бороться. Мы их будем давить сверху, а вы снизу. Вот тог-
да процесс пойдет. Пожалуйста, говорите, предлагайте!..»
Мария: – Ештеңе есiмде жоқ.
Виктор: – Мария, Алтынбек Қоразбаев есiңде ме?
Мария: – Алтынбек?
Музыкант: – «Қара кемпiр» ше? Ой, жоқ...
Тарарым, тарарым, тарарым,
Қара боп көрiнедi қарағым! – деп əн салатын əншi ше?
Мария: – Əрине, бiлем. Өйткенi, өнер өлмейдi ғой!
(Бишi қыздар шығып билейдi)
1994 жыл
319
ШОРАБЕК ПЕН АЙТАЌЫННЫЅ
АЙТЫСЫ
Шорабек:
– Бiреу жүр той-думанда, коньякты алып,
Астында аяғының ар-ұят қальп.
Облысың аккумлятор шығарушы ед,
Келдiң бе бұл айтысқа зарядталып?
Айтақын:
– Адам адам болмай ма ар-ұятпенен,
Көсегесi көгермес коньякпенен.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм.
Құрығанда бiр теуiп мотоциклдi
Оталдыруға жетедi заряд деген.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм.
Аккумлятор, қантым бар,
«Бартер» деген нарқым бар.
Келiңдер де дорбамен
Арбаменен тартыңдар.
Шорабек:
– Қандай ер ел сенiмiн ақтап жатыр,
Қотыр атты соқыр ат жақтап жатыр.
Жер тепкен айтыстағы өзiң құсап
Халықты нарық келiп таптап жатыр.
Айтақын:
– Рас, баға шарықтап кеттi деймiн,
Кiжiнiп сосын жердi тепкiлеймiн.
Хайлайлiм,
Хайлiм.
Хайлайлiм.
320
«Шыдай тұр!» – деп Нұрекең айтқан жоқ па,
«Үмiтсiз – шайтан болсын!» деп тiлеймiн.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм.
Семiз қорқар арықтан,
Кiм шошиды нарықтан?
Басу айналмас бағаға
Айналайынн халықтан!
Шорабек:
– Ел-жұртым өзiң ендi бас амалда,
Қазағым мүмкiндiктен аса алар ма?
Тракторды менсiнбес қайран қазақ
Мұң болды-ау бүгiн саған ешек арба.
Айтақын:
– Қадiр кетсе кадрден шеше алар ма,
Бастық болды бүркiтке кеше қарға.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм.
ГАИ-лар шығып алдынан тоқтатпайтын
машинадан жақсы ғой ешек арба.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм.
Айналайын қара ақын,
Көмiрдей боп жанатын.
Барар жерiң болса егер
Ешекпен де барасың.
Шорабек:
– «Қара ақын» деп ағаңды армандысың,
Бүгiн маған жұмсалмақ қалған күшiң.
Ал өзiң боп-боз болып кетiпсiң ғой,
Немене сары ауру боп қалғанбысың?
321
Айтақын:
– Баяғыдан өзгермес бар ғой əнiм,
Зейнетте бейнет көрген шалды аядым.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм.
Ауруды анықтайтын врач па едiң,
Сарғайсам сан ойлармен сарғаямын.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм.
Алдын алса əр ауру
Бола алмайды бəрi ауру.
Елiңдi ойлап сарғайсаң
Ештеңе емес сары ауру.
Шорабек:
– Боз ақын қара ақынды өгейсiнбе,
Əзiлге шыныменен кедейсiң бе?
Сapы ауру боп қалғаның рас болса
Базардан бит сатып ап жемейсiң бе?
Айтақын:
– Шорабек шорт кесетiн «нахал» екен,
Жемегендi жегiзiп жата ма екен.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм.
Не жоқ болса сол зəру бұ заманда,
Бизнес қып биттi де сатады екен.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм.
Жұртым менi түсiндi,
Ал көрейiн iсiңдi.
Сан ойлармен сарғайып
Өзгертшi ендi түсiңдi.
Шорабек:
– Түрiмдi салмақ па едiң түзеп сынға-ай,
Бұл күнi iнiшек бар iзетшiл қай?
Түсiмдi мен бəрiбiр өзгертпеймiн,
Кəдiмгi негр Майкл Джексондай.
1994 жыл
323
О, ЄАШЫЄЫМ, ШЫДАЙ ТЎР!
(«Ялла» ансамблiнiң «Чинури» əнiнiң əуенiмен)
Қос дауыс: – Бай-бай, бай-бай, байбай!..
Жiңiшке: – Бай-бай, бай-бай, байбай!..
Қос дауыс: – Бай-бай, бай-бай, байбай!..
Жiңiшке: – О, шыдай тұр,
Шыдай тұр, ғашығым.
Жуан: – Бай-бай, бай-бай, байбай!
О, шыдай тұр,
Шыдай тұр, ғашығым.
(Музыка)
Қос дауыс:
Сүйiп бiр қыздың
Сояудай кiрпiгiн,
Мазалап махаббат,
Бермедi бiр тыным.
Үйленем қалайша
Ай, менiң ынтығым,
Жамамай жүргенде
Шалбар жыртығын.
О, шыдай тұр,
Шыдай тұр, ғашығым!
Жуан дауыс:
Əупiрiм үйлендiм,
Жинап сəл естi.
Балалы болып,
Төбемдi тестi.
Жөргек таппадым,
Үйде бəрi ескi.
Ақшам аз болып,
Алмадым коляскi.
О, шыдай тұр,
Шыдай тұр, ғашығым.
Қос дауыс:
– О, шыдай тұр,
Шыдай тұр, ғашығым.
Қос дауыс:
Құдай өзiңдi
Жаратты жар етiп.
«Аяқ киiм!» деп
Ай, қума зар етiп.
Инфляция тоқтаса
Өлiара өтiп,
Саған əперем
Импортный етiк.
О, шыдай тұр,
Шыдай тұр, ғашығым.
Жуан дауыс:
Көзiң мөлдiреп,
Отырсың күтiп.
Қазаның қаңсып,
Бəрi де бiтiп.
Адамға керек
Ар, ұят, қытық.
Қонақтар келсе
Қашам ба зытып?
О, шыдай тұр,
Шыдай тұр, ғашығым.
Қос дауыс:
О, шыдай тұр,
Шыдай тұр, ғашығым.
(Музыка)
Жуан дауыс:
О, шыдай тұр,
Шыдай тұр, ғашығым.
Қос дауыс:
О, шыдай тұр,
Шыдай тұр, ғашығым.
Жуан дауыс:
О-о-о-о-о, шыдай тұр,
Шыдай тұр, қазағым!..
1994 жыл
‡ШIНШI Б¤ЛIМ
Шыѓармашылыќ
ПАРОДИЯ
326
ОЅАЙ МА!..
«О, махаббат, осынша оңай ма едiң!»
Оспанхан ƏУБƏКIРОВ,
«Кездейсоқ махаббат», 1965 ж.
«Осыншалық оңай ма едi махаббат!»
Абдрахман АСЫЛБЕКОВ,
«Қызық сүю», 1981 ж.
Оспанхан + Абдрахман = Оспанхан
Абдрахман + Оспанхан = Оспанхан.
1981
жыл
ШАЙТАНКҐЛДЕГI ШАБЫТ
«Абдырап Алматыдан Дəуiтəлi кеп,
«Көрсет, деп «Шайтанкөлдi!» жатып алды!»
«...Шомылып Дəуiтəлi жүр, шолпылдатып,
аумайтын аңыздағы алтын балық!».
Серiк АҚСҰҢҚАРҰЛЫ,
«Қызыларай» жинағы.
Шайтанкөлге түспесе,
Дəуiтəлi болмай ма?
Қайтем
Ақын күштесе,
Көлге барар жол қайда?
Жолға түстiк бұралаң,
Алып сабын, сүлгiнi,
Есi бүтiн бiр адам
Қой демедi бұл күнi.
Көлге Дəукең шомылды,
Шолпылдады кенере,
327
Ақын едiм жолы үлгi,
Жазып кеттiм немене?!
Шайтанкөлде сазандай
Дəуiтəлi жүзiп жүр.
Бұдан артық жаза алмай
Тудырмадым қызық жыр.
1983 жыл
ПА, ШIРКIН!
Əн «Хорлан»
Бұла бақыт,
Қияс арман,
«Хорланнан» қандай əн мен күй аса алған?!
Қайрат ЖҰМАҒАЛИЕВ,
«Құланиек» жинағы.
«Хорланға»
Құлақ түрiп,
Ұйып тұрған
Қайраттан қандай ақын биiк тұрған?!
Па, шiркiн!
Туды мiне,
Тосын байлау:
Əн мен күйдiң сорпасы қосылмайды-ау?
Ақынның
Арманы да
Қияс арман,
Бүкiл күйдi бiр əнге қия салған.
1984 жыл
328
ТУЫСЫЅДЫ ТАПТЫЅ БА?
«Арғы атамыз Масақ,
Масақтан – Қасап,
Қасаптан – Шайқы,
Шайқыдан – Қайқы,
Қайқыдан – Тайпы,
Тайпыдан – Майсақ,
Майсақтан – Нəйсап».
Оспанхан ƏУБƏКIРОВ,
«Жетi ата». 1966 жыл.
«Арғы атамыз Айтан,
Айтаннан – Байтан,
Байтаннан – Байпаң,
Байпаңнан – Майтан,
Майтаннан – Тайтаң,
Тайтаңнан – Жайтаң,
Жайтаңнан – Жайпаң».
Əбдiрахман АСЫЛБЕКОВ,
«Туысыңды таптың ба?». 1976 жыл.
Мына өлеңнiң, халайық,
Жетi атасын сынайық:
Арғы атасы Оспанхан,
Оспанханнан – Əбдiрахман,
Əбдiрахманнан – Айтан,
Айтаннан – Байтан,
Байтаннан – Байпаң,
Байпаннан – Майтан,
Майтаннан – Тайтаң,
Тайтаңнан – Жайтан,
Жайтаңнан – Жайпаң».
* * *
«Солай де, сайтан!»
329
ЕКI ЄАШЫЌ
«Мен əлi де ғашықпын
Жолықпаған бiр қызға».
Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ
Анаған да мынаған
Ұсынады жүректi.
Бiр қыз көрiп Тұм-ағаң
Тағы мiне дiр еттi.
Дедi: – Қалқам, аһ ұрып,
Лүпiлдейдi жүрегiм.
Маған сенсiң тақырып,
Мазалаумен жүр едiң...
Көзiне ақын жас алды,
Қутыңдады бұл қыз да:
Көз тiгесiз қашанғы
«Куə бол!» деп жұлдызға?!
Махаббатқа машық кiм,
Құмартпаймын қылжыңға?
Мен əлi де ғашықпын
Жазылмаған бiр жырға.
1989 жыл
330
«ЛАР» ЖƏНЕ «ЛЕР»
«Қобда, Нева суларын сүйiп өскен».
Бəкiр ТƏЖIБАЕВ
Түсiнбеймiн мен əлi,
Əлия қыз небəрi
Суды сүйiп өскен жоқ,
Сүйдi Қобда, Неваны.
Ата-бабам аңдаған
Берсек егер санға мəн:
Су дегенге кiм осы
Көптiк жалғау жалғаған?
Жамыраған əн-жыр бар,
Бос шелектей даңғырлар.
Десек егер оңа ма:
Қарлар,
Сулар,
Жаңбырлар...
Ей, оқырман, ақыл бер,
Кiм мұнысын мақұл дер.
Сөздiң суын сапырған
Бəрекелдi, Бəкiрлер!
1977 жыл
331
НЕШАУА-А-А-А!..
«Ремонттауға құрал жоқ,
құдырет жоқ
Жүрек қаусап қалғанда,
жаның қаңсып»
Ғафу ҚАЙЫРБЕКОВ
Вставай поэт, вставай,
Шабыт қалай, күш қалай?
Жыр толғадың сыразым
Қаламды чуть-чуть ұштамай.
Толғасын Ғафаң толғаса,
Мəз боласың сонда аса.
Жаны құрғыр қаңсиды-ау
«Ремонты» болмаса.
Көңiлге мұны дұрыс түй,
Поэзия ырысты үй.
Бұл өлеңi нешеуа,
Казахско-русский.
1990 жыл
ЕМЕУРIН
«Аршынтөс,
Алма мойын, гүлдi ерiндi,
Көзiме сендей болып кiм көрiндi?»
Сəкен ИМАНАСОВ
Сұлу қыздай күлiмдеп,
Жырмен өттi күндерiм.
Теңеу таппай жыным кеп,
Жаза салдым «гүлдi ерiн»
332
Оқырманым бiлмейдi
Не жыларын, күлерiн.
«Түсiнбедiк дым!» дейдi
Қандай ерiн гүл ерiн?
Қызыл-жасыл құлпырған
Қырық бояу гүл, тегi.
...Оны көрiп кiм тұрған,
Сəкен солай сiлтедi.
1990 жыл
КҐЗ БЕН СҐЗ
«Жүзiмнiң таза пiскен мойылындай,
Көзiңнен айналайын мөлдiреген».
Əбдірахман АСЫЛБЕКОВ
Байыптап, баяғыдан байқар елi,
Екеуi бiр өнердiң бəйтерегi.
«Түйенiң ойнақтаған бұзауындай»
Деп сөйлесек егер де қайтер едi?
Атайық өз атымен əр асылды,
Қазаққа мойыл көздiң қарасы үлгi.
Ешкiнiң елтiрiсi секiлденсе,
Əннiң сөзi бола ма жарасымды?
Көзiмдi ойнақшытып, аласұрам,
Тапқырлықпен тамылжып тарасын əн!
Жүзiм басқа, Əбеке-ау, мойыл басқа,
Сөзiңнiң айналайын сарасынан.
1981 жыл
333
ЕКI АЛМА
«Бiр айналып келсем, əлгi арудың
Кеудесiнде-ақ қалған екен қос алма!»
Исраил САПАРБАЙ
Ақын көрдi базарда
Алма сатқан бiр қызды.
Түстi дағы назарға,
Аттай тұсап тұрғызды.
Қызыл көрген қыранға
Ұқсап, қызға беттедi.
Мұндай тəттi бiр алма
Жетiсайдан жеп пе едi?
Ақыннан соң кезек ап,
Қауға сақал шал тұрды.
Сұлу қызды сезе қап
Қайтсiн кемпiр-сампырды.
«Бiр айналып келейiн!»
Деп ойлады Исекең.
Тiлектеспiн.
Не дейiн,
Қыз да мұны сүйсе екен.
Қайтып келсе, дiр еткен
Қалған екен қос алма.
Екi алманы жыр еткен
Эротиктер осал ма?
1989 жыл
334
УА, ДАРИЄА!
«Жаманмен
Жүз жыл жолдас болғанша,
Жақсымен,
Бiр күн болсаң, уа, дариға».
Тұрсынзада ЕСIМЖАНОВ
Қиналғанда ой таппай
Мақалдатып көлбеймiн.
«Қырық күн атан болғанша
Бiр күн бура бол» деймiн.
«Жаманменен дос болсаң,
Кесiрi жұғар», дариға.
«Жақсыменен дос болсаң,
Несiбi жұғар», дариға.
«Екi тентек қосылса,
Саудай болар», дариға.
«Екi ақылды косылса,
Таудай болар», дариға.
«Жақсыларды сыйласаң
Есiнен кетпес», дариға.
«Жамандарды сыйласаң
Есiгiңнен кетпес», дариға.
«Жаманның қойнына жатқанша,
Жақсының аяғына жатқайсың».
– Мақамдамай мақалды
Жаңа ой неге таппайсың?
1984 жыл
335
ПОЭЗИЯ ТЕСIГI
«Қашанғы қатып
Қала беремiз
Тас болып.
Қашанға дейiн
Жүремiз тесiк
Қалта боп...»
Достарыңызбен бөлісу: |