БАТЫРЛЫҚ ЕРТЕГІ
«Батырлық ертегі» деген термин фольклортану ғылымында
төрт түрлі мағынада қолданылады. В.М. Жирмунский бұл
жанрға Оңтүстік Сібірдегі түркімоңғол халықтарының көне
эпосын жатқызады
11
. Қаһармандық эпостың шығу тарихын
зерттеген Е.Н. Мелетинский «батырлық ертегі» деп угорлар
мен тунгусманьчжур және кейбір Сібір халықтарының әңгіме
түрінде келетін эпостан басқа шығармаларын атайды
12
. Орыс
былиналарының білгір зерттеушісі А.М. Астахова «батырлық
ертегі» түріне халық эпосының батырлары тура
лы кейінгі
замандарда пайда болған ертегі түріндегі шығармаларды жат
қызады
13
. Сонымен қатар бұл жанрға ерлік, қаһармандық
мазмұндағы ертегілерге қосылып жүр
14
.
Қазақтың «Батырлық ертегісі» осы төрт мағынаны түгел
қамтиды. Мұнда аталған төрт түрдің бәрі бар, әсіресе, эпосқа
дейінгі жырдың ертегіге айналған түрлері кең таралған.
Қазақ фольклоры туралы ғылымда бұл жанр жеке алынып
зерттелген емес, сондықтан «батырлық ертегі» деген термин
әлі толық қалыптасқан жоқ. Қазақта мұндай ертегілердің бар
екенін тұңғыш байқаған ғалымакадемик В.В. Радлов. Ол өзі
нің атақты «Түркі халықтары әдебиетінің нұсқалары» атты
жинағының қазақ фольклорына арналған дамында IX бөлімді
«Батыр ертегі» деп атап, оған «Қан Шентей» және «Еркем
Айдар» ертектерін енгізген
15
.
13278
[
194
]
Қазақ ертегілерінің құрамында батырлық ертегілер бар
екенін Мұхтар Әуезов те айтқан. Ол кісі дәл осы терминді
қолданбаса да бұл жанрдың екі тобын дұрыс көрсеткен. «Сол
ертегілердің ішінде, – деп жазды Мұхтар Әуезов, – ең ескірегін
алсақ, бұрынғы ескі нанымды білдіретін жалмауыздар ара
ласқан ертегі мен кәсіп ертегілері болады. Кәсіптік ер тегілерге
өте көп кіретін аңшылық өте ескі ертегілер «ЕділЖайық»,
«Құламерген» сияқтылар болса, мұнда тау, елсіз өзендерде
жападанжалғыз мекен еткен батыр аңшылары әңгімеге
кіреді»
16
. Мұқаңның бұл айтып отырған ертегіле рі – ең көне
екені рас. Ол хикаядан, бір жағы, қиялғажайып ертегіге,
екінші жағы, батырлық ертегіге айналады. Басқаша айтқанда,
«ЕділЖайық», «Құламерген» сияқты шығармалар – ар
хаикалық батырлық ертегінің негізін қалаған хикаялар.
Мұхтар Әуезов көне батыраңшылар туралы әңгімемен бірге
кейінгі замандарда туған «батыр әңгімелер» бар екенін айта
келіп, былай деп жазады:
«Қазақ ертегілерінде жоғарыда айтылған ескі түрлерінен
басқа, берірек заманда шыққан жаңарақ әңгімелер де бар.
Мәселен, өлең өлшеуіне түскен батырлар әңгімелерінің бар
лығы ертегі болып кеткен, батыр әңгімесін көп құмартып
тыңдайтын болғандықтан ел қиялы бергі замандардың
батырларын да ертегінің қаһарманы қылып әкеткен»
17
. Сөйтіп,
оқыған бұл жерде батырлық ертегінің екінші тобын, яғни
жыр дан туған ертегілерді айтып отыр. Бұл – кейінгі XVIII–
XIX ғасырларда болған процесс. Мұхтар Әуезовтің «берірек
заманда» деп отырғаны сол.
Мұхтар Әуезовтің бұл пікірі кейінгі зерттеулерде толық
дәлелденді. Батырлық ертегілерді қарастырған Е. Костюхин
де, С. Қасқабасов та қазақ халық прозасының бұл жанры екі
топтан тұратынын, оның бірі көне дәуір тумасы да, екіншісі
кейінгі ғасырлардың туындысы екенін көрсетті
18
.
Батырлық ертегілердің басты тақырыбы – ерлікпен (қа
һармандық) үйлену, неше түрлі құбыжықтармен, адам же
гіш жалмауыздармен соғысу, рудың, елдің намысын қорғау.
Қаһармандық үйлену болашақ батырдың өзіне қалыңдық іздеп
ұзақ жолға сапар шегумен байланысты болып келеді. Бұның
арғы түп негізінде өз руластарының ішінен қыз алуға тыйым
[
195
]
салатын экзогамия заңы жатыр. Оның үстіне, көне заманның
эндогамия заңы бойынша болашақ батыр тек тиісті ғана ру
дан қыз алуға міндетті. Міне, осы қызды іздеп ол алысқа
аттанады. Ұзақ сапарда ұшырасып оның жеңетін неше түрлі
мақұлықтары сөз жоқ, ерте кездегі адамдардың табиғат күштері
туралы түсінікпайымдарын көрсетеді. Қиялғажайып ертегіге
қарағанда мұнда қаһарман тек құбыжық, жалмауыздармен
ғана қақтығысып қоймайды, ол тарихи реальді жаулармен де
соғысады, соның бәріне ол жалғыз өзі жүреді.
Батырлық ертегі – өзінің стадиялық тегі жағынан қиял
ғажайып ертегі мен қаһармандық эпос аралығындағы жанр,
ол осы екеуініңе қалыптасуына қатынасқан. Ол ерте заман да,
алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастағанда пайда бо лып, сол
дәуірдегі фольклордың қасиетін бойына мол сіңірген. Түптеп
келгенде, батырлық ертегінің бір бастауы көне миф пен хикая,
ал екінші өзегі – қиялғажайып ертегі
19
. Соған қарамастан,
ол өз бетінше, өз жолымен қалыптасып, дамыған. Батырлық
ертегіде жеке адамның рулық коллективтен дараланып шыға
бастағаны және ол өзін жеке адам ретінде сезіне бастағаны
көрініс тапқан. Табиғатқа толық тәуелді «әйтеуір бір адамнан»
басқа, керемет күш пен қасиеттердің иесі – алып батыр тұлғасы
пайда болады. Ол – алып батыр ғана емес, небір сиқыр сырлар
ды білетін ерекше адам, сол себепті ол өзінің ісәрекеттеріне
аруақ тарға емес, қара басының қасиетіне, білегінің күшіне
сенеді. Егер қиялғажайып ертегілерде кере мет көмекшілер
дәріптелсе, мұнда елден асқан батыр мадақталады, оның күші
мен қимылы, ерлігі әсірелене баяндалады.
Батырлық ертегілердің тақырыптық диапазоны сонша
лықты кең емес. Мұнда екі сала (топ, цикл) бар. Бірі – болашақ
некелік сынақтан (брачное испытание) өтуі: қыздың немесе
әкенің қиынқиын тапсырмаларын орындау, балуандық пен
мергендік сыннан сүрінбей өту, жаяу жарыста жеңіп шығу, т.т.
Екіншісі – әр түрлі ғажайып мақұлықтармен және жау елдің
қолымен соғысу. Осы екі тақырыптық цикл кейін қаһармандық
эпосқа көшеді, бірақ онда кейіпкердің бала кездегісі жеке
тақырып болып қалыптасады.
Батырлық ертегілердегі сюжеттің өрілуі осы екі тақырыптық
циклге сәйкес. Яғни бұл жанрдағы шығармалар екі үлкен
[
196
]
бөлімнен тұрады деуге болады. Бірінші бөлім – некелік сы
нақ (немесе ерлікпен үйлену) – қиялғажайып ертегіде бар,
демек, сол жанрда қалыптасқан. Олай болса, бірінші тақырып
стадиялық жағынан екінші тақырыптан бұрын шыққан.
Ал екінші тақырып туған елдің намысын қорғау актуальді
болып тұрғанда пайда болған, яғни қаһармандық эпостың аз
ақ алдында, немесе сонымен бірге қалыптасқан. Сол себепті
бұл тақырып екі жанрға бірдей ортақ. Батыр лық жыр барлық
жанрдан басым түскенде бұрынғы ертегідегі аңшымерген енді
батырға айналады.
Батырлық ертегінің стилі де өзіндік белгілерімен сипат тала
ды. Мұнда асықпай баяндау басым, бірақ эпикалық тыныс бар.
Батырдың жаумен айқасы шабытты түрде баян далады. Осы
қасиеттері мен тақырыбы (ерлік пен үйлену, жаумен соғысу,
мақұлықтармен шайқасу) батырлық ертегінің қаһармандық
эпосқа барынша жақындатады. Қаһармандық эпостағы батыр
дың образы, оның мезетіндегі ерлік пен қайсарлық, сөз жоқ,
батырлық ертегінің негізінде дамиды. Халық прозасының бұл
жанры батырлар жырының, яғни эпос жанрының аса маңызды
қайнар көзі, көп бұлағының бірі.
Алайда, қаһармандық эпоспен салыстырғанда, батырлық
ертегіде оқиғалардың баяндалуы кең құлашты эпикалық
түрде емес, ерлік істердің пафосы батырлар жырындағыдай
коллективтік, бұқаралық сипатта болмайды. Мұнда ел тағ
дыры, коллектив (тайпа, халық) өмірі қаһармандық эпостағы
деңгейде әңгімеленбейді.
Қазақтың батырлық ертегілері шығу тегі мен сюжеттің си
патына қарай үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші топта көне (ар
хаикалық) батырлық ертегілер де, екінші топта кейінгі дәуірде,
XVIIIXIX ғасырларда жырдан туған ертегілер.
Архаикалық батырлық ертегінің сюжеті кейіпкердің бүкіл
өмірбаянын қамтиды: а) пролог, яғни кейіпкердің туу тарихы;
ә) кейіпкердің үйлену тарихы (некелік сынақтан өту); б) кейіп
кердің үйленгеннен кейінгі өмірі (жаумен соғысы, оны жеңуі,
қартаюы, т.т.)
Екінші топтағы ертегілердің сюжеті мұндай кең емес, яғни
биографиялық цикл түгел болмайды. Бұл ертегілердің негізгі
тақырыбы – рулар мен тайпалар, қалмақтар мен қазақтар
[
197
]
арасындағы ұрыс, жанжал, бір ру батырының екіншіден кек
алуы. Кейде ертегі сюжеті кейіпкердің ұрпағы туралы эпи
логты да қамтиды. Екінші топты құрайтын ертегілердің
дені – батырлар жырының прозалық түрі. Бірақ кейбірі батыр
жырының мазмұнын түгел қайталамайды, олар ба сқа, қосымша
оқиғалармен қаһармандық эпостың сюжетін толықтыра түседі.
Ал енді біреулері қиялғажайыптан батырлық ертегіге, әйтпесе
батырлық ертегіден эпосқа айна лып үлгермеген шығармалар.
Мұнда кейіпкер тек құбыжықтармен ғана кездеседі я болмаса
дұшпан елдің батырымен шайқасады.
Енді аталған екі топқа кіретін бірнеше ертегілерді талдап,
сипаттап кетейік. Қазақ батырлық ертегілерінің ішіндегі ең
көнелерінің бірі – «Керқұла атты Кендебай». Бұл ертегінің
сюжеті – кейіпкердің өмірбаяны да, тақырыбы – ерлікпен
үйлену және жаудан кек алу. Демек, бұл – нағыз классикалық
түрдегі көне ертегі. Осы ойымызды ертегінің мына белгілері
толық дәлелдейді.
Біріншіден, көне батырлық ертегіге тән қаһарманның тууы
мен ғажайып өсуі: «Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті;
алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті; алты жылда алып
жігіт болыпты», – дейді ертегі.
Екіншіден, бала кезінен өте күшті асқан мерген болып, ке
ремет ерлік көрсетеді: «алысқанын алып ұра беріпті, күрес
кенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атанды жалғыз
тартып шығара беріпті, көкжалды құйрығынан ұстап алып,
бұлғапбұлғап лақтырып кеп жіберіпті».
Үшіншіден, батырға лайық керемет аттың туып, өте жыл
дам өсуі. Ол адамша сөйлей біледі, алдағыны болжап, өткенді
бі ліп отырады. Желден де, құстан да жылдам, ақылды да
айлалы ат – кейіпкербатырдың жан серігі.
Төртіншіден, батыр – ел намысын қорғаушы. Ол тыныш
жатқан елді шауып кеткен ханның еліне барып, оның қиын
тапсырмаларын орындап, тұтқынға түскен халқын, малын
алып қайтады.
Бесіншіден, ол кәдімгі батырға лайық ерлікпен үйленеді,
яғни ертегіге тән «қаһармандық үйлену» салтын орындайды.
Алтыншыдан, батыр жеті басты дәумен де, алып арыстанмен
де, жәдігөй сиқыршы жалмауыз кемпірмен де жалғыз өзі
шайқасады, оған бұл жерде ешкім жәрдем етіп, араласпайды.
[
198
]
Міне, бұл – батырлық ертегі жанрының ең басты белгілері.
Бұл жанрдың тағы да басқа қасиеті бар. Олар сюжет пен
көркемдікке қатысты болғандықтан осы еңбектің келесі та
рауында қарастырылады. Бұл жерде осы ертегінің сюжеттік
желісін ғана талдап кетуді мақұл көрдік. Сюжеттің схемасы
мынадай:
I. П р о л о г
1. Кейіпкердің атаанасы туралы баяндау.
2. Болашақ батырдың тууы, жылдам өсуі, алғашқы ерлігі.
3. Батырға лайық аттың тууы, өсуі.
II. Б а с т а л у ы
1. Кендебайдың жетім балаға жолығуы, шапқыншылық
жайлы естуі;
2. Кендебайдың алты аққумен тілдесіп, айқасуы.
III. Н е г і з г і о қ и ғ а
1. Тұтқынға түскен Мергенбай батырды іздеуі:
а) Керқұлаға тіл бітіп, оның батырға берген кеңесі;
ә) Мергенбайды шапқан ханның еліне келуі;
ә
1
– ханның сиыршысын жіберіп өзі малшы болуы;
б) – алтын құйрықты құлынды іздеп шығуы;
б
1
– Керқұланың от дариясынан алып өтуі;
б
2
– Үлкен аралдағы (Самұрық құстан) тоғыз құлынды алып
қашуы;
в
3
– жолда 7 басты дәуді, алып арыстанды, жалмауыз
кемпірді өлтіруі;
в
4
– алтын құйрықты құландарды ханға тапсыруы;
в
5
– хан жеті басты дәуді, арыстанды, жалмауыз кемпірді
өлтіруді талап етуі.
2. Разы болған ханның тұтқындағы Мергенбайды, адам
дарды, малды босатуы.
3. Хан кіші қызын Кендебайға қосуы, той қылуы.
IV. Соңы.
1. Кендебай еліне келіп ұлы той істеуі.
Міне, бұл батырлық ертегіге тән сюжеттік схема, рас ара
тұра өзгерістер болуы мүмкін: кейде бастама болмай қалады
немесе оған пролог қосылып кетеді. Негізгі оқиға қосымша
[
199
]
мотивтер, эпизодтармен толықтырылуы ықтимал. Бірақ қалай
болғанда да осы схема толық сақталады.
Ал енді «Керқұла атты Кендебайда» бір ғана сюжет баяндала
ма? Жоқ. Мұнда сюжеттің желі бірыңғай дамымайды, бір ізбен
жүрмейді, яғни ертегіде екі сюжет бар және ол екеуі бірбірінен
шықпай, кірігіп тұр. Бірінші әрі басты сюжет – Кендебайдың
тұтқын болған елді іздеп, жау ханнан оларды босатып алуы.
Ал осының ішіне жеке сюжет енген: елді шапқан жау хан
ның шаруасын (тапсырмасын) тындыру. Шынтуайттап кел
генде, бұл – өте көне сюжет, тіпті осы ертегіні көнелендіріп
тұрған да осы. Бұл сюжет болмаса Кендебай жау елді тауып
алып, шайқасқа түсіп, олар ды ойсырата жеңіп, тұтқындағы
халқын босатып алар еді. Ал мұндай сюжет желісі кейінгі
дәуір ертегілеріне тән. Оның үстіне, жаңағы қосымша (екінші)
сюжеттегі эпизодтар мен мотивтер бұл ертегіге қиялғажайып
тық та сипат беріп тұр, себебі олар көне хикая мен қиялға
жайып ертегілердің компоненттері. Бұл заңдылықты көне ба
тыр лық ертегілерінің бәрінен көруге болады.
Осындай ертегілердің бірі – «Ер Төстік». Мұнда бәрі бар.
Алдымен бас кейіпкер Төстіктің өзін алайық. Оның туып
өсуінің өзі ерекше: «Бір айда бір жастағы баладай, үш айда үш
жастағы баладай, бір жылда он бестегі жаңа өспірімдей болып,
екі жасында алысқан кісілерін алып ұратын бала болады.
Садақ тартып үйренеді, тартқан садағын тоғыз қабат кетпеннен
өткізеді».
Төстікке жан серігі Шалқұйрық та парапар. Ол – әрі жүй
рік, әрі адамша сөйлейді, неше түрлі сиқырды біледі, бо
лашақты болжайды. Төстіктің шамасы келмейтін қиын істерді
Шалқұйрық атқарады.
Мазмұны мен сюжет желісіне, кейіпкердің функциясына
қарағанда «Ер Төстік» – ең ескі ертегі. Алдымен айтатын
нәрсе: бұл сюжеттің түп төркіні алғашқы қауым кезінде болған
ер балаларды кәмелеттік сынақтан өткізу (обряд ини циации)
салтына меңзейді. Әкесінің Төстікті жалмауыз кемпірге беруі,
оның баруы, одан қашып жүріп, жер астына түсіп кетуі, онда
небір ғаламат оқиғаларды басынан кешіруі мұның бәрі сол
ғұрыптың елестері
20
.
[
200
]
Бұл ертектің көнелігінің тағы бір белгісі – батырдың
жер астына түсіп, бірнеше патшалықты аралауы, оған Көл
тауысар, Желаяқ, Таусоғар сияқты әр түрлі ғажайып кейіп
керлердің жолдас болып, қайтар жолда өз мекендерінің ше
карасынан әрі қарай шықпай қалып қоюы. Мұның бірі көне
замандағы шамандық наным бойынша басқа үш әлемді
(аспанды, жерді, жер астын) шарлай алады деген түсінікпен
байланысты. Бұл туралы В.М. Жирмунский былай деп
жазады: «Аталмыш ертегілік сюжеттің негізінде кейіпкердің
о дүниеге, өлгендер патшалығына барып қайтуы туралы көне
мифологиялық түсінік жатыр. Бұл типтес сюжеттер алтай
батырлық ертегілеріне тән және түркі халықтарының ескі
шамандық нанымымен байланысты»
21
. Ал қазақтың көне
батырлық ертегісі Сібірде тұратын алтай, шоры, хакас, тува
сияқты халықтардың ертегілік эпосымен туыстас. Олардың
ұқсастығы тақырыбында ғана емес, ертегілердің сюжеті мен
мазмұнында, кейіпкерлерінде. Осы ойымызға орай айтылған
В. Жирмунскийдің мына бір сөзін келтіре кетейік. Ол былай
деп жазады:
«Батырлық ертегідегі сюжеттер мен мотивтердің архаика
лық сипаты бұл жанрдың көне екенін, Орта Азиядағы көшпенді
түркі халықтарының ежелгі дәуірінде, қазақ халқының жеке
тарихи өмірінен бұрын пайда болғанын көрсетеді. Алайда,
халықтың әрі қарай тарихи дамуы жағдайында қазақтың
батырлық ертегілері рулық және тайпалық аңыздармен, Та
ласпай мерген туралы ертегідегі Қобыланды сияқты ертегіге
енген батырлардың аттарымен немесе қазақ халқының тарихи
жауларының есімдерімен байланыстыратын тарихтық сипат
алған»
22
.
Расында да, қазақ батырлық ертегілерінің екінші тобында
рулар мен тайпалардың, тарихи адамдардың аттары кездеседі,
кейбір тарихи оқиғалардың эпизодтары баяндалады. Мұндай
ертегілердің көбісі қаһармандық эпостың әсерімен пайда
болған немесе жырдың өзінен туған. Мысал үшін сондай бір
екі ертегіні қарастырайық.
«Әлеуке батыр мен оның ұлы Орақ».
Бұл ертектің тақырыбы қазақ пен қалмақтардың жауласуы,
ал мазмұны түгелімен осы екі халықтың соғысына құрылған.
[
201
]
Ертектің сюжеттік желісі ұзақ, бірнеше ішкі (ұсақ) сюжеттен
тұрады, сонымен бірге сюжет бірнеше стадиялық қатпарды
қамтиды. Сюжеттің схемасы мынадай:
І. П р о ло г
1. Әлеукенің 9 баласы қалмақтармен соғыста қаза табады.
2. Баласыз қалған Әлеуке әулиеәнбиелерді аралап, тәңірден
бала сұрайды. Түсінде оған Баба Түкті Шашты Әзіз әйелің бір
ұл, бір қыз табады деп аян береді.
3. Дүниеге Орақ пен Қарлығаш келеді.
II. Н е г і з г і о қ и ғ а
1. Әлеукенің Әліби деген досы жаудан кек алуға аттанады.
2. 7 жасар Орақ бірге шығады.
3. Ол қалмақ қолымен жалғыз соғысады.
4. Орақ алданып түтқынға түседі:
а) қалмақтар оны зынданға салып тастайды: содан кейін
аралға апарып тастамақ болады;
ә) Ораз қайықтағы қарауылды суға лақтырып, аралға
шығады;
б) елсіз аралда өлермен болған Ораққа Баба Түкті Шашты
Әзіз Қарақұс бейнесінде келіп, оны еліне апарып салады.
5. Орақтың елін Қодар құл билеп алған. Орақ Қодарды
көштіріп, елін жауыздан құтқарады.
6. Қалың қолмен қалмаққа барып, жалғыз өзі бәрін қырады,
9 ағасын өлтірген қалмақ батыры Көбіктіні жекпежекте
жеңеді, онымен достасады.
III. А я қ т а л у ы
Жауды жеңіп келген Ораққа әкесі тағын береді.
Міне, бұл ертегінің сюжеттік желісі жалпы батырлық ерте
гінің сюжеттік схемасынан алшақ емес, көне батырлық ертегі
мотивтері де ұшырасады (перзентсіз кәрі атаана, бо
лашақ
батырдың кереметпен тууы, оны елсіз аралдан Қа рақұстың
алып шығуы), қаһармандық эпостың да дәстүрі бар (қалмақпен
соғыс, тұтқынға түсу, Баба Түкті Шашты Әзіздің көмегі, ағала
рының кегін қайтару).
Жалпы, бұл ертегіде батырлық жырдың әсері басым және
айқын сезіледі. Ертегінің мазмұнына қарағанда, бұл бір кез
де жыр болған болуы керек. Демек, «Әлеуке батыр мен оның
[
202
]
ұлы Орақ» – жырдың батырлық ертегіге айналған үлгісі.
Олай дейтін себебіміз: біріншіден, эпосқа тән генеалогиялық
цикл бар (алдымен кейіпкердің 9 ағасы туралы айтылып, олар
орындай алмаған істі Орақ жүзеге асырады); екіншіден, ертегі
бірден жаугершілікпен басталады, ал жауы – қазақтың тарихи
реальді жауы (қалмақ); үшіншіден, жеті жасар Орақтың жауға
аттануға дайындалуы, оған қарындасының ат таңдауы, жас
Орақтың қалың жау қолымен жалғыз соғысуы; төртіншіден,
Орақтың жау қолына түсуі; бесіншіден, батыр жоқта құлы
тақты тартып алып, қарындасын алмақ болуы, Орақтың келіп,
оны жазалауы; алтыншыдан, тұтқыннан босаған Орақтың
қайтадан қалмақты шабуы. Міне, осының бәрі – қаһармандық
эпостың жанрлық сипатын көрсететін белгілер.
Бұл ертектің жырдан пайда болғанына тағы бір дәлел –
кейіпкерлердің есімдері: Көбікті – «Қобыландыдағы» қал
мақ ханы, әрі батыры; Қодар – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу
дағы» тоқсан құлдың басшысы; Қарлығаш – Алпамыстың
қарындасы. Ал Баба Түкті Шашты Әзіз – қаһармандық эпостағы
батырлардың пірі. Ол туралы бірнеше дерек бар. Бір деректерге
қарағанда, оның есімі – Баба Түклас. Оның әкесі – Керемет Әзіз.
Баба Түкластың өзі Меккеде патша болған. Енді бір деректер
бойынша, Баба Түкті Шашты Әзіз – Ахмет Иасауидың арғы
бабасы, ислам діні Орта Азияға тараған кезде жасаған кісі,
Қорқыттың замандасы (VIII–IX ғғ). Тағы бір мәлімет бойынша
Баба Түкластың баласы ЕділЖайыққа дейін келген, оның
ҚұтлуҚия де ген ұлынан Едіге туған
23
.
Ал аңыз бен мифтердің айтуы бойынша, Баба Түкті Шашты
Әзіз – Баба Омар Әулиенің баласы, 25 жасынан бастап неше
түрлі керемет жасайтын болған. Бірде Аргон өзенінің бойында
дәрет алып отырып, ол кебін шешіп тастап суға түсіп жатқан
аққуды (кейде үш кептерді, үш періні, шашын алтын тарақпен
тарап тұрган сұлу қызды) көреді де, біреуінің кебін (киімін)
тығып кояды
24
. Екі үлкен қыз кебін киіп ұшып кетеді, ал кішісі
амалсыздан Баба Түкті Шаш ты Әзізге тиеді, бірақ ол мынадай
үш түрлі шарт қояды: «Шашымды тарағанда, менің басыма
қарама, көйлегімді шешкенде, қолтығыма қарама, кебісімді
шешкен кезде аяғыма қарама!» – дейді. Бірақ үйленген соң Баба
Түкті Шашты Әзіз бұл шартты бұзып, қарап қояды. Қараса,
[
203
]
әйелінің шашының арасынан миы көрініп тұр, қолтығының
астынан өкпесі көрініп тұр, ал аяғы – құстың аяғы сияқты.
Шарттың бұзылғанын сезген әйел ұшып кетеді, сөйтіп Баба
Түкті Шашты Әзіз өмір бойы әйелсіз өтеді
25
.
Баба Түклас, яғни Баба Түкті Шашты Әзіз бұрынғы кезде
әулие саналған. Меккеге қажылыққа барушылар ең алды
Мұхаммедтің, онан кейін әль МутазыСейіттің, содан соң осы
Баба Түкластың қабіріне барып, тәуеп ететін болған. Алай
да, қазақтар оның қабірі Меккеде емес, Қазақстанда деп
білген. Дәлірек айтқанда, оның күмбезі Қаратаудың сол
түстікшығыс жағында, Қызылкөлдің жағасында, бұрынғы
Құмкент қаласының оңтүстігіне қарай бір шақырымдай жерде
орналасқан. Қарахан заманында салынған Баба Түкті Шашты
Әзіздің күмбезі қирап, оның орнына жаңа күмбез салынған.
Рас, бұл бұрынғысындай сәулетті емес, қапайым түрде
жасалған шағын, асты төрт бұрышты, үсті фар тәрізді домалақ
күмбездің кірер есігі оңтүстік жақта. Алайда, Баба Түкті
Шашты Әзіз мұсылман әулиесі деп саналғанмен, күмбездің
ішінде сақталған аттың, қошқардың, бураның бастары, тас
қайрақ, жады тас оның исламнан бұрынғы тәңірлерге табынған
шамандық салтсанаға жақын болғанын көрсетеді
26
.
Фольклордағы Баба Түкті Шашты Әзіздің образы мұ
сылман дінінен бұрынғы шаман образымен туыс екенін
кезінде В.М. Жирмунский де айтқан: «Баба Түклас, – деп
жазады ол, – Қорқыт секілді мұсылман дәуіріне дейінгі көне
шаман екені күмәнсіз»
27
. Бұл пікірдің дұрыс екеніне біз қиял
ғажайып ертегілерді зерттеген кезде көз жеткізген бола
тынбыз
28
.
Бұдан шығатын қорытынды мынадай: Баба Түкті Шаш
ты Әзіздің образы қаһармандық эпосқа көне хикаядан не месе
қиялғажайып ертегіден ауысқан, тек онда ол образ керемет
көмекші ролінде көрінген, ал қаһармандық эпосқа келгенде
ол функциясын әлдеқайда кеңейткен, жәрдемшіден адамның
ке ремет болып тууына, оның әрі қарайғы тағдырына әсер ете
алатын мұсылман әулиесіне айналған. Сөйтіп, бұрынғы шаман
жәрдемші енді мұсылман әулиесі, батырлардың пірі Баба түкті
Шашты Әзіз болған, сол күйінде батырлық ертегіге еніп, осы
жанрдың тұрақты образдарының бірі болып кеткен.
[
204
]
Кейінгі дәуірлерде туған батырлық ертегілердің бірі –
«Таласпай мерген». Оның қаһармандық эпоспен байланысы
жоғарыда талданған «Әулеке батырдан» да тығыз. Бірақ соған
қарамастан мұнда көне батырлық ертегінің элементтері көп.
Ертегі бірнеше сюжеттен құралған: 1) Қобыланды мен Қа
раманның шайқасы, Қараманның опат болуы; 2) таланған
елдің жұртында кішкентай Таласпай мен кәрі шалдың, тай дың
аман қалуы, аққулардың шалды сүйреуі, оларды Талас пайдың
іздеуі; 3) Таласпайдың үш аққудың еліне келуі, малшыны
өлтіріп, тазша кейпіне енуі, ханның кіші қызы
на үйленуі,
қайын атасының тапсырмаларын орындауы; 4) алып Қарақұс
тың жаңа туған құлындарды ұрлауы; 5) құ лындарды іздеген
жолда өрттен жыланды құтқаруы, одан жанжануарлардың
тілін үйренуі; 6) Қобыландының елінен кек алу үшін жорыққа
шығуы, онымен достасуы; 7) әкесінің кегі үшін Қосайдың
Қобыландыны өлтіруі; 8) Таласпайдың Қосаймен соғысуы,
артынан достасуы; 9) Қарақыпшақ еліне көшіп барып, хан
болуы.
Сюжеттік схемадан көріп отырғанымыз: 3ші және 4ші
сюжеттердің көне батырлық ертегіден екендігі. Оның үстіне
мұнда қиялғажайып ертегілердің де белгілері кездеседі.
Мысалы, Алып Қарақұспен кездесу мотиві, өрттен қашқан
жыланға жәрдем етіп, одан керемет қасиет алу сюжеті жал
мауыз кемпірдің қайырымды болып көріну эпизоды – бұлар
қиялғажайып ертегілерін даралайтын жанрлық ерекшеліктер.
Алайда, осының бәріне қарамастан, «Таласпай мергенде»
қаһармандық эпостың компоненттері айрықша. Мы
салы,
ертігінің ә дегеннен жаугершілікпен басталуы, батырлардың
өз руларының атынан соғысуы, бірбірінен кек алуы, жеңілген
батырдың достықты ұсынуы, т.т. Ал батырлардың жекпе
жегі кәдімгі эпостағыдай суреттеледі: олар алдымен атысады,
содан соң шабысады. Одан ештеңе шықпаған соң, найзамен
соғысады, бұл жолы да бірінбірі жеңе алмайды. Ең ақыры
аттан түсіп, жаяу күреседі. Жеті күн, жеті түн алысқаннан
кейін ғана біреуі жеңеді.
Ертегідегі кейіпкерлер түгелімен дерлік – қаһармандық
эпостың батырлары: Қобыланды, Қараман, Ер Көкше, Ер
Қосай. Бұлардың тарихта болғандары да мәлім. Демек, «Та
[
205
]
ласпай мерген» ертегісінде тарихи элементтер бар. Мұнда баян
далатын батырлар қақтығысынан, әскери жорық пен ұрыс
тардан XIVXVI ғасырлардағы феодалдық дүрбелең мен шет
жауларға қарсы соғыстың тынысы сезіледі. Қаһармандық эпос
ширатқан сюжеттік линияны дамыта отырып, ертегі эпикалық
батырлардың тарихын тәмамдап шыққан, яғни биографиялық
және генеалогиялық циклді толық сақтаған: батырдың өмірін
түгел қамтыған және әке кегін бала алған, аға кегін іні алған.
Рулар қақтығысы мен кек қайтару тақырыбы «Ер Көкше
мен оның ұлы Ер Қосай» ертегісінде барынша толық дамыған.
Қақтығысқа мұнда да эпикалық қаһармандар қатысады.
«Таласпай мергендегідей» бұл ертегі де Ер Қосайдың қарақып
шақ Қобыландыны жеңуімен аяқталады. Әйелін құтқару
үшін Ер Қосайдың жапалаққа айналатын жері болмаса, мұнда
фантастикалық элемент шамалы ғана, ал көптеген ұрыстар мен
жекпежектер, руаралық тартыстар бірінші орынға қойылады.
Эпикалық қаһармандар қатынасатын ертегілердің көне
батырлық ертегілерден айырмашылығы сол – мұнда руаралық
тартыстар тақырыбы ерекше орын алады. Бұл кездейсоқ
емес. Өйткені мұндай жұмыстар патриархалдырулық қаты
настардың ыдырау процесі күшейіп, феодалдық қоғамға көшу
жағ дайында жиі болып тұрған.
Батырлық ертегілер қиялғажайып ертегілердің көркемдік
жүйесінің көптеген қасиеттерін өзіне қабылдаған, бірақ сөйте
тұра, қаһармандық эпостың да бейнелеу құралдарын бойына
сіңірген. Бұл жанрдың халық прозасының басқа жанрларынан
айырмашылығының бірі – кейіпкерлердің белсенділігі мен
күштілігі. Аса күшті әрі тапқыр болғандықтан ол сиқырлы
күш
тердің көмегіне сирек сүйенеді. Батырлық ертегінің
қаһарманы – эпикалық қаһарман, оның ерлік істері қиял
ғажайып ертегілеріндей сиқырлы көмекшілерсізақ жасалып
жатады.
Қазақтың батырлық ертегілерінде Шығыс пен Батыс халық
тарының эпикалық шығармаларында кездесетін ситуациялар
мен сюжеттік формулалар мол. Бұл бірлік ауыстүйістің
салдары емес. Әр елдегі батырлық ертегілер мен қаһармандық
эпостардың ұқсастығы қоғамдық дамудың типологиялық
сипатынан. Бұл сияқты көп елге ортақ жағдайларға қаһар
[
206
]
манның таңғажайып жағдайда тууы мен оның туысыменақ
болашағын таныта бастауы жатады.
Батырлық ертегілердегі қаһарманның айнымас серігі мен
көмекшісі – ат. Көшпелі тұрмыс жағдайындағы түрік пен
моңғол халықтарының батырлық ертегілерінде адал көмекші
ретінде атқа айрықша орын беріледі. Ұшып бара жатқан құс
тарды тісімен қағып түсіретін, «алты айлы жолды алты ат
тайтын», желден жүйрік жануар, тамаша тұлпар Керқұла
ержүрек иесі Кендебайға қапысыз қызмет етеді. Ер Төстіктің
Шалқұйрығы бұдан асып түспесе, кем емес. Мұндай ғажайып
аттар адамша сөйлейді де.
Батырлық ертегілердің қаһармандық эпоспен байланысы
олардың рухы мен сюжеттік оқиғаларының бірлігінде ғана
емес, баяндау мәнерінде де. Тіпті әрбір батырлық ертегіде
дерлік жырға жақын өлеңмен берілетін эпизодтар кездеседі.
Әдетте ол қаһарманның достарымен, не қастарымен айтысатын
диалогі болып келеді. Мәселен, қойшы бала жүрген алқапқа
арнайы ұшып келген алты қаз Кендебайды былайша іздейді:
Достарыңызбен бөлісу: |