140
C
C
Шығармалары
C
C
лыққа әдеттендіруге міндетті. Бала нашарлыққа бір
әдеттеніп қалса, оны қайта түзету оңай нәрсе емес, есте
болу керек. Ауру қалса да, әдет қалмақ емес. Әдет тым
бойға сіңсе, құмарлыққа айналады.
Құмарлық шектен шықпай белгілі мөлшерде болса,
әрине, пайдалы. Құмарлық болмаса, адам өмірде белгілі
бір жолды қуып та кете алмайды. Бірақ көбінесе құмарлық
шектен шығып кетеді. Көбінесе адам бір нәрсеге құмар
болса, басқа барлық нәрседен көзді жұмып безіп кетеді.
Бір тілекке басқа тілектің, бір нәрсеге басқа нәрсенің
бәрін құрбан қылады, құмар болған нәрсенің пайдалы,
пайдасызына да қарай алмайды. Сол құмарлық жолында
ұяттан, ардан, барлық адамшылықтан айрылады. Мыса-
лы, қиссадағы Қарынбайдың малға құмарлығы сықылды.
Маскүнем адамның арақ құмарлығы сықылды. Мұндай
құмар адам – сау адам емес, ауру адам болады. Мұндай
құмарлық адамды өрге сүйремейді. Сондықтан тәрбиеші
балада мұндай құмарлықты болдырмауға міндетті.
Мінез
Бір адамның барлық ісін басқа адамдардың істерінен
айыратын сипаттар мінез деп аталады, адамның ойының
яки ішкі сезімдерінің сипаты мінез ұғымына кірмейді. Ойы
бір дәрежеде һәм сезімдері бір қалыпты адамдардың мінезі
әр түрлі болуға мүмкін.
Яки жауыз һәм мейірімді адам, құлықты һәм құлықсыз
адамдар мінездес болуға мүмкін. Сондықтан мінез ақылға
яки сезімге байлаулы нәрсе емес, қайратқа байлаулы һәм
мінез қайрат дәрежесіне қарап былай бөлінеді. Егер бір
адамның қайраты күшті болса, сөзінен бір айрылмайтын,
екеуі екі бөлек жайылмайтын болса, ондай адамның мінезі
қатты мінез, күшті мінез, берік мінез деп аталады. Егер-
141
C
C
М. Жұмабаев
C
C
де сөзбен, оймен іс бір-біріне қабыспайтын болса, ауыз
айтқанда, қол істей алмаса, ондай адамның мінезі жұмсақ
мінез деп аталады.
Мінездің жасалуы. Мінез адамның жаратылысына
қарай тума болады һәм басқа сыртқы себептермен тұрмыс
түрі, жаратылыс, жолдас, тәрбие сықылды жүре пайда бо-
лады. Тума мінез көбінесе тұқым қуалап келеді. Дененің
аурулы яки сау болуы, ақылды, ақымақ болу, ашулы, жасық
болу сықылды тума мінез темперамент деп аталады.
Темперамент. Әрбір адамның жаратылысы бойынша
тума бір түрлі мінезі болады. Мысалы, сыртқы дүние
әсерле рінен өзінше бір түрлі әсерлену яки ішкі сезімдердің
өзінше бір түрлі оянуы сықылды. Міне, осындай тума мінез
темперамент деп аталады. Темперамент төрт түрлі. Сангви
ник, холерик, флегматик һәм меланхолик темпераменттері.
1) Сангвиник темпераменті – сыртқы әсерлерді жеңіл
һәм тез алу, бірақ терең ала алмау. Сангвиник адам ұшқыр,
ойнақы, еті тірі болады. Бірақ бір әсерден екінші әсерге
секіріп түсе беретін, бір әсерге аялдап тұра алмайтын
ти янақсыз адам болады. Әрбір істі бастап тұрып, тастап
кететін болады.
2) Холерик темпераменті – сыртқы әсерлерді тез һәм
те рең алу. Холерик адам әрбір әсер артынан салпақтай бер-
мейді. Бір алған әсеріне мықты, бекем болады. Көздеген
мақсатын қадағаламай, тиянақтамай, жолда шала қалдыр-
майды, табанды, қайратты болады. Қиын-қыстау мәселені
тез шешеді, тез орындайды. Бірақ холерик адамның ашуы
шапшаң һәм қатты болады. Сол ашу себебімен көп уақытта
ұнамсыз істер істеп тастайды. Тіпті бір бет, қияңқы болады.
3) Флегматик темпераменті – әсерлерді әлсіз алу һәм
ішкі сезімдердің созалаң оянуы. Бірақ түбі берік болады.
Флегматик адам – ауыр мінезді адам, түрлі әсерге көрсе
қызар болмайды. Мәселені тез шешуге асықпайды, іс
142
C
C
Шығармалары
C
C
істегенде саспайды. Шапшаң ашу, қызу мінез болмайды,
салқын қанды болады. Басын жарып, көзін шығарып, жан
алып, жан беріп істі тез бастап кете алмайды. Бірақ бір
бастаса, салпақтап артынан қалмайды.
4) Меланхолик темпераменті – адамның ішкі сезімдер-
дің билігінде болуы, өзінің ішкі сезімдеріне, жалпы
айтқанда, өзінің ішкі дүниесіне берілген. Меланхолик адам
аулақ ты жақсы көреді. Ешкімге сенбейді. Істе қалтылдақ,
жас қаншақ болады. Тұрмыста кедергі ұшыраса, оның
жүні жы ғылып, қайраты сөніп, жасып қалады. Меланхо-
лик адамның үміттен уайымы, қуаныштан қайғысы көп
болады. Аз ғана кедергі оны қалың уайымға, қайғыға
түсіреді. Ме ланхолик адам өзіне берілген. Өзім деген
кісіге құл болғандай жақын болады. Бірақ ана кісіден бұған
жақпайтын қарсы мінез шығып қалса, оған қас болып
кетеді. Мұндай меланхолик адамның сіркесі су көтермейді.
Сондықтан мұндай адам бір бет, қыңыр-қисық болады.
Темпераменттің бұл төрт түрі бір-біріне қатыспай, та-
за күйінде ғана болады деуге болмайды. Көбінесе бұлар
бір-біріне аралас болады. Мысалы, бір адамда сангвиник
темпераменті мен холерик темпераменті аралас болады.
Бір адамда флегматик темпераменті мен меланхолик
темпераменті аралас болады. Һәм темперамент тұрмыстың
һәм тәрбиенің әсерімен өзгереді. Және темпераменттің
түрлі болуы біраз жас, ер, әйелдік һәм тұқымнан да бола-
ды. Мысалы, көбінесе жас шақта адам сангвиник болады,
ерлікте холерик болады, кәрілікте флегматик болады.
Көбінесе әйел сангвиник болады. Ер холерик болады.
Қалайда әрбір адамда осы төрт темпераменттің біреуі
денірек болмай қоймайды. Денірек болатын темперамент
хатта нәресте шақтан біліне бастайды. Сондықтан тәрбиеші
баланың нәресте шағында-ақ оның тума мінезін һәм
темпераментінің түрін байқап, біліп қоюға тиіс, балаға оның
143
C
C
М. Жұмабаев
C
C
темпераментінің түріне қарай тәрбие беру үшін. Бірақ берік
білу керек: темпераменттің анасы жақсы, мынасы жаман,
анадай темпераментті ірі адам, мынадай темпераментті
төмен адам деуге болмайды. Адамды ірі қылатын темпера-
мент емес, ақыл мен құлық. Ақылы терең, құлқы сау адам
қандай темпераментті болса да тізгіндеп, түзу жолға түсіп
кете алады. Темпераментті тізгіндей білу үшін адамның
жақсы тәрбиеленуі керек.
Мінез тәрбиесі. Балада берік һәм дұрыс мінез пайда
болу үшін тәрбиеші мынау негізгі екі шартты орындау
керек: 1) Баланың өз қолынан келетін іске балаға толық
ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз
қолынан келмейтін істе ғана тәрбиеші көмек көрсетіп
жіберуге міндетті. Күштен асатын іске кірісіп баланың
тауы шағылмас үшін. 2) Баланы құбылмайтын, ұсақтықпен
қажытпайтын темір тәртіпке (дисциплина) бағындыру
керек. Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа
үйретсе, темір тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа,
табандылыққа үйретеді. Осы екі жағы тең адамның мінезі
күшті болмақ қой. Баланы тіпті еркіне жібермеу оны
жасқаншақ, жасық, қорқақ қылады. Ал тіпті тізгінсіз қоя
беру, ләм-мим демей, оның бар еркелігін орындай беру
баланы бейбастақ, ессіз тентек қылып шығарады.
Осы екі жақтың біреуіне аударып жібермей, баланы
орта да ұстай білу үшін тәрбиеші мынаны істеу керек:
1) Балаға бір нәрсені істе дегенде ақырмай-бақырмай,
сал мақпен һәм былай да жарайды деген сықылды табан сыз-
дық көрсетпеу керек. Тәрбиешінің табансыздығын сез се,
бала оны сыйлаудан, тілін алудан қалады. Және тәрбиеші
өз ісінде тиянақты, табанды болуға керек. Бала адам айтар
емес, еліктемпаз болады. Тәрбиеші тиянақты болса, бала
оның тиянақтылығына еліктейді. Тәрбиеші тиянақсыз бол-
са, бала оның тиянақсыздығына еліктейді.
144
C
C
Шығармалары
C
C
2) Балаға бір нәрсені істе дегеңде де, істеме дегенде де
сол бұйрықтың себебін ұққандай қылып балаға ұқтырып
отыруға керек. Себебін ұқса біраздан соң бала өз бетімен-
ақ дұрыс іске ұмтылып, теріс істен тыйылатын болады.
Ерінбей, жалықпай балаға әрбір істің себебін ұқтыра беру
керек. Мәні-жайын ұқтырмай, құр бұйрық беруші адам –
тәрбиеші емес. Данышпан Абай айтқандай, «ұстаздық
қылған жалықпас үйретуден балаға», тәрбиеші баланың
қаһарлы қожасы болмасын, жұмсақ жолдасы болсын.
Баланың жалпы жаратылысы
Біз кітабымыздың басынан бері жан көріністерін, яғни
ақыл, ішкі сезім һәм қайратты баяндадық. Ержеткен адам-
ға қарағанда баланың сол айтылған көріністері басқарақ
түрде болатынын білдік. Мысалы, баланың әсерленуі,
суреттеуі, ойлау һәм сезуі ержеткен адамнан әжептәуір
басқа. Баланың бұл жан көріністерінің әрқайсысының жеке-
жеке алғанда басқалығы болған сықылды, бұлардың бәрін
тұтас алғанда да басқалық бар.
Бірінші, баланың барлық жан істері бір-біріне берік
байланған болады, бірімен-бірі берік жүреді. Мысалы,
баланың денесі мен жаны, ақылы мен сезімі, сезімі мен
қайраты – бәрі бірге іс қылады, бұлар бір-бірімен күресе
білмейді, бірін-бірі тізгіндей білмейді. Бала бір нәрсеге
ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі,
қайраты – бәрі бірге жұмсалады. Бала шақта алынған
әсердің өмір бойы естен шықпауының мәнісі сол: бала
шақта алынған әсер ержеткенде адамның ақылының, ой-
пікірінің һәм мінезінің қандай дәрежеде һәм түрде болу-
ына негіз салады. Балалықта ылғи жағымды әсер алынса,
адам өмір бойы шат көңілді болмақ. Балалықта жағымсыз
әсер алынса, қорлық, жоқшылық көрілсе, адам өмір бойы
қасіретке бейім болмақ.
145
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Екінші, бала ылғи іске ұмтылады. Дені сау бала тіпті
қарап отыра алмайды. Бірақ бала не істеуге һәм қалай
істеуге білмейді. Сондықтан ол ересек адамдардың не
істегенін һәм қалай істегенін өнеге қылады. Баланың
еліктемпаз болуы осыдан. Еліктеу, затында, тіпті теріс
нәрсе емес. Еліктеу адамның жаратылысында бар нәрсе.
Еліктемейтін адам болмайды. Себебі бар нәрсені өз ойымен
таба алмайды, оған өмір де жетпейді. Бәлки басқалардан
қалған ұнамды нәрсені ала қояды. Жалғыз-ақ жан ісі тіпті
әлсіз балада еліктеу тым-ақ күшті болады.
Жоғарыда айтылғанша, баланың жаратылысы ересек
адамның жаратылысынан басқа болғандықтан, тәрбиешінің
негізгі ұстайтын жолы:
1) Бала еліктемпаз болғандықтан, баланың ылғи сұлу
һәм құлықты әсерлер алуына ыждаһат қылу керек. Әсіресе
баланың ата-ана һәм тәрбиешісі – солардың өздерінің
барлық істері сұлу һәм үлгілі болуға тиісті. Баланың елік-
тейтіні – солар. Және бала тіпті сенімпаз болады. Сон-
дықтан баланы өз күшіне өзін сендіріп үйрету керек. Қо-
лыңнан түк келмейді дей берсең, бала жасқаншақ, жасық
болып қалады. Осыдан сақтану керек.
2) Бала ешбір уақытта іссіз тұра алмайтын болғандықтан,
балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала
өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді. Болмаса, балаға
пайдалы іс берілмесе, ол уақытта бала өз бетімен қайдағы
нашар, зиянды істерге әдеттеніп кетеді.
Ұзын сөздің қысқасы, бала кәдуілгі адам болғанымен,
баланың жаратылысында көп басқалық бар. Мұхамбет
пайғамбар: «Сөзді әрбір адамның ақылына қарай сөйле»,–
депті. Сол айтқандай, балаға тәрбиені өзінің шамасына,
жаратылысына қарай беру керек. Жас бала – жас бір шы-
бық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген
күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан
146
C
C
Шығармалары
C
C
түзеймін десең, сындырып аласың. «Баланы – бастан» деген
сөздің мәнісі осы. Тәрбие деген – баланы бетке қақпай,
бетімен жіберу емес. Яки отырса басқа, тұрса аяққа ұрып,
көрбала қылып өсіру де емес. Баланы тәрбие қылу – тұрмыс
майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару
деген сөз. Қалса – өзін, асса – барлық адам баласын адал
жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста
түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық
теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға
құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек
бір мүшесі болатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару.
Баланы мұндай адам қылу үшін тәрбиеші бар күшін, бар
білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек.
Данышпан Абайдың төмендегі сөзімен біз кітабымызды
тамамдаймыз:
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға.
С о ң ы
147
C
C
М. Жұмабаев
C
C
мақалалар
148
C
C
Шығармалары
C
C
БІРІНШІ МАЙ МЕЙРАМЫ
Бірінші май – жер жүзі пролетариатының жұмыскерлер
табы мейрамы. Бірінші май жер жүзі пролетариатының
бір жолда, бір тілекте екендігін білдіретін, капиталға,
озбырлық қа қарсы соғыс ашқан пролетариаттың күш-
шамасын көр сететін сын мейрамы.
1889 жылы жиналған екінші интернационал (жер жүзі
пролетариатының ұйымы) әр жыл Бірінші майда жер жүзі
пролетариаты мейрам қылсын, жұмысын қойып, тұрмысы
түзелуі, жұмыс күні... 8 сағаттан аспауын тілеп, ұран салып
көшеге шықсын деп бекітті.
Міне, сол жылдан бері жер жүзінің пролетариаты Бірін-
ші майды мейрам қылып келеді. Капитал қоршауында қан
жылаған пролетариат сол жылдан бері капитал мен күресті
жеңбей тоқтатпайтынын білдіріп, әлемге ұран салып, жер
жүзін жаңғыртып келеді.
Бірінші майды бастапқы жылдарда күнбатыс Европа
һәм Америка пролетариаты ғана мейрам қыла алды. Себебі
олардың пролетариаты ерте оянған, ерте ойланған.
1890 жылы Англия, Франция, Германия, Австрия про-
летариаты бірінші май күні жұмысын қойып, қолдарына
ту алып, революция жырларын жырлап, түрлі тілектермен
көшеге шығады.
Капиталистер оларға қарсы әскер, полиция, жандарм,
топ, пулеметтерді даярлап қояды. Көп жерлерде екі жақ
ереуілге келісіп қалады. Американың Чикаго қаласында
149
C
C
М. Жұмабаев
C
C
8 кісі өлім жа засына бұйырылды. 1890 жылдың Бірінші
майында – бірін ші ұран, бірінші құрбан.
Жыл соңынан жыл өтті. Жерге жан беретін жазбен бірге
пролетариат қырмызы туын желбіретіп, май сайын мейрам
жасай берді. Талай қалалардың көшесі қанға боялды.
Пролетариат қанды көріп қорыққан жоқ. Құрбанды көріп
қорғанаған жоқ. Бірінші май мейрамын жамылған пролета-
риат қозғалысы жер жүзіне тарағаннан тарады.
1891 жылы Россия пролетариаты да жарыққа шығып,
күресшілер қатарына тізіліп, Бірінші майды мейрам
қылады. Бірақ бұл бірінші мейрамшылар жалғыз Ресей
пролетариаты ғана еді. Мұнан соңғы мейрамшыларға
Россияның басқа қалалары да қатынаса бастайды.
1903 жылы Россияның 6 қаласының пролетариаты
мейрамға қатынасады.
1905 жылдан соң Бірінші майды барлық Россия проле-
тариаты мейрам қыла бастады деуге болады.
31... жыл кішкене ғана тілекпен майданға шыққан про-
летариат жыл сайын кеңейте, тілегін арттыра берді. Жер
жүзіндегі мұңдастарын қатарына қоса берді. Ту басында тар
ауданда саяси азаттық қана сұрап шыққан пролетариат бұл
ауданды кеңейткеннің үстіне адамзат тұрмысында теңдік,
ортақтық негізін құру деген жаңа жалынды тілек қосылды.
Осы жаңа ұранмен Россия пролетариаты 1917 жылы
ақсүйек капиталистер құрсауын бұзып, билікті өз қолына
алды.
Пролетариаттың талай төгілген қаны босқа кеткен жоқ
екен. Талай берген құрбаны қабыл болмай қалған жоқ екен.
Соң туса да оң туған Россия пролетариаты.
Қазақ елі адамзат тұрмысында өз бетімен жол салу
дә режесіне әлі жеткен жоқ. Үміт келешекте. Осы күні
қазақтың ел болуы жер жүзі пролетариатының бағына
байлаулы. Олардың бағын ашса, қазақ бағы да ашылмақ.
150
C
C
Шығармалары
C
C
Россияда билік пролетариат қолында тұрса ғана қазақ көгіне
күн шықпақ. Қазақ пролетариат қатарына кіріп, теңдік
ұранын бірге салса ғана құлдықтан құтылмақ. Жылдар
өтер, адамзаттың келешек ойын әділдік, азаттыққа қызмет
сіңірген ерлер-әйелдер таптардан таспық тізіп, соларды
құрметтеп тәкбір етіп, сәждеге құлар.
Сол тізілетін таспықтың бір тасы болуға ұмтыл. Қазақ,
әділдік туын көтерген пролетариат қатарына қосыл! Оның
қайғысы – сенің қайғың! Оның қуанышы – сенің қуаны-
шың! Бірінші Май мейрамы – сенің де мейрамың.
Сиын да қуан, сиын да мейрам қыл. Өркендесін Бірінші
май мейрамы!
ЖАЗЫЛАШАҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ
ҺӘМ МЕКТЕБІМІЗ
Қазақстан үкіметінің ағарту комиссары һәм ҚССР го-
сиздаты алдындағы жазушылар ұйымының 14 январьда
болған кеңесінде қазақтың І, ІІ басқыш еңбек мектебіне
оқу құралдарын даярлау туралы шығарған қаулыларын
газеттерден оқыдық. Сөздің іске асатын кезі келген шығар,
іске сәт.
Қаулыда І, ІІ басқыш қазақтың еңбек мектебіне пәлендей
құралдар пәлендей уақытта жазылып бітсін деген. Бірақ ол
құралдар қандай негізде құрылу керек, қандай түрде болу
керек, бұл көрсетілмеген. Көрсетілмеуі: сөз жоқ, қолайсыз.
Ағарту комиссариаты ресми бұйрықпен көрсетсе, сөз жоқ,
қолайлы болар еді.
Бұл сөздің мәнісі мынау: оқу құралдарының құралатын
негізі – мектеп. Оқу құралдардың мінезі – мектеп мінезінің
айнасы. Түрлі пәннің (предмет) мектепке қай шамада,
қай түрде кіруі де мектептің өзінің қаңдай негізге құ ры-
луына, қандай мінезді болуына байлаулы нәрсе. Олай
151
C
C
М. Жұмабаев
C
C
болса, жазылашақ біздің оқу құралдарымыздың да мінезі
мектебіміздің мінезіне байлаулы болуға тиісті. Ойлауға
мүмкін, үстеріне кітап жазу міндеті артылған азаматтардың
ішінен көз жұмып, әйтеуір жазылып кітап бола берсін деп
іске кіріскендері сықылды, ана «байлаулардың» басыңда
басы қаңғырып, дағдарып отырғандары да болар. Осы
дағдарыстың болуыңда тамаша жоқ.
Әңгіме былай. Әрбір ел келешегіне негізді балаларын
тәрбиелейтін, даярлайтын мектебін де салмақ. Бір елдің
тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Бұл –
ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Тарихты аз
ғана болса да ақтарған кісі мұны біледі. Бисмарк айтса,
айтпаса да неміс елінің соңғы біраз заман ішіндегі дәуірлері
мектебін құра білуден болған еді.
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің
қандай негізге құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді
таза, сау, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) қа бы-
сатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін
тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра
алмасақ, келешегіміз күңгірт.
Қазақ мектебі осы күні үш жолдың әрелігінде тұр.
Біреуі – артында. Оны жүріп шықты деуге болады. Екеуі –
алдында.
10-15 жыл бұрын біздің мектебіміз сиыр көзді, сәлделі
молдасы, былдырлаған балаларды шыңғыртатын көк
шы бықтары, бисынба, биясынби, битүрүлері, уал, қадір,
кире үшремін, аллатағалалары, тағы толып жатқан бір-
деңелерімен тұп-тура өлімнің ұясы еді. Жан, денені бірдей
улайтын схоластикалық сасық зынданы еді. Тұрмыс, жара-
тылыс туралы балаға ешбір білім бермейтіні былай тұрсын,
оқу, жазуды да білдіре алмайтын еді.
Соңғы 10 жыл ішінде қазақ оқыған азаматының біраз
жандануымен мектебіміз де біраз жандана бастады. Мектеп
152
C
C
Шығармалары
C
C
төрінде тізгінсіз тәңірілік құрған әліпби орнына «ғылым»
мол кіріп отырды. Ми шірітуден басқаға жарамайтын
мектебіміз хат танытатын мектепке (школа грамоты) айнал-
ды. Бұл – мектебіміздің 1917 жылға шейін жүріп шыққан
жолы.
1917 жылғы үлкен толқын қалғып отырған қазақ аза-
матын да қағып оятты. Саясат һәм шаруашылық жағынан
елінің қолын жеткіземін деп ұмтылған азамат қазақ мек-
тебін де жаңа жайлы, таза негізге құрмақшы болды. Қала
сайын дерлік курстар ашылды. Көздерінде, көкіректерінде
ұшқыны бар мұғалімдер шығарылды. Мектеп пен тірі дүние
ортасындағы қытай қорғанын бұзып, мектепті білім беріп,
тұрмысқа даярлайтын, келешекте ел ісінің иесі болатын
азаматтар шығаратын жер жасауға: мектепке тұрмыс һәм
жаратылыс ғылымдарын кіргізуге бет алды.
Тіпті құр қампиту емес, 1917, 1918, 1919 жылдар қазақ
мектебі үшін күнбатыс Европа мектебіне ояну (ренессанс)
дәуірінің істеген қызметін істемек еді.
Ояну дәуірінде мектептен схоластика қуылып, мектеп
тұрмыс һәм жаратылыстың айнасы болсын деп, Ребле,
Муннен, соңғы таман Каменскийлер шықса, өткен 2-3
жылдың ішінде қазақ мектебін жаңа негізге құрмақшы
болған азаматымыз да кішкене дүниесінде кішкене Ребле,
кішкене Муннен, кішкене Каменскийлер еді.
Бірақ басталған жыр бітпей үзілді. Қолға алынған іс тыя-
нақталмай қалды. Төңкерістен төңкеріс болды. Толқыннан
толқын қақты.
Тегінде «тағдыр жазған» жолымен қалтақтап келе жат-
қан қазақ елі Россия революциясы толқынының екпінімен
кете барып қанша ұтты, қанша ұтылды, бұл істері жұмбақ,
анық шешуін тарих берер. Қазіргі күнде екпіндеп бара
жатқанымызда өзімізге өзіміз есеп беруге қол тимейтін
түрі бар.
153
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Бірақ мектеп ісімізге аз ба, көп пе есеп беруге болады.
Мектебіміз белгілі берік бір негізге құрыла алмады. Бір
жақтан – әліпби һәм ғылым – ол, екінші жақтан – ұлт тілі,
жаратылыс, үшінші жақтан – орталық һәм машина (соци-
альный индустриализм) негізіне құрылған еңбек мектебі.
Міне, қазақ мектебі осы күні осы үш оттың ортасында отыр.
Әліпбиді еллалла қырық молдамен зорға етіп, екінші жолға
аяқ баса бергенде, үшінші от жарқ ете түсті.
Дұрыс, еңбек мектебін совет үкіметі тіпті жоқ жерден
шығарып алған жоқ. Мектепті еңбек негізіне құру педаго-
гика дүниесінің көптен бері көксеген ізгі тілегі болатын.
Еңбек мектебінің совет кезінде атой беріп шыға келу
себебі – совет үкіметі һәм коммунизм жолындағы адамдар
еңбек мектебін саяси күреске құрал қылып отыр. Дұрысы,
құрал қылайын деп отыр.
Жоғарғы сөздердің қорытындысы – үш тарау жолдың
ортасында дағдарып тұрған мектебімізді белгілі бір жолға
нұсқап жіберу – ертеңге қалдыруды көтермейтін міндетіміз.
Қалайда мектебімізге берік бір негіз салу керек.
Мектебімізге негіз саламыз дегенде ескеретін іс соңғы
кезде соқыр еліктеу ауруы біздің жанымызға сіңіп барады.
Еліміздің саяси ынтымағы һәм шаруашылық тұрмысын
жаңа жолға қоймақшы болғанда да біз еліктеу ауданын-
да жүрміз. Қазақ жанын қайшылап отырып жат қалыпқа
салмақшымыз. Жат қалыпты қазақ жанына қабыстыру
яки жаңа қалып жасау тәжірибесіне кірісуіміз қарадай
қорқытады. Мектебімізге негіз салғанда біз тағы осы жолға
түсіп кетпесек игі болар еді.
Дұрыс, бізге жақын жерден үлгі болатын – орыс мектебі.
Бірақ орыс мектебінің өзі осы күңде тоғыз жолдың тора-
бында тұр.
Жалпы адамзат өсіп-өну тарихында не істесе, бір адам да
өсіп-өну тарихыңда соны істейді. Тарих таңында жалаңаш,
|