154
C
C
Шығармалары
C
C
тағы адамды жан, ақыл билеген жоқ, дене биледі. Бері
келе-келе жан мен ақыл денеден тізгінді ала берді. Мек-
теп те осылай құрылуға тиісті. Қол еңбегі, дене еңбегі,
әрқилы мектеп бас кезінде тізгінді баланың денесіне берсін,
ілгерілей келе жанның, ақылдың әкім болуына қызмет
қылсын. Яғни, мектеп биогенетический негізге құрылсын
депті Гансберг, Рубинштейн.
Кітап – мәдениеттің негізі емес, мәдениеттің негізі қол
еңбегі, олай болса, кітап әншейін көмекші болып, мектеп
басынан аяғына шейін қол еңбегі негізіне, яғни мануали-
стический негізге құрылсын депті Диюби, Зидель.
Жоқ, мәдениеттің қол-аяғындағы құрсауды тас-талқан
қылып, оны ерікке шығаратын – машина, олай болса,
кі таптың керегі шамалы, мектепке түскен адам бітіріп
шыққанша машинаны айналдырсын, соны үйренсін, яғни
мектеп индустрия негізіне кұрылсын депті аналардың
шәкірті – орыстың Блонскийі.
Есебі – Блонский адамды машинаға тас байлап, машина
жанды қылып шығармақ. Адам жанын байлап, машинаның
құрбаны қылуға ұмтылу – адамзат дүниесінің соңғы ауруы.
«Машина мәдениетімен көбік шашып күресіп жүрген-
дер – сол мәдениетпен нағыз уланғандардың өзі деп ойлауға
күшті дәлелдер бар»
1
,– деген профессор Рубинштейн сөзі
дұп-дұрыс деуге болатын шығар.
Тағы-тағы толып жатқан деділер... Қысқасы – тоғыз
жолдың торабы...
Жалғыз-ақ осы толған тораптың арасынан ашық көріне-
тін нәрсе – біздің дағдарып тұрған мектебімізді бастап алып
1
«Есть все основания думать, что машинная культура особенно
глубоко пустила корни именно у тех, кто наиболее просто воюет с
ней...» (Проф. М.М. Рубинштейн. Основы трудовой школы: Иркут-
ское отделение. Иркутск, 1920, стр. 53.) (М. Жұмабаев ескертпесі).
155
C
C
М. Жұмабаев
C
C
кететін талассыз даңғыл жоқ. Сол жолдардың біреуін та-
лассыз деген күнде де, сынамай, икемдемей, даяр қамытты
қазақ баласының мойнына кигізе қою тарих алдында,
еліміздің тағдыры алдында кешірілмес күнә болар еді.
Бұл мақала – педагогика дүниесінде мектеп құрылысы
туралы қандай ағымдар бар, һәм біздің мектебіміз қандай
негізге құрылуға тиісті – осыларды осы бірнеше сөзбен аша
қою ойымен жазылып отырған емес. Мақаланың мақса-
ты – ескерту. Оқу құралдарын жаздырып жатқан ағарту
комиссариаты, жазып жатқан азаматтар бұл оқу құралдары
қандай мінезді мектепке арналады, сол туралы ой жүгіртсе
игі болар еді деген үміт. Кең қазақ мектебіне негіз іздегенде,
таза пән кезінен, яғни мектеп құрылысының қазақ жанына
қабысуы жағынан келу дұрыс болар еді деген ой.
САЙЛАУ
Газетіміздің өткен санында да хабар айтып едік:
Ақмола губернасында 15 августан қалдырмай губерна-
лық ревком таратылып, болыстық, ояздық һәм губерналық
исполкомдар құрылмақ болды. Екінші түрлі айтқанда,
губернамыздың барлық ісі жоғарыдан белгіленіп, уақытша
отырған адамдардың қолынан алынып, елдің өзі білетін,
өзі сенетін, өзі сайлаған адамдардың қолына тапсырылмақ.
Тегінде ұғу керек: советтің негізгі заңы бойынша, жал-
пы Россия республикасының һәм республикадағы әрбір
ауданның топ иесі, анық қожасы ревкомдар емес, исполком-
дар, ревком – төңкеріс комитеті деген сөз. Оның мағына сы –
әр жер төңкеріс болып, жаудан жаңа алынса, яки сол жерде
аяқ астынан бір күшті көтеріліс шығып қалса, міне осы
сияқты істердің артынан төңкеріс комитеті, яғни рев ком
құрылмақ. Мұндайда уақыт та, іс те тығыз болғандығынан
ревком мүшелерін ел сайламайды, жоғарғы өкімет белгілеп
156
C
C
Шығармалары
C
C
қояды. Бір жерде төңкеріс яки көтерілістен кейін болатын
жүгенсіздіктерді жөнге салу үшін жоғарғы айтылған түрде
құрылатын ревком, әрине, нағыз қолайлы мекеме. Бірақ рев-
ком мүшелері жоғарыдан, көбінесе, шет жер адамдарынан
белгіленетін болғандықтан, мүшелер жергілікті тұрмыспен
жақсы таныс болмай, кей уақыт жергілікті елге жағдайсыз
істер істеп тастауы мүмкін. Және адамның бәрі әулие емес,
кей мүшелер төңкеріс комитетінде отырған соң төңкеріс
жолымен елге күшті төрелік, орынсыз әкімдік көрсетіп
жіберулері де ықтимал.
Ал енді исполком қандай мекеме, бұған мүшелерді кім
сайлайды? Жауабы мынау: исполком жоғарыдан жасырып
беретін мекеме емес, елдің өзі құратын мекеме, һәм оның
мүшелерін ел жиылыс қылып өзі сайламақ. Жақын болсын,
жат болсын ел өзі білетін, өзі сенетін адамдардан сайламақ.
Жоғарыда исполком елдің түп иесі дегеніміздің мәнісі осы.
Биыл Ақмола губернасы Қазақстан республикасына
көшкен соң, түрлі толқынды себептермен біздің губер-
намызда ревком да құрылып еді. Болыстық, ояздық һәм
губерналық. Бұл күнде губернамызда ревкомдар құрылуға
себепші болған жағдайлар жайланды. Толқындар басылды.
Сондықтан уақытша қожа ревкомдар таратылып, түпкілікті
исполкомдар сайланайын деп отыр.
Ақмола губернасының қазағы! Өзіңе қолайлы, жағдайлы
мекеме керек болатын болса, ерте күннен даярланып,
күніңе, шаруаңа пайда келтірер деген азаматтарыңды
кіргізіп, мына исполкомдарыңды сайлап ал. Іс басында
жүргендер әрбір әу дегендерін істеп, өз адамдарын сайлап
қояды, бізге тізгін бермейді деп қарадай қажуға орын жоқ.
Россия республикасында барлық істі жүргізіп отырған
коммунист (большевик) партиясы биыл жазғытұрым болып
өткен 10-жиылысында бұдан былай іс басына коммунист
партиясында болмаған адамдар да кіруі мүмкін, мүмкін
157
C
C
М. Жұмабаев
C
C
емес, кірсін; болмаса яғни партияда болмаған елге сенімді
адамдар іс басына отырмаса, мемлекет ісін жақсы алып
барарға болмайды деп қаулы шығарып отыр. Міне, осы
сөз – сөз. Жергілікті жолдастардың бұл сөзді аңдап оқып,
енді билікке салулары мүмкін емес, сондықтан иеңді тап,
ие тапқанда, кім болса о болсын, пайдалысын, адалын тап.
Бұрынғы аурулары аздай-ақ соңғы бір-екі жыл ішіңде
біздің ел тағы бір ауру жамап алды. Пысықша бір адам бір
жиналыста делегат болып сайланады. Жиналыста болып,
сайлаған елдің жай-күйін айтып елге пайдалы іс етейін
деген оймен емес, жұмысқа айдамасын, лау тартқызбасын
деген сықылды ұсақ ойлармен. Осындай пысықшалардың
елге келтірген зияны аз емес. Сайланып тұрып бармай
қалып, талай жиылыста қазақ делегатының саны аз болып,
қазақ осы талай ұтылып жүр.
Ел сені адам деп сайлаған соң ерінбей жиылысқа барып,
елге пайдалы адамдарды сайлап, жағдайлы мекеме құрып
бер. Пәлен-түгендер «төре» болып алып, қиындап бара-
ды деп зарлайсыңдар. Құр көз жасымен не біткен? Алма
өзі ауызға қашан түскен? Түгендердің төре болмауы, ел,
өзіңнің колыңда. Ел, даярлан. Түпкілікті исполкомдарыңды
сайлап ал.
158
C
C
Шығармалары
C
C
АҚАН СЕРІ
Ақын туралы білгендерін айтып һәм жа
зып берген Мырзалыұлы Баялы, Шынғысұлы
Қоқыш, Бозайұлы Ысмағұл ақсақалдарға һәм
Самыратұлы Қазыға көп рақмет айтамын.
Мағжан.
Ұшы-қиыры жоқ сары дариядай Сарыарқаның орта-
сында аралдай көгерген Көкшетау, Абылайдың ордасы
құрылған, Кенесары, Наурызбайға отан болған Көкшетау
алаштың ақындығының да ордасындай жер еді. Соңғы 50-
60 жыл ішіңде алты алашқа атағы шыққан ақындары мыз-
дың бірталайы сол Көкшетаудың маңайыңда туып-өскен.
«Кең сабаның қорындай, Бертағының баласы Орынбай», екі
аяқты адамның ділмәрі, улы тілді соқыр Шөже, Тойлыбай
бидің ұлы Арыстан, үні зарлы Атығай соқыр Тоқжан, терең
ойлы Атығай шал, аспанға өрлеп ән шырқайтын Біржан
сал, өмірі ертегідей әдемі Ақан сері – осылардың бәрі сол
күңіренген Көкшенің маңайында туып-өскен ақындар.
Бұл ақындардың ішінде адамның іскерлігін алдымен өзіне
аударатын – Ақан сері. Сөзінің сұлулығы, тереңдігімен
демейміз, өмірінің сұлулығымен.
Ақынның өмірі – ертегі өмір. Судай сұлу, желдей
е кпін ді, жалпақ жұртқа жат, жұмбақ өмір. Сондықтан біз
Ақанның алдымен өмірін жазып, онан соң сөздерін тек се-
реміз.
Ақанның өмірі
Ақанның сүйегі – Орта жүз арғын ішінде қарауыл. Ұлы
әкесі қарауылда – нар шөккен Жарқынбай. Жарқынбайдың
бір ұл, тоғыз қызы болған. Ұлы Қорамсадан көпке шейін
бала болмаған соң, Жарқынбай бәйбішесі һәм тоғыз
қызымен көгеннің бұршағын мойнына салып тәңіріден не-
159
C
C
М. Жұмабаев
C
C
мере тілейді. Сол тілектің артынан жалғыз ұлы Қорамсаның
қосағы Жаңыл жүкті болып, одан ұл туады. Ұлдың атын
Ақжігіт қояды. Біздің Ақанымыз осы. Ақан 1843 жылы
Көкшетау қаласынан күнбатыс пен солтүстік әрелігіне
қарай 70 шақырым жердегі Қоскөл деген жерде туған.
Ақанның әкесі Қорамса бай, саудагер адам болған. Ол
маңайда ол кезде ақша ұстаған қазақ сол Қорамса болды.
Әрі малға бай болса, әрі ақша болса, әрине, Қорамса елге
қадірлі болмақшы.
Ақан 13 жасқа келгенше Бұхардан оқып қайтқан Күнту
деген бір молдадан сабақ оқып жүреді. Бірақ біраз ес кіре
бастаған соң, молданың балдыр-батпағына зирек Ақанның
көңілі отырмай бастайды. Сөйтіп, 13 жасында Ақан мол-
дасымен бір шариғатқа таласып, «маған қарсы келдің» деп
молдасы оны ұрған соң, «шыбыққа сүйенген шариғатыңды
ұрайын» дейді де, оқуыменен қоштасып кете барады. Осы-
дан былай Ақанның жалпақ жұртқа жат көрінген серілік
өмірі басталады.
Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт Ақанда
болады. Қалың қарауылдың ойын-тойының көркі Ақан бо-
лады. Біріне бедеу мінгізіп, біріне бүлде кигізіп дегендей,
15-20 жігітті өзі тәрбиелеп, нөкер қылып алады. Жүргенде
сол жігіттердің алдында қолбасыдай оқшау отырады. Біресе
боз атқа мініп, ақ киген. Біресе қара атқа мініп, қара киген.
Бі ресе торыға мініп, күрең киген. Басында – бұлғақтаған
үкі, қо лында – домбыра, аузында – ән... Жігіттердің бәрі
балуан, бәрі әнші. Бірақ Ақанның әні өзгеше. Даланы
күңірентіп Ақан ән шырқаса, би билігін, кемпір өрмегін,
сұлу кестесін қойып, аңырып тыңдай қалады. Қалың
қарауылдың қара көздері «Ақанның әні-ай!» деп күрсінеді.
Сүймесе сері дер ме еді, қалың қарауыл Ақанға сері деп
лақап береді. Солай жүргенде Ақан бұрын атастырып
қойған қалыңдығы ІІІомат қожаның қызы Бәтиманы ала-
160
C
C
Шығармалары
C
C
ды. Онымен он жылға жақын отасып тұрады. Бәтимадан
бір ұл, екі қызы болады. Бірақ ұлы тілсіз болады. Он жыл
шамасында Бәтима өледі. Бірақ серіліктің соңында жүрген
Ақан Бәтиманың өлімін елемейді. Серілікті бұрынғыдан
да үдетеді. Құлақ естір жерден алғыр қыран, құмай тазы,
жүйрік жияды. Зілғараның баласы Әлібек батырдан бір
жылда алпыс түлкі алған Қараторғай деген бүркітті, Сай-
рат төреден бір жылда тоғыз қасқыр алған Базарала деген
итті алады. Қалың қарауылға аты шыққан Ақтоқты деген
арумен көңіл қосады. Тап сол кезде Ақанның қолына алты
алашқа аты шыққан Құлагер түседі.
Құлагер көбей-қарауыл Шөкетай жылқысынан шыққан.
Жабағы тай күнінде Құлагер кез келген жерде, хатта,
күртік үстінде өлген малдай серейіп ұйқтай береді екен.
Шөкетайдың ағасы Әбілторы сыншы Құлагерді тай күнінде
тұлпар болады деп сынаған екен. Құлагер дөненінде
қарауыл ішінде алдына қара салмай, сол Құлагерді Ақан сол
күнде жүз сомға сатып алады. Бестісінде Құлагер Шабан
асында дара келеді.
Бұдан былай шет елдерге Ақан мен Құлагердің аты бірге
шығады. Ақан қолында Құлагер Арқаның талай зор аста-
рында аузымен құс тістеген сан жүйріктерден озып жүреді.
Арғын-алтай Аққошқар-Сайдалының (Сайдалысының)
асында Құлагер 300 аттан жеке-дара келеді. Бірақ, сол
аста бір көңілсіз әңгіме болып қалады. Құлагердің артынан
Барақбай дегеннің Кетеберкөк деген аты келе жатады. Белгі
алуға шыққан Барақбай құлдырап келе жатқаң Құлагердің
шылауынан ұстаңқырап қалса керек, мұны көріп тұрған
Ақанның Барақбайға тілі тиеді. Осы уақиғадан Барақбай-
дың ішінде Ақанға қарсы кек қалады.
Осылай Ақанның атағы талай жерге жайылып тұрған
кезде мұның өмірінде бір өзгеріс болады. Желдей ұйыт-
қыған серінің жүрегіне мін деуге бола ма, сол кезде Ақан
Ақтоқты сынан айнып, қарауыл Тіналы қажының қы зы
161
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Ұрқия сұлуға өз әнімен өлең шығара бастап, сол Ұрқияны
алып қашады. Бірақ жаны сүйіп алған жары Ақанмен ұзақ
отаса алмай, үш-ақ ай тұрып, шешек шығып дүниеден
қайтады. Жаның сүйген жар нажағайдай жарқ етіп дүние
салса, жанға жеңіл жара бола ма? Ұрқия өлгеннен былай
Ақанның жаны қасіретке орала бастайды. Ұрқия өлген
жетінің ішіңде Ақанның жақсы көр ген бір інісі өліп, қасірет
үстіне қасірет жамалады. Жараланған жүрек жазылу үшін
тағы махаббат іздейді. Ақан айналып Ақтоқтыға келеді.
Енді айналып иілгенде Ақтоқтының ұзатқалы жатқан шағы
болады. Ақтоқты өкпесін айтып, разы еместігін білдіреді.
Ақан қалайда Ақтоқтыны алмақ болады. Ақтоқтының
беріліп отырған күйеуі ақсақ екен, қыздың көңілін күйеуден
қайтару үшін Ақан сықақ қылып улы өлеңдер шығарады:
Бәрекелді, Ақтоқты, тапқаныңа,
Жібеқтен шоқ шекеңе таққаныңа.
Бұдаң артық құдайдан не тілейсің,
Шолақ қасқыр түсіпті қақпаныңа...–
деп, мысқыл қылады Ақан. Бірақ өкпесі күшті Ақтоқты
бұрылмайды. Ақан танысып келе жатқан қызды жалғыз
өзі Құлагерімен алып қашады. Қыз қалайда. разы бол-
май тындығын айтқан соң, алдында келе жатқан қыздың
сүбесіне сапыны сұғып алып, бір томардың қабағына тастап
кетеді. Бірақ Ақтоқты тірі қалып, берілген күйеуіне барады.
Ақанның жүрегінде махаббат та, ашу да күшейеді:
Ақтоқты, кеткенің бе шыныңменен,
Бал бердің талай жерде тіліңменен.
Басыңды Сарымида кесіп алып,
Өмірімше даулассамшы құныңменен...
Дарияның қайраңындай қалқа бала,
Зарланып ән шырқаймын уайымменен, –
деп ашулы зар шығарады Ақан.
162
C
C
Шығармалары
C
C
Ақан енді көңілін мал да болса жолбарыстай қолындағы
Құлагерімен көтермекші болады. Құлагерді (тағы) астан
асқа алып жүріп отырады. Ұрқия, Ақтоқты уақиғасына
бір жыл шамасы болғанда, керей Сағынайдың асы бола-
ды. Ақан сол асқа Құлагерді қосады. 323 аттың алдында
Құлагер жұлдыздай ағып келе жатқанда, анау Сайдалы
асында ішіне қан қатқан Барақбай Құлагерді көлденеңнен
соқтырып өлтіреді. Асқа жиылған құмырсқадай қалың ел
шуылдасып, гулесіп, бәйгесін алып, ойын ойнап жатқанда,
Ақан мидай далада жолдасы Құлагердің басында кәдімгідей
мөлдіретіп көзінің жасың төгіп отырады. Күн былай
тұрсын, түн бойы күңіреніп Құлагерінің, сандалкерінің,
еркесі, үркеккерінің басын құшақтап отырады. Жан жол-
дасын қолымен өлтірген адамдай күйінеді. «Әлдеқайдағы
Ерейменге неге алып келдім? Мал да болса, адамнан есті
жануар-ай, шабуға жіберерде салбырап, басын төмен са-
лып, кәдімгідей көзінен жасы бұршақтап тұрды-ау! Осы
сұмдықтың боларын білген екен ғой еркекерім»,– деп
өкінеді. Керейдің игі жаксыларының өздері келіп көңіл
айтып, қол қусырып ауыл ға шақырғандарына жұбанбай,
бармай, күңіреніп, бір күн, бір түн далада өлген еркесінің
басыңда отырады. Сол отырғанда өзі мен сандалкеріне
өлең шығарады:
Жануар Құлагерім қолдан кетті.
Дұшпанның қастығынан қаза жетті.
Қаржас боп, қанжығалы, керей, алтай,
Қуандық, Сүйіндіқ боп намыс етті.
Тамам жұрт көтермекке аттанғанда,
Алдынан қарсы бармай маған нетті?
Жиыннан жеке келген тұлпарым-ай,
Үмітсіз қандай дұшпан қағып өтті.
Қырмызы, қара құлпы құйрығың-ай,
Суырылып топтан озған жүйрігім-ай.
163
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Жеріне Ерейменнің, айдап келген
Тәңірінің айналайын бұйрығын-ай...–
деп күңіренеді Ақан
1
.
Жараға жара қосылып, ауыр қасіретпен Ақан еліне
қай тады. Тағдыр шіркін тас бауыр ғой, тап сол жылы
Ақанның алғыр қыраны – Қараторғай һәм Базарала тазысы
өледі. Қа зақ: «Ер жігіт тұлпардың тұяғымен, сұңқардың
қияғымен, сылдыр қаққан судың бойымен, алма мой-
ын сұлудың қойнымен жұбанады», – дейді екен. Енді
Ақанға өмірде жұбанарлық не қалды?.. Жан сүйген жары
Ұрқиядан өлі айрылған, «талай жерде тіліменен бал берген»
Ақтоқтысынан тірі айрылған, тұлпарын көмген, сұңқары
мен құмайы өлген, енді не қалды? Енді Ақанға теңізден
терең ой қалды. Қорғасыннан ауыр, түннен қараңғы қайғы
қалды. Удан ащы қасірет қалды. Жасы да отыздың ішіне
кіріп қалған. Өмірдің жайнаған гүлін көріп келген Ақан өз
өмірінің бықсып-күйіп күлге айналғанын көре бастайды...
Сол уақыттан былай Ақанның жанында үлкен өзгеріс
болады. Бұхардан оқып қайтып, Көкшетауда дәріс айтып
тұрған, белгілі Науан қазіретке анда-санда барып сабақ
алады. Дінге, сопылыққа беріледі. Хақ асығы дуанадай
малдан, елден безіп, дінменен жан тазартуға кіріседі. Бұрын
судай сұлу махаббатты жырлайтын Ақан сопылықпен жан
тазарту жайын жырлай бастайды. Бірақ сүйегіне біткен
серілік серіліп кетпейді. Бәлки, серіліктері жұртқа жат,
ұғымсыз түрге кіріседі. Ақанда мынадай кенет ірі өзгеріс
көрген соң, ел күңкіл қыла бастайды. Күңкілдің түбі Ақанға
пері иеленіпті деген сөзге айналады. Шынында Ақанның
құлқының, істерінің жай адамның құлық-істеріне үйлеспеуі
мұндай сөздерді еріксіз шығаратындай.
1
Ертеңінде Құлагердің басын кәдімгідей кебіндеп жерге көмеді.
(М. Жұмабаевтың ескертпесі).
164
C
C
Шығармалары
C
C
Жаз шығып, жан-жануар қыбырлап, қалың ел қайта
жайлауға көшкенде, Ақан сақау баласымен Қоскөлдің сыр-
тындағы – Сарыкөлдің жағасындағы ағаш үйде жалғыз
қалады. Қалың қамысты көл. Қою қалың, иесіз қыстау.
Ақан. Тілсіз бала. Түн болады. Жел шығады. Қою қамыс
зуылдайды, сықыр-сықыр қалың қайың шайқалады. Иесіз
үй күңіренеді, үй ішінде Ақан күңіренеді. Сақау балада
үн жоқ. Екі көзі жаудырап Ақанға қарайды да отырады...
Күндіз де сол...
Ішуге де, дәретке де суды Сарыкөлден ғана алады.
Сарыкөлдің суына тірі тышқан түсірмейді. Мінген атын
да суармайды. Мал келе жатса, алдынан шығып айдап
жібереді. Ақан анда-санда жайлаудағы елді аралайды.
Астындағы – жүзіктің көзінен өткендей жаратып тастаған
бедеу. Екі жағында – екі сұлу ат. Қайда барса, бір елі
қалмайды. Шақырса екеуі екі жақтан келіп, тізесіне
иектерін сүйеп тұрады. Ақанның өзінен басқа тірі жанды
маңдарына жолатпайды. Өздері – туғалы жүген-құрық
кимеген шу асау. Ақан бір ауылға түссе, далаға барып от-
тап, Ақан аттанарда келеді. Ақан кез келген ауылға түсе де
бермейді. Қалың қарауылдың ішінде өзінің таңдап алған
белгілі ордалары бар. Сол ордаларға ғана түсіп, солардың
ғана асын ішіп, солардың ғана төсегіне жатады. Болмаса
қазы-қартаға бөлеп қойса да, кез келген үйге түспейді Ақан.
Түсіп отырған үйінің ыдыс-аяғында кір, қыл көрсе, яки сол
үйдің әйелінің бір былықтығын байқап қалса, пісіп тұрған
дәмді тастап, рұқсат алып, аттанып кете барады. Киімі
кір адаммен отырғанда, тізелесіп те отырмайды. Төсегі
кірлеу үй болса, үйге жатпай, далаға жатады. Жаз болса,
көлдің жағасына барып, қыс болса, үюлі шөптің ішіне
барып, кейде Алланы аузынан тастамай, басын сәждеден
көтермейтін болады. Жанды дінмен тазарту керек дейді.
Ал енді кейде Алланы ұмытқандай болып, дінін, намаз,
165
C
C
М. Жұмабаев
C
C
оразасын – бәрін қойып кетеді. Күні-түні күңіреніп өлең
жазады, ән шығарады. Далада болсын, ауылдың жаныңда
болсын, өзінің зарлы сарынымен ән шырқайды.
Ақанның осы мінездерінің, осы істерінің бәрі жат, бәрі
жұмбақ, бәрі ұғымсыз, ел не деуге де білмей қалады. Жын-
ды деп-ақ қояр еді, қалың қарауылда Ақаннан есті, Ақаннан
шешен, Ақаннан көсем кім бар? Ермін деген ерлер шеше
алмаған түйінді Ақан шешеді. Екі жақсы бас қосса, сөзді
Ақан бастайды. Қандай ұшынған дау болса да Ақан бітіреді.
Ендеше, Ақан – жынды емес. Оған мұсылман перісі иелен-
ген болар дейді жұрт. Күн-күн сайын осы сөз өседі.
Бастап еміс-еміс боп, өлімсіреп туған өсек, барған сайын
бойы өсіп, бұғанасы қатып дәуірлей береді... Ақан. Ерей-
менде Құлагердің басында түнеп отырғанда, таң алдында
салқыншалау жел шығады. Ақан тоңазығандай болады,
шерлі Ақан күңіреніп отыра береді. Сол арада болар-болмас
қобыздың қылын, домбыраның ішегін шерткендей нәзік
мұңды дауыс жан-жаққа жайылғандай болады. Әлгідей
болмайды, жорғалаған желдің ішінен жібектей судыр-
лап, талдай бұраңдаған, жүзіне кәдімгі айдың нұрындағы
нұр төгілген бір әйел шыға келеді. Ол келген мұсылман
перісінің ханының қызы екен. Адамзаттың еркесі Ақан
сері қалың шерге душар болған соң, ханның қызы ерке
сұлу Ақанды жұбату үшін желге мініп, ұшып келген екен.
Келіп жұбатады... Сол күннен былай Ақан мен пері күндіз
айрылып, түнде қосылатын болады... Жоқ, пері Ақанға
Ерейменде иеленген емес екен. Періге иелену Ақанның
тұқымында бар екен. Олардың қонысы – Қоскөлдің өзі
ежелден перінің мекені екен. Марқұм Қорамсаның өзі
перімен айналысқан адам екен. Қорамсаның өзі де бірнеше
күндеп, айлап ешкімге тіл қатпай, үйден шықпай, бұқбанау
жасап аулақ отырып алатыны бар екен. Сол уақытта оның
пері жары келеді екен. Ақанға пері қызын қосқан оның пері
166
C
C
Шығармалары
C
C
шешесінің өзі екен. Осылардың бәрі құр «екен» ғана емес,
ап-анық нәрсе, көзбен көрген де кісі бар...
Шұңғырша қарауыл Әбіш деген жігіт күздігүні шөп
шапқалы қыстауға барып, іңірде шошалада балта қайрап
отырады. Ортада от бықсып жатады. Шошаланың іші қара
көлеңке. Бір мезгілде жел шыққаңдай, қыстаудың желкесін-
дегі қалың қайыңның жапырақтары сыбдырлағандай,
қо раның төбесіне жапқан қамыстар судырлағандай, сыр-
ғауылдар сықырлағандай болады. Желмен ашылғандай
ақырын ғана есік ашылып кетеді. Үйге үш әйел кіреді.
Алдыңғысы денелі, ұлғайған бір бәйбіше; екіншісі – орта
жастағы әйел; үшіншісі -талдай нәзік, талдырмаш бір қыз.
Үшеуінің де жүзінен сорғалаған сәуле төгіліп тұрғандай.
Киімдеріне көз тоқтамайды. Үшеуі де қолдарымен жүз-
дерін тасалай бергендей. Келіп босағаға отырысады. Әбіш
қалтырап, тоңғандай, тісі сақылдап «құлқуалланы» оқи
бастайды. Мұсылман пері құраннан қаша ма, үш әйел
отыра береді. Біраздан бәйбіше сары іңгендей ыңыранып
сөз бастайды. «Шырағым, Әбіш, танымаған соң, сен бізді
жатсынып отырған шығарсың. Мен – Қорамса атаң үйіңдегі
шешеңмін. Мынау – Ақан ағаң үйіндегі жеңгең, анау –
ме нің кіші балам еді. Таза жүретін, мұсылман адамға бе-
руге ойым бар еді. Үй-ішіміз болып сені ұнатысып, саған
қосқалы келіп отырмын»,– дейді. Бәйбіше соңғы сөздерін
айтқанда, сұлу қыз қағынған аққудай күлімдеп, керіліп
қояды. Әбіште құт жоқ, зәре жоқ. «Әлхямді құлқиуалладан»
қайран болмаған соң, Әбіш жандәрмен тізесінің астында
жатқан балтаны ала ұмтылады. Сол уақытта үш әйел күбір-
күбір сөйлескендей болып, судырап үйден шыға жөнеледі.
Әбіш оттың басында талып қалады. Есін жиған соң, аулына
қайтып, ауруға айналып, өмір бойы шала естілеу болып
қалады...
|