128
C
C
Шығармалары
C
C
тиісті. Баланың үсті-басы, денесі, беті-қолы – бәрі таза ұс-
талуға тиісті. Баланың маңайындағы жүрген адамдар ретті,
тәртіпті, таза болуға міндетті. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны
істейді. Тазалыққа үйренген бала таза болады. Былыққа
үйренген бала былық болады. Ас жеп отырып әжесі
жалаңаш қолымен мұрнын сіңбіріп яки баланың нәжісін
ұстап, қолын жөндеп шаймастан тағы асқа кіріссе, бала да
осыны істейді. Кейбіреулердің былықтықты ырыс көруі
надандықтың әбден асқынғандығы ғой.
Баланың маңайындағы сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу
болуға тиісті. Былық сөздерді естіп өскен бала өмір бойы
былық, былапыт тілді болады. Отағасы-ау! Бала-шағаның
алдында былық-былапыт сөздерді сапырып сөйлеуіңді қой.
Қайдағы құдай атқан сөздерді естіп өскен ұлыңда қандай
әдеп болады, қызыңда қандай қылық болады?!
Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұ-
рыс тары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу
қоз ғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы
да сұлу болады. Жер жүзінде біздің қазақтың денесінен,
қазақтың жүріс-тұрысынан жексұрын дене, жексұрын
жүріс-тұрыс кемде-кем-ақ шығар. Аяғы қисық, жауырыны
қушық. Ақыл қарында тұратындай-ақ, қарны буаз биенің
қарнындай салбырап жатса, би болады-мыс! Семіз болып
пысылдап отырса, айбынды «адам» болады-мыс! Кейбір
мырзалар сал боламын деп жүргенде қиқаңдай ма керек,
бұраңдай ма керек, қарап тұрсаң жүрегің айнып, құсқың
келеді. Осыларды көріп өскен қазақ баласының денесінде
не сұлулық болады? Қазақ! Жұртқа күлкі болмайын десең,
бұл мінездеріңді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып
өсір. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты
сүйсе, оған ауру үйір болмайды.
3) Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру керек.
Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін. Неше түрлі сұлу
129
C
C
М. Жұмабаев
C
C
түр лерді, түстерді көрсін. Сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жат-
тасын. Түрлі музыка құралдарының әуендерін тыңдасын,
сурет салып үйренсін, ән салып, музыка құралдарын ой-
нап үйренсін. Міне, осыларды естісе, баланың сұлулық
сезімдері өркендейді. Білу керек, топас адам – тірі өлік.
Құлық сезімдері
Адам өзінің әрбір ойына, әрбір ісіне ішінен баға беріп
отырады. Ізгі ой, ізгі іс адамда жағымды сезім туғызады.
Адамға қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретін ой
һәм іс ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан
безу – адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе.
Ойдың яки істің ізгі яки жауыз болуына қарап, сол ойға
яки іске іштен баға бергеңде, адамда болатын жағымды яки
жағымсыз сезімдер құлық сезімдері деп аталады. Құлық
сезімдері жасқа, дұрысын айтқанда білімге қарап, әр адамда
әр түрлі болады. Білім неғұрлым төмен болса, құлық сезім-
дері де сонша төмен, тар болады. Мысалы, білімі кем адам
бір ой яки іс түбінде пайдалы болып шығар ма, жоқ па, оны
байқай алмай, сол уақытында жағымды, пайдалы болса, оны
ізгі ой, ізгі іс деп біледі. Ұрлық қылған надан адам «ұрлық
түбі қорлық» екеніне көз жібере алмай, уақытындағы пай-
дасын ғана көреді. Бала барлық еркелігінің, барлық тілегінің
орындалып отырғанын ғана жақсы көреді. Еркеліктің
орыңдалуын ізгілік деп біледі, еркеліктің орыңдалмауын
жауыздық деп біледі. Ал енді адам есейген сайын, дұрысы,
білімі артқан сайын оның құлық сезімдері де жоғарылай,
тереңдей, кеңейе береді. Яғни адам ақылы тереңдеген
са йын дүниеде ол жалғыз өзі тұра алмайтындығын, басқа
адамдармен бірге тұруға мұқтаждығын, өзінің ойын һәм
ісін басқа адамдардың ойлары һәм істерімен қабыстырып
отыруға міндеттілігін, яғни өз басына келетін пайдаға
ұмтылып, өз басына келетін зияннан безбей, сол өзгемен
130
C
C
Шығармалары
C
C
бірге дүниеде тұратын басқа адамдарға да пайда келіп,
зиянның болмауын тілеу тиістілігін, міне, адам білімі,
ақылы тереңдеген сайын осыларға ұмтылады. Яғни оның
құлық сезімдері осылай тереңдейді.
Мысалы, балада бір ауыздан анасын сүю сезімі оянады.
Ананы сүю, анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу деген сөз.
Біраз ес білген соң туысқандық сезімі, яғни араласып ай-
наласында жүрген адамдарды сүю сезімі оянады. Онан соң
білім тереңдеңкіреген кезде адамда елін сүю сезімі оянады.
Өз-өзін сүю сезімі жер жүзіндегі барлық адамзатты сүю
сезіміне алып барады. Бұл сөздердің көрінісі – ізгілік деген
сөздің дұрыс, һәм толық мағынасы мынау екен: әр адамның
өзін сүюі, яғни жауыздықтан безіп, ізгілікке үмтылуы,
туысқандарын сүюі, яғни оларға жауыздық тілемей, ізгілік
тілеу, өз елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік
тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеу, һәм басқаларға зиян
келтірткізбеу, ең негізінде біткен адамзатты дос, һәм бау-
ыр көру екен. Міне, кімде-кім өзін сүйсе, туысқандарын
сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе біткен адам баласы бауырым
деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз. «Әсіресе» деген
сөзді қосуымыздың мәнісі мынау: адамның өзін-өзі сүюі,
туысқандарын сүюі бұл ол адамның құлық-мінездерінің
төмен тұрғандығын көрсетеді. Өзін-өзі соқыр сезіммен
мал да сүйеді, пайдаға ұмтылады, зияннан безінеді.
Туысқандарын мал да сүйеді, бие құлынын қорғайды.
Адамның шын мағынасымен адам болуы үшін өзін сүю,
жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі
шарт. Өзінің һәм жақындарының ғана пайдасын іздемей,
жалпы момын халықтың пайдасын іздеуі шарт. Халық
пайдасын өз пайдасынан да ілгері қоюы шарт. Адам шын
ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында
құрбан бола білсін. Қазақтың жазушысы Міржақып Дула-
тов бір өлеңінде:
131
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш,–
дейді. Міне, алашты халық десек, халықты шын сүйген
адам «жарты жаңқасы» қалғанша халық үшін қызмет
істеуге тиісті. Өз елін сүю дегеннен адам өз халқынан басқа
халықтарды мейлінше жек көрсін, басқа халықтарға қасқыр
болып тисін деген сөз шықпайды. Бұлай болса жер қанға
тұншығып, бұзақылық белең алып, жауыздық өрлеп, жер
жүзінде тыныш тұрмыс болмас еді. Европа мемлекеттерінің
мына 1914 жылдан бері қан төгіп жатқаны, одан бұрынғы
да соғыстар бұған айқын дәлел. Әрбір халық бір-біріне жау
болсын деп ұғу қате, адам өз халқының адамдарын сүюінің
үстіне басқа халықтардың адамдарын да сүюге міндетті.
Міндетті ғана емес, еріксіз сүймек. Жер жүзіндегі адам
адамды сүймек. Бұл – адамның жаратылысындағы негізгі
мінез.
Осы жерде «дін сезімдері» деп аталатын сезімдер туралы
бір-екі сөз айтып өтейік. Бірқатар адамдарда мынадай бір
пікір бар: адамның құлық сезімдері күшті болу үшін, яғни
адам ізгі болу үшін, жауыздықтан тыйылып, еркіндікке
ұмтылу үшін адамда дін сезімдері күшті болуы керек. Дін
сезімдерінің негізі – дүниені жаңартушы, дүниеде бар-
лық нәрсені істеп тұрушы бір тәңір бар деп сену һәм сол
тәңірге адам өзін пенде деп білу. Тәңірінің құдіреті алдын-
да адам өзінің әлсіздігін сезіп, тәңірге құлшылық қылу,
яғни жауыздықтан тыйылып, ізгілікке ұмтылу. Барлық
кемшіліктен азат тәңірге жағу үшін барлық кемшіліктен
безу.
Ізгілік істесе – тәңірінің көңілін табуға, разылығын алуға,
махаббатын тартуға яғни жұмаққа кіруге сену. Жауыздық
132
C
C
Шығармалары
C
C
істесе – тәңірінің наразылығын алуға, ашуына, қаһарына
ұшырауға яғни тамұққа кіруге сену. Міне, дін сезімдерінің
негізі – осы. Осы дін сезімдері күшті адам яғни тәңірінің
барлығына, құдіретіне сиынып, онын махабатын алуға,
қаһарына ұшырамауға ұмтылатын адам өмір бойы ізгілікке
ұмтылып, жауыздықтан безбек.
Дін сезімдері туралы пікір осы. Бұл – баяғыдан бері
келе жатқан пікір. Бұл пікір туралы бұл күндегі үстем
ой, ғылымға сүйенген үстем ой мынадай: дін сезімдеріне
мұнша артық баға беру, адамды жауыздықтан бездіріп,
ізгілікке ұмтылдыратын – дін сезімдері ғана деп ұғу дұрыс
емес. Құлық сезімдері, яғни адамның жауыздықтан безіп,
ізгілікке ұмтылатын мінезі адамның жаратылыстарында
бар. Кісі өлтіру, ұрлық қылудың жауыздық екенін білу
үшін дінді білу шарт емес. Ізгілікті сезу – адамның жараты-
лысына, табиғатына берік байланған нәрсе. Дін ескі емес,
адам ескі. Дін ескі емес, жаратылыс, табиғат ескі. Ізгілікке
ұмтылдыратын дін адам ның жаратылысын жасаған емес,
ізгілікке ұмтылатын адамның мінезі дінді туғызған.
Сондықтан адамның кұлық-се зімдеріне дін сезімдерін
негіз қылып алу, адамның құлықты бо луын дінді болуына
байлау дұрыстыққа келмейді. Бұл – бір.
Екінші, адамның бір нәрседен тыйылуы, бір нәрсеге
ұмтылуы екінші бір затты сыйлағаннан, сол затқа жағыну
үшін болмай, дұрыстық үшін болса, нағыз тынымды,
тиянақты, игі ұмтылу һәм тыйылу осы болмақ. Бір адамды
сыйлап істелген ізгілік рия болса, «тәңіріні» сыйлап істеген
ізгілік те рия. Рияның адамға пайдасы жоқ. Рия адамды
түземек емес, бұзбақ. Кемшіліксіз идеал бар: адам дүниеде
ісін идеал үшін істесін, идеал үшін тұрсын, және сол иде-
алдай түгел боламын, кемшіліксіз боламын деп ұмтылсын.
133
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Құлық сезімдерін өркендету жолдары
Кұлық сезімдерін өркендету үшін төмендегі жолдарды
көрсетуге болады.
1) Баланың маңайындағы адамдардың құлықты бо
-
луы. Бала ізгі құлық пен жауыз құлықты айыра алмайды.
Оларды бала маңайындағы ересек адамдардың сөздері һәм
істері бойынша ғана айырады. Солар бойынша ғана ізгі
мен жауыз құлық туралы ұғым жасайды. Мысалы, бала
атасының ұрлық қылғанын білсе, ұрлық қылу ізгі құлықтан
саналады екен деп ұғады. Сондықтан баланың ізгі құлықты
болуы үшін оның маңайындағы адамдар, ата-ана, туған-
туысқандары өздері ізгі құлықты болуға тиісті. Ұяда не
көрсе, ұшқанда соны қылады.
Және баланың бірге ойнайтын жолдастары да дұрыс,
ізгі құлықты болсын. Балаға ересек адамнан өзіндей бала
жақын. Бала өз құрбысына еліктегіш, өз құрбысының
тілін алғыш, құлқына, мінезіне сенгіш келеді. Өзінің ізгі,
жауыз құлқын бала құрбылары арқылы жарыққа шығарып
әдеттенеді. Сөгіседі, ұрысады, төбелеседі, ұрласады, өті-
рік айтысады. Осы себептерден тәрбиеші баланың жол-
дас тарының дұрыс құлықты болуларына өте ықтият қылу
ке рек. Балада құлық сезімдерінің бекуі, кеңеюі, тереңдеуі
үшін балаға әдебиеттен, тарихтан өрнек әңгімелер сөйлеу
һәм оқыту керек. Әрбір ұлттың әдебиетінде ізгі һәм жауыз
құлыққа өрнек болғандай әңгімелер толып жатыр. Со-
лармен дұрыс пайдалана білу керек. Яғни әдепті бол, әділ
бол, өтірік айтпа деген сықылды. Құрғақ, жалаңаш сөзде
пайда жоқ. Баланың алдына құлықтың әрбірі әдейі киініп
өрнек күйінде ғана келсін. Өрнектен нәтижені бала өзі-ақ
шығарып алады.
2) Үйде һәм мектепте дұрыс тәртіп болу. Үй һәм
мектептегі тәртіп баланы ізгі құлықтарға әдеттендірсін.
134
C
C
Шығармалары
C
C
Әдеттендіру мынадан табылады. Үй һәм мектептегі тәртіп
құбылмалы болмасын, яғни ата-ананың, мұғалімнің күйіне
қарап тәртіп өзгеріп отырмасын. Тәртіп өзгермейтін ізгі
құлық заңдарына негізделген болсын. Болмаса, бүгін
жараған іс ертең жарамайтын болып отырса, балада
тәрбиешіге сенім қалмайды. Бұл – бір. Екінші, баланың
жаратылысы, табиғаты тілейтін нәрседен баланы тыю
дұрыс емес. Жүгіруден, ойыннан тыю сықылды. Баланың
жаратылысы тілейтін нәрседен тыйсаң, бала бұл жасама
тәртіпті оп-оңай бұрып кетеді. Яғни бала өтірік айтуға,
алдауға үйренеді. Баланың өтірік айтуы, алдауы оны жасама
тәртіп ішіне қамаудан. Маңайындағы тәртіп, тұрмыстың
құрылысы баланың жаратылысына қайшы болса, бала
ондай тәртіпті аттап өтеді. Үшінші, тәрбиеші мен баланың
арасы өте жақын болуға тиісті. Екеуі біріне-бірі шет, жат
деп қарамасын. Екеуінің арасында сенбеушілік болмасын.
Бала тәрбиешіні мұңын тарқата алғандай, қуанышына
ортақтаса алғандай, сырын шеше алғандай досым деп
білсін. Бала тәрбиешіні осылай деп білсе, ол уақытта одан
ешбір ойын, ешбір ісін жасырмайтын болады. Жасырмай-
тын болса, өтірік айту, алдау сықылды ұнамсыз құлықтарға
орын да қалмайды.
3) Баланы құлық туралы ой жүргізіп үйрету. Бала
барлық ізгі құлықтарды өзі басынан кешіріп, яки маңа-
йыңда ғы адамдардан көріп, біліп бітіре алмайды.
Алдағы өмірінде құлықтардың әлденеше түрлеріне
ұшырауға мүмкін. Ол уақытта мен мына құлықпен таныс
емеспін, сондықтан мұны ешнәрсе деп айта алмаймын деп
отыра алмайды ғой. Алда, болашақ өз істеріне һәм басқа
адамдар ісіне құлық көзінен баға бере алуы үшін оның
құлық туралы ерте күннен ой жүргізіп үйренуі тиіс қой.
Сондықтан тәрбиеші, балаға түрлі істерді құлық көзінен са-
135
C
C
М. Жұмабаев
C
C
лыстырып, сынатып үйретуге міндетті. Бала салыстырып,
сынап үйрен се, құлық туралы белгілі берік бір ұғымға ие
болады. Ол уақытта алдағы өмірінде дұрыс пен терісті, ізгі
мен жауызды, ақ пен қараны дұрыс һәм жеңіл айыратын
болады.
Қайрат
Біз кітабымыздың басынан бері жан көріністерінен
ақыл һәм ішкі сезім көріністерін баяндадық. Енді жан
көріністерінің үшінші түрі қайратқа көшеміз.
Қайрат ұғымы. Біз ақыл көріністері арқылы сыртқы
заттар туралы, яғни олардың өзі, ісі һәм күші туралы білім
аламыз. Ішкі сезімдер арқылы жанымызда түрлі күйдің
болға нын білеміз, һәм ол күйді жағымды не жағымсыз деп
бағалаймыз. Ал енді жанымызда тағы бір күш, тағы бір
көрініс бар. Жан бір нәрсені істеуге, болдыруға ұмтылады,
яки істемеске, болдырмасқа ұмтылады. Және бұл ұмтылу
соқыр ұмтылу емес, аңды, саналы ұмтылу. Міне, осы бір
мақ сатқа жету үшін жанның аңды ұмтылуы қайрат деп
аталады. Әрине, жан құр ұмтылып қана қоймайды, сол
ұмтылғанын болдыру үшін денені іске қосады. Жанның
қайрат күші арқылы істелетін іс ерікті іс деп аталады. Ал
енді адамның қайрат қатыспай, еріксіз істейтін істері де
болады. Мысалы:
1) Импульс ісі. Яғни кейбір істерді сырттан ешбір әсер
болмай, белгілі бір мақсатсыз істейді. Мысалы, ұйқыдан
оянғанда адам керіледі, созылады.
2) Рефлекс ісі. Яғни сыртқы бір әсерге адамның аңы
қатыспай, денесінің ғана жауап беруі. Мысалы, көзге бір
затты жақындатсаң, кірпік жабылады, тоңсаң, дірілдейсің.
3) Соқыр сезім (инстинкт) ісі. Атадан қалған мұра бой-
ынша адамның аңын қатыстырмай істейтін істері. Соқыр
сезім адамның өзінің һәм тұқымының аман болуына қызмет
136
C
C
Шығармалары
C
C
қылады. Мысалы, бала ешкім үйретпей, емшек емеді. Яки
құс қыс жақындағанда жылы жаққа ұшып кетеді.
Ал енді адамның қайрат туғызған ісіне аң қатыспай
болмайды. Мысалы, менің жазғым келсе, аңменен, ойменен
қағаз алам, қалам алып, сияға малам һәм осылар сықылды
басқа тиісті істер істеймін. Міне, бұл қайрат ісі. Қайраттың
бет алысы екі жақ: жан көріністері һәм сыртқы дүние.
Мысалы, мен қайрат жұмсап бір ойды еске түсіремін. Яки
жерде жатқан бір нәрсені көтеру үшін еңкейем.
Қайрат түрлері. Қайрат төмеңдегі түрлерге, дұрысырақ
айтқанда, басқыштарға бөлінеді: тартылу, ұмтылу һәм
тілеу. Қайрат адамда ә дегеннен берік, ашық болмайды.
Бастапқы кезде бір әсер мен белгілі бір беталыс болмай,
белгілі бір мақсұт болмай, бір нәрсеге жан жай тартылады.
Мысалы, ба ла аштықтан жылайды, тыпырлайды, жаны
жағымсыз күйде болады. Жанында бір азап болады. Бірақ
бала осы жағымсыз күйдің, осы азаптың аштықтан екенін
аңдап біле алмайды, оған сүт керек екенін біле алмайды.
Міне, жанның осындай күйі тартылу деп аталады. Ал енді
тартылуға аң қатысса, яғни адам, не нәрсеге болса да өзінің
мұқтаж екендігін аңдап, анық білсе, бірақ сол мұқтаж
нәрсенің не нәрсе екендігін анық біле алмаса, жанында
ұмтылу болады. Мысалы, біз ыстықта сусаймыз, сусын тау-
ып, сусынды қандыруға ұмтыламыз. Бірақ бізге кез келетін
сусынның қандай болатынын білмейміз. Егерде біз белгілі
бір нәрсеге ұмтылсақ, ол уақытта ұмтылу тілеуге айналады.
Тілеу, суреттеу һәм ішкі сезім арасындағы бай-
лам. Бұл үшеуінің арасында берік байлам бар. Суреттеу
болма ған нәрсені адам тілей алмайды. Мысалы, естімеген,
білмеген тамақты тілеуге мүмкін емес. Және адамның
жағымсыз ішкі сезімі беретін нәрсені де тілеуі мүмкін емес.
Бір нәрсенің суреті біздің жанымызда неғұрлым ашық болса
һәм оның жанымызда жағымды сезім туғызуы бізге белгілі
болса, біз сол нәрсені қатты тілейміз.
137
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Қайрат қалай жасалады? Қайрат төмендегі басқыш-
тар ды өтіп барып іске асады. Жанымызда бір тілек бар.
Сол тілекті іске асырғымыз келеді. Тілектің іске асуының
тиістілігін бекітетін себептер дәлел яки мотив деп аталады.
Бұл – қайраттың бірінші басқышы. Ал енді бір тілектің
іске асуының тиістілігін көрсететін қарсы себеп те бо-
лады. Қарсы себеп – қарсы дәлел яки контр мотив деп
аталады. Дәлелге қарсы дәлел шыққанда, біз бұл екеуін
салмақтаймыз, салыстырамыз. Осы дәлел мен қарсы дәлел
салмақтау дәлелдердің күресі деп аталады. Бұл – екінші
басқыш. Егер дәлел мен қарсы дәлелдің қүші бірдей көрін-
се, адамда толқу пайда болады. Дәлелдер күресінен кейін
ақырда адам екі жақтың бір жағына жеңгізіп, бетін бір жақ-
қа түзейді. Бұл үшінші басқыш. Бетті бір жаққа түзеу бекіту
деп аталады. Бекітуді іске асыру орындау деп аталады. Бұл
төртінші басқыш. Орындау жолында адам түрлі бөгетке
ұшырап, бөгетті жеңе алмай қажып, жасып, бекітуін қайтып
алуға мүмкін. Бұлай істемес үшін адам табанды болу керек.
Табанды адам – қайраты күшті адам.
Қайраттың керектігі. Қайрат адам өмірінде аса қым-
бат орын алады. Адамның дене һәм жан ісін тізгіндеп,
белгілі жолға салып өркендететін – сол қайрат. Мысалы,
нәресте шақта адамның денесі қайрат қатыспай өз бетімен
қозғалады. Ес кірген соң қайрат жұмсалып қозғалады.
Жүргенде аяқ қозғалуы сықылды. Жан ісінде қайрат іскер-
лікке көп қатынасады. Шынында, қайрат жұмсамай адам
іскер бола алмайды. Қайраттың ішкі сезімдерге әсері мол.
Қайнап келіп қалған ашуды біз сол қайраттың қаруымен
басамыз ғой.
Қысқасы, қайрат адамның барлық ісін тізгіндеп жолға
салмақшы, жүзеге шығармақшы. Қайрат арқылы ғана
адам жанындағы қалың күштер жарық көрмекші. Өмірде
адам басына қиын-қыстау істер келгенде, қажытпай
138
C
C
Шығармалары
C
C
алып шығатын – сол қайрат. Сермеген қолды аспандағы
айға жеткізбесе де, ойлаған ойға жеткізетін – сол қайрат.
Сондықтан тәрбиеші баланың қайратын өркеңдету үшін
қызмет қылуға міндетті.
Қайратты өркендету жолдары
1) Тәрбиеші баланы денесін дұрыс билеп, дұрыс қоз-
ғалуға үйретсін. Дене мүшелері қайраттың тез қозға латың,
тез орындайтын қаруы болуға тиісті. Бала мүшелерін те-
ріс қозғап үйреніп бара жатса, тәрбиеші тез түзесін. Сол
уақытта бала қандай іске қай мүшені қозғау керек һәм
қалай қозғау керек, соған әдеттенбекші. Жазғаңда, тіккенде
саусақтарды қалай ұстау сықылды.
Тәрбиеші баланы әсіресе жан істерін қайратқа дұрыс
бағындыруға үйретсін. Бала әсіресе тілегіне қожа бола
алмайды. Не тілесе, соны жүзеге шығарғысы келеді. Бала
болмай тын нәрсе болмайды деп ұғады. Тура мағынасымен
аспан дағы айға ұмтылады. Тәрбиеші баланы осындай
қияң қылықтан сақтауға міндетті. Балаға әрбір тілектің
алдын, артын, болдыратын һәм болдырмайтын себептерін
салмақта тып, тек серіп үйретуге міндетті. Терең тексеріп
келіп, тілекті жүзеге шығару қайраттылық болатыны
сықылды, тексеріп келіп, тілекті тоқтатып қалу да зор
қай раттылық. Есте болу керек: арыстан айға шапса, мерт
бол мақшы, өтпес жарлық бойға қорлық болмақшы. Тілектің
алдын, артын тексеріп үйренген адам балалықта ебетейсіз
еркеліктен, қияңқылықтан, есейгенде есерліктен аман
болмақшы.
2) Баланың қайраты күшті болуы үшін тәрбиеші баланың
барлық ісін тізгіндей бермей, әрбір істе балаға ерік берсін.
Бала өз еркімен денесін қозғап, жүгіріп үйренсін. Әсіресе
жанды жұмсап үйренсін. Яғни бала өз бетімен бір нәрсені
139
C
C
М. Жұмабаев
C
C
тілеп, сол тілектің алдын, артын тексеріп, сонан соң иә
болдыруға, иә болдырмауға өзі әдеттенсін. Сол уақытта
баланың қайраты өркендемек. Әрине, баланың ісі, тілегі
пайдасызға, зиянға айналып бара жатса, тәрбиеші кіріседі
ғой. Бірақ баланы ылғи тізгіндеуден сақтану керек.
Әдет. Әрбір іс дене ісі болсын, жан ісі болсын, алғаш
істелгенде бірталай қиындықпен істеледі. Екінші істелгенде
қиыңдық біраз жеңілденеді. Егерде көп істесек, ол істі тіпті
жеңіл істейміз. Және сол істі ылғи істегіміз келіп тұрады.
Істемесек, бір нәрсені жоғалтқандай боламыз да тұрамыз.
Белгілі шарттар болғанда, белгілі бір түрде іс істеу әдет
деп аталады. Мысалы, жазған уақытта саусақтарды былай
ұстау, әрине, қиын. Оған қанша қайрат жұмсалады. Бірақ
біраздан тіпті жеңілге айналады. Ойламай-ақ, ешбір қайрат
жұмсамай-ақ, саусақтарымыздың өзі солай икемделе бере-
ді. Адам өмірінде әдет көп орын алады. Лейбниц деген
ғалым адамның барлық ісінің төрттен үшеуі әдет болады
дейді.
Әдеттің адамға көп пайдасы тиеді: 1) Әдет арқасыңда
адам белгілі ғана істерді істеп, тақақтап ұшына шығады,
анық орындайды. Әрбір істің басын шала бермейді. 2) Істің
тиянақты, көрікті болуына себепкер, әдеттенген істі адам
тиянақты істейді. 3) Уақытты һәм күшті далаға жібермейді,
бәлки үнемдейді. Әдеттенген істі көп күш жұмсамай адам
тез һәм жеңіл істейді. Әдеттену болмаса, адам бір істің
соңында мыжып отырып қалып, басқа жаңа істерге уақыты
болмас еді. Әдет – әсіресе, тәрбиешінің қолында күшті
құрал. Әдеттендіру арқасында ғана баланы дұрыс жолға
салуға мүмкін. Шекспир: «Жақсы әдет – жақсылыққа бас-
тайтын періште»,– дейді. Орыстың тәрбие ғалымы Ушин-
ский: «Жақсы әдет – өсімге берген ақша, адам өмір бойы
соның өсімін пайдаланады. Жаман әдет – борыш, адам өмір
бойы сол борыштың бір өсімімен азап шегеді»,– дейді.
Адам өмірінде әдет осындай зор орын алатындықтан,
тәрбиеші барлық күшін жұмсап, баланы неғұрлым жақсы-
|