СУРЕТ
...Салды ғой сезім əуреге,
Сенделмей енді нетермін?
Кеудемде қалған сəулеңе,
Қол созуменен өтермін.
Ахмет Өмірзақ
– Уһ-һ, жаным-ай!... – деп ескі-құсқы төсектің үстінде алба-
жұлба киімімен бүгежектеп жатқан шал ыңқылдап-сыңқыл-
дап сол қапталына аударылып, айғыз-айғыз қолдарымен
ыстық трубаны ұстады. Тоңазыған денесіне жылылық ене
бастады. Зəулім үйдің жертөлесін мекендегеніне біраз бол-
ды. Күннің көзі жылт етсе, далаға шығып қоқыс арасынан
несібесін ақтарады. Осы зəулім үйде тұратын əйелдердің
төгіп тастаған тамақтарын, нан сынықтарын теріп жеуден
жиіркенбейді. Бұл жер үлкен қала болғандықтан адамдардың
жағдайы жақсы. Көп қабатты үйде тұратындықтан кейбіреу-
лері балкондарында ит бағады. Бөлек тамақ пісіріп береді.
Жаймашуақ күндері бойы бір қарыс асыл тұқымды ит-
терін жетектеп серуендеуге шығады. Ерекше күтім көрген-
діктен ондай иттер қоқыс жаққа назарын да салмай-
ды. Көшеде қаңғып жүрген ит жоқтың қасы. Сондықтан
бұған қоқыста тіске басар мол. Түске дейін оны-мұны те-
ріп жеп өлместің қамын жасаған соң сүйретіліп жақын
маңдағы базарға барады. Кіреберісте тұрып ап алақанын
жайып өткен-кеткеннен қайыр сұрайды. Көбісі мұның
үстінен мүңкіп тұрған жағымсыз иіске шыдай алмай қаш-
қақтап, əріректен жүреді. Тіпті балағаттап та кетеді. Ба-
зар əкімшілігінде істейтіндер көрсе, қуып салады. Бірақ,
мұнда ар жоқ, қайта айналып бара береді. Өйткені, базарға
кіріп-шығып жатқандардың бірі болмаса, бірі тиын-тебен тас-
тап кетеді. Бұрын ондай кезде базардың бір бұрышындағы
арақ-шарап сататын дүкенге жүгіретін. Стакандап арақ са-
тып ап, көрші үйдің жертөлесін паналаған өзі сияқты байғұс
шалмен несібесін бөлісетін еді. Соңғы жылдарда арақ ішсе
бауыры ісіп кететін болған соң амалсыздан ішкілікті тастау-
ға мəжбүр болды. Өкпе мен бүйрек те сыр берді.
Кеше де қайыр сұрап азын-аулақ тиын-тебен тапқан. Тұ-
ла бойын меңдеген сан түрлі дерттің кесірінен жүре алмай қал-
49
ды. Бағына орай, ыңқылдап отырғанын көрші жертөледегі
шал көріп қап, сүйемелдеп əкеп тастады. Келе сала үйреншікті
орнына құлай кетіп, жертөле іші пана болғанымен жыртық
төсегінен өткен сыздың əсерінен дел-сал боп əлі жатыр.
Аурудың салдарынан ба, əлде түнде көрген қорқынышты
түстің əсерінен бе, басы сынып барады.
Кейінгі кезде өзі біртүрлі боп жүр. Əбден қиялшыл боп
алды. Алыс-алыстарда қалған биік таудың етегіндегі мөлдір
бұлақты жағалай қонған ауылы есіне түседі. Ақбұлақтың
балдай суынан мейірі қанғанша ішіп, шелектеп-шелектеп
толтырып ап үстіне құйып тазарғысы келеді, таудың ең биік
шыңына шығып, айқайлағысы келеді.
Ауылына сопайып баруын барар-ау, бəрібір, балалық ша-
ғына қауыша алмайтынын білгенде мұңға беріледі.
Күндіз қиялымен арпалысады, кеште көзі ілінсе болды,
қанға бөгіп жатқан келіншекті көреді...
Шал өмір шамы жанып бітуге таяп қалғанын сезіп жүр.
Сондықтан, тапқан тиын-тебенін ештеңеге жұмсамай там-
тұмдап жинап, ішкі қалтасына тығып жүрген жайы бар.
Бұрын түр-түсін адам ажыратуға келместей ескіріп кет-
кен былғары əмиянда күле шырай беріп тұрған жап-жас
қыздың жұп-жұқа тақтаға ойып жасалған титтей суретін
алып жүретін. Мына қатал өмірде барлық нəрсесін, тіпті өз
болмысын жоғалтса да, жоғалтпай жүрген асыл қазынасы
осы сурет еді. Кей-кейде суретті қалтасынан суырып ап ұзақ
телміретін, үнсіз жылап та алатын. Енді басқа бір қалтасына
ақша да жинай бастады.
Шал қинала қозғалып, ыстық трубаға арқасын беріп отыр-
ды. Ішкі қалтасына қолын тығып, былғары əмиянды алды.
Оны ашып, қалтыраған қолымен қыздың суретін аялай ұс-
тап, ойға шомды: «Қырық жылдан бері суретіңді жүрек
тұсыма сақтап келем. Саған деген сезімім бір сəтке де суыған
жоқ. Махаббаттың жолы неге мұншама ауыр? Бақытымды
қалай ғана ажалдың аранына тастап жібердім? Қырық жыл
бойы сол күнəмнің азабын тартамын. Ата-анаңның алдында
көлбеңдеп, жүрегін ауыртқым келмеді. Сенен қалған жалғыз
тұяқтың көзіне қарауға дəтім бармады. Олардың көзінен
сенің соңғы сəттегі қан-жоса бейнең елес беріп қалар деп қо-
рықтым. Шығына қаштым. Бəлкім, олардан емес, өзімнен
қашқан болармын. Қанша қашқаныммен күнəмнан арыла ал-
50
мадым. Күндіз мына суреттегі күлімсіреген бейнеңді көре-
мін, кеште көзім ілінсе болды, сол қорқынышты сəтті көріп,
жаным қиналады...
Біз мына жалғаншыда азғана уақыт бірге болдық. Сенімен
тағы да бірге болу үшін мың жылдық тозаққа тасталсам да,
жүрегім саған қарай талпына береді, Шұғыла!
Жексұрын боп өмір сүруден жалықтым. Қырық жыл бұ-
рын кіршіксіз жанымды қалай ластап алған болсам, қазір
қоқыстар арасында тəнімді де ластағам. Мен... Мен жоқпын.
Қырық жыл бұрын өліп кеткем. Сен барсың. Кейде түйдек-
түйдек боп көшіп бара жатқан аппақ бұлттар арасынан
қол бұлғағандай боласың, кейде сеңгір-сеңгір таулардың
төбесінен қарап түрасың... Əйтеуір, менің қолым жетпес
биіктесің. Саған барар жол мəңгілікке созылса да жүре бер-
гім келеді, жүре бергім келеді. Бірақ, сен менің мына си-
қымды көргенде шошып кетесің ғой! Əуелі ауылға баруым
керек. Өзіміз аунап-қунап өскен ауылға. Балбұлақтың су-
ына шомылсам, анадан жаңа туған нəрестедей болатын
шығармын. Сосын сенің қабіріңді құшақтап жатып... жылап-
жылап... үзіліп кетсем...»
Шал түрегелуге əрекеттеніп еді, үдесінен шыға алмады...
* * *
Мектепті бітірісімен құрбы-құрдастары білім қуып қала-
ға ағылғанда Айдар жалғыз шешесін тастап еш жаққа ке-
те алмады. Əкесі екі жыл бұрын көршісі Сапардың үйі
өртенгенде іште қап кеткен баласы – төрт жасар Болатты
құтқарам деп қаза тапқан. Баласын бөлмеге қамап, дүкенге
кеткен Бағила апай асығып жүріп үтікті суыруды ұмытқан
екен. Содан тұтанған өрт лезде бүкіл үйді шарпыған. Мұның
əкесі Асқар мектепте мұғалім боп істейтін. Сабағы ертерек
аяқталып, үйіне келе жатқанда көрші үйдің жанып жатқанын
көреді. Беймезгіл уақ болғандықтан ерлер жұмыста, кілең
қатын-қалаш шулап жүр екен. «Ойбай, үйдің ішінде балам
қалды», – деп дүкеннен асыға жеткен Бағила апай үйге ұм-
тыла бергенде талып жығылыпты. Асқар мұғалім сырт-
та тұрған құрым киізді жамылып ішке еніп кетеді. Төргі
бөлмеде түтінге тұншығып жатқан баланы терезеден сырт-
51
тағылардың біріне беріп үлгереді, үйдің шатыры опырылып,
өзі шыға алмай қалады...
Айдар қандай жұмыстың басын ұстарын білмей жүргенде
Пернебай пошта зейнетке шықты да, орнына мұны өткізе
салды. Пошта үйіне онша қашық емес. Дүкенге жанай са-
лынған аядай жалғыз бөлме – пошта. Аптасына бір рет ау-
дан орталығынан келетін машина газет, журнал, хат-хабар-
ды əкеліп тастайды. Үйме-үй жүріп таратып шығады.
Зейнетақы мен əйелдердің жөргекпұлын да таратады... Га-
зет-журналдың күнде келмейтініне налитын кездері де бола-
ды. Өйткені, Жалғас тракторшының үйіне жиі-жиі барғысы
келеді. Ол үйде өзімен бірге оқыған Шұғыла деген қыз бар.
Ол да оқуға кетпеген. Мектептегі кезде жақсы еді, екеуі бір-
бірінен екі елі ажырамайтын. Енді бір көру арман болды.
Газеттерін бере тұрып үздіге қарайды:
– Сəлем, Шұғыла!
– Сəлеметсің бе? – дейді де ол үйіне кіріп кетеді.
Мұнан əріге барудың ықтималы жоқ. Бөгеліңкіреп қалса,
ауылда өсек-аяң өршіп кетеді. Əр сапар газетті Шұғыла
алуға шығады. Соның өзі көп нəрсені аңғартатындай. Оның
нұрлы дидарын көргенде бақыттан басы айналып, жүрегі
өрекпіп кетеді.
Бір күні кешкі тамақ үстінде анасы Айша əңгіме қозғап
қалды. Əрнені бір суыртпақтап отырып, сөз аяғында төтесіне
көшті:
– Балам, əкеңнің шырағын жағатын уақытың келді. Келін
əкелсең қалай болады?
Тосын сұрақтан жүзі алабұртып не дерін білмей қал-
ды. Анасымен ешқашан мұндай тақырыпта сөйлесіп көрме-
гендіктен маңдайы тершіп кетті.
Анасы мұның жағдайына назар аудармаған сыңай таны-
тып, бастырмалата түсті:
– Өзім қыз іздейін бе, əлде көз астына алып қойғаның бар ма?
Шегінер жер қалмады. Аузына талқан салғандай тым-
тырыс отыра берсе, анасы əлдекімді келін етемін деп бар
арманын быт-шыт қылуы мүмкін.
– Шұғыла! – деді де, ырғып тұрып жатын бөлмесіне қарай
зытты...
Анасы жедел қимылға көшті. Бас-аяғы он шақты күннің
ішінде барлық мəселе шешілді. Тамыздың аяғына таман той
52
болды. Ағайын-туыс, ел-жұрт қолұшын созып, тойын есте
қаларлықтай етіп жасап берді.
Мұнан бақытты жан жоқ. Жұмысқа кетерде келіншегі
Шұғыла шығарып салады, келсе, күлімдеп қарсы алады.
Жолыңа айдай қарап ынтызар боп күтіп отырған жанның
болуы қандай ғанибет! Бақыт құшағында балқып жүріп
уақыттың қалай өткенін де сезбей қалады екенсің! Ке-
лер жылғы мамырда сүйіктісі шекесі торсықтай ұл тауып
берді.
– Бұл баланың атын Өміржан қоямыз, – деді шешесі жүзі
бал-бұл жанып. Əкесі қаза тапқаннан бері ол дəл осылай
қуанбаған болатын.
Айдар да, Шұғыла да қарсылық танытқан жоқ. Айша
апайдың неге ырымдап тұрғанын сезінеді.
Ауылда айта қаларлықтай өзгеріс жоқ. Барша өзінің жай-
барақат тірлігінен риза кейіпте ғұмыр кешіп жатыр. Бұлар
да ел қатарлы өз ошағының түтінін түтете берді.
Шамалы қаржы үнемдеген Айдар жазда Балтабай дүкен-
шінің «Минск» мотоциклін жарты бағасына сатып алды.
Екі-үш жыл мінілгенімен еш жері зақымданбаған. Балта-
бай дүкеншінің мотоциклді аяп айдағаны көрініп тұр. Көлік
деген рахат екен, газет-журнал тарату үшін табанынан
тозып, салпақтап жүрмейді. Аудан орталығында шаруа-
сы шығып қалса, күніне бір келетін автобусты күтіп əуре
болмайды. Үйдің де керек-жарағын алу үшін қалаға қарай
жүйткіте жөнеледі...
Желтоқсанның жиырма бірі – Шұғыланың туған күні. Ай-
дар өткен жылы қолы қысқалық қылып келіншегіне жөнді
сыйлық бере алмағандықтан биыл сол олқылықтың орнын
толтырғысы келді. Шұғыла таңғы астың қамымен асханада
күйбеңдеп жүргенде Өміржанды қолына алып сүт ішкізіп
отырған анасына қолқа салды:
– Бүгін келініңіздің туған күні. Қалаға апарып қыдыртып,
анау-мынау əперсем бе деп едім.
– Е-е, оның жөн ғой! Ертерек қамданбайсыңдар ма, авто-
бусқа үлгермей қаласыңдар енді.
– Мотоциклмен бара саламыз. Бүгін ауа райы жақсы боп
тұр ғой.
– Қыстың күніне сенуге болмайды, балам. Лезде айни са-
лады.
53
– Енді тəуекел етеміз де, апа.
– Онда Өміржанды мен алып қалайын, жаурап қап жүрер.
Сендер ертерек қайтыңдар.
– Мақұл, апа.
– Балам, ақшаң жетпей жүрмесін, мынаны да ал, – деп
ақша берді анасы Айдарға.
– Өзімде бар ғой!
– Ақша көптік етпейді, балам. Менің атымнан да бірдеңе
əпере сал...
Айдар мен Шұғыла үйден шықты да, күле-күле бастары-
на каска киіп қып-қызыл «Минск» мотоциклге мінді.
– Немістің солдатына ұқсап қалдық қой! – деді Шұғыла.
– Оқасы жоқ, басың жаурамаса болды.
Мотоцикл орнынан қозғалғанда Шұғыла Айдардың белі-
нен құшақтап алды...
Бір жарым сағаттан соң қалаға да жетті. Мотоцикл аудан-
дық поштаның ауласына кіріп тоқтады.
– Ата, біз келгенше мотоцикл осында тұра тұрсын, – деді
Айдар таныс қарауыл шалға. – Келініңізді қыдыртып жүрген
ем.
Қарауыл шал басын изеді.
Екеуі қол ұстасып маңдайшасында «Универмаг» деген
жазуы бар еңселі ғимаратқа кірді.
– Ал, жаным, қалағаныңды таңдай бер. Киім-кешектің
неше түрі осында бар көрінеді. Пальто керек пе, етік керек
пе, əлде көйлек аласың ба?
– Соның бəріне ақшамыз жете ме, не? – деп миық тартты
Шұғыла. – Ондай нəрселер аз ақша тұрмайды.
– Жетпесе жеткіземіз. Бағана апам да ақша берген. Се-
нен аяғанды ит жесін. – Айдар қалтасынан əжептəуір ақша
шығарып Шұғыланың қолына ұстата салды. – Мен мына
жерде тұрайын, сен емін-еркін аралап, қалағаныңды алып
шыға бер.
Айдар ерлер киімі сатылатын бөлімде қалды. Ештеңе са-
тып алар ойы жоқ, ананы бір көріп, мынаны бір көріп уақыт
өткізсе болды.
Шалбар, көйлек, пальто біткеннің біразын көріп, бұл
жерде жоқ түрін сұрап дүкеншінің басын қатырып, аяқ
киім жағына өткен кезде екі сөмкені толтырып Шұғыла
келді. Дереу ауырсынбасын, деп қолынан сөмкелерді алды.
54
Еріксіз көзі түсіп кетті: бір сөмке толған кəмпит, печенье...
Екіншісінде не барын құдай білсін?
– Не алдың өзі? Ұнайтын нəрсеңді таба алдың ба?
– Қонақ келсе, қысылып қалмайық деп үйге ұсақ-түйек
азық-түлік алдым. Апама орамал, Өміржанға бірнеше киім...
– Əй, оларды қайтесің? Өзіңе не алдың?
– Менде барлық нəрсе бар ғой, бекерге ақша құртып
қайтем?
Айдар қазір ғана қолына алған сөмкелерді келіншегіне
ұстата салды да, «Осында тұр. Қазір келем», – деп дүкеннің
басқа бөліміне қарай кетті.
Сəлден соң алтын сағат алып оралды.
– Мынау туған күніңе сыйлық, жаным, – деп Шұғыланың
қолына тақты.
– Рахмет! – деп Шұғыла оның қолын қысып қойды.
Бүгін Шұғыланың туған күні болғандықтан əрі екеуі
алғашқы рет бірге қалаға қыдырып келгендіктен Айдар жа-
рының көңілін аулауға тырысып бақты. Ресторанға апар-
ды. Сосын кинотеатрға сүйреді. Радж Капурдың «Мое имя
Клоун» деген киносы боп жатқан екен. Шұғыла: «Бала жы-
лап қалады. Ертерек үйге қайтайық», – деп кино көруге
қарсылық танытқан еді, «Апам сүт беріп амалдай тұрады.
Бірінші рет бірге келгенде кино көрмей қайтамыз ба?» – деп,
еріксіз көндірді.
Ажалы жақындап қалғанын сезініп, ел есінде жарқын
бейнесімен қалғысы келген Клоун Радждың соңғы қойылы-
мы жайлы үш сағатқа созылған кино өте əсерлі екен. Тап-
жылмастан отырып көрді. Киноны аяқтап далаға шыққан
кезде ымырт үйіріліп қалған, қар қылаулай бастаған еді.
Екеуі жүгіре басып пошта ауласындағы мотоцикліне кел-
ді. Екі сөмкедегі затты қапқа салып, багажға байлаған Айдар
мотоциклді бір теуіп от алдырды.
– Біз кетіп бара жатырмыз, ата, – деп қарауылға айқайлады.
– Жолдарың болсын! – деді қарауыл жартылай ашылған
есіктен сығалап.
Мотоцикл қала ішінен шығып үлкен үлкен жолға түскен-
де қар үдей түсті. Жылдамдықты асыру тіпті мүмкін бол-
май қалды. Жиырма шақырымдай жүргенде мотоциклдің
алдыңғы фарасы істен шықты. Албырап жол жиегіне тоқ-
тамақшы болған кезде шөп артқан «Зил-130» жүк көлігі
55
басып озды. Қала артта қалған, айналада ел жоқ. Көктен
тілегені жерден бергендей тоқтау ниетінен қайтып, жүк кө-
лігінің ізіне түсті. Он-он бес метрдей аралық сақтап жүріп
отырды. Мына «Зилге» ілесіп ауылға жетіп алу керек. Шөп
артып алғанына қарағанда Бостандықтағы шопандарға бара
жатқан болса керек. Бостандық – Ақбұлақтан кейінгі ауыл.
Ақбұлақтан өтіп екі шақырымдай жүрген соң күншығысқа
бұрылсаң, Бостандық ауылы онша алыс емес.
«Зил» жапалақтаған қарды елемей зымырап барады.
Мотоциклдің де жылдамдығы артқан, соңынан қалмай ке-
ле жатыр. Зилдегілерге қайдам, мотоциклдегілер əбден жау-
рағандықтан жүрісі өнбей келе жатқан сияқты көрінеді.
Машинаның жарығымен көрініп қалатын айналадағы жол
белгілеріне жалт ете қарап қояды...
– Уһ, ауылға да кеп қалдық! – деді бір кезде Айдар.
– Жеткеніміз рас болсын! – деді Шұғыла күйеуінің белі-
нен тас қып құшақтай түсіп.
Сол сəтте «Зилдің» оқыс тоқтағанын байқап қалған
Айдар бар күшімен тежегішті басты. Аралық төрт-бес
метрдей-ақ. Мотоцикл сырғып барады. Бір амалын тап-
паса қазір «Зилдың» артынан соғады. Айдар «Шұғыла!» –
деп жанұшыра айқайлады да, мотоциклді оң жаққа бұрып
қалғанда, Шұғыла шыңғырып жіберді...
Айдар əлдебіреулер өзін көтеріп жатқанда есін жиды.
Біз сұғып жатқандай бүкіл денесі сырқырап ауырып жатыр.
Еміс-еміс дыбыстарды құлағы шалды:
– Мотоцикл тайғанап барып, артқы жақ бүйірінен жол
шетіндегі көрсеткіш жазуы бар бетон бағанға ұрылған екен.
Мына келіншекке обал болды, тіл тартпай кетіпті...
Айдар басын ауырсына бұрып қарағанда бет-аузын қан
жуып, жерде жатқан əйелін көргенде шошына ыңырсып
«Шұ-ғы-ла-а», – деді де, қайта талықсып кетті...
Ауруханада есін жиған Айдар өзінің дін аман екенін
білді. Бағанаға соғылған мотоциклден үш-төрт метр əріге
ұшып кеткендіктен беті, қолы жырылғаны болмаса, сынған
жері жоқ. Дəрігерлер дəрі егіп денесінің ауруын басқанымен
жан ауруын емдей алмады. Кешегі көрініс көз алдына келіп,
«Шұғылама барам», – деп палата есігіне тұра ұмтылғанда,
дəрігерлердің шақыруымен жетіп келген екі милиция қолы-
на кісен сап алып кетті...
56
Бір жарым айдан соң соты болды. Ауылдан көп адам кел-
ген жоқ. Мұның шешесі мен Шұғыланың ата-анасы зар еңіреп
сот залын азан-қазан қылды. Айдар олардың бетіне қарай ал-
мады. Басын төмен салбыратып есалаң адамдай отырды да
қойды. Жалғас тракторшы «Өлмектің артынан өлмек жоқ,
тірі пенде тірлігін істеу керек. Қызым өлсе, тағдырдың жа-
зуы солай болған шығар. Жазмышқа мойынұсынудан басқа
не шара бар? Бұл да менің балам. Құндақтағы бейкүнə сəбиді
қу жетім етпей күйеубаламды шығарып беріңдер», – дегенде
отырған жері жарылса, кіріп кеткісі келді.
Тағдыр аямағанды заң аясын ба, адам өліміне себеп бол-
ған көлік апатын жасағандықтан айыпталып, үш жылды ар-
қалап кете барды.
Солтүстіктегі қалалардың бірінің іргесінде орналасқан
лагерьге кеп түскен соң құрылысқа жегілді. Қолының ебі
барлар кірпіш қалайды, бұл қара жұмыстың бəрін атқарады.
Ешкіммен сөйлесіп жарытпайды. Күндіз қиялында, кеште
түсінде – Шұғыла! Кейде қасындағылардың сөзін естімей
қалатыны бар. Сонысына бола «Меңіреу» атанды. Лақабы
құлағына түрпідей тигенімен қарсылық танытпады. Мұнда
жетісіп жүрген кім бар дейсің? Білдіргісі келмегенімен əр-
кімнің өз мұңы бар. Бəрі мұның ерсі қылығына көндігіп
кетті.
Үш айдан соң анасына хат жазып Шұғыланың суретін ал-
дырды. Қайдан тапқанын кім білсін, Шұғыланың мектепте
оқып жүрген кездегі суретін жіберіпті. Суретке қайта-қайта
қарағыштап жүргенін көрген жоғарғы кереуетте жататын
армян жігіт жаны ашыды білем, жақсылық жасағысы келді:
– Əй, көзіңнің жасын сорғалата берсең, суретті құртасың
ғой! Бері əкел, мен саған оны арғы дүниеге барғанша аман
жететін етіп қайта істеп берейін.
Бір жетіден соң армян жігіт суреттегі бейнені титтей жұ-
қа əрі мықты тақтаға ойып салып қолына ұстатты.
‒ Жақсылап көріп ал, қызыңа ұқсай ма екен?
Тақтадағы бейне суреттегі бейнеден аумай қалған. Сəйкес
бояулармен боялып, сырланғандықтан Шұғыла құлпыра
түскен. Миық тартып тұрғанына дейін айнытпай салыпты.
Айдар сүйіктісінің тірі бейнесін көргендей қуанып, қалта-
сынан кеше ғана алған бір айлық еңбекақысын суырып бере
салды.
57
– Рахмет! Дəл өзіндей етіп жасапсың.
– Гений сотталса да, гений боп қала береді. Менің туын-
дымның бағасы ақшамен өлшенбейді, – деп ақша ұсынған
қолын кері қақты. – Оның құнын төлеуге сенің шамаң жет-
пейді. Сондықтан қайырымдылық танытамын: Екі қорап
темекі бере сал!
Айдар армянның тілегін орындап, суретті төсқалтасына
салды.
Сотталғандардың бірсыпырасы будақтатып хат жазып,
бірнеше хат алып жатады. Айдардың хат жолдайтын жалғыз
адамы – анасы. Оның амандығын, ұлының жағдайын сұрап
хат жолдап тұрады. Анасы жиі-жиі хат жазып тұрды. Тек
соңғы кездері: «Ұлың аман-есен өсіп келе жатыр, былдыр-
лап сөйлей алады. Менің денсаулығым нашарлады. Қан
қысымы жоғарылап кете береді. Əйтеуір амандықта көрісу
несіп етсін», – деп жазатын болды. Ақыры, анасынан келетін
хаттар үзіліп қалды. Анасының денсаулығына алаңдап жол-
даған хаттарына жауап ала алмады. Мерзімінің бітуіне бір
ай қалғанда Сапар көршісінен келген хаттағы «Айдаржан,
суық хабарды естірткелі отырғаныма өкініштімін. Айтпа-
сам, тағы болмас. Айша апайды бақилық сапарға жөнелттік.
Артының қайырын берсін! Ұлың – дін аман, қайынатаң
Жалғастың үйінде...» – деген жолдарды оқығанда есеңгіреп
қалды. Өзінің жападан-жалғыз қалғандығын ойлап, өкіріп
жылады...
Үш жылды санап беріп бостандыққа шыққан соң елге
бара алмайтынын түсінді. Құшақ жайып қарсы алар ешкім
жоқ. Қайынатасының үйіне қай бетпен барады?..
Теміржол вокзалында отырып, ойлана-ойлана осы қалада
қалуға бекінді. Қалтасында шамалы ақшасы бар. Пəтер жал-
дады. Бір-екі күннен соң не істерін білмей сенделіп жүргенде
пойыздан жүк түсіруге адам іздеп жүрген біреуге тап болды.
Қуана келісті. Содан осы жерде қалып кетті. Жүк артып-
түсіріп ақша табады. Пəтерге келгесін араққа сылқия то-
йып, қалтасындағы суретті алып мұңын шағады. Маскүнемді
кім ұнатсын, пəтер иелері көп өтпей қуып шығады. Мың рет
пəтер ауыстырған шығар...
Кезекті пəтер ауыстырған бір күні ұзақ ойланып, өзінің
болашағының бұлдырлығына көзі жеткесін өзі жайлы нақ-
ты бір шешімге келгендей болды: «Жақсы ит өлімтігін көр-
58
сетпейді», жаман аты елге жетпей тұрғанда өзін таныс-бі-
лістерінің жадынан өшіруге амал табу керек! Тапты да.
Көршісі Сапарға: «Құрметті Сапар! Сіздің танысыңыз Ай-
дар Асқаров қайтыс болды. Қайтыс болғанда қалтасынан
шыққан қойын дəптерде сіздің мекен-жайыңыз ғана жазыл-
ған екен. Басқадай туыстарын танымағандықтан, оның қа-
засы жайлы өзіңізге ғана хабарлауға мəжбүр болдым. Таны-
сыңыздың қазасы қайырлы болсын. Жолым түсіп аулыңызға
барғанда, ол кісінің қандай жағдайда қайтыс болғандығын
айтып берермін, Құлмахан Амантаев», – деп, өмірде жоқ
адамның атынан бөтелкелес достарының біріне жаздырып,
конверттің сыртына жазған кісінің мекен-жайын көрсетпей
хат жолдады.
Жылдар жылжып өте берді. Айдар əбден ішкілікке са-
лынып кетті. Жүк түсірер қауқардан айырылып, ақша тап-
пағасын қоқыс тінткілеген қаңғыбасқа айналды. Ал, ол жүр-
ген қала елдің басты шаһарына айналып, күннен-күнге көр-
кейіп бара жатты...
* * *
Шал суретке үңілген сайын елге қайтуға деген құлшынысы
арта түсуде. Енді кешіге берсе суреттегі бейнеден алыста
қылжиып қалуы мүмкін. Қабірі сүйіктісінің қабірімен қатар
тұрса, рухы қауышар, бəлкім.
Жертөленің есігін сықырлата ашып көрші шал келді.
– Əлі басың ауырып тұр ма? Сыртқа шықпадың ғой!
– Ауылға кеткім кеп отыр.
Ақсақ шал тосын жауаптан селк ете түсіп, үнсіз қалды.
Əдеттегідей жалпайып отыра кетпеді. Біраздан соң серейіп
тұрған қалпында үн қатты:
– Жақындарың бар ма еді? Адамның түбінде бір барар
жері болғаны жақсы ғой! Менің ешкімім жоқ. Осы жерден
тура ана жаққа кететін шығармын.
«Ұлым бар еді», – деп айта алмады. Қырық жыл бұрын
көрген ұлының атын атап əңгімені көбейткісі келмеді.
– Елге жетіп өлгім келеді.
Ақсақ шал «бұл байғұстың да ешкімі жоқ екен ғой», – деп
ойлады.
59
– Əйтеуір елің бар екен ғой, далаға тастамас. Олай-былай
боп кетсең ата-бабаңның қорымында жатасың, – деп азғана
бөгелді де, жомарттық танытты: – Мына түріңмен кеткенің
жарамас. Менің көнелеу болса да, басы артық киімдерім
бар. Өткенде біреу жəшікке салып шығарып тастаған екен,
алып қойып ем. Соны берейін. Не дегенмен еліңе барасың
ғой, ыңғайсыз болар, алдымен моншаға түсіп ал. Кешегіден
артқан тиын-тебенім бар. – Өзі сияқты қайыршының қайыр
беріп тұрғанына елжіреп кетті:
– Рахмет, жақсылығың Құдайдан қайтсын! Киімдеріңді
алайын, ақшаң өзіңе қажет болар. Өзімнің де жолға деп жи-
нағаным бар.
Екеуі жетелесіп барып көрші үйдің жертөлесіндегі киім-
дерді алды. Сосын жол шетіндегі дүкеннен сабын, арзан сүл-
гі, алмас сатып ап моншаға тартты.
Моншаның кіреберісінде отырған əдемі қыз бұларды кө-
ріп баж ете қалды:
– Əй, бұл қаңғыбастар келетін жер емес, қараларыңды
батырыңдар!
– Саған ақша түссе болды емес пе, – деп екеуіне төленетін
төрт жүз теңгенің орнына сегіз жүз теңге ұстата салды. –
Кімнің шомылғанында не шаруаң бар?
Ақшаны көрген қыз үнсіз шомылатын жерді нұсқады.
Ақсақ шал мұның ақшасын аяған болу керек, кегежектеп
еді, сүйрелектеп алып кірді. Əлі ерте болғандықтан ба, шо-
мылып жатқан ешкім жоқ екен. Ыстық судан денесі бал-
бырап кетті. Қайта-қайта буға түсті. Ақырғы рет қашан
шомылғаны есінде жоқ, рахат күй кешіп, сақалын жөндеді,
тырнағын алды. Шомылып болғасын ескі киімдерін пакетке
тығып, ақсақ шал берген киімдерді киіп алды.
– Жанымыз жадырап кетті ғой, – деді ақсақ шал қызара
бөртіп.
Шомылып боп шығып бара жатқанда кіреберісте отыр-
ған қыз артынан сөйлеп қалды:
– Қоқысқа былғанып өздеріңді өздерің қор қылғанша,
осындай тап-таза боп жүрсеңдер болады ғой!..
Екеуі жетектесіп келген ізімен қайтты. Жол бойындағы
таныс үйдің жанынан өтіп бара жатқанда талай жыл пана-
лаған жертөлесіне кіргісі келмеді. Жиіркенетін сияқты. Қо-
60
лындағы ескі киімдері салынған пакетті қоқысқа лақтыра
салды.
– Менің қасіретім бойыңа дарымасын, алма! – деді ақсақ
шалға. – Сен осында қала бер. Автобекетке өзім жетіп алам.
Екеуі құшақтасып қоштасты.
Моншаның əсерінен сергіп, ширақ қимылға көшкен шал
ит тірлігі өткен жерлерге қайырылып қарамады. Бүкіл қай-
ғы-қасіретін артқа тастағандай алыстап бара жатты...
Шал автобекетке келіп, қатар-қатар боп тұрған автобус-
тарды аралап Оңтүстікке баратынын іздеді. Бір бұрышта
тұрған ақшыл автобустың маңдайшасына жазылған өз ауда-
нының аты көзіне оттай басылып, жанына жетіп барды.
– Келіңіз, ата, – деді орта жастағы кісі. – Алдыңғы қатарда
бір орын қалды.
– Мен Ақбұлаққа баратын едім.
Əлгі кісі шалға жалт қарады. Тани алмады.
– Екі мың теңге бересіз, ата, жолай түсіріп кетеміз. Біз Ақ-
бұлақ асып тура аудан орталығына барамыз. Бір тəуліктен
аса жүреміз. Ертең кешкі сегіздерде Ақбұлақта боласыз.
Шал екі мың теңгені беріп, алдыңғы орындағы балалы
келіншектің қасына жайғасты.
Автобус жүріп кетті.
Жастар телефон шұқылап əуре, біреулер əңгіменің көрі-
гін қыздырған, шал ойға шомып үнсіз мүлгіп отыр. Ара-тұ-
ра қасындағы келіншектің баласы мазасызданып жылаған
кезде ғана қиялы бөлінеді. Оң қолын киімінің ішіне тығып,
төсқалтасындағы суретті сипалап қояды.
Түнгі он екі жарымда автобус тоқтады. Бағанағы ақша
жинап жүрген кісі баршаға есіттіріп дауыстады:
– Тамақтануға жарты сағат уақыт беріледі. Жылдам қи-
мылдаңдар.
Қалғып кеткен адамдар көзін уқалап автобустан түсе бас-
тады. Автобуста ешкім қалмағасын шал да түсті. Ол автобус-
та бірлі-жарым адам қалса, отыра берейін деп ойлаған еді.
– Ата, сіз бері келіңіз, – деді жүргізуші жігітпен автобус-
тан ең соңында түскен əлгі кісі не істерін білмей ербиіп тұр-
ған шалға. – Бізбен жүріңіз.
Шал «жоқ» деудің қисынын таппай ізінен ерді. Асхана
алдына келгенде екеуі бұған жол берді.
– Бет, қолыңызды жуып алыңыз.
61
Шал албырап, шайынған болды да, əлгі кісі ұсынған
сүлгімен сүртініп, шетке шығып тұрды. Ана екеуі жуынып
алғасын мұны ішке бастады. Үшеуі бұрыштағы столға ба-
рып отырды. Бұларды көрген даяшы қыз жылы амандасты
да, жүгіріп жүріп алдарына түрлі тамақты үйіп тастады.
– Ата, қалағаныңызды жей беріңіз. Бұл жерге бір автобус
адам əкелгеніміз үшін тамақты тегін береді.
Шал лағман толы кесені алдына алды. Қысылғанынан
қолы икемге келер емес. Қоқыста күнелтіп жүрген жан емес
пе, асханаға кіріп қашан адам сияқты тамақтанғаны есінде
жоқ. Қалтырап қасықты аузына апарды. Дəмі тіл үйіреді екен.
Осындай тəтті тамақты баяғыда Шұғыла пісіретін еді. Одан
кейін бұған біреу тамақ берді дейсің бе? Үш жыл түрменің
қара сорпасына таңылды. Жүк түсіріп жүргенде үнемі аузы
арақтан босамағандықтан жеген тамағының дəмін де сезбе-
ген. Қоқыс арасында жүргеніне де біраз жыл болды.
– Ақбұлақта туысыңыз бар ма еді? Бұрын көрмегесін
сұрап жатқаным ғой. Мен Ақбұлақта тұрам, – деді орта жас-
тағы əлгі кісі.
Шал Ақбұлақтың атын естігенде елең ете қалды. Сосын
сыр суыртпақтағысы кеп сұрағына сұрақпен жауап берді:
– Кімнің баласысың?
– Сапар деген кісінің баласымын. Атым – Болат.
– Е-е, – деді шал көршісін кездестіргеніне таңданып. Со-
сын өзін танытқысы келмей түлкібұлаңға салды:
– Ақбұлақта əкеммен институтта бірге оқыған Асқар де-
ген мұғалім болушы еді...
– Біздің Өміржан көршінің үйіне бара жатқан екенсіз
ғой, – деп ол қолындағы қасығын тастай салды. – Асқар мар-
құмды еміс-еміс білем. Жақсы адам болған... – суық демін
алып сөзін жалғастырды: – Менің жер басып жүргенім сол
кісінің арқасы. Төрт жасымда үйіміз өртеніп, іште қап кет-
кен екем. Асқар мұғалім мені құтқарам деп қаза тапқан.
– Иманы саламат болсын!
– Марқұмның шаңырағы шайқалып барып түзелді. Мұ-
ғалім өмірден озғасын, əйелі Айша апай баласы Айдарды
Жалғас тракторшының Шұғыла деген қызына үйлендірген
екен. Содан менің Өміржан көршім дүниеге келген. Бірде
баласы мен келіні қаладан қайтып келе жатқанда көлік апа-
тына ұшырапты. Келіні қаза тапқан, баласы қамалып кет-
62
кен. Жаңағы біз қайтқан қаланың маңайындағы түрмеден
шыққасын баласы да осы жақта бақилық болған көрінеді. Ба-
ласы түрмеде болған кезде қан қысымы көтеріліп Айша апай
да өмірден озған. Өміржанды Жалғас тракторшы өсірген.
Үйленген соң баяғы Асқар мұғалім салған үйге көшіп өтті.
Қазір өзі – кəсіпкер, əйелі – мұғалім. Бір ұл, бір қызы бар.
Үлкені мектепті бітіруге таяп қалды.
– Ақыры қайырлы болған екен.
– Иə. Жиырма бірі Өміржанның анасының өлген күні.
Бір мал сойып, құран оқытам деп отырған. Құдайы асқа үл-
геретін болдыңыз.
– Несіп етсе, – деді шал. – Өзіңнің əкең бар ма?
– Шүкір, есен-аман. Сексеннен асып кетті. Молдашылық
қылып жүр.
Жүргізуші бала сағатына қарады:
– Жүретін уақытымыз болды.
Үшеуі бетін сипап ас қайырып орындарынан тұрды.
Жүргізушіден басқаларының кесесінде ішілмеген астың
жартысы қап кетті.
«Өміржанның бағы жанғаны жақсы болған екен, – деп
ойлады шал орнына отырған соң төсқалтасындағы суретті
сипалап. – Төбеде тұрып бəрін көріп тұрған шығарсың,
Шұғыла! Əке-шешем де немересіне риза шығар. Мені
қойшы, мен бір шіріген жұмыртқа болдым ғой!».
Автобус түнімен жүйткіп отырып ертеңіне түс ауа бір-ақ
тоқтады.
– Қарынды жақсылап тойдырып алыңдар. Енді тоқтамай-
мыз, – деді Болат. – Бұйыртса, кеште үйлеріңнен дəм татасыңдар.
Шал автобустан түсіп, асхана айналасын шолды. Дүкен-
дерге бас сұқты. Арақ-шарап, темекінің неше түрі толып
тұр. Олар артта қап бара жатқан нұрсыз ғұмырын есіне тү-
сіргендей шығына қашты. Дүкендердің берірегінде сөреде
тұрған келіншектің қасына барып ыстық екі нанды пакетке
салдырып алды. Тоқтаған автобустарды айналып алма са-
тып жүрген қыздан бір дана алма сатып алып жеді.
Автобусқа мінген кезде Болат қолына бір баклашкі су ұс-
татты.
– Мынау біздің Ақбұлақтың суы. Өміржанның цехынан
шыққан. Ішіп барарсыз. Мен енді автобусты жүргіземін. Се-
рігім шаршады.
63
– Рахмет, өркенің өссін!
Шал баклашкіні қолына алып, жапсырма қағазындағы
жазуларға үңілді. «Ақбұлақ» деген бадырайған жазу аппақ
толқындардың арасынан менмұндалап тұр. Майда жазуларға
көзі өтпеді. Сығырая түсті. Төменіректегі үлкендеу етіп жа-
зылған «Ақбұлақ» ЖСШ. Директор: Өміржан Айдарұлы
Асқаров» деген жазуларды ежіктеп оқығанда жанарынан
жас ыршып кетті: «Байғұс балам-ау, елесі де есіңде қалмаған
бейбақ əкеңнің есімін де жазыпсың-ау! Менің атым – əкем
мен сенің атыңның ортасында тұруға лайық емес қой!
«Өміржан Асқаров» деп-ақ жаза салмадың ба?...»
Шал баклашкінің қақпағын жайлап ашып үш-төрт ұрт-
тады. Тағы да сімірді. Шашалып қалды: «Ақбұлаққа аңса-
рым ауатын да тұратын. Балдай суынан жұтсам жаным та-
зарар деп армандадым. Өзім аузына бір үзім нан салмаған
ұлымның қолынан шыққан суды ішем деп ойлап па ем?
Тағдырдың тəлкегін қарашы!... Қай бетіммен ұлымның суын
ішіп отырмын?.. Ұлым, саған тіпті кешір деп те айта алмай-
мын ғой! «Ұлым» деп атауымның өзі намыссыздық емес
пе?..»
Шал баклашкінің қақпағын жауып, бауырына қысып
ұстап алды. Қараңғы түскен соң дегбірі қашты. Терезеден
далаға қарағыштай береді. Бірақ, автобустың ішінде шырақ
жанып тұрғандықтан даладағы ештеңе көрінбейді. Неше
сағатын иненің үстінде отырғандай тыпыршып өткізді. Қа-
сындағы келіншек өз баласымен əуре. Мұның артық қимы-
лына мəн берер халде емес.
Бір қарқынмен жүйткіген автобус жылдамдығын бəсең-
детіп барып тоқтады.
– Ақбұлаққа келдік. Ата, түсіңіз, – деп дауыстады рөлде
отырған Болат автобустың алдыңғы есігін ашып.
Шал екі нан мен баклашкі салынған пакетті ұстап жерге
түсті.
– Жолың болсын! – деді жүргізушіге бұрылып.
– Адамдарды аудан орталығына апарып тастаған соң
түнде үйге қайтам, – деді Болат. – Өміржанға сəлем айтыңыз,
таңертең құдайы асына келем.
Алдыңғы есігі жабылып автобус ыңырана орнынан қозғалды.
Автобустың жарығымен сорайып тұрған бағанды көзі ша-
лып қалған шал баяғыда апатқа ұшыраған жерде тұрғанын
64
сезіп, денесі түршігіп кетті. Бəлкім, сол баған шығар, қырық
жыл өтіп кетті емес пе, бəлкім, сол орынға басқа баған
қойылған шығар? Қалай болғанда да мынау жер – тағдырын
қара түнекке итеріп жіберген сол қасиетсіз жер. Бір сəт көз
алдына Шұғыланың сол сəттегі бейнесі елестеп мəңгіріп
тұрды. Сосын жарқырап тұрған шырақтарға қарай аяңдады.
Ауылды сырт айналып, қорымға жетіп алуды ойлады. Алай-
да, ауыл шырақтары артта қалған соң діттеген ойы іске аспа-
ды. Қою қараңғылықтың құшағында жүрер жолын көрмей
шорқақтап қалды. Амалсыз ізіне қайтты. Түртінектеп жүріп
ауыл шетіндегі есік-терезесі жоқ жаңадан салынған тамның
ішіне кірді. Бір-екі адым атқан соң əлденеге барып тірелді.
Қолын сермелеп қышырлаған нəрсені ұстап көріп, белуар-
дан келетіндей етіп жинап қойылған сабан екенін байқады.
Үстіне жантая кетті. Осы жерде түнді өткізсе, таңертең қо-
рымға барады.
Шал түнімен кірпік қаққан жоқ. Нан жеп, су ішкен болды.
Сосын зая болған өмірінің бүге-шігесіне дейін ой елегінен
өткізді. Тағдырының Шұғыламен өткізген аз ғана бөлігі
ғана жарқырап сəуле шашып тұр. Қалғаны – қара түнек. Сол
сəуле ғана мұны осы күнге дейін аман жеткізгендей. Таң-
сəріде қалғып кетті.
Айнала аппақ қар. Жалғыз өзі жүріп келеді. Кенет біреу
қар лақтырды. Жалт қарап күлімдеп тұрған Шұғыланы көрді.
– Мен сені таба алмай жүмін ғой, Шұғыла!
– Айдар, мен алыс-алыс жақтарға кетіп қалдым ғой!
– Табысқанымыз жақсы болды. Енді бірге Ақбұлақтың
суына шомыламыз, тауға шығамыз.
– Күн суық қой, – сықылықтап күлді Шұғыла. – Ақбұлақ-
тың маңайы көктемде құлпырады. Қазір таудың басында
қардан басқа не бар?
– Мейлі, қыс болсын, көктем болсын, бəрібір, бірге бола-
мыз. Сен – мендіксің, мен – сендікпін!
– Тəн – топыраққа, жан – Һаққа тиесілі. Көңіл бірге бола-
ды, сезім табысады.
– Мейлі. Мен алаулаған махаббатымызға жеткенше тал-
пына берем.
– Бар дүниені ұмытып, көзсіз көбелектей сол алауға қа-
натыңды күйдіріп алдың ғой!
– Өртеніп кетсем де ризамын.
65
Құшақтап алғысы кеп Шұғылаға талпынды. Ол сықы-
лықтай күліп қашты. Жеттім дегенде жоқ болып кетеді. Та-
ғы ұмтылады. Жете алмайды. Кенет Шұғыланың мазасыз-
дана қолдарымен əлденені көрсетіп тұрғанын байқап қалды.
Қол созым жерде аппақ қардың үстінде құндақтаулы жатқан
баланы көріп, бетіне үңіле бергенде бала шыңғырып жылап
жіберді...
Шал шошып оянып кетті. Бəрі түсі екен. Жатқан жері жап-
жарық. Əлдеқашан таң атып кеткен екен. Сабанның үстінен
түсіп үсті-басын қақты. Үңірейген есік пен терезенің орны-
нан жапалақтап жауып жатқан қар көрінеді. Шал есіктің ор-
нынан басын қылтитып айналаны барлады. Ешкім жоқ. Ша-
масы, бұл араның бəрі жаңадан құрылған үйлер сияқты. Əлі
иелері көшіп келуге үлгермеген. Бұрын бұл маңай жоңышқа
алқабы болатын. Жылдам сыртқа шығып, жолға түсті. Қорым-
ды бетке алып жүріп келеді. Сол қолындағы пакеттен бак-
лашкіні алып қақпағын ашпақшы болды да, ол ойынан күрт
айнып, қайта салып қойды. Еңкейіп, жерден бір қысым қар
алды да, жүріп бара жатып бетін ысқылады.
Қыр басындағы қорым едəуір үлкейіп кеткен. Қорымның
күншығыс жақтағы шетінен кіріп, аппақ қарға бүркенген
төртқұлақ молалардың арасымен əкесі жатқан биік төбеге
қарай келеді. Анасының да, Шұғыланың да қабірі сол жерде
болуы мүмкін. Ауыл адамдары марқұмдарды жақындарының
қасына жерлейді.
Ырсылдап төбеге өрледі. Мына бір жарқабаққа жаңа мəйіт
қойылған сияқты. Моланың қасында артып қалған кірпіштер
мен екі қап цемент, күрек тұр. Күректі алып төбеге көтерілді.
Əкесінің қабірін жаңылмай тапты. Күрек пен пакетті жерге
қойып, төртқұлақ моланың кірпішін емірене сүйді. Алғаш
рет құран оқи білмейтініне өкініп, «жатқан жерің жайлы бол-
сын!..» айтты. Қапталындағы қабірдің құлпытасының қарын
аршып, шешесінікі екенін білгенде өкіріп жылап жіберді.
Анасына жан сырын ақтарып біраз отырған соң көңілі ала-
бұртып үшінші қабірдің құлпытасының қарын сүрте баста-
ды. «Шұғыла Жалғасқызы. 21.12.1954 – 21.12.1972» деген
жазу шыққанда суық тасты мейірлене сүйді. Тамағына өксік
тығылып, көз жасы селдей ақты...
Əлден уақыттан соң есі ауысқан адамша солқылдай жы-
лап жүріп бағанағы күрекпен үш қабірдің айналасының қа-
66
рын күреді. Бірақ, еңбегі еш кетті. Жапалақтап жауып жатқан
қар тазалаған жерін лезде ағартып тастай берді. Күректі
лақтырып жіберіп, Шұғыланың қабірінің басына қайта
отырды. Төсқалтасынан суретті алып қабірдің ернеуіне
қойды да, күбірлей бастады: «Мен келдім, Шұғыла! Біздің
қауышуымыз өте ұзаққа созылып кетті. Сенен айырылған
сəтте-ақ өмір сүрудің мəні қалмады. Неге мотоциклді бұ-
рып жібердім екен? Көлікке тура барып соғылғанымызда
мен өліп, сен аман қалар ма едің?! Бұл ой мені əлі күнге
дейін қинайды. Мен тағдырдың тосын соққысынан ұшып
кетіп, бейтаныс бір əлемге барып түстім де, қайтып тұра
алмадым. Жігері əлсіз жан екенмін. Сен тірі қалғаныңда
қиындыққа мойымай жалғыз өзің-ақ ұлымызды қанаттыға
қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірер ме едің. Менің
жасықтығымның кесірінен ұлымыз бүгін əкесінің тірі екенін
де білмейді. Сенің қасыңа бар қасиеттен жұрдай болған құр
сүлдерім ғана келді. Жанымды аяқталмайтын азап жегідей
жейді. Мені қасыңа ал. Рухым тыныш тапсын. Екі дүниенің
əуресі болғым келмейді!»
Бір топ адам төбеге шыға бастады. Сəлделі шалды орта
жастағы кісі жетелеп келе жатыр. Қапталында əдемі киінген
жігіт ағасы мен келбетті келіншек бар. Артындағы бозбала
мен өрімдей қыз қол ұстасып алған. Əріректегі қалың топ
төбенің етегіне енді жетті.
– Өміржан, кеше мен автобустан түсіріп кеткен қонақ
қайда кетті екен, а? – деді сəлделі шалды жетелеп келе жат-
қан кісі.
– Қайдам? – деді əдемі киінген жігіт ағасы. – Болат, сен
адамды мазасыздандырып қойдың ғой. Түнде аудан орта-
лығынан қайтқаныңда өзіңмен бірге ала келгеніңде болмас
па еді.
– Ауылдың дəл іргесінде түсіргем, адасып кетпеген шы-
ғар?
Өміржан иығын қиқаң еткізді. Кенет:
– Əне, кешегі адам Шұғыла апайдың қабірінің басында
отыр, – деді Болат төбеге шыққанда иегімен нұсқап. – Сол.
Бəрі жалт қарап, қабір басында күбірлеп отырған кісіге
қарай жүре бастады.
Аппақ қарға көміліп, суретке қарап мұңын шағып отыр-
ған шал бұлардың сөзін естіген жоқ...
67
Келе жатқандар мына шалдың кімдігін білуге асыққан-
дай жүрісін жылдамдатты. Ал, Өміржанның жүрек соғысы
жиілеп кетті. Сырлы əлемнің құшағына еніп бара жатқан
сияқты бойын əлдебір мазасыздық билеп алды...
Шалдың күбіріне келе жатқандардың аяқтарының сықы-
ры қосылып, қорымның өлі тыныштығын одан əрі бұза тү-
суде...
Тағдыры тəлкекке түскен шал мен жөргегінен жетімдік-
тің зарын тартқан ұлдың кездесер сəті таяп қалды...
Арғы жағы...
Одан арғы жағында не боларын кім білсін?..
Достарыңызбен бөлісу: |