Бағдарламасы бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет38/60
Дата28.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#63408
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60
ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІ
Қиял­ғажайып ертегілер – қазақ ауыз әдебиетіндегі көне 
жанрлардың бірі. Оның шығу мезгілі – алғашқы қауымдық 
қоғам дәуірі. Сондықтан ертегінің бұл түрінде адамзаттың 
ертедегі өмірінің көптеген белгілері сақталған. Мысалы, мат­
риархат заманына тән аналық ру мен көптеген әдет­ғұрып­
тардың көріністері (дуальдық ұйым, аналық мекен, аналық 
неке, кувада, авункулат, т.т.) – ерте заманғы анимизм, то­
темизм, магия сияқты діни нанымдар мен сенімдер. Бірақ көне 
дәуірдің бұл көріністерін кейінгі заманда халық тек қиял ғана 
деп түсінген. Сол себепті де ертекшілер әңгімесін «ерте уақытта 
болған» деп ескертеді.
Қазақтың қиял­ғажайып ертегілері жанрлық жағынан 
біркелкі емес, оның құрамында алғашқы қауымға тән қара­
пай 
ым әңгімелер, батырлық ертегілер кездеседі, сондай­ақ 
тұрмыс­салтты авантюралық шығармалар да ұшырасады. Де­
мек, ертегінің бұл түрі жанр жағынан синкретті. 
Айтылған жанрдың сюжетіне, поэтикасы мен құрылысына 
батырлық жыр үлкен ықпал еткен. Көптеген қиял­ғажайып 
ертегілерінің сюжеттік желісінде батырлар жырындағыдай 
тұрақты прологтар мен эпилогтар бар. Әдетте, сюжеттің про­
логында ертегі қаһармандарының ата­анасы мен оның тууы 
туралы баяндалады: қартайғанша перзент көрмей, қубас 
аталған кемпір мен шал Құдайдан бала сұрап, әулие­әмбие­
лердің басына түнеп, жалбарынады. Кемпір­шалдың тілегі 
қабыл болып бір бала туады. Ол – ертегінің бас кейіпкері, 
батыр, ержүрек жауынгер. Ал бас қаһарман ту ралы әңгіме 
біткен соң негізгі сюжетке жалғасатын эпилог та кейіпкер 
мен оның жанындағылардың әрі қарайғы тағдыры сөз етіледі. 
Эпилогтағы бас кейіпкер, көп жағдайда, негізгі сюжеттегі 
қаһарманның баласы немесе інісі болып келеді. Ол ендігі жерде 
ағасы, не әкесі бастап, үлгіре алмай кеткен істі тындыруға тиіс.


[
189
]
Қазақ қиял­ғажайып ертегілерінің сюжеттік құрамы да 
әр алуан. Атап айтсақ, онда барлық халықтың өзі шығарған 
халықаралық сюжеттер, бізге басқа халықтардан ауысқан 
және тек өзімізге тән сюжеттер бар. Бұл кездейсоқ емес. Қазақ 
халқы сахарада жеке, дара ғұмыр сүрген жоқ. Ол өмір бойы 
басқа халықтармен қоян­қолтық аралас, тығыз қарым­қа ты­
наста.
Ерте заманда туып, көне дәуірдің көріністерін сақтап кел­
се де, қиял­ғажайып ертегілер халқымыздың тұрмысын, 
салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Әрине, өмір 
шындығын қиял­ғажайып ертегілер тікелей, сол қалпында 
емес, эстетикалық тұрғыда алып көрсетеді. Өмірдегі тартыс­
тар, болмыс­көріністер, адамдардың қарым­қатынасы бәрі 
халықтың эстетикалық рухында түзіледі.
Сөз болып отырған ертегілердің бас қаһарманы, эстетика­
лық мұраты – халық идеалы. Ертегі тек халық мұратын 
мадақтайды. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары аңшы­
мерген, жауынгер­батыр, кенже бала, тазша және басқа 
әлеу меттік теңсіздіктегі бұқара өкілі. Бұлардың бәрі халық 
арма нынан әр кезде туған идеал кейіпкерлер, яғни идеал – 
тарихи құбылыс. Ертеде, ол табиғаттың дүлей күштерімен 
алысып, күнделікті өмір үшін аң­хайуанаттармен күрескен 
кезде, халықтың арманы, идеалы – соларды жеңетін балуан
күшті батыр, мерген болды. Ертегіде ол – неше түрлі ғажайып 
тажалдармен соғысып, жеңіп шығатын аңшы­мерген.
Кейінгі дәуірде, адамзат рулық қоғамға көшкенде халықтың 
идеалы өз руын бөтен елден, шапқыншы жаудан қорғайтын 
жауынгер батыр болды. Бұл бейне қазақ ертегілерінің біразын­
да кездеседі. Рулық қоғам ыдырай бастағанда – идеал басқа. 
Енді ол – ыдырап бара жатқан қоғамның дәстүрін қолдаушы, 
ата жолын қуушы. Ол қазақ өміріндегі қара шаңырақтың 
иесі – кенже бала. Біздің көп ертегілерімізде бас кейіпкер осы 
кенже бала болып келеді.
Қоғамда әлеуметтік теңсіздік шарықтау шегіне жеткен 
кезде ертегі идеал етіп, мадақтайтын бейне – әлеуметтік тең­
сіздіктегі бұқара өкілі, жәбірленуші, жапа шегуші. Бұл кезде 
қиял­ғажайып ертегілер өмірге тікелей жақындап, толық 


[
190
]
бұқараланады, бұқара арманын дәріптеп, халық мұратын эс­
тетикалық мұратқа айналдырады.
Айтылған жанрдағы басты тақырып – сиқырлы заттардың 
көмегімен бас қаһарманның небір ғажайыптар мен қиын 
­
дықтарды жеңіп, мұратына жетуі. Мұның үстіне үнемі 
әділеттік жеңіп, зұлымдық әшкереленіп отырады. Ер 
гілер­
дің бұл түрінде дәстүрлі идеялардың комплексі оның ком­
пози циясымен, сюжеттік желілерімен және қаһар ман дардың 
ай 
қын анықталған идеясымен біте қайнасып кеткен. Бұл 
қатаң бірліктен сәл ауытқу қиял­ғажайып ертегісінің мүлдем 
бөтен түрін туғызады. Егер қаһарман барлық күшін сарқа 
пайдаланып, небір қиындықтарды жеңіп шықса, ол батыр 
атағына ие болады да, мұндай қаһарманы бар ертегі өзіндік 
ерекшелігімен дараланатын батырлық ертегілер деп аталады. 
Екінші жағынан, дәстүрлі композициядан ауытқу қиял­
ғажайып ертегілеріне жақын әрі біршама бөтен идеялармен 
байланыстырылады.
Қиял­ғажайып ертегілерінің классикалық типі қаһарманды 
басқа дүниеге аттандыру, ғажайып құралдарды табу, қиын 
тапсырмаларды орындау, құда түсу, жауыз күштерден құтылу 
сияқты композициялық бөлшектерді қамтиды. Ол көбінесе 
қаһарманның үйленуімен және таққа отыруымен аяқталады. 
Ертегілердің классикалық түрі шығыс пен батыс халықтарына 
кең таралған. Қазақтың қиял­ғажайып ертегілері ерекше дара 
тұрған дүниелер емес, оның көптеген сюжеттері дүниежүзіне 
белгілі ертегілердің варианттары болып келеді
10
.
Ертегі әдетте қаһарманның үйден аттануымен басталады. 
Оның себептері әр түрлі: бірде үйірімен жылқы ұрланып
ағайынды жігіттер ұрыны іздеп шығады («Сәрсенғали»), бірде 
мыстан кемпірдің алдын ала ескертуі бұзылып, әкесі оған ұлын 
жіберуге мәжбүр болады («Қаратай»), бірде қаһарманның 
шешесін Алып Қарақұс әкетіп, қаһарман оны іздеуге шығады 
(«Қанбаба»). Басталудың мұндай типтері барынша көне болып 
келеді. Ғажайып образдар арқылы өрнектелген табиғаттың 
жауыз күштері мен адам арасындағы арасалмақтың бұзылуы­
нан сюжет арқауы тарқатылып отырады.
Алғашқы рулық құрылыстың ыдырауымен және семья 
ішін дегі алауыздықтың пайда болуымен ертегі басталуының 


[
191
]
жаңа формасы пайда болады: «Алтын айдар» мен «Үш қызда» 
бәйбіше тоқалдан туған баланың орнына күшік салып қояды, 
хан тоқалды үйінен қуып жібереді; «Байдың кенже ұлы мен 
пері» ертегісінде кіші ұлының берген кеңесіне шамданған әке 
оны үйінен қуып жібереді. Кейінірек кезде ертегілерде әлеу­
меттік мотивтер ене бастайды. Кейде жігіттің әйелін ұнатқан 
хан оны өлтіру ниетімен әр түрлі қиын жұмыстарға жұмсайды 
(«Барып кел де, алып кел», «Адам білмес тас»).
Үй­ішімен қоштасып қаһарман жолға шығады. Оның 
ал 
дында сиқырлы заттар немесе қалыңдық табу мақсаты 
тұрады. Кейде оны сапар шегуге итермелейтін өзінің табиғи 
әуесқойлығы болады. Осы жолда ол кездейсоқ бақыт таба ды. 
Қолына темір таяқ ұстап, аяғына темір етік киіп, қаһарман 
елдің ең шетіндегі жат сырлы дүниеге – алыс жолға сапар шегеді 
(«Ер Төстік», «Қанбаба»). Жат сырлы дүние бір жерде жердің 
үстінде, бірде астында, бірде көкте болып шығады. Кейде ол 
адам басып өте алмайтын шөлді құм дала арқылы өтетін биік 
таулардың арғы жағында болады. Оған жету үшін дамылсыз 
қозғалып тұратын, «жаны бар» алып таулардан, жанып тұрған 
теңізден немесе аспанды тіреп тұрған таудан өту керек. Қазақ 
ертегілерінде жырақ жатқан тылсым дүние суреттелмейді, ол 
кәдімгі қазақ жеріне ұқсас болып келеді.
Орыс ертегілерінде осындай «дүниеге» апаратын жол 
мүлгіген қалың ормандар арқылы өтеді. Бұл арада қаһарман 
жаңағы «дүниенің» сақшысы – жалмауыз кемпір отырған 
тау ық сирақты күркеге соқпай өте алмайды. Ежелден дала 
перзенті – көшпелі қазақ халқының ертегілерінде орманның 
сирек кездесуі таңданарлық құбылыс емес. Оның пейзажы, 
көбінесе, шетсіз­шексіз шөлге айналып отыратын дала мен 
көз ұшында көкжиекпен астасатын таулар болып келеді. 
Шекаралық пункттер мұнда да кездеседі. Мәселен, биік таудың 
басында жалғыз үй тұрады, оның ішінде жалмауыз кемпір 
отырады. Алайда, бұл арада жалмауыз кемпірдің сақшылық 
қызметі қосалқы роль атқарады (ол туралы кейінірек сөз 
етеміз). Көп жағдайда қаһарман дарияның жағасында өсіп 
тұрған жалғыз бәйтерекке тап болады. Ол ағаштың басында 
алып Қарақұстың, яки Самұрықтың ұяда жаткан балапанда­
рын айдаһардың аузынан құтқарады. Сол үшін қаһарманды 


[
192
]
Самұрық жат сырлы дүниеге жеткізіп салады («Адам білмес 
тас», «Сиқырлы қыз», «Үш қыз» және т.б.)
Қаһарманның Самұрық құспен жеткен жері малға толы 
жайлау, көкорай шалғынды аңғар не үлкен қала болып келеді, 
кей­кейде сусыз шөл немесе адам аяғы баспаған құла дүз болуы 
да мүмкін. Беймәлім қаланы ұзақ шарлап, ешбір адамды 
кездестіре алмаған қаһарман кенеттен бір балаға тап болады. 
Оған қарай асыға ұмтылып, тақап келгенде бала шыңғырып 
жібереді де құлап түседі. Сөйтсе, бұл қаланың тұрғындары – 
перілер екен («Онда бар да, мұнда алып кел»).
Жат сырлы дүниеде қаһарман бұрынғы келбетін өзгертіп, 
адам танымастай қалыпқа келуі керек. Қаһарманды бұлайша 
бүркемелеу көптеген елдердің ертегілерінде кездеседі. Самұрық 
құс кейіпкерді жұтып алып, қайта құсады да, оны танымайтын 
қылады («Қанбаба», «Адам білмес тас»). Бетперде жамылған 
қаһарман бірде қойылған сұрақтардың барлығына «білмеймін» 
деп жауап береді («Білмес»), бірде сүйіксіз тазшаның кейпіне 
кіреді («Әли мен Тәби»), бірде басына қойдың қарынын жа­
мылып алады («Ермек»), т.т.
Қаһарманды жат сырлы дүниеде күтіп тұрған не? Ол мұн­
да өзі күй шығаратын домбыра, адам білмес тас, қолма­қол 
тағам даярлайтын дастарқан, бүкіл дүниені көрсететін айна, 
ғажайып қазан сияқты сиқырлы заттар; су патшасының 
қызы мен көк тәңірінің Күніке сияқты сұлуларға тап болады. 
Сиқырлы заттардың көмегі мен кеңесіне сүйенген қаһарман 
жат сырлы дүниеден іздегенін тауып жер бетіне оралады. Қазақ 
ертегілерінің көпшілігінде қаһарман жерге қайту жолында 
зұлым күштердің кедергісіне ұшырамай, қайту сапары сәтті 
аяқталады. Алайда, зұлым күштер тап берген жағдайларда 
кейіпкер олардан қашып құтылуға мәжбүр болады. Жалмауыз 
кемпірден қашқан қыз артына тарақ, ине, айна сияқты 
заттарды тастап отырады, ол заттар орманға, тауға, көлге 
айналып кетеді; қаһарман кейде өзінің жауыз ұстазынан бірде 
түлкі, бірде үйрек, бірде балық болып, әр түрлі айла­әдістермен 
шебер жасырына қашып кұтылады («Қыздар мен жалмауыз 
кемпір», «Тазша бала», «Оқымысты бала»).
Қазақтың қиял­ғажайып ертегілері қаһарман үйленіп, хан 
болуымен тынады. Бұрынғы қызғаншақ хан мен оның зұ
лым 


[
193
]
уәзірі, ханның айуандық әрекеттеріне көмектесуші арам 
за 
кемпір мен ағайынды сатқындардың барлығы не қатаң жа­
засын тартады, не кешірім алады.
Қазақ ертегілерінің композициясы жалпы алғанда Ба­
тыс пен Шығыстың көптеген халықтарының ертегілеріне 
ұқ сас болып келуімен қатар өзіндік сипатқа да ие. Мысалы, 
кейбір ертегілер даладағы жұтты баяндаудан басталады. Жұт­
тың салдарынан ел басқа жерге қоныс аударады. Ал ертегі 
қаһарманы ер жеткен соң сол елді іздеуге аттанады. Сөйтіп, 
жұрт қаһармандардың тағдырын өзгертіп, ертегілік сюжеттің 
басталуына ұйытқы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет