Бағдарламасы бойынша жарық көрді Есдəулет Ұ. Е 78 Үш томдық шығармалар жинағы./Ұ. Есдəулет. Алматы



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,12 Mb.
#10892
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

2
Қара түн, көше, шамдал, дəріхана,
Мағынасыз, күңгірт əлем, қаны қара.
Мейлі, əлі ширек ғасыр ғұмыр сүргін,
Бəрі осылай болады.  Түбің - құрдым.
Өлесің де – бастайсың қайта бəрін,
Қайталанбақ бəрі де, əй, қарағым.
Арықтың мұздай суын кеше сандал,
Қара түн, дəріхана, көше, шамдал. 

250
3
Бос көше. Терезеде – күйкі шырақ,
Жөйт-құшынаш ыңқылдайды ұйқысырап.
«У» деген жазуы бар əбдіреге,
 Қу тізесі сықырлап төнді неге,
Қаңқа тұр тұмшаланып қап-қара боп,
Не іздейді əбдірені ақтара кеп...
Тапты... бірақ əлдене сыңғыр етті,
Ал бас сүйек шықарға бұрды бетті...
Құшынаш қайта ұйықтады аунап түсіп,
Қонақ болса шөлмекті жайлап қысып,
Екі пұшық əйелге беріп жатты,
Көшеде шам жарығы еріп жатты.
4
Баяғы, бағзы бір түс. Қараңғыдан
Шамдар қайда қашады қараң-құраң?
О дүниеде – қара су, түбі құрдым,
О дүниеде – мəңгіге ұмытылдың.
Бір көлеңке бұрыштан сырғанайды,
Екіншісі оған кеп шырғалайды.
Шекпені өңірі ашық, анық көрем,
Фрагын қызыл түспен əдіптеген.
Бұл көлеңке сарбаз ба сыптай ғана,
Қалыңдық па жоқ əлде шыттай жаңа?
Дулыға мен қауырсын. Бет пішінсіз.
Қатып қалған өліктей қақпыш, үнсіз.
Қақпадағы қоңырау қаңғырлайды,
Құлыбы да құмығып даңғырлайды.

251
Қосақтасып аттайды босағадан
Жəлап пенен зинақор бошалаған...
Жел ұлиды жаһанды қараң қылып,,
Қаңыраған тыныштық, қараңғылық.
Жоғарыдан терезе жанып тұрған,
Жана берсін, бəрібір, жалықтырған.
Қорғасындай қоймалжың қап-қара су,
Тереңіне көміліп жоқ боласың.
Үшінші елес. Беттедің қай өлкеге, 
Көлеңкеден сырғанап көлеңкеге?
5
Бай ызалы, бай мардам,
Кедей жүнжіп сандалған.
Құзарлардан тайғанап,
Қуарып тұр ай қарап,
Тыныштықты мүлгітіп,
Жақпар тасты түн жұтып,
Қарауытқан жартастар
Көңіліңе зəр тастар...
Бос əуре ғой ол да аса,
Егер патша болмаса,
Бұзбау үшін заңдарды.
Іздеме бірақ сарайды, 
Тоқмейіл жүзі арайлы
Алтын тəжді жандарды.
Қойнауынан жырақтың,
Жарығымен шырақтың
Ол келеді нұр ұйып.
Мойыншыты шешіліп,
Күнқағары тесіліп
Күліп тұрар жымиып.

252
* * *
Мен бүгін ескермеймін ескерместі,
Таңертең ұмытамын өткен кешті.
Күндіз мен ұмытамын жұлдыздарды,
Ал түнде ұмытамын күндізгі əнді.
Бірақ сол күн мен түндер тізбектеліп,
Тұрады өлеріңде іздеп келіп.
Əттең, бұл тұншықтырған тар жалғанда
Əддің жоқ сол Сұлуды армандауға.
Əлің жоқ, шамаң да жоқ,
Сұр қашады,
Орныңнан тұрмақ болсаң түн басады.
* * *
Жуылмаған терезенің түбінде,
Көктем күні өтті бекер бүгін де.
Толтырды əнге қабырғаның ар жағын
Торға түскен тотыдайын жан-жарым.
Мен асықпай жиып алдым, білдірмей,
Естелік пен бар шаруамды бір-бірлей.
Аяусыз ой кетті сонда буынды ап,
Өмір өте шығыпты ғой шуылдап.
Оралар-ау əлі көп ой, дау-дамай,
Сөнер, бірақ жүрегіңді жауламай,
Терезеңді перделеме тіптен сен,
Жаныңда Күн күйіп-жанып біткен соң...

253
* * *
Неткен тірлік шеңбері шексіз еді:
Бүкіл жолдар Римге жеткізеді.
Белгіліні біз, бірақ байқамаймыз,
Құлдар құсап бəрін де қайталаймыз.
Елестейді алдағы қап-қара түн,
Жеребедей жарқ етіп жоқ болатын.
Шырқау  көкте қайта Оған ғашық болып,
Жерге түссек көзіне шөп салатын.
* * *
Баттым мен теңізіне жоңышқаның, 
Байқадым ертек айтып ара ұшқанын. 
Түстіктен Толғай ескен торғын желге 
Тынымсыз жүрегімді табыстадым.
Шайқасқа шақырды жел 
Лебімен, 
Аспанның күресуге түнегімен. 
Көрсетті қаңыраған қасқа жолды, 
Жүретін қара орманның жүрегімен.
Аралап сай-саланы, даланы көп, 
Арманның мен көрмеген алабы жоқ. 
Алдымда құлдыраңдап бара жатыр, 
Ақжарма мендік сəби бала жүрек.
Мейлі де,
Ұйқым менің кем болғай-ды, 
Бəрібір сезіміме шаң қонбайды. 
Гүл менен бал арасы – екі ғашық, 
Айтты ғой ертек емес, болған жайды.

254
* * *
Аппақ самал өшті енді,
Сұрғылт өңді кеш келді. 
Құзғын алды бір тыным,
Қылын қозғап ұйқының.
Қараңғы, жат жақта сен, 
Еске мені алдың ба? 
Түсіңде көріп, əйтпесе,
Берілдің бе сəл мұңға?
Өзгерсең де ендігі, 
Мүмкін емес кемуі – 
Сендей жастың өрлігі, 
Мендей қыздың сенімі.
Өзіңді аңсап, іздеген, 
Қума елесті жыраққа, 
Жаным, басқа қызбенен 
Жетер болсаң мұратқа...
Ал, тəуекел! 
Кеш түсті,
Қарлығаштар төске ұшты. 
Жайдың бұлты тарайды, 
Көзіңе түн қарайды.
КҮЗДІГҮНІ
Асықпастан аңыздарды кезумен, 
Келеміз біз, сырбаз досым, өзіңмен. 
Ағыл-тегіл ақтарылса көңілім, 
Дəл шіркеуге кіргендейін сезінгем.
Бір пұшпақта кəрі кемпір жөтеліп,
Күздің күні биікте тұр от өріп, 
Шақырады жолдастарын жемтіктес, 
Қарға ғана тарғыл даусын көтеріп.

255
Дəн дегдітер қырдың қызыл қырманын, 
Көрдік біздер түтін басып тұрғанын, 
қарап қалдық соңдарынан сүзіліп, 
тырау-тырау самғап ұшқан тырнаның.
Самғай-самғай үшкіл бұрыш құрайды, 
Көсем тырна тыраулап кеп жылайды... 
Тыраулап ол нені, нені сұрайды? 
Күзде неге көздің жасын бұлайды?
Қайыршылау қыстақтарды төменгі 
Қолдан келсе көзбен санап көр енді. 
Күңгірт тартқан күн астында жанады, 
Алыс алау жарқыратып белеңді.
Елім менің, бейне қайыршыдайсың, 
Жүрегіме неге бірақ ұнайсың? 
Уа, менің соры қайнаған қосағым, 
Неменеге өксіп-өксіп жылайсың?
* * *
Қыс бойына қарлы құйын сарнаған, 
қалшыл қағып ұйқымыз да қанбаған. 
қатып жатқан тоң алқапты түренмен 
қақыратар қауқар бізде қалмаған!
Шып-шып терлеп,
Шыққа дала бөкті енді,
Шығамыз біз шарлау үшін көк белді.
Шыңылдаған шалғылармен шабамыз,
Шұрайы мол, шүйгін, шалғын шөптерді.
Ашық қалсын ауыр-ауыр қақпалар! 
Терезеден жел жұпарын ақтарар! 
Шырқамаппыз көптен бері біздер де 
Мұндай əнді көңіліміз шаттанар!

256
Дмитрий КЕДРИН 
ЖҮРЕК
(Кезбе аңыз)
Казак қызға үздігеді бақшада: 
«Қашан мендік боласың сен, Оксана?
Ақ семсердің жүзіменен сен үшін, 
Байлық табам,
 
 
берсең болды келісім!»
Шашын өріп,
 
 
қыз сөйлейді ал кеуде: 
«Мен орманда бал ашқызғам балгерге.
Балгер айтқан: болады деп сүйерің 
Кім əкелсе анасының жүрегін!
Мен өзіңмен бақытты өмір сүрейін, 
Əкел маған кəрі анаңның жүрегін.
Жүректі өртеп, 
 
 
күлін ішсем ерітіп,
Саған ғашық болар едім елітіп!» 
Дел-сал болып казак жүрді қайғырып, 
Күндіз күлкі,
 
 
түнде ұйқыдан айрылып.
Өз анасын жарды бір күн зорланып, 
Жолға шықты қыз қалауын қолға алып.
Жан-жүректі жүндес қолмен жасырып, 
Қызға əкеле жатты жігіт асығып.
Тəтті үмітпен жанталаса жүгіріп, 
Мұрттай ұшты босағада сүрініп.

257
Айтты жүрек
жерге түскен дірілдеп:
«Бір жеріңді ауыртарсың ұлым!..» деп... 
Николай РУБЦОВ
ОРЫС ОТЫ
Сары аяз тісі сақылдап, 
Сүрленіп жатты тұмса қар. 
Сүріктей аспан жақындап, 
Сіресіп қапты шыршалар.
Жансыз бұл өлі аймақта, 
Жалғыз мен ғана тірі жан!
Жылындым кенет,
 
 
аулақта
Жылт еткен оттың нұрынан.
Қар-адам құсап бейне мен 
Кіргенде қатып есіктен:
– Пеш міне, 
Жылын, кел... – деген 
Жып-жылы дауыс есіткем.
Мейір бар кемпір даусында, 
Көзінің нұры сөнгендей, 
Отырды оттың басында 
Ұйқыға бейне енгендей...
Сары сурет көп-ау Ресейде, 
Біріне соның жолыққам. 
Жұпыны сурет десем де, 
Жетімдік мəнін мол ұққам:
Тұнып тұр отқа Жер-ана, 
Сəулесі өшпес көңілден.

– Шырағым, соғыс бола ма?
– Болмайтын шығар, – дедім мен.
– Құдай-ау, тəубə, өмірде, 
Тартыстан ешкім оңбайды, 
Болмайды соғыс, дедің бе?
– Болмайды-ау, деймін, болмайды.
– Тəубə, – деп маған тағы ол, 
Мылқау бір түрмен үңілді, 
Көтермей басын ағы мол, 
Жанында оттың бүгілді.
Кірді екен нелер түсіне?
Əлем бе?
Сəт пе қас-қағым?
Мен енді разы пішінде
Қалтамды қармай бастадым.
– Бар болғыр! 
Ақша алмаймыз!
– Ал, жақсы онда, не дейміз! 
Мейірімге мейірім арнаймыз, 
Қайырымға қайырым төлейміз!..
Рақмет,
Оты орыстың,
Жанғаның үшін түндерде,
Қойнында жолсыз қоныстың
Достардан шалғай жүргенде,
Арқалап сенім салмағын, 
Мазасыз əлем ішінде, 
Жанғаның үшін, жанғаның 
Қайырымды, нұрлы пішінде...

259
ЖАЙДАРЫ ФИЛЯ
Сол қыстау қалды жадымда 
Ортасындағы орманның, 
Қалғыған қамсыз,
Маңында
Шұбырып жымы аңдардың...
Бір дөңбек үйде,
Болмастан
Жеңілдік, шағым, сұрағы,
Ваннасыз, газсыз, əу бастан
Мейірбан Филя тұрады.
Сүйеді Филя хайуанды, 
Тамаққа сылқа тойғанды, 
Сүйеді Филя сайранды, 
Ысқырып əнге салғанды!
Бұл əлем сондай нұрлы, əсем, 
Түгі жоқ тіпті жазғырар...
– Үнсізсің неге, Филя, сен?
– Е, не бар сонша сөз қылар?
НЕ ҮШІН?
Ол əлі сəби баладай –
Дауысы нəзік,
Көзі отты. 
Балалығына қарамай, 
Əзіл мен назға өзі епті.
– Орманға түнде барайық!
Аңдиық бұлбұл, кел бүгін! 
Тұр ма екен жолда, қарайық 
Сүйікті менің орындығым?

260
– Қанеки, кеттік далаға!
– Қанеки, таңды көрелік! 
Бағынбай оған бола ма? 
Еріксіз жүрем мен еріп.
Көрдім ғой көпті жалғанда, 
Ол болса мүлдем жас əлі.
Онымен жеке қалғанда,
Жалғыздық мені басады.
Мұңайып тұр ол,
Мінеки,
Мінеки, тағы кездестік.
Алай да дүлей мына күй
Басады мені енді өстіп.
Не үшін бардық орманға? 
Бұлбұлды неге торыдық? 
Не үшін тұрды сол маңда, 
Сонау бір жалғыз орындық?
 
ҚАРЛЫҒАШ
Қарлығаш ұшты шырылдап, 
Балапаны құлап ұядан. 
Балалар көріп шуылдап, 
Қоршады құсты құлаған.
Құм қаздым үңгіп, құнысып, 
Құлаған құсты жерлеуге. 
Қарлығаш шыр-пыр жүр ұшып 
Қазаға əлі сенбей ме?
Шырлайды ана аяулы,
Қонақтау қайда тыныстап?
Қарлығашым-ау,
Балаңды
Бақпағаның не дұрыстап?..

261
Александр ТВАРДОВСКИЙ
АНАМА
Жапырақтың
Желмен салғаны ойнақ,
Жап-жасыл із шықта қалғаны сайрап, 
Жағалаудан
Жеткен сабаудың дыбысы, 
Жалбыздың 
Жарған танауды иісі,
Əйелдердің кешке
Əнге басқаны,
Көктемнің
Көкшіл, зеңгір аспаны
Есіме сені түсіреді ылғи... 
СМОЛЕНЩИНА
Аштықты жəне тоқтықты 
Басқа да жермен көрер тең. 
Атағың неден көп шықты, 
Смоленщинам – көне өлкем?
Құнарсыз, шырсыз жеріңмен, 
Жүргізбес батпақ жолыңмен, 
Сүліктер сорған еліңмен, 
Боларсың даңққа көмілген...
Есімде,
Тихон қарт көптен 
Қамығып, қайғы жанын жеп, 
Түнеріп тұрып, шарт кеткен: 
– Ағызса суға... бəрін!... – деп.

262
Жер де емес еді-ау жер дейтін, 
Қанша ексең түк те өнбейтін...
Бөленіп мүкке бұйықты 
Тереңі тұнған нелер кен. 
Сайтан алғыр-ай, сүйікті, 
Смоленщинам – көне өлкем!..
Жер едің мешеу, қапалы, 
Түрлендің енді көптен-көп. 
Төңкерістердің атағы 
Өзіңді аттап кеткен жоқ.
Жар етіп жарқын өмірді, 
Жаһанның жайды бəрі өркен, 
Міне, енді бай да көңілді,
Смоленщинам – жаңа өлкем.
Тоқшылық туын көтеріп,
Қырларың сенің сый көрді – 
Түстіктен тұқым əкеліп, 
Егуді мұжық үйренді.
Қашықтық деген күрт кеміп, 
Шалғай жер енді қалмаған, 
Дуаннан шыққан жүк-көлік 
Жаңа көпірмен заулаған.
Жайылды жақсы атағың,
Жағалай – жаңа мекендер. 
Смоленщинам – Отаным, 
Бар ма екен саған жетер жер?
Түтініңді аңсап өтемін...
Қанша күн өтті?
Қанша жыл...
Армысың, туған мекенім!
Бар ма екен Тихон шал қазір?! 

263
* * *
Жас едік ол кез ақылсыз, 
Белді де буып жүргеміз, 
Сүргенше ғұмыр татымсыз 
Айырылыспаққа мүлде біз.
Жүгіңе бола келіп ең, 
Абыржи бердің кеш қалып, 
Қоштасарыңда менімен,
Кетпекші болдың пеш жағып.
Отынды жалын аймалап, 
Жанғанын оттың көз көрді. 
Сонда сен маған жай ғана 
Айттың бір сырлы сөздерді.
Бізде енді тірлік басқаша, 
Махаббатқа жоқ еш қауіп, 
Бірдеңе бола бастаса 
Аламыз ылғи пеш жағып.
Михаил ДУДИН
ҚҰЛЫН
Жүрегімнің
Ауылда кілті қалды,
Қандырушы ем ойнақ сап кіл құмарды. 
Бəрінен де өстім мен бұл өмірде, 
Жақсы көріп жанымдай жылқыларды.
Сұм дүние сұсымен сескендірген, 
Шықсын қалай бала кез естен бірден? 
Етегіне шешемнің жабыспай-ақ, 
Жетім болып тұлдырсыз өскенмін мен.

264
Бар дүние
Қаңтарда нұрын бұрған,
Атын маған ажалдың ұғындырған.
Жылқы мінез жайдары жайсаң жандар,
Құшағына ап жауратпай жылындырған.
Өлгенімше оларға қарыздармын, 
Саясында солардың қауыз жардым. 
Буын бекіп,
Қабырғам қатқан шақта, 
Аттанам деп əскерге арыздандым. 
Жаралғандай жылқымен бейне бірге, 
Атты əскер боп қарадым енді өмірге. 
Бөлімдегі салт атты байланысшы, 
Арғымақпен танысқан жөргегінде.
Жылқы – от қой!
Сондықтан күйемін мен,
Бұл махаббат сіңіскен сүйегіммен.
Қыдыртқанда
Құлпырды қалыңдықтай
Дульцинея дейтұғын бие мүлдем.
Шекеріммен, наныммен жемдеп жүргем, 
Ол да маған жылқы еді сенген мүлдем. 
Командирдің өзі де аузын ашып, 
Сымбатына сұқтанып көрген бірден.
– Соғыс!   – деген сұмдық бір дауыс таңда, 
Естілді де, ойнады намыс қанда. 
Терістікті бетке алып, кетті аттанып, 
Жау-жарақты қосындар алыс жолға.
Ал ол жақта ақ боран буып кəрлі,
Сақылдаған сары аяз сұрықты алды.
Ал, мəссаған!

265
Бір күні Дульцинея,
Ақ қырауда толғатып туып қалды.
Зіркілдеген зеңбірек, зауалды күн,
Кісінеді əлсіреп жағал құлын. 
«Құлын жанын қинама!» – деді маған, 
Төмен қарап, 
Тұқшиып командирім.
Құлынды мен жетелеп қашық бардым, 
Қалқасында есігі ашық тамның, 
Бір бума оқты түгелдей оқтадым да, 
Өз жанымды атқандай атып салдым.
Тісім тимей тісіме сақылдады,
Арқам терлеп, аяныш тақымдады.
Алғашқы ұрыс.
Алғашқы қатігездік.
Көрдей көңіл.
Соғыстың соқыр мəні.
Өкініштен өзекте торланды мұң,
Көз алдымда қалған да қойған бүгін:
Аяз.
Орман.
Ернімен түртінектеп,
Саусағымды емшектей сорған құлын. 
Борис СЛУЦКИЙ 
АЛЬПІДЕГІ ТҮЙЕЛЕР
Таң қалдырып Грацтың жаранын,
Төрт түйе жүр көшесінде қаланың! 
Атамекен Алматыдан – Альпіге 
Қалай жеткен тоздырмастан табанын!

266
Сабылды екен қанша жолда қаншама ай, 
Осы өлкеге жету үшін шаршамай? 
Батыс Еуропа адамының көзінше 
Төрт түйе жүр маңғаз басып өзінше.
Өр тұлғалы тəкаппар бір хайуандар, 
Сəл сезілер арықтығы – сезілсе.
Мен сенбеймін хайуан десе түйені,
Жануардың бəрінен де ол киелі.
Дивизияны тіркемеге алды олар: 
Сүйрегені – зеңбіректер, арбалар. 
Қос өркешті, момын, жуас, сырмінез, 
Өр де сергек, күй талғамас шаруалар.
О баста олар əлде екі жүз төрт пе еді, 
Əлде үш жүз төрт, əлде одан да көп пе еді? 
Тажал соғыс тегіс жалмап, төртеуі-ақ, 
Тау қаласы Грацқа жеткені.
Адам үшін бəрін тартып азаптың, 
Сан жақсылық жасады олар ғажап тым. 
Ешқашан да, еш уақытта біз енді, 
Ұмытпаймыз түйелерін қазақтың!
Бойында ұлы қасиет бар сияқты, 
Ойында ірі қасірет бар сияқты. 
Келе жатыр тылсым сырлы түйелер, 
Шулы қала көшесінде шуақты.
Қос өркештің арасынан Альпі жақ, 
Мұз өркештей көрінеді жарқырап. 
Көп трамвай арба артынан ереді, 
Темір жолын түйе керуен тартып ап.
Трамвайға түйе көңіл бөлмейді,
Ал трамвай үркіткісі келмейді. 

267
Жайбасардың жай жүрісін кешіріп, 
Саңғырлатып қоңырау да бермейді.
Топ трамвай жол кезегін тосқаннан,
Қарағұрым.
Нəн түйелер басқан маң.
Жол жөнекей жеп жүр олар жапырақ,
Теміржолдың бойындағы каштаннан.
Батыс Еуропа адамының көзінше 
Төрт түйе жүр маңғаз басып өзінше...
БЕЛОРУС ПОЭЗИЯСЫНАН
Франциск СКОРИНА
* * *
Қырда жортқан мақұлық
өз апанын ұмытпас;
Көкте самғап ұшқан құс
өз ұясын ұмытпас;
Суда жүзген балықтар
өз бастауын ұмытпас;
Ызылдаған аралар 
омартасын ұмытпас;
Адамдар да өзінің 
туған жерін ұмытпас,
кірін жуып, кіндігін 
буған жерін ұмытпас.

268
ҮНДІ ПОЭЗИЯСЫНАН
Əли Сардар ЖАФРИ
МОЙЫНДАУ
Махаббатыма нарық жетпейді,
Тарту да сонсоң дəметпен, 
Күндерім кетсін тəрік боп мейлі, 
Күйіне қойман ерек мен.
Ғашықтық дертпен дуаланыппын, 
Жүрегім күйіп жануда, 
Бір өзің үшін туа қалыппын, 
Тəңір деп сені тануға.
Ес-түссіз саған берілгендігім, 
Жебеді мені бəрібір: 
Жанымнан менің өрілген жырым, 
Сырымды шертіп əлі жүр.
Мəңгі мұздарды соншалық қалың 
Ерітіп өтсем дедім мен, 
Өлі тасқа да жан салып, жаным, 
Тірілткім келер деміммен.
Бірақ та біреу табыла қалса, 
Орныма құштар соншама, 
Кешіре алмаймын, 
Жаныма қанша 
Жақын бір досым болса да.
Масқаралар ем,
Қарамас едім, 
Жұлар ем оны жүректен, 
Бір сөз айтуға жарамас едім, 
Өзің, тақсыр, бірақ мен!

269
Өзің деп əн сап өтемін əман,
Қолымда ситар сынғанша,
Сен аман болшы,
Жетеді маған,
Сағыныш қалса, мұң қалса.
Қаптаған қырсық, басып та көміп, 
Жатса да мені жерлеп тым, 
Бақытты болып, 
Ғашық та болып, 
Бəрібір қала бермекпін!
Амрита ПРИТАМ 
ӨСЕКШІЛЕР
Сөзшеңдер неменеге сүйреңдейді,
Жүгіріп, асып-сасып,
Күйбеңдейді? 
Шамасы көрші жігіт, 
Көрші қызға, 
Қырындап жүрген шығар үйленгелі.
Сығалап ана жерден,
Мына жерден,
Екі жас кездескенде сірə, көрген?
Ұмытып өздерінің от-ошағын, 
Бəрі де тыңшы болып шыға келген.
Игі іс боп,
Қасиетті рухтағы,
Көрінер өздеріне қылықтары.
Тамызып сөздің майын кезек-кезек,
Тұрады ду-ду етіп құдық маңы.
Көпіртіп көргені мен білгендерін,
Тізеді кімге,

Қашан,
Кім келгенін,
Қай қуыс,
Қай қалтарыс,
Қай тесіктен
Ұқпайсың қалай көріп үлгергенін.
Бейшара балалар-ай,
Қасиетті
От сезім бір біріне ғашық етті,
Тұп-тұнық, биязы, пəк сол сезімді,
Өсектің өкшелері басып өтті.
Тілдесе қалсаңдар-ақ қара баспақ,
Гу етіп ұзынқұлақ ала қашпақ.
Ұрланған
Ұятсыз көз екеуіңді
Сол сəтте-ақ жібереді жалаңаштап.
Құлақтар түріледі,
Езу күліп,
Еріндер сылпылдайды төзім құрып,
Телеграф сымымен тарағандай,
Сөз шарлар шартарапты кезіп жүріп.
Өсекші шіркіндер-ай,
Теріп-бағып,
Кімдердің қамын жеп жүр
Өліп-талып?
Көрші ұл
Көрші қызбен тілдескенін
Шамасы, айтты-ау біреу көріп қалып! 

271
Субхас МУКЕРДЖИ
КҮН БАТҚАНДА
Құбыланың қабырғасын қақырата сөгіп, 
Қанды Ганганы қалаға шашырата төгіп, 
Қоламтасынан соңғы рет жасын ата сөніп, 
Күн ұйқыға құлады.
Жұрт аяғы көшеде жаңа басылғасын, 
Тағы бір оқиғаның парағы ашылғасын, 
Полицияның міне сап қара машинасын, 
Кеш дыбыссыз түсті.
Бөлмелерді жүрді аралап дамыл алмай,
Шамды жаққанда
қара ала қабыландай,
Ашық терезеден далаға жаны қалмай,
Қараңғылық секіріп кетті.
Терезеге келдім де, пердені ысырдым,
Шарпыды ып-ыстық дем мені,
Қысылдым,
Еліктей еркелеп келгенін түсіндім
Үргедек қоңыр кеш.
Сервеншар Даял САКСЕН
МАХАББАТ – ҚОЛШАТЫР
Қара жауын құйғанда сорғалап-ақ, 
Қолшатырын ашып ел қорғаламақ. 
Жауын тоқтап, 
Жаһанға болса тыным, 
Жұрт та жинап қояды қолшатырын.

272
Түгесіліп тынымсыз тамшылары,
Аспан түгел айығып,
Аршылады.
Махаббат – сол қолшатыр!
Жұртты қорғап,
Малмандай боп суға өзі малшынады!
Харривншрай БАЧЧАН
ӨМІР
Өмір деген мəңгі жол, 
Қайтпас қайсар қозғалыс, 
Қиян асу, қарлы бел,
Қиынына төз,
Қарыс.
Сойдақ тісті аңғарда, 
Су гүрілдеп жар салар, 
Шаршап-талып барғанда, 
Азан-қазан қарсы алар.
Маза бермес, 
Білемін, 
Тынымға өзі зар мекен, 
Қозғалыссыз бір орын, 
Бұл əлемде бар ма екен?
Өмір – майдан мəңгілік, 
Келіс, мейлі, келіспе, 
Не тартады тағдырың, 
Жеңіліс пе, 
Жеңіс пе?
Жүзінен қан тамшылап, 
Қанжар қалса шарт сынып, 

273
Қасарыста қансырап,
Құлап түссе мəрт жігіт.
Бас амандық –
Тілегін
Тосады оған қай мекен?
Қантөгіссіз бір орын
Бұл əлемде бар ма екен?
Өмір – əн ғой мəңгілік, 
Тебіренте шырқалар.
Шабыт оты жандырып, 
Көкірекке нұр толар.
Кейде ішектен үн шығар, 
Қайғы-мұңнан өрілген, 
Шаршар сонда жыршы да 
Күйіп-жана беруден.
Жан тыныштық –
Тілегін
Тосады оған қай мекен?
Қайғы-мұңсыз бір орын,
Қозғалыссыз бір орын,
Қантөгіссіз бір орын
Бұл əлемде бар ма екен?!.
НАН МЕН ЖЫР
Нан тапқам жоқ ешқашан өлеңіммен, 
Аш қалмай-ақ сонда да келемін мен, 
Поэзияның арқасында.
Саған да жыр нан болмас,
Ақталмағын,
Сəл жұмсарар, бірақ та қатқан наның
Поэзияның арқасында. 

274
БАЙДЫҢ ҚАҚПАСЫ
Атам өтсе бұл қақпаның қасынан,
Қорқып-сасып,
Өзді-өзінен жасыған. 
Бұл қақпаны əкем өтіп айналып: 
«Бағы бар!...» – деп күрсініпті ойланып.
Жасқанбай-ақ, 
Күрсінбей-ақ мен де өткем, 
Неден қорқам, 
Мұндай қақпа көрмеп пе ем?
Балам болса,
Дүңкілдетіп қақпаны:
«Боққарын бай жойылсын!» деп жатқаны...
ТҮРІК НАЗЫМДАРЫНАН

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет