Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014



Pdf көрінісі
бет10/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
«Қазақ үні» газеті,
1993 жылдың сəуірі.


52
«ҚАЗАҚТЫҢ» ТАҒДЫР ТАУҚЫМЕТІ
XIX ғасырдың екінші жартысына қарай, дəлірек айтсақ, 
1863-65  жылдары  Черняевтің  əскері  Əулиеата,  Шымкент, 
Түркістан  қалаларын  жаулап  алумен,  қазақ  даласын  толық 
қоластына қаратқан патшалық Ресей əкімшілігінің алдында 
ендігі  жерде  осынау  байтақ  өлкені  «игеру»  міндеті  тұрды. 
Ол  тарих  жүзінде  екі  жолмен  жүзеге  асырыла  бастады. 
Əуелі,  ұлтымыздың  ұлы  ғалымы  Ш.Уəлиханов  тап  басып 
көрсеткендей, «қазақтарда  орыс  əкімшілігінің  бекітуінсіз 
хан  болу  мүмкін  еместігі  туралы  пікір  қалыптастыру»
1
 
мақсатын көздей отырып, біраз «жетістіктерге» қол жеткізді. 
1822 жылғы дала қазақтарын басқару туралы жаңа ереже – 
«Сібір  қырғыздары  туралы  жарғының»  қабылдануы  соның 
алғашқы «жемісі-тін». Бұл жарғы бойынша, «патша үкіметі 
қазақ  даласын  еркін  иемденіп,  хандық  билікті  жойып,  аға 
сұлтандыққа ауа бастады».
2
 Ал ол отаршыл саясаттың қазақ 
жерін жүгендеп ұстауына мүмкіндік туғызды.
Алайда, соған қарамастан, қазақ даласының хандық дəре-
жедегі саяси тəуелсіздігін біржола жойған бұл реформаның 
өзі,  көп  ұзамай,  отаршыл  Ресей  патшалығының  тақиясына 
тар келе бастайды. Əсіресе, Арғынғазы Əбілғазиев пен Ке-
несары Қасымов сынды аға сұлтандардың бас көтеруі, тіпті 
Кенесары бастаған көтерілістің ұлт-азаттық күреске ұласуы 
оны өзгерту талабын алға тартқан-ды.
1868  жылы 21-қазанда  патша  өкіметі  бекіткен  «Орал, 
Торғай, Ақмола жəне Семей облыстарын басқару жөніндегі 
Уақытша  Ереженің»  дүниеге  келуінің  басты  себебі  де  сол 
болатын.  Оны  «Қазақ»  газетінің 1917 жылғы 8-қаңтарда 
жарияланған  «Тарихи  жыл»  деген  мақаласында  Міржақып 
Дулатов «ақтабан шұбырынды» заманының зардап-залалы-
мен қатар қойып қарастырады. 
Оның себебі, «бөлшекте де билей бер» саясатының пай-
дасынан дəм татып қалған патша өкіметі осы жарлығы ар-
1
  Валиханов  Ш.Ч.  Собрание  сочинений  в  пяти  томах. – Алма-Ата, 
1985, т. 4, стр. 115.
2
  Мұқанов  С. XX ғасырдағы  қазақ  əдебиеті: – Алматы:  Қазақстан, 
1932, 21 б.


53
қылы тұтас жатқан қазақ даласын тоз-тозын шығарып бөл-
шектеп, оларға өздеріне тікелей бағынатын басшылық жасау 
жүйесін таңған болатын. Бұл деген сөз, бір жағынан, қазақ 
халқының тұтастығына қазылған ор, екінші жағынан, отар-
шыл күштің үстем саясатына ашылған даңғыл жол екендігін 
тарих дəлелдеп берді емес пе?
Ұлы  империялық  ауруға  шалдыққан  Ресей  патшалығы-
ның  қазақ  даласын  отарлауда  ұстанған  екінші  жолы  бірінші-
сінен  де  гөрі  анағұрлым  қауіпті  əрі  анағұрлым  кеселді  бо-
лып келді. Бұл жергілікті жұртты орыстандыру арқылы ұшы-
қиырсыз қазақ жерін империяның географиялық құрамды бө-
лігіне  айналдыруды  мақсат  тұтқан  патшалық  əкімшілік  үшін 
«ең  сенімді»  жол  болды.  Ол  Орталық  Ресейден  орыс  шаруа-
ларын қазақ даласына қоныс аудару арқылы жүргізілді. Мұны 
қолға алғанда патша үкіметі мынадай үш түрлі пайда ойлады:
Біріншіден, «қара шаруа переселендерін сыртқа көбірек 
жіберіп,  Орталық  Ресейдегі  жер  дағдарысынан  құтылмақ 
болды».
1
 Екіншіден, ол отандастарының алдындағы абырой-
беделін  асырып,  жақсыатты  көрініп  қалу  үшін  де  ұтымды 
саясат еді. Үшіншіден, өз қандастарының қоластындағы ел 
территориясына кең жайыла орналасып, жергілікті жұртты 
тықсыра, қоян-қолтық аралас отыруы отарлау саясатын ба-
тыл  əрі  қалауынша,  емін-еркін  жүргізуге  қолайлы  жағдай 
туғызады  деген  мысық  тілеуі  де  жоқ  емес-тін.  Басқаша 
айтқанда, қоныс аударушы орыс шаруаларын қазақ даласын 
«игеруде»  өзіне  саяси-əлеуметтік  тірек  ете  отырып,  түпкі 
мақсатына  тезірек  қол  жеткізуге  күш  салды.  Сол  себептен 
де  переселен  мəселесіне  ерекше  мəн  беріп,  оны  шұғыл  да 
ауқымды жүргізіп отыруға тырысып баққан. Оны мынадай 
статистикалық  мəліметте  айқын  аңғартады. 1917 жылға 
дейін Қазақстанның 45 млн. гектарға жуық жер көлемі қа-
зақтардың  игілігінен  казак-орыс  əскерінің,  қоныс  аудару-
шы  орыс  жəне  басқа  еуропалық  шаруалардың,  сондай-ақ 
патшалық мемлекет мекемелерінің пайдалануына өткен.
2
 
1
 Аспандиярұлы С. Қазақ тарихының очерктері. – Алматы: Қазақстан,  
1932, 21 б.
2
 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995, 50 б.


54
Ал ол кесіп алынған жерлер топырағы құнарлы, ең шұ-
райлы аймақтар екендігі бесенеден белгілі.
Бұл процесс, əсіресе, XX ғасырдың басында өте жоғары 
қарқын алады. Мəселен, 1896-1905 жылдар аралығында Ақ-
мола,  Торғай,  Орал  жəне  Семей  облыстарына 294 296 ша-
руа  қоныс  аударса,  ол 1906-1910 жылдары 770 000 жанға 
өскен.
1
 Оның соңы қазақ облыстары тұрғындарының ұлттық 
құрамына  да  кері  əсерін  тигізбей  қоймады.  Тарихшы-ға-
лым  М.Қойгелдиев  жоғарыдағы  еңбегінде 1905 жылмен 
салыстырғанда, 1910 жылға дейінгі қоныс аударушылардың 
қатары  екі  еседен  артық  өссе,  есесіне,  жергілікті  жұрттың 
үлес  салмағы 12,9 пайызға  кемігендігін  тарихи  деректер-
мен дəлелдейді. Бұл отарлау саясатының осы үшінші жолын 
құныға қолға алған Ресей патшалығының шын мəнінде қазақ 
жерінің тізгінін уысында ұстап отыруға қол жеткізгендігін 
көрсетеді.  Осылайша,  көлемі  ұшан-теңіз  өлкенің  табиғи 
байлықтарын тонап, ал халқын отарлау саясатының құрбан-
дығына айналдыруға мықты негіз қаланған еді.
XX  ғасыр  қазақ  даласы  табалдырығын,  міне,  осындай 
ауыр жағдайда, түнере аттады. Ғасыр басында қазақ халқы-
ның тарихи тағдыры қыл-көпірдің үстінде тұрды. Бір жағы-
нан, Ресей империализмінің пəрменді отарлау саясаты, екін-
ші  жағынан,  ортағасырлық  мешеуліктен  арыла  қоймаған, 
ескі, күні өткен феодалдық қатынас қатар қыспағына алған 
ұлтымыздың болашағына үлкен қауіп төнді.
«Қазақ» газеті басқармасы кейінірек мұны «түнерген-тү-
нерген қара бұлттарға» теңеп жазды. Апталықтың алғашқы 
санында жарияланған оқырмандарға арнауында: 
«Төңірекке қарасақ, түнерген-түнерген қара бұлттар көрі-
неді. Түбі қандай белгісіз. Не боларын білмейміз. Нұр болып 
жауып,  жерімізді  көгертіп,  несібемізді  молайтар  ма,  болма-
са, дауыл боп соғып, үй-ішімізді шашып тастар ма? Көзіміз 
бұған  жетпейді.  Жалаң  аяқ,  жалаң  бас,  жеңдеріміз  киюсіз, 
етектеріміз  жиюсыз,  ашылып-шашылып,  қамсыз  жатқан  ха-
лықпыз», – деп  жазып,  ғасыр  басындағы  еліміздің  басына 
төнген қауіпті жайды бейнелі түрде бүркемелей жеткізді.
1
 Тұрсынбаев А.Б. Из истории крестьянского переселения и Казахста-
не. – Алма-Ата: Издательство АН КазССР, 1950, стр.34.


55
Міне, осындай «тар жол, тайғақ кешуге» тап болып, хал-
қымыздың  тағдыры  тығырыққа  тірелген  тарихи  кезеңде 
азаттық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-əлеу-
меттік  күш – ұлттық  интеллигенцияның  араласа  бастауы 
заңдылық та болатын. Олардың бірі «Маса» болып шағып, 
екіншісі «Оян, қазақ!» деп жар салып, қалың ұйқыда жатқан 
елін түртіп оятып, көкірек көзін ашуға, етек-жеңін жиғыза, 
өз  қам-қаракетін  өзіне  жегізуге  үн  тастап,  дабыл  қақпасқа 
амалдары да қалмаған. Сонымен ғана шектелмей, «Қараңғы 
қазақ көгіне өрмелеп шығып күн боламды» ойлағанда «сол 
амалға кіруге жұртқа мұрындық болатын нəрсенің бірі – га-
зет» (А.Байтұрсынов) деп біліп, жалпыұлттық басылым шы-
ғару идеясын жүзеге асыруға ұмтылған.
Бұл  идея  сонау 1905 жылғы  Қоянды  жəрмеңкесінде 14 
500  адамның  қолы  қойылып,  Петербургке  жіберілген  əй-
гілі Қарқаралы петициясынан бастау алатынына тарих куə. 
Сол  арыз-тілекте  патша  үкіметінің  алдына  қойылған  не-
гізгі талаптардың қатарында қазақтардың «ағымдағы қажет-
тіліктерін айқындау үшін қазақ тілінде газет шығару керек-
тігі»
1
 алға тартылған болатын. Бұл Петербург, Омбы, Том, 
Орал, Троицк жəне басқа да қалалардағы қазақ зиялылары-
на ой тастаған соны бастама болды. Соның нəтижесінде XX 
ғасырдың  алғашқы  онжылдығында  бірқатар  бейресми  төл 
басылымдар дүниеге келе бастады.
Оның  алғашқысының  бірі – «Серке»  газеті.  Ол 1907 
жылы 28-наурызда  Петербургте  шығып  тұрған  татардың 
«Үлфəт» газетінің қосымшасы болып, Мемлекеттік думаның 
депутаты,  мұсылмандар  партиясы  жетекшілерінің  бірі – 
Шаһмəрдан  Қосшығұловтың  басшылығымен,  Əбдірашид 
Ибрагимовтың редакторлығымен жарық көрген. 
Бұл  жөнінде  қазақ  баспасөзінің  тарихын  зерттеуге  қо-
мақты  үлес  қосқан,  тұлғалы  ғалым  Б.Кенжебаев  мынадай 
мəліметтер  келтіреді: «Үлфəт»  газетінің  редакторларының 
бірі  «Нажат» (Азаттық)  деген  журналға  былай  деп  жазды: 
1906 жылдың ақырында «Үлфəттің» қазақ оқушыларына ар-
1
 Брайнин С. Шафиро Ш. Очерки по истории Алаш-Орды, приложение 
№1, Каркаралинская  петиция. – Алма-Ата. – Москва, 1935, стр. 95.


56
нап  қазақ  тілінде  «Серке»  атты  екі  жетілік  газет  шығаруға 
қарары болды. Келесі жылы март айының басында сол га-
зеттің жариялануы шықты. Артынша, 28-мартта бірінші са-
ны шықты. Ол «Үлфəт» газетінің қосымшасы болып шық-
ты.  Газет  шыққан  соң  бірер  күн  өткеннен  кейін  полиция 
келіп,  қала  начальнигінің  «Серке», «Үлфəт»  газеттерінің 
ұсталғаны  туралы  əмірін  оқып,  басқармада  бар  даналарын 
жинап алып, құлыптап кетті. Екінші күні тиісті орындардан 
себебін  сұрағанымызда,  олар: «Серке»  газетіндегі  кейбір 
мақалаларда  қазақ  халқын  үкіметке  қарсы  үгіттеу  бар.  Со-
дан ұсталды деп жауап берді».
1
Осындағы  «қазақ  халқын  үкіметке  қарсы  үгіттеу  бар» 
деп айыпталған «кейбір мақалалар» ардақты Алаш азаматы 
Міржақып Дулатовтың «Жастарға» деген өлеңі мен «Біздің 
мақсатымыз»  атты  мақаласы  екендігі  бүгінде  баршамызға 
белгілі болып отыр. Олай десек, бұл басылым мен «Қазақ» 
газеті арасында тығыз байланыс бар екендігіне көз жеткіземіз. 
Жақаңның, Міржақып Дулатовтың «Серкеден» бастау ала-
тын журналистік қызметі кейіннен «Қазақта» жалғасын та-
бады. Осы басылым арқылы бір кездері жастардың, соның 
ішінде  өзінің  алдына  қойған  мақсат-міндеттерді  жүзеге 
асыруға білек түре, белсенді түрде атсалысады. 
Ендеше,  екі  басылымның  да  ұстанған  жол,  бағыт-бағ-
дары,  мұраты  бір  болды  деп  қабылдауымызға  толық  негіз 
бар. Олай десек, бүгінде ұлттық бағыттағы бейресми, саяси-
демократиялық баспасөздің алғашқыларының бірі деп баға-
ланып  жүрген  «Серке»  газетін  «Қазақтың»  ізашары  деп 
қарастырсақ негізсіз болмайды. 
Дегенмен,  бұл  екі  басылымның  аралығында  аттай  жеті 
жыл уақыт бар екендігін ұмытуға болмайды.
Осы  мезгіл  ішінде  қазақ  баспасөзінің  тарихы  тағы  да 
бірнеше басылымға толықты.
«Серкеден» сəл ертерек Троицк қаласында «Қазақ газеті» 
дүниеге  келді.  Бірақ,  оның  да  ғұмыры  қысқа  болды.  Араб 
жəне кирилл емлесімен екі тілде – орысша-қазақша жарық 
1
  Кенжебаев  Б.  Қазақ  халқының XX ғасыр  басындағы  демократ 
жазушылары. – Алматы: Қазмем,  1958, 26 б.


57
көріп, бір санынан кейін шығарылуын тоқтатты. Мұның ізін 
суытпай қазақ оқығандары Том қаласында да газет шығару 
ісін  қолға  алған-ды. «Дала»  газеті – соның  жемісі.  Алай-
да, ол да жөргегінде тұншықтырылып, бір-ақ саны шығып, 
алдыңғы басылымдардың кебін киген. Осыдан-ақ патшалық 
əкімшіліктің  қоластындағы  «бұратана»  жұрттардың  мəде-
ниетінің  «гүлденіп  дамуына»  қандай  «үлес»  қосқанын  аң-
ғару көп қиындыққа түсе қоймас. Бұдан да отаршыл озбыр 
саясаттың иісі мүңкіп тұрған жоқ па?
Соған  қарамастан,  ұлттық  бейресми  басылым  шығару 
ісі біржола тоқтап қалуы мүмкін емес еді. Патша үкіметінің 
оны  ауыздықтап  ұстауға 4-5 жыл  ғана  шамасы  жеткен. 
Алғашқы  орыс  революциясынан  кейінгі  реакция  жылда-
рында  біраз  саябыр  тапқан  ұлттық  бейресми  газет-журнал 
шығару идеясы, оның есесіне, революциялық өрлеу жылда-
ры (1910-1912) қайта  маздап  жанады.  Соның  нəтижесінде 
қос  бірдей  төлтума  басылым  дүниеге  келгені  баспасөз  та-
рихынан белгілі. Оның бірі – 1911 жылдың 11-қаңтарынан 
Троицк  қаласында  шыға  бастаған  қазақтың  тұңғыш  жур-
налы «Айқап» та, екіншісі – оның ізін ала əуелі Бөкей ор-
дасында, 5-санынан бастап Орал шаһарында жарық көрген 
«Қазақстан» газеті.
Əсіресе, «Айқап» журналының дүниеге келуі ұлттық бас-
пасөзіміздің  тарихында  айрықша  атап  өтуге  тиісті  ерекше 
оқиға  болды.  Оны  қазақ  қоғамы  аса  қымбат,  жүрекжарды 
қуаныш  сезіммен  қарсы  алды.  Журналдың  қалың  ұйқыда 
жатқан туған халқын сілкіп оятып, етек-жеңін жиғыза, ілгері 
басуына  жолбасшылық  еткен  қызметін  кейінірек  «Қазақ» 
газеті  төңірегіне  топтасқан  Ə.Бөкейханов  бастаған  Алаш 
азаматтары  да  жоғары  бағалап,  жылы  қабылдаған.  Сөйтіп 
алғашқы  кезде  журнал  жұмысына  бір  кісідей  атсалысып, 
«бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» қызмет етіскен. 
Оған «Айқапта» жарияланған Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов 
жəне  М.Дулатовтың  мақалалары – айқын  дəлел.  Алайда, 
бұл бірлесе қызмет етулерінің ғұмыры ұзақ болмаған. Күн 
өте келе жоғарыда аты аталған Алаш ардақтылары азаттық 
жолындағы  күресте  бір  ғана  журналмен  шектеліп  қалуға 


58
болмайтындығына  көздері  жетіп,  жаңа  басылым  шығару 
идеясының жетегінен ұстайды. Оған, біздіңше, екі түрлі се-
беп болған.
Біріншіден,  ғасыр  басында  қазақ  қоғамында  екі  саяси 
ағымның пайда болуы соған итермелеген. «Оның бірі – діни-
ұлттық  деп  аталуы  мүмкін  жəне  оның  мұраты  қазақтарды 
басқа  мұсылмандармен  діни  тұрғыдан  біріктіру.  Екінші-
сі – батыстық  бағыт,  олар  қазақ  даласының  болашағын  кең 
мағынадағы батыстық мəдениетті жүзеге асырумен байланы-
стырады. Алғашқысы, шамасы, үлгі ретінде мұсылман, татар 
партияларын алар, ал екіншісі оппозициялық орыс партиясын, 
соның ішінде халық бостандығы партиясын алар», – деп жаза-
ды ол ағымдар турасында, өзі осы соңғы топтың жетекшісі 
болған, көрнекті қоғам қайраткері Ə.Бөкейханов.
1
Бір  ескерерлік  жай,  бұл  екі  ағымның  арасында  үлкен 
жік  туып,  ол  идеялық  қақтығысқа  ұласты  деуге  ешқан-
дай негіз жоқ. Рас, кейбір мəселелер бойынша пікір алалы-
ғы кездесіп отырған. Бірақ, ол мақсат-мұраттарының ұштас-
пайтындығынан  емес,  соған  жетуде  таңдаған  жолдарының 
əртүрлілігінен  туындайтынын  көреміз.  Мəселен,  осы  екі 
ағымның ең алғашқы айтысқа түскен мəселесі – қазақ тілінің 
əліпбиін  қалыптастырудағы  түрлі  көзқарастары.  Мұндағы 
басы ашық нəрсе – екі жағы да қазақ тілінің таза сақталып, 
өсіп-өркендеуін  құптап,  қолдайтындығы.  Бірақ  соны  жүзе-
ге  асыруда  екі  түрлі  жолды  таңдауы  талас  туғызған.  Ал-
дындағы ағымдағылар сол кезде қолданыста жүрген қадым 
жазуды  өзгертпей  пайдалануды  қолдап,  олай  етпесек,  түрік 
тілдес  халықтардың  тұтастығына  сызат  түсіріп  аламыз  де-
ген пікірде болса, кейінгі ағымдағылар онымен келіспеген. 
Қазақтың өз жазу үлгісі болу керектігін айтып, оны тез арада 
құрастыру міндетін алдарына тартқан. Бұл жөнінде кейіннен 
тарихшы-ғалым С.Асфендияров өзінің «История Казахстана 
(с древнейших времен)» деген еңбегінде былай деп жазады: 
«Одна  часть,  группировавшаяся  вокруг  журнала  «Ай-
кап» (М.Сералин,  Д.Сейдалин)  стояла  на  пантюркистской 
1
 Букейханов А. Киргизы (Казахи о русских до 1917 года). – Оксфорд, 
1985, стр.9.


59
позиции блока с татарской буржуазией, за оъединение всех 
тюрков.  Она  выдвигала  требования  оседания  казахского 
населения  и  стояла  за  развитие  татарских  новометодовых 
школ.  Другая  группировалась  вокруг  газеты  «Казах»  на-
чавшей выходить в 1913 г. (А.Букейханов, А.Байтурсынов, 
М.Дулатов). Эта часть требовала развития казахского языка, 
считая что «блок с татарами» приведет к ассимиляции (т.1, 
стр. 275)».
Жазу үлгісі туралы айтыс «Қазақ» газеті шықпай тұрып-
ақ бастау алған пікірталас болатын. Ол қазақтың маңдайына 
біткен жалғыз журналы «Айқап» бетінде өрбиді. Журналдың 
1912 жылғы 4 – 5-сандарында жарияланған А.Байтұрсынов-
тың, 8-нөмірінде  жарық  көрген  М.Дулатовтың  мақалала-
ры – соның дəлелі. Олар «араб əріпінен қазақтың тіліне, ды-
быс жүйесіне негіздеп əріп алу, соған сүйеніп оқу құралдарын 
жазып, мектеп тілін қазақшаландыру» мəселелерін көтереді. 
Бірақ  бұл  пікірлеріне  журнал  басшылығы  қолдау  көрсете 
қоймаған. «Батысшылдық бағыттағы» Алаш азаматтарының 
өз алдына жеке басылым шығаруларына түрткі болған себеп 
те, міне, осы болса керек.
Кейіннен  осы  пікірталас  «Қазақ»  пен  «Айқаптың»  ара-
сын ушықтыра түскен себепті араағайын ретінде (екі басы-
лымға  да  тең  жазып  тұрғандықтан)  басу  айтқан  көрнекті 
қалам  қайраткері  Б.Майлин  «Қазақ»  газетінің 1915 жылғы 
138-санында  жарияланған  «Айқап»  ойларында  бар  ма  ат-
ты  мақаласында: «Бұл  екеуінің  кейбір  пікірлерінің  біріне-
бірі  қиғаштығы,  ол  туралы  бірсыпыра  сөздің  болып  өт-
кендігі оқушыларға белгілі. Бірақ ол тақырыпта араларын-
да  дұшпандық  жоқ.  Себебі  екеуінің  де  мақсаттары  бір  еді. 
Сондықтан  бір  жағын  кіріптарлық  етуге  орын  жоқ. «Ай-
қаптың» басқармадан болған бір кінəсі – емле қиғаштығы. 
Емле туралы өнегені татардан алмай-ақ, əзірге бір емлемен 
бара  тұруымыз  жөн  еді», – деп  жазуы  жоғарыдағы  пікір-
леріміздің негізсіз еместігін дəлелдейді.
«Қазақ» газеті дүниеге келуінің екінші себебі – əрине, ақ-
параттық сұраныстың арта түсуі. Айына бір мəрте, ал екінші 
жылынан (1912) бастап айына екі рет жарық көріп тұрғанына 


60
қарамастан, қоғамдық өмір өзгерістерімен ілесе, дер кезінде 
хабар таратып, пікір бөлісіп отыруға бір журнал тарлық ете 
бастаған. Яғни, «жарты айлық шабандылығы» «Айқаптың» 
аяғына  тұсау  болып  оралған-ды.  Осы  «олқылықтың»  ор-
нын толтыру мақсатында, сондай-ақ, өздерінің алға тұтқан 
мұраттары мен ұстанған жол, бағыт-бағдарларын қалың қа-
зақ  жұртына  кең  тарата  жеткізіп,  үзбей  насихаттап  отыру 
үшін «батысшылдар» «Қазақ» газетін шығаруға ден қояды.
Сонымен, шын мəніндегі «халықтың көзі, құлағы һəм ті-
лі» боларлық басылым шығару идеясының жүзеге асуына 8 
жылдай уақыт (1905-1913) керек болды. Осы мезгіл ішінде, 
бір жағынан, бірінші орыс революциясы əсерімен қоғамдық-
саяси қызметке қызу араласа бастаған қазақ зиялыларының 
жетекші  тобы  айқындала  түссе,  екінші  жағынан,  олардың 
отаршылыққа  қарсы  азаттық  күресте  əбден  ысылып,  мол 
тəжірибемен  қарулануына  мүмкіншілік  туды.  Соның  нəти-
жесінде  бұл  топ 1913 жылдың  басына  қарай  қазақ  қоғамы 
үшін саяси күрестің мүлдем жаңа құралы – жалпыұлттық сая-
си басылым шығару идеясын жүзеге асырды. Шын мəнінде 
ұлттық  сананың  ұйытқысы  бола  білген,  сөйтіп  «өз  ісімен  
өзіне мəңгілік ескерткіш тұрғызған» (М.Əуезов) «Қазақ» га-
зеті осылайша дүниеге келген болатын.
Жалпы, «Қазақ» газеті шыға бастаған 1913 жыл қазақ бас-
пасөзі тарихында өнімді жыл ретінде аталып өтілуге əбден 
лайық.  Уақытша  тоқтап  тұрған  «Қазақстан»  газеті  қайта 
тірілсе, сонымен бірге, қыркүйек айынан бастап Петропавл 
қаласында  екі  тілде  (қазақ,  татар)  бір  жыл  бойы  шығып 
тұрған «Ешім даласы» газетінің дүниеге келуі де осы жыл-
дың еншісінде.
Осылайша, 1913 жылы  төрт  бірдей  басылым  қазақ  да-
ласына үн таратып отырғанын байқаймыз. Олар – «Айқап» 
журналы  мен  «Қазақстан», «Ешім  даласы»  жəне  «Қазақ» 
газеттері. Осылардың ішіндегі ең ұзақ шыққан əрі таралымы 
молы, сонымен қатар, мазмұны бай, көтерген жүгі жағынан 
ең құндысы – «Қазақ» газеті. Мұны біз тұрмақ, кезінде осы 
басылымды  жер-жебіріне  жеткізе  сынап-мінеген  қаламгер-
лер  де  мойындап,  ашығын  жазбасқа  лаждары  қалмағанды-


61
ғын  зерттеу  еңбегіміздің  кіріспе  бөлімінде  атап  өткен  бо-
латынбыз.
«Қазақ» газеті 1913 жылдың 2-ақпанынан 1918 жылдың 
16-қыркүйегі аралығында аптасына бір мəрте, ал 1915 жылы 
жұмасына  екі  рет  жарық  көріп,  барлығы 265 нөмірі  басы-
лып  шыққан.  Ұлттық  мерзімді  баспасөзіміздің  қалыптасу 
дəуірінде мұндай ұзақ уақыт үзбей жарық көріп тұрған бей-
ресми басылым жоқ. Оның үстіне, шығып тұрған уақытында 
қазақ  даласында  болған  тарихи  оқиғалардың  шынайы  ше-
жіресіне  айналып,  ұлттық  азат  ойдың  ұясы  қызметін  қоса 
атқаруы газет құндылығын еселеп арттыра түседі. Бұл қы-
рынан келгенде, «Қазақты» ұлттық сананың ұйытқысы бо-
ла білген басылым деп бағаласақ, əсіре айтып, ауаға жайыл-
ғандық болмайды.
Ұлтымыздың  ұлы  ойшыл  ақыны  Шəкəрім  Құдайберді-
ұлының «Қазақ» газетінің жарық көруіне байланысты апта-
лықтың 5-санында жарияланған халқына жүрекжарды құт-
тықтауында жырмен өрнектелетіндей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет