Бағдарламасы бойынша жарық көрді Есдəулет Ұ. Е 78 Үш томдық шығармалар жинағы./Ұ. Есдəулет. Алматы



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,12 Mb.
#10892
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

2.БРОДВЕЙ. ҮНДІС КӨСЕМІ
Жүргендей нағашылап, қайыншылап, 
Жүйріктер барған ел ғой бағын сынап. 
Үйектей үй түбінде
Үнсіз ғана 
Үндістің көсемі отыр қайыр сұрап.

195
Жаулайды Бродвей
Жарқылы алдан,
Жаһанның бүкіл нұрын тартып алған.
Үндістің көсемі отыр
Өр кеуделі,
Түрінде тəкаппарлық парқы қалған.
Басына қауырсыннан мұрақ киіп,
Бағына
Бір бұрыштан тұрақ тиіп,
Шаһардың
Шулы-шуан тірлігіне
Шыққандай еркіндігін бір-ақ қиып.
Отыр ол басы биік,
Паң қалпында
Ұқсайды қарлы-мұзды заңғар шыңға.
Мен мынау азаттыққа таң ғап тұрмын,
Ақынға Америка таң қалсын ба?
Аумайтын күміс шашы аппақ қардан,
Келбетін қарт үндістің жаттап та алғам.
Ел-жұртын,
Бар байлығын жоғалтса да,
Ардагер асқақтығын сақтап қалған.
Ақынның азын-аулақ долларын ап, 
Қарт көсем қала берді толғанып-ақ. 
Бір бата бұл жақтан да арқаладым, 
Мен білсем, 
Енді жолым оңғарылмақ... 
3.БҰЛБҰЛСЫЗ ӨЛКЕ
Америкада бұлбұл жоқ дейді!
Бұлбұл-жыр...

196
Жер таңдайды екен, 
Ел таңдайды екен бұл құрғыр!.. 
Бұлбұлсыз ел де болады екен деп аядым, 
Бұлбұлға толы Зайсанымды ойлап тұрдым бір.
Байласаң бұлбұл тұрмайтын өлке!
Қиын, ə!
Қалайша? Неге? 
Қонбай-ақ қойды миыма. 
Барлығын берсе,
Біреуін іркіп қалатын –
Құдайдың бұл да бұлдап бір тартар сыйы ма?
Айдыны асқан,
Байлығы тасқан менмен ел,
Билігіне де,
Бишігіне де сенген ел.
Төрт құбыласы сай,
Жағасы жайлау болса да,
Бір бұлбұл жетпей тұр екен, шіркін, сəн берер...
Үлгілі ел деп,
Үйірсек тартсам – жоқ тұрыс,
Үн қосар үрікпей
Үндістен де өзге көп туыс.
Құпияңды ашшы,
Бұл əлем əлі жат маған,
Сескендің неден,
О, бұлбүл, бұлбұл – текті құс!? 
КҮЗГІ ДЕВАЛЬВАЦИЯ
Ала жаз өте шықты сайран қуып,
Алқынып қала бердім айлам құрып. 
Алдыма алып келді
Алхимик – күз
Алтынға жапырақты айналдырып.

197
Күзгі бақ құшағына жиі енемін,
Күрсініп,
Күрең күнге сүйенемін.
Күлімдеп келе қалса қайран көктем,
Күйдіріп ерінінен сүйер едім.
Көзімнен бұл-бұл ұшты-ау мұңсыз жалған,
Күмбезі күлгінденіп,
Күн сызданған.
Аспаннан алтын шашып ағаштар тұр,
Асылдың заманы ғой құнсызданған...
2000
* * *
Ақ балтырлар əн салып, 
Көзбен тыңдап көктем жүр. 
Көкше бұлттан тамшы ағып, 
Көктің жүзі көктеңбіл.
Желмен жүре сөйлесіп,
Тұман тарқап барады.
Көңіл осы:
Кейде өсіп,
Кейде өксіп қалады. 
Қақ суы анау телегей,
Түпсіз терең тəрізді.
Өмір осы:
Теңеген
Терең менен тайызды. 

198
* * *
Өздері өткен көпірлерін 
Өртеп кеткен ағалар-ай. 
Өткел таппай өкінгенім, 
Өзен бойын жағалап-ай... 
Өте қояр қайық та жоқ, 
Өткел табар байып та жоқ, 
Өр кеудемен қойып кеттім, 
Өлерменге айып та көп.
Тартып келем барым салып,
Тырмысамын,  
Талғандаймын.
Тау толқыннан қарым талып,
Тауым қайтып,
Тал қармаймын.
Алда     
     көзді бақырайтып,
Ағалар тұр ақыл айтып: 
«Алай жүзбе, былай жүз! – деп. 
Арыныңды сынаймыз...» – деп. 
Асау толқын арасынан 
Мен келемін Құдайды іздеп! 
СӨЗ
Сөзбен жүздестім. Сөзбен таныстым. 
Сөзге ғашық боп, жата-жабыстым. 
Сөздің сиқыры билеп бойымды, 
Сөзбен уланып, сөзден бал іштім.
Сөзден от жақтым, ошақ лаулаттым. 
Сөзден оқ жонып, жебе заулаттым. 
Аңғырт азуды айға біледім, 
Албырт көңілді қарға аунаттым.

199
Сөзге сендім мен. Сөзге теліндім.
Жаным-тəніммен сөзге берілдім.
Сөзден оқ тиді, сөзден жығылдым, 
Сөзден қуат ап, сөзге жегілдім.
Сөзбен алыстым. Сөзді кемірдім. 
Сөзден шаршадым. Сөзден жеңілдім. 
Еттен өттің ғой, сүйекке жеттің ғой, 
Сөзеке, сонша саған не ғылдым?..
КҮМІС ӨЛЕҢ
Мынау неткен күміс түн!
Күміс күлкі!
Ай астында ақ боз үй – күміс тұрқы. 
Түндігінен шұбалып күміс түтін, 
Кісінейді  белдеуде күміс жылқы.
Күміс əлем!
Аспанда күміс жүген,
Көз суарып көру де дұрыс білем.
Ай астында жондары жылт-жылт етіп,
Табын жортып барады қыр үстімен.
Құлағымды қытықтап күміс дүбір,
Əлдеқайдан иттер де үрісті бір.
Өңім бе осы?
Мен сүріп жүргендеймін,
Алтын да емес, жез де емес, күміс ғұмыр.
Түн түбінен жарқ етіп күміс қамшы, 
Жұлдыздардан үзілді күміс тамшы. 
Күміс  түннің қойнында адасып жүр, 
Күміс сезім бауырмал, 
Туысқаншыл... 

200
БАС ПАЙДА
Ақыл кірді аздаған, 
Ақындықты қойғам жоқ. 
Қаңқылдайды қаз – заман:
– Қанатыңды байлан, – деп.
Ал, байландым! 
Ал, ұштым!
Болмаған соң кеу-кеулеп. 
Заманыммен жарыстым 
Қанатымды жел кеулеп.
Атым шықты аздаған, 
Ақындықты қойғам жоқ. 
Тақылдайды таз – заман:
– Бас пайдаңды ойлан, – деп.
Ал, ойладым бас пайда, –
Аллалы құл арымас. 
Көлік қайда, көш қайда? 
Қарын тойса, көңіл – аш!
Жан-жағыма қарасам, 
Жан сауғалар айла жоқ. 
Жердің беті – ала шаң:
– Пайда! Пайда! Пайда! – деп.
Мен де ойласам бас пайда, 
Сен де ойласаң бас пайда, 
Ол да ойласа бас пайда, 
Бəрі ойласа бас пайда... 
Бақай есеп, бықсық ой 
Бар əлемді баспай ма?!. 

201
БАЯҒЫ ƏНДЕР
Баяғы əндер,
Білмеймін басқа ма еді?
Тыңдай қалсам көзіме жас келеді. 
Өмірімнің өткендей Өскемені, 
Жастығымның қалғандай Қаскелеңі.
Ескі əндерді
Естісем – жасарамын,
Еримін де бұлақтай бас аламын.
Қайта ашады көзімді жасағаным,
Қайта алдымнан қашады қашағаным.
Ескі əндерден жаңа мұң естілгендей,
Есіп жүріп боласың ес кіргендей.
Теріс аққан өзендей тентек жүрек,
Кешкіргенде
Кінəсін кеш білгендей.
Ескі əндерден жаралған жаңа ойлардың
Кісі бар ма кіндігін кестіргендей!?. 

202
МИСТИКАЛЫҚ  ЖЫРЛАР
ФАТАЛИЗМ
Келмеді қайырылғым, 
жер-көктен айырылдым, 
қылыштай қайырылдым, 
мырыштай майырылдым, 
ескегі суға кетті қайығымның.
Аспанмен астаспаймын,
жермен де достаспаймын,
жел беріп жел мінезге,
тізгінді бос тастаймын,
ешқашан ешкіммен де қоштаспаймын!
Торына өрмекшінің
тұтылып көрмекшімін,
ешкімге естіртпейді
шыбын жан енді өксігін,
несіне ашты маған жер-көк сырын?..
...Postskrіptum.
Түніменен дөңбекшідім...
1993
ТҮНДІК

203
ЖАНТƏСІЛІМ
Ролланға
Құм басып даланы 
із біткен жымдасып барады, 
опасыз мынау жалғанға 
кім ғашық болады?
Сəл тоқталыңдаршы, 
көзім түк көрмей қалды, 
аңғалағына қадалған 
оқты алыңдаршы, 
еңсемді көтерейін, 
ей, аспан,
төбемнен тоқпағыңды алшы, 
дүние неге қараңғы, 
от жағыңдаршы?!.
Бұл жақта ебелектер көп, 
сайтан көбелектер жоқ, 
мені тірідей көмген бе, немене, 
барамын керемет терлеп?..
Сыр сақта, ұлым, 
(бір сəт таныдым), 
айырмашылығын мен айтсам 
ене мен жердің құрсақтарының, 
мына жел қайдан əкелді, 
иісін гүл шоқтарының?
Суырыңдаршы оқты, 
ажыратыңдаршы токты... 
1993

204
* * *
Өшіріңдер жұлдыздарды, 
Сөндіріңдер күн, айды, 
Жылытыңдар түнгі ызғарды, 
Жұбатыңдар құдайды.
Жылатпаңдар бұлттарды да, 
Күрсінтпеңдер теңізді. 
Айтатұғын жұрт қалды ма 
Асыл сөзін ең ізгі?
Қалса – айтсын, 
Сыр ақтарсын, 
Тыңдайын да соңғы рет, 
Көз жасы боп бұлақтардың 
Көкке ұшайын мөлдіреп...
2000
ЖАРҒАНАТ ЖЫРЫ
Түн егер Қара жеңсе оңалады,
Сонда араға түн түнеп қона алады.
Ақ тұрғанда Қараның соры қайнап,
Түн сонда біржолата жоғалады.
Шəкəрім.
Кел, кел, түнек!
Кел, түнек!
Өлер болдым тентіреп, 
өлер болдым өртеніп, 
өшір мені, бол тірек!
Қап-қара түн, түнек түн! 
Құрсағыңнан шыр еттім, 

205
құшағыңда ержетіп, 
құндағыңда түлеппін.
Түннен туған халықпын, 
түн қойнында жаныппын, 
қара көзім қарығып, 
жарық күннен жалықтым.
Кел, кел, түнек! 
Кел, түнек!
О, жаратқан, бер тілек, 
жол үстінде жортайын 
желкендіге жел тілеп.
Кел, кел түнек!
Көз ілме,
Тас тұғыр бол төзімге,
жердегі бар жарықтың
түп-төркіні өзіңде!
Кел, кел түнек! Кел түнек! 
1999
ҚАНДАУЫР
Тамырын қиып ваннада, 
Кеше бір көршім көз жұмды, 
Таңдайын қағып таңдана, 
Қоңсылар түгел сөз қылды.
Сөз деген не ол?
Сөз деген –
Тірінің қалды ісі боп.
Баурады ма оны өзге əлем, –
Бағамдап жатқан кісі жоқ.

206
Қасында қанды ваннаның 
Қандауыр қалды қылпыған... 
Қылғаны шығар Алланың, 
Келтірер оған кім күмəн?
Өлді де қалды пенде бір, 
Тынды да қалды алған дем. 
Қоштаса салар жеп-жеңіл, 
Өмір-ау, сонша арзан ба ең?
Менің де жолым болмады, ə?! 
Тағдырдың басты-ау мысы, əттең...
Жатырмын ойнап ваннада, 
Қандауыр қара пышақпен...
1993
ЖЫЛАН
Жатқан жылан құйрығын өзім бастым, 
Қайырылып шаққанда көзімді аштым.
Сатып алған сау басқа сақинадан 
Жазылармын, кім білер, жазылмаспын?!
Удың аты у екен – əлсіретті, 
Өртте қалған торғайдай жан шыр етті. 
«Ақ құймадың басына жыланның!» – деп, 
Жуалдыз ой жүректі шаншып өтті.
Шағатынын шіркіннің біле тұрып, 
Шамдантқан соң – не пайда құр өкініп? 
Тісін мақтап, құбылған түсін мақтап, 
Жолдас болар жыланмен кім өтірік?
Қарашы əнеу құйтымтай қандаланы, 
Шағамын деп ол-дағы шамданады. 

207
«У біткеннің бəрі де пайдалы» деп, 
Медицина – мен білсем – сандалады!
Шағып болып, шуақта қыздырынып 
Жатыр жылан терісі жүз құбылып. 
Құйрығымен құшақтап ала ма деп, 
Жон арқамда барады мұз жүгіріп.
Шырылдаймын: «Кешірші, аға, аға!» – деп, 
Көп кешірім сұрау да жаман əдет. 
Мен сыйлаймын жыланды бұдан былай, 
Қорыққанымнан сыйлаймын шаға ма деп!
АҚЫРЕТТЕ ЖАЗЫЛҒАН ЖЫР
Мен өлгенде
ешкім айып тақпады,
көп күнəмді жіпке тізіп жатпады, 
азаматтар ағыл-тегіл қаптады, 
талай ару аза тұтып жоқтады, 
ақ балшыққа бет-бейнемді түсіріп, 
дос мүсінші өз парызын ақтады, 
дос дəрігер жүрегімді мəпелеп, 
сылып алып, 
спиртке сап сақтады...
Шыны ыдыста, 
мөлдір зəһар ішінде, 
жүрегім тұр өзгертпестен түсін де, – 
батып кеткен тереңіне теңіздің
сүңгуір бір қайық тектес пішінде, 
ұйықтап жатып туған жердің қойнында 
жүрегімді көремін мен түсімде, 
бір жас ақын 
басыма кеп дұға оқып, 
гүлін қойды жүрегі жоқ мүсінге.

208
Қайран жүрек,
мен өзіңсіз пақырмын,
қара жерде қор боп босқа жатырмын,
еріккен жұрт ентелейді ыдысқа
«көреміз, деп, от жүрегін ақынның»,
(көрсін, білсін – ұқсас па екен, жоқ па екен,
жүректері мұсылман мен кəпірдің?)
өлгенде сен суарылсаң спиртке,
мен тіріңде ащы мұңға батырдым.
Көрдің, жүрек, көкірегімнің түрмесін, 
аттандырдың талай-талай жыр көшін, 
тіл менен діл жарылған соң екіге 
жыр да сенен аулақ салды іргесін, 
айтар ауыз, тыңдар құлақ болғанмен 
сенсіз жерде сусылдаймын құр несін? 
...Жүрек, сені тіске басып біреулер, 
спиртіңді сілтей салып жүрмесін?!.
1989
ЖҰМБАҚ ХАЛ
Көп күнім күйбеңменен өлді менің, 
Бұлт шалды таңғы аспандай зеңгір едім. 
Қорқамын тұна алмастай кетем бе деп, 
Қаншама келгенімен мөлдірегім.
Өлеңнің өлер болдым өртінен мен, 
Шіркін-ай, мынау халден серпілер ме ем. 
Түн түсе ішім түтін күй кешердей 
Басыма қай бақсының дерті келген?
Сыр бермей сызданғанмен бір қарарға, 
Жақындап жүрген жай бар жынданарға. 
Бойымды буып болған тақсыр-сезім 
Білмеймін құртар ма, əлде, құлданар ма?

209
Шаппай бер шандоздық бар ту ұстаған, 
Шөкімдей несібесін уыстаған, 
Пайдасыз пақыр пенде болдым ба деп 
Қарадай қай бір күні қуыстанам.
Шалықтап өң мен түстің арасында, 
Шошынып малшынамын қара суға, 
Шалғайда шаңға көміп жаным мені, 
Шығандап шыққандайын дара шыңға...
Бойымды буып жүрген «жыным» ба бұл, 
Əлде, арқам қозғандағы жырым ба бір. 
Жүрегім, өзің шешші жұмбағыңды, 
Жалғанда жамандыққа бұрылмағыр... 
ЖҰЛЫН
Нұртасқа
Сен,
Тағдыр,
Ақ періштенің мүбəрак қолы едің, 
Қара шайтанның қармағына айналдың, 
Қу жұлынға қол салғанға қайранмын. 
Мен – биіктіктің бұлбұлы ем, 
Тереңдікте енді сайрармын.
Бостандық деген бекер сөз, – 
Қан тамырларың бұғауың! 
Шекер сөз еріп кетер тез, 
Тиылмас бірақ жылауың.
Оқ тиген аққу секілді 
Мамығы сөздің бұрқырап,
Осады-ау жасым бетімді, 
Сайрармын сонда шырқырап!

210
Дүние көзі бұлдырап,
Сабақтай алмай инесін,
Бір күліп,
Сосын бір жылап,
Тағар да жұлар түймесін.
Не шығар асып-сасқаннан? 
Сезім де сөнді, ой да өлді... 
Айнасы сынған аспаннан 
Іздерсің менің бейнемді... 
1990
АЖАЛМЕН ТІЛДЕСУ
Беу, менің беті қайтпас тілемсегім, 
Бəз күні келеріңді білем сенің, 
қашаннан əдетің ғой жүрер сенің, 
көкжалдың қимақ болып тілерсегін.
Өзіңмен сан аңдыстым,
сан арбастым,
тұңғиық тағдыр деген ғаламды аштым.
Орын жоқ саған ешбір
мен бар жерде,
мен дағы сен бар жерде қала алмаспын.
Үндемей қабатұғын үндемесім,
Аян ғой есік ашып, кір демесім.
Тағдырдың садағынан,
мен туғанда
Сен маған қарсы атылған сұр жебесің,
Заулаған маған қарай теміренім, 
Қадалған жүрегіме шөгір едің. 
Мен сені елеместен өтсем деуші-ем, 
Ежелден егіз екен өмір – өлім.
1999

211
ЕСКЕРТКІШ
Жетелеп тіршіліктің соқпақтары, 
Бейуақыт байыздатып тоқтатпады. 
Кезбенің үмітіндей күндер өтті, 
Жағалай қағып жүрген көп қақпаны.
Тас сана.
Темір жүрек.
Жабық бəрі.
Жаныңның кімге дəрі жабыққаны?
Биік тұр тағдырыңның шамдары да,
Түспестен өз түбіне жарықтары.
Тұр əне тас та өніп, 
Темір де өсіп,
Келемін арасында өмір кешіп. 
Құндақтап неге мені тербетпейді, 
Жер деген жемсауы кең жебір бесік?
Қаптаған қапталымда сұр мүсіндер, 
«Əлі де тасқа айналмай жүрмісің?» дер. 
«Сен неге мен сияқты жалғызсың?» деп, 
Аспанның үңірейткен ұңғысын көр...
Мұншама ауыр жүкті көтеруге,
Шамам жоқ,
досым да жоқ,
нөкерім де.
Тұлғам – тас, жүрегім – мұз,   миым – темір,
Тот басып, терлеп барам қапелімде...
1990

212
ПІСІМІЛЛƏ
Пісіміллə...
Қайдан жүр кісі мұнда?..
Жын бар ма екен көздердің қысығында, 
Кім қалды екен сөздердің ұшығында, 
Пісіміллə, пісіміллə...
Пісіміллə,
Перизат, перілердің 
Көрпесінде күйеудей керілермін, 
«Пісіміллə» деуге де ерінермін, 
сынығындай сонау бір серілердің.
Пісіміллə,
пейіштің пендесіндей,
Пəнилікке кетермін жерге сіңбей,
Баспалдақтар барады сүріндіріп,
Сағақтағы сырғақтың пернесіндей.
Пісіміллə, періңді шақыр маған, 
Мені көрсе көк аспан шатырлаған, 
«Пісіміллə» демеске шарам қайсы, 
Жүрегінен аспанның от ұрлағам!
1994

213
ПЕРІШТЕМЕН ТІЛДЕСУ
Мен дағы сендей 
түнекте көргем күн кешіп, 
құшағына алып тербеген талай түн бесік, 
кіршіксіз сенің канаттарыңды шеш демес, 
мен аяқ шешіп кіретін құтты бұл мешіт.
Шайтаннан қашсаң –
жарыққа тығыл, жарқыным,
шуаққа шомыл,
сəуленің сімір сарқынын,
сарайың менен сезімің нұрға шүпілдеп,
серік бол отқа,
жолдас тұт күннің жарқылын.
Тұрмаса көз бен санаңнан сəуле шашырап,
қайырымсыз түннің қай шоққа жаны ашымақ? –
жаһаннам түнек
жұтар да қояр нұрыңды,
жан бағам деме
жыланды балмен асырап.
Жарғанат та емес, 
жапалақ та емес, пері де, 
періште болсаң – 
жарық пен нұрдан жеріме. 
Сенем мен, сенем, 
қайтадан қызыр қонады 
қадірі қашқан 
қасиетті қазақ жеріне! 
1993 

214
АРУАҚТАР
Қоныс болмай ешкімге
Құлазыған ескі үйде,
Құшақтасып отырмын, 
 Аруақтармен дос күйде.
Көздерінде өшкен от, 
Бұлар кімдер? 
Есте жоқ.
Кім болса да бəрібір 
Енді маған дос керек.
Бұлдыр-бұлдыр өздері, 
Былдыр-былдыр сөздері, 
Қайдан қолға түсірген 
Мен сияқты кезбені?
Тастап жатқан əр жаққа 
Қолдары өзі қармақ па? 
Аруақты ақын едім ғой,
Айналғам ба аруаққа?
1994
СІЗ
(Жынмен тілдесу)
Құлыпсыз есік.
Түрмесіз дала.
Сиқырлы жүзбен,
кіргесіз мана,
екі көзіміз төрт болып тостық, 
əуресін артқан бізге – Сіз ғана!

215
өз қырсығымыз – өз дəруіміз, –
көзді алуымыз,
сөз бағуымыз,
Сіздің қырсықты сыйғыза алмадық, –
қозған жыныңыз, созған уыңыз.
Есікте – құлып.
Далада – түрме.
Ағайын – араз, араға кірме!
Іштегі құрттың шығатын кезі,
Құритын кезі келе жатыр де!
«Сіз» деумен келіп,
«Сізбенен» кетпей,
аюды жарып іздеген өттей,
ішімді түгел сүліктей шарлап,
жүрекке қонып жүз көбелектей,
қаптай бересіз,
таптай бересіз,
бəйгеден дəйім шаппай келесіз,
алдайсыз көзді,
арбайсыз бойды,
бейітте жанған оттай неге, Сіз??! 
1990
МҮҢКІР-НƏҢКІР 
немесе 
МАҚШАРДАҒЫ ДИАЛОГ
«Ұлтына ұлтан болған байқұс, сорлы 
Ұлықбек Есдəулетов қайтыс болды... 
Ұжымақ па, тозақта ма орыны?» деп, 
Ұшпақта əжептəуір айтыс болды:
– Пенде еді пайымдатар
Періштені...

216
Пəниден барар орны – пейіш тегі...
– Перідей пəтуасыз бір пəтшағар, 
Парықсыз, тілінің бар теріскені...
– Шаруақор, 
Шұғылданған адал іспен,
Шайқасқан шалдықпастан қара күшпен...
– Шайқақтап,
Шатып-бұтып,
Шатақ қуып,
Шайқы еді шайырмын деп шарап ішкен!
– Жан еді тəңір өзі ақын еткен, 
Жаннат қой алар орны ақыреттен!
– Күнаһар,
Күпірі көп, кірпі мінез,
Кісəпір, қандай одан кəпір өткен?
Жүрген жан жолдас болып ібіліспен, 
Жүзімнің жалап-жұқтап суын ішкен. 
Жұмақты бүлдірмей ме ол ылаң салып, 
Жаппасақ жаһаннамға мұны күшпен.
«Қарық деп қағанағы» қайтамысың, 
«Сарық деп сағанағын» айтамысың? 
Жығылған сəждеге емес, 
Жыр жолына,
Жын қуып, 
Жандандырған сайтан ісін.
Жаны тұр жаһаннамға ылайық боп, 
Жазасын жаратқаннан сұрайық, – деп, 
Жалаңдап Мүңкір-Нəңкір жеткен кезде, 
Жатқанмын жер бетінен тырайып кеп... 
1997

217
БҰРҒЫ
Бүгінгі түн 
Бір кісі
Қолында бар бұрғысы 
келді үйге кіргісі.
Есік
тесіп,
зыр еткен,
Дрелінен дір еткем...
Ұшып тұрдым төсектен
Шұрық тесік жүрекпен!..

218
«ИІРМЕКІЛ» топтамасынан 
  
ТҰСАУКЕСЕР ЖЫРЫ
Айя Махметоваға
Алатаудан алдырған 
Ала қойдың жүнiнен,
Қаратаудан алдырған 
Қара қойдың жүнiнен,
Ала жiптi есейiн,
Тұсауыңды кесейiн,
Айналайын ақ бала,
Ала жiптен аттама.
Тұсау кестiм, құлама,
Жығылма да жылама.
Құлдыраңдап жүгiр де, 
Ешқашан да сүрiнбе!
ЖАЙЛАУ
Сылдыр-сылдыр ағатын,
Жайлау жақта бұлақ бар.
Сыбдыр-сыбдыр қағатын,
Желкілдеген құрақ бар.
ТӨР. ТЕКЕМЕТ

219
Біз барамыз жайлауға,
Асыр салып ойнауға,
Құс барады жайлауға,
Құйқылжытып сайрауға.
МЕНІҢ АТАМ
Аппақ күміс сақалды,
Жақсы көрем атамды.
Шахматтан ол бүгін 
Менен тағы мат алды.
ЛАҚ
Керегені сүзуге 
Үйретіп ем лақты,
Жүгіріп кеп, өзімді
Сүзіп қалып жылатты.
ҚҰЛЫН
Құрау, құрау, 
Құлыным,
Құрығыма түсе ғой.
Тазасын жеп сұлының
Мөлдір судан іше ғой.
Сен боларсың қазанат,
Мен болармын азамат.
Құрау, құрау, 
Құлыным,
Желбіресін тұлымың.

220
БҰЗАУ
Бүгін неге апамның 
Ашылмады қабағы?
Бүгін неге атамның 
Ішілмеді тамағы?
Бүгін неге Қапанның
Оқылмады сабағы?
Сүтсіз қапты қара шай,
Кім десеңдер айыпты?
Бұл қырсықты қарашы-ай,
Бұзау еміп қойыпты!..
ҚЫСТА
Көшедегі бұзаудың 
Құйрығынан ұстап ап,
Іздемей-ақ мұз айдын,
Сырғанадым үш сағат.
ҚАРЫНДАШТАР
Мынау сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау қоңыр қарындаш,
Мұнымен құмды бояймын.
Мынау қара қарындаш,
Мұнымен түнді бояймын.
Мынау қызыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынауым жасыл қарындаш,
Мұнымен нуды бояймын.
Мынауым көк  қарындаш
Мұнымен туды бояймын.

221
Мен суретші боламын,
Қолға қарындаш аламын.
Ақ апамның суретін
Ақ бояумен саламын.
Сонда менің қарындашым нешеу? 
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу!
ЕСЕП САБАҒЫ
– Мен шығам! – деп ерледі,
Қол көтеріп Қосанбай.
Тақта алдында терледі,
Төртке бесті қоса алмай.
ЖАҢБЫР
Бұлттар неге ауады?
Жаңбыр қашан жауады?
Шөлдеді ғой ағаштар,
Шаң басты ғой ауаны.
ШҰБАР ТАУЫҚ
Шұбар тауық 
Мүлдем,
Жолатпайды барса.
Ұясында жүрген 
Балапаны қанша?
Балапанын тауық,
Қызғанады жаман.
Қанатымен жауып
Санатпайды маған.

222

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет