Хұкімдердің бөлінуі. Хұкімдер былай бөлінеді: 1)
жасалуына қарап, 2) қомағы яки санына қарап, 3) іші яки
сынына қарап, 4) ие мен айтылыс арасындағы байланысқа
қарап, 5) хұкімнің шындық дәрежесіне (модальность) қарап.
1) Хұкімнің жасалуына, яғни біз иеге айтылысты қайдан
алып отырмыз, соған қарап екіге бөлінеді;
а) шешетін хұкім (анализ хұкімі). Егерде иеге сол иенің
өз ішінде жоқ бір сынды айтылыс қылсақ, шешетін хұкім
жасаған боламыз. «Көмір қара, қар суық» деген сықылды;
б) қоспа хұкім (синтез хұкім). Егерде біз иеге сол иенің өз
ішінде жоқ бір сынды айтылыс қылсақ, қоспа хұкім жасаған
боламыз. «Құлақ құлдыр, шаш сары» деген сықылды.
2) Қомағы яки санына қарап хұқім үшке бөлінеді:
а) жалпы хұкім. Егерде ие қомағы таратылмай, өзіне
бағынатын дербес ұғымдардың бәрімен кәдімгі күйінде
алынып хұкім жасалған болса, мұндай хұкім жалпы болады.
Адам ақылды деген сықылды;
б) дербес хұкім. Егер иенің бұрынғы қомағы таратылып
алынып хұкім жасалған болса, – бұл хұкім дербес болады.
«Кей адам ақын болады» деген сықылды;
104
C
C
Шығармалары
C
C
г) жалқы хұкім. Егер иеміз жалқы болса, хұкім де жалқы
болады. «Абай ақын болған» деген сықылды.
3) Ішіне яки сынына қарап хұкім екіге бөлінеді:
а) бекітетін хұкім. Айтылыс сын иеге жапсырылып
бекітілсе, бекітетін хұкім болады. «Жылқы шабады» деген
сықылды;
б) бекітпейтін хұкім. Айтылыс иеге бекітілмей, бекер-
ленсе, бекерлейтін хұкім болады. «Жылқы ұшпайды» деген
сықылды.
4) Ие мен айтылыс арасындағы байламға қарап үшке
бөлінеді:
а) кесімді хұкім. Егерде сын (айтылыс) затқа (иеге)
күдіксіз, шартсыз байланатын болса, «адам өледі деген
сықылды;
б) шартты хұкім. Егерде сын затқа белгілі бір шарттар-
мен ғана байланатын болса, «қалауын тапса, қар жанады»,
«жаз жетсе, қар ериді» деген сықылды;
г) бөлмелі хұкім. Егерде затқа бірнешесі жапсырылып,
бірақ қайсысы екені көрсетілмесе, яки бір айтылысқа
бірнеше ие көрсетілсе, «мынау әйел не ұл табар, не қыз
табар», «Я мақсұт, яки өлім – екіден бір» деген сықылды.
5) Шындық дәрежесіне қарап хұкім үшке бөлінеді:
а) мүмкін хұкім. Егерде айтылысты иеге байлаудың
мүм кін екендігі ғана көрсетілсе, «мүмкін Марста халық
бар шығар», «сар далада адасып, суық кебін жамылып
қалармын, кім біледі» деген сықылды;
б) шын хұкім. Егерде айтылыстың иеге жапсырылуы
тәжірибе, бақылау, куәлік арқылы тексеріліп, шын деп
табылса. «Ақмолла – қазақ ақыны», «Ахмет Байтұрсынов –
қазақ тілін көп тексерген», «Абылай – данышпан хан
болған» деген сықылды;
г) міндетті хұкім. Егерде дәлелдермен бекітіліп, бір
сынның бір затта болуы міндетті болса, «сезгіш адам сүйгіш
келеді», «суықта су қатып мұзға айналады» деген сықылды.
105
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Хұқімдер жоғарыда саналған бөлімдерге бөлінгенмен,
бір хұкімде әлденеше бөлім табылуға мүмкін. Мысалы, «қар
суық» деген хұқім – әрі шешетін, әрі жалқы, әрі бекітетін,
әрі киімді, әрі шын, әрі міндетті хұкім.
Ой шығару
Ой шығару қалай жасалады? Біз бір ұғымды екінші
ұғымға байлап қойып, яғни хұкім жасап қана қанағат-
танбаймыз, бәлки осы хұкімді басқа хұкімдермен салысты-
рып, осы хұкімді анықтаймыз. Мысалы, біз «Сәрсембай»
һәм «өлу» деген ұғымды аламыз да, осы екеуінен жасала-
тын «Сәрсембай өледі» деген хұкімді анықтау үшін басқа
хұкімдермен салыстырамыз, яғни «Сәрсембай һәм өлу»
ұғымдарын «адам» деген ұғымға байлап қараймыз, яғни
былай ой жүргіземіз: «Адам өледі. Сәрсембай – адам. Ен-
деше Сәрсембай да өледі»,– дейміз. Осында біз «Сәрсембай
өледі» деген жаңа хұқімді ана бізге бұрыннан белгілі екі
хұкімнен шығардық, туғыздық. Міне, осы бір яки бірнеше
хұкімдерден жаңа бір хұкім туғызу ой шығару деп аталады.
Ой шығару үш түрлі жолмен болады: 1) дедукция, 2)
ин дукция, 3) аналогия.
Дедукция – ойдың бір жалпы заңнан дербес бір көрі ніс-
ке көшуі, екінші түрлі айтқанда, жалпы ойдан жалқы бір
ой шығару дедукция деп аталады. Мысалы, жалпы адамзат
өледі деген ойдан Сәрсембайдың өлетінін шығарамыз. Көп
пәнді, әсіресе математиканы үйренгенде, дедукцияның
көп пайдасы тиеді. Жай тұрмыс үшін де дедукция көп
қолданылады. Мысалы, доктор әрбір аурудың жалпы сын-
дарын білген соң, ауырып жатқан бір адамның ауруы не
екенін табады.
Силлогизм – дедукцияның көп қолданылатын түрі.
Силлогизм бағыты – екі хұкімнен жаңа бір хұкім шығару.
106
C
C
Шығармалары
C
C
Жаңа шығарылған хұкім нәтиже деп аталады. Нәтиже
шығарылған екі хұкім қазба деп аталады. Қазбалар һәм
нәтиженің ішіндегі ұғымдар термин деп аталады. Былай-
ша нәтиженің айтылысы – зор термин, нәтиженің иесі –
кіші термин. Ал енді қазбалардың ішінде болып, нәтиже
болмаған ұғым орта термин деп аталады. Орта термин зор
термин мен кіші терминді байлайды. Ал енді ішінде зор тер-
мин бар қазба зор қазба деп, ішінде кіші термин бар қазба
кіші қазба деп аталады. Мысалы, «адам өледі, Сәрсембай –
адам, ендеше Сәрсембай өледі» деген сықылды. Силло-
гизмде «өледі» деген ұғым – зор термин. «Сәрсембай»
ұғымы – кіші термин. «Адам» ұғымы – орта термин. «Адам
өледі» – зор қазба, «Сәрсембай – адам» – кіші қазба.
Толық һәм шолақ силлогизм. Үш бөлімі де түгел, яғни
орта, зор қазбалары һәм нәтижесі бар силлогизм толық бо-
лады. Ал енді екі қазбасының біреуі түсіп қалған силлогизм
шолақ силлогизм (интимема) болады. Мысалы, біз «Адам
өледі, ендеше Сәрсембай өледі» десек, кіші қазбаны түсіріп,
қалдырып, шолақ силлогизм жасаған боламыз, сөйлегенде
көбінесе осы шолақ силлогизм қолданылады.
Силлогизмдердің бөлінуі. Силлогизмдер жабайы һәм
күрделі атанып екіге бөлінеді. Егерде нәтиже екі хұкімнен
яғни зор һәм кіші қазбадан ғана тудырылған болса, мұндай
силлогизм жабайы деп аталады. Жабайы силлогизм өзі
үшке бөлінеді: кесімді, шартты, һәм бөлмелі. Мысалдар: а)
Борышын жасырған өледі. Сәрсембай борышын жасырды,
ендеше Сәрсембай өледі; б) Суық болса, су қатып қалады.
Көлдің суы қатып қалды. Ендеше суық болды; г) Мынау
жылқы не сенікі, не менікі. Жоқ, ол сенікі де емес, менікі
де емес екен. Ендеше мынау жылқы басқанікі.
Егер бірнеше силлогизмдер қосылып, солардың бірінің
нә тижесі екіншісіне негіз болып отырса, міне осылай бір-
неше силлогизмнен жасалған бір силлогизм күрделі силло-
107
C
C
М. Жұмабаев
C
C
гизм деп аталады. Мысалы, Сәрсембай – адам, әрбір адам
өз ұлтын сүйеді, ендеше Сәрсембай да өз ұлтын сүйеді
(бірін ші силлогизм). Сәрсембай өз ұлтын сүйеді, өз ұлтын
сүйген адам ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан
қылады, ендеше Сәрсембай да ұлтының бақыты үшін өз
бақытын құрбан қылады.
Күрделі силлогизмдер де көбінесе сөйлеудің сұлу бо-
луы үшін ортадағы нәтижелер қалдырылып, ең соңынан
бір-ақ нәтиже шығарылады, яғни күрделі силлогизм қыс-
қартылады. Қысқартылған күрделі силлогизм сорит деп
аталады.
Сенека данышпанның сориты: «есті адам қанағатты,
қанағатты адам тиянақты, тиянақты адам көнтерлі, көнтерлі
адам қайғысыз, қайғысыз адам бақытты, ендеше кім есті
адам – сол бақытты».
Күрделі силлогизмдер де жабайы силлогизмдер сықыл-
ды кесімді, шартты һәм бөлмелі аталып үшке бөлінеді.
Силлогизмнің дұрыс болу шарттары:
1) Екі қазбаның біреуі бекінетін болу керек. Әйтпесе екі
бекерлейтін қазбадан нәтиже шықпайды. Мысал: «Адам –
мал емес, маймыл – адам емес. Ендеше?».
2) Екі қазбаның біреуі екіншісіне қарағанда жалпы бол-
сын. Әйтпесе екі дербес қазбадан нәтиже шықпайды. Мы-
сал: «Кейбір адам өнерлі, кейбір адам қысық көз. Ендеше?».
3) Орта термин екі қазбадан да болсын, болғанда бір
мағынадағы бір ғана сөз болсын, әйтпесе нәтиже шық-
пайды. Мысал: «Наурыз – ұлт мейрамы. Менің атым На-
урыз. Ендеше?».
Силлогизмнің керектігі. Силлогизмнің жан тұрмысы
үшін пайдасы сол: негізгі бір заң бойынша толып жатқан
көріністерді шешеміз. Дүниеде сансыз заттарды, толып
жатқан көріністерді адам өзі сынап, өзі бақылап бітіре
ал майды. Мысалы, жер жүзіндегі бар адамның, болған
108
C
C
Шығармалары
C
C
һәм болашақ адамның бәрінің өлетіндігін адам өзі сынап
бітіруге мүмкін емес. Біз бір адамның өлуі туралы хұкім
шығармақ болсақ, пәннің һәм кәрі тәжірибенің «адам өледі»
деген хұкімін аламыз да, «пәлен адам өледі» деп хұкім
шығарамыз. Бала «өтірік айту нашар» деген негізгі заңды
білсе, өзі де өтірік айтпайтын болады.
Индукция. Ойдың дербес көріністерден жалпы кө-
рі ніс терге көшуі, екінші түрлі айтқанда, жалқы ойдан
жалпы ой шығару индукция деп аталады. Мысалы, біз
тарихтан бақылауымызша: «Жер жүзіндегі әрбір тап елдің
ұлтшылдық арқасында ғана өнерленгенін біліп, біз жалпы
адамзат ұлтшылдық арқасыңда ғана өнерленеді» деген
жалпы заң шығарамыз.
Индукция түрлері. Индукцияның екі түрі бар; толық
һәм кем индукция. Егер біз шығарылатын жалпы негізгі
заңға кіретін көріністердің бәрін өзіміз сынап, бақылап
барып жалпы заң шығарсақ, біз толық индукция арқылы
шығарған боламыз. Мысалы, біз бір жылдағы он екі айдың
әрбір айының күнін санап, ешбір айда отыз бір күннен
артық күн болмайды деуіміз сықылды. Бұл толық индукция
адамның білімін арттырмайды.
Егерде біз бірнеше заттарды яки көріністерді бақылап,
сол бақыланған заттар, көріністерге ұқсас, тұқымдас
барлық заттар, көріністер туралы бір ой шығарсақ, онда
біз кем индукция арқылы шығарған боламыз. Мысалы,
біз жер жүзіндегі барлық ағаштың суда қалқығанын
бақылаймыз. Жоқ, өмірімізде бірнеше ағаштың қалқығанын
бақылағанымыз бар. Бірақ біз аз ғана ағаштың қалқығанын
бақыласақ та, жер жүзіндегі барлық ағаш суда қалқиды
деген жалпы заң шығарамыз.
Кем индукцияның дұрыс болуының шарты – бақыланған
көріністер арасындағы байлам берік болуға тиісті. Байлам
берік болмаса, мысалы, бір көріністің жанында екінші
109
C
C
М. Жұмабаев
C
C
көрініс уақытша тұрған болса, нәтиже шықпайды. Мысалы,
қазақ көбінесе тымақ киеді. Соған қарап қазақ біткен тымақ
киеді, тымақ кимеген адам қазақ емес деп нәтиже шығару,
әрине, дұрыс емес. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады»
деген сықылды ырымдар – бәрі индукцияның қаталығынан
туған.
Индукцияның керектігі. Адам білімін осы индукция
арқылы ғана байыта алады. Әсіресе кем индукция арқылы.
Біз индукция арқылы заттар, көріністер аралығындағы
байламды белгілейміз, негізгі заңдарды табамыз. Заттар,
көріністер араларындағы байламға қарап тап-тапқа бөлеміз.
Бұл – бір. Екінші, біз аз ғана бақыланған заттар, көріністер
арқылы бақыланбаған, көрмеген, білмеген сансыз заттар,
көріністерді шешеміз. Хатта келешекті де болжаймыз. Ба-
ланы үйреткен уақытта біз оған бірнеше мысалдар арқылы
жалпы заңды баланың өзіне тапсырамыз.
Бірақ біз заттарды, көріністерді жақсылап бақыламай,
араларындағы байламды терең тексермей, асығып үстірт
нәтиже шығарсақ, бұл нәтижеміз қате болады. Осыдан сақ-
тану керек. Асығып үстірт нәтиже шығару балада көп бо-
лады. Өзінің аты бар, тоны бар бала жер жүзіндегі баланың
бәрінін аты, тоны бар деп нәтиже шығарады. Дүниеде аш,
жалаңаш, сорлы балалар бар десең, нанбауға мүмікін.
Аналогия. Екі заттың бірнеше ұқсас сындары бар
еке нін тауып, сол екі заттың басқа сындарының да ұқсас
екендігін ойлап шығару, екінші түрлі айтқанда, ойдың
дербес көріністен дербес емесіне көшуі аналогия деп ата-
лады. Мысалы, астрономдар (көк ғылымына жетік адамдар)
айта ды: Марста біздің Жердің ауасындай ауа бар, суындай
су бар, ендеше Жердегі сықылды Марста да жан иесі бар
дейді. Міне, бұл – аналогия бойынша шығарылған нәтиже.
Аналогия жай тұрмыста да, пәнмен бір нәрсені тексер-
ген де де көп қолданылады. Әсіресе бала көбінесе осы ана-
110
C
C
Шығармалары
C
C
логиямен ойлайды. «Пәлен бала тайға мініп жүр, мен неге
мін беймін». «Пәлен баланың пәлендей ісін мұғалім ұнатпа-
ды, ендеше, онда мен ондай іс істемеймін» деп ойлайды
бала. Аналогия да индукция сықылды кейде қате болуға
мүмкін. Қате болуы екі зат, яки екі көріністің бір-біріне
болмашы бір сында бір-біріне ұқсауынан барлық сында
ұқсайды деп ой шығарудан болады. Мысалы, киімдері
ұқсас екі адамның білімдері де бірдей деп нәтиже шығару,
әрине, қате.
Гипотеза. Кейбір көріністердің арасындағы байламды
бақылауға мүмкін болмайды. Ол уақытта біз бұл көріністер
туралы жалпы заңды жорып, болжап қана шығамыз. Жалпы
заңды жорумен, болжаумен шығару гипотеза деп аталады.
Мысалы, физикадағы әрбір зат молекула аталған негізгі ең
ұсақ бөлімнен тұрады деген гипотеза сықылды.
Баланың ойлауы. Бала айналасындағы заттарды,
көріністі біліп қана қоймайды, соларды ұққысы келеді.
Яғни солар туралы ұғым жасауға, хұкім һәм ой шығаруға
ұмтылады. Үш жастан былай бала дамылсыз «Мынау
не? Бұл неге жатады? Мынау іс не үшін істеледі?» деген
сықылды сұрауларды бере береді. Міне, осы сұраулар ба-
лада ойлау болатынын көрсетеді. Бірақ баланың ойлауы
терең ойлау емес. Балаңың жанында суреттеулер аз. Сурет-
теулерден ұғым жасай алмайды. Сондықтан баланың бір
зат туралы ұғымы сол заттың суреті болады. Мысалы, бала
ағаш туралы ойлағанда, белгілі бір ағаш туралы ғана ойлай-
ды. Баладан «Зат деген не?» деп сұрасаң, «Жылқы» дейді.
«Бөрік деген не?» деп сұрасаң, «Менің бөркім, атамның
бөркі» дейді. Баланың жаңа ой шығаруы да терең емес.
Дедукция бойынша жалпыдан жалқыға, индукция бойын-
ша жалқыдан жалпыға ой жүргізуді бала білмейді. Бала
аналогия бойынша ойлайды. Мұнда да көбінесе сыртқы
болмашы сындарына қарайды. 2 жыл 10 айлық бір бала
тәрелкеге су құйып, ішіне ет салыпты. Не үшін? Етті суға
111
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ерітем деп. Бұрын солай қантты еріткені бар екен. 10 жасар
бір америка баласының мұғалімі тапал бойлы ашуланшақ
адам болыпты. Бір уақытта осы мұғалім кеткен соң әкесі
басқа бір мұғалім алыпты. Бұл мұғалім де тапал екен. Сон-
да жаңа мұғалімте бала айтыпты: «Мен сізден қорқам, сіз
ашуланшақ шығарсыз»,– деп. «Оны қайдан білдің?» – деп
сұрайды мұғалім. «Сіз де тапал екенсіз»,– депті бала.
Ойлаудың жан тұрмысы үшін керектігі һәм оны
өр кендетудің тиістілігі. Ойлау адам өмірінде аса қымбат
орын алады. Ойлау болмаса, адам басқа жануар сықылды
заттарды, көріністерді құр жадына, есіне ғана алып, жат
бір көрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, оған түсіне ал-
майтын бір жан иесі ғана болар еді. Келешекте не болаты-
нын, тұрмысы қалай өзгеретінін білмейтін бір саңылаусыз
соқыр болар еді. Адам ойлау арқасында ғана заттардың,
көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларды бар
қылған себептерді табады. Келешекте оларға ие болатынын
ойлап шығарады, келешекті болжай алады. Қысқасы, ойлай
білетін адам – шын мағынасымен адам.
Ойлау осындай қымбат көрініс болса, әрине, оны
өркендету керек. Әсіресе тәрбиеші баланың дұрыс ойлап
үйренуіне көп күш жұмсау керек. Тәрбиеші баланың ойын
жетектемесе, бала ұғымды, хұкімді теріс жасауға, қате ой
шығаруға үйреніп кетеді. Мұндай бала тар ойлы, соқыр
сенгіш, ырымшыл адам болып шығады.
Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір
қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан
тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен
басқыштап іс істеу керек. Өркендету жолдары мыналар:
1) Баланың жанында дұрыс әсерленулер һәм ашық
су реттеулердің көп болуына ықтиһат қылу керек. Әсер-
ленулер, суреттеулер өздері аз болып және дұрыс һәм ашық
болмаса, баланың ұғым, хұкім жасауы һәм ой шығаруы
қате болады. Ойдың өзінің терең болуы үшін әсерлену һәм
112
C
C
Шығармалары
C
C
суреттеулердің көп һәм ашық болуы керек. Қанша дегенмен
адам суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір
пікірді ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш пікірді айтуда қасиет
жоқ, бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып алсын.
2) Бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша
тап-тапқа бөліп үйренсін. Мысалы, дыбыстарды, харіптерді
бөлу, өсімдікті, жануарды тап-тапқа бөлу сықылды.
Бірақ баланы заттарды, көріністерді тап-тапқа бөлгізіп
үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармауға
керек.
3) Бала көріністердің, ойлардың араларындағы бай-
ламды һәм олардың қайсысы қайсысына себеп екенін
тауып үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже – заң
шығартқызып үйрету сықылды істермен болады.
Адам жанының ақыл яғни білу ісі туралы жалпы
бір-екі сөз. Адамның ақыл-есіне жалпы көз салсақ, көреміз:
ақыл-есі бірте-бірте басқыштап өркендейді екен. Былайша:
біз сыртқы сезім құралдары арқылы сырттан түрлі әсер
алып, бізде түрлі әсерлену болады. Яғни әсерлену арқылы
біз сыртқы заттардың сындарымен танысамыз. Бұл –
сыртқы дүниені біле бастауымызда бірінші адым. Заттың
түрлі сынынан болған әсерленулерді бірге қосып, барлық
сыны мен заттың өзін суреттейміз. Яғни біздің жанымызда
суреттеу болады. Бұл – білудің екінші адымы. Онан соң
сол заттан біз айырылсақ та, біз оның суретін бұрынғы
қалпында еске түсіреміз. Сол есте сақталған суреттерден
жаңа бір сурет жасаймыз, яғни қиял қыламыз. Онан соң
суреттеулердің сындарын оймен тексеріп, олардан ұғым
жасаймыз. Ұғымдардан хұкім жасаймыз, хұкімдерден жаңа
бір ой шығарамыз. Бұдан көрінеді: ақыл ісі әсерленуден
басталып, суреттеу, ес, қиялды өтіп, ойға жетеді екен.
Ақылдың осылай басқыштап өркендеуін білген тәрбиеші
сөз жоқ баланы дұрыс тәрбие қылу жолын білуге тиісті.
113
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Тіл
Жанның жайын жарыққа шығару жолы. Жанның
жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа
білдіру үшін адамның екі құралы бар: біреуі – мимика,
біреуі – сөз. Мимика дегеніміз – жанның сырының дене
арқылы сыртқа білінуі (бас изеу, күлу, жылау сықылды).
Мимика тілін әркім-ақ ұғады. Бірақ мимикамен бар нәрсені
ұқтырып болмайды. Мимика – ішкі сезім тілі. Мимика
арқылы ойды жарыққа шығаруға мүмкін емес. Ойдың
тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа
білдіре аламыз һәм басқа адамдардың ойларын біле аламыз.
Сөз болмаса, адамда білім болмас еді. Атын атап, сөзбен
бекітіп тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар тұрмас еді.
Сөз болмаса, сөзбен адамзаттың бірін-бірі ұғысуы болмаса,
жер жүзіңдегі осы күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та
болмас еді.
Қысқасы, жан көріністерінің ең қымбаты – ой, ой тілі –
сөз.
Тілдің адам өмірінде һәм ұлт өмірінде ұстаған орны.
Тіл – адам жанының тілмашы. Тілсіз жүрек түбіндегі
бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық
көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан
сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға ала-
ды. Ойлаған ойын сыртқа шығарып, басқаға ұқтыра алса,
адамның не арманы бар. Жазушы, ақын деген сөз – ойлаған
ойын әдемілеп жарыққа шығара алатын адам деген сөз.
Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Ойың толып тұрып,
айтуға тілің жетпесе, іш қазандай қайнайды да. Қысқасы,
адамның толық мағынасымен адам аталуы тіл арқасында.
Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін
де қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт
болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт
114
C
C
Шығармалары
C
C
болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми
бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен
қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол
ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп
тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе
желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар
далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын
сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Казақтың сар даласы
кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ
тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлеймін
деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ
тіліне келмекші. Қазақ тілін қолданбақшы. Осы күнде-ақ
айналып келе жатыр. Татар дың әдебиет тілі жыл-жыл сай-
ын қазақ тіліне жақындап келеді. Күндерде бір күн түрік
балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ
тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихында қазақ
ұлты төрден орын алмақшы. Келешектің осылай болуына
біздің иманымыз берік.
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Таралған түрік балаларын бауырыңа
Ақ қолыңмең тарта аларсың сен, тілім.
Баланың тілі. Бала а дегенде іңгәлауды ғана біледі, яғни
мағынасыз бір дыбыс.
Іңгәлау – баланың жанында болған жағымсыз әсерле-
нулерді дыбыспен жарыққа, сыртқа шығарғаны. Екінші
айдың аяғыңда, үшінші айда бала дауысты дыбыстарға
бірте-бірте дауыссыз дыбыстар да қоса бастайды. Ең алғаш
ерінмен айтылатын дауыссыз дыбыстарды қосады. Сол
кезде баланың жанында суреттеулердің, һәм ұғымдардың
ұшқындары да бола бастайды. Яғни, маңайындағы заттарға
қарап, олардан әсер алып, әсіресе олардың күшті бір сыны-
115
C
C
М. Жұмабаев
C
C
нан күшті әсер алады да, сол затқа сол баланың қарауыңда
күшті сыны бойынша ат қояды. Яғни сөз жасайды. Мысалы,
сиырды «мө» дейді, мысықты «мияу» дейді. Екінші түрлі
айтқанда, бала затқа атты сол заттан шыққан дыбысқа
еліктеп қояды. Бір жылдың аяғында бала көп сөздерге
түсінетін болады. Бірақ өздері айта алмайды. Бір жасар
баланың білетін сөздері 10-15-тен артпайды.
Ал енді бала жаңа жүре бастаған кезде (2-нші жаста)
оның сөз үйренуі біраз тоқтап қалады. Жүріп үйреніп алған
соң, тағы сөзге кіріседі. Бір жарым жас кезінде бала бірта-
лай сөз айта алатын болады. Бірақ түгел айта алмайды.
Сөздің не басын, не аяғын ғана айтады. Мысалы, баланың
ішем дегені де – «іш», ішеді дегені де – «іш», іш дегені де –
«іш». Ал енді бала айта алмайтын дыбыстың орнына екінші
дыбыс қолданады. Мысалы, «р» орнына «и» жүргізеді.
Кейбір адамдардың баланың өз тілінше сөйлеп, балаға тез
ұқтырам деп, яки баланы еркелетіп әдейі тілдерін бұзып,
балаша шолжыңдап сақау болып сөйлейтіндері бар. Бұл –
зор қате. Бұлай сөйлеу баланы түземейді, бұзады. Баланы
адастырып, оның сөзді дұрыс сөйлеп үйренуіне бөгет
болады. Бала сөзін дұрыс сөйлеген үлкен кісінің сөзіне
қарап дұрыстайды ғой. Бала бастап заттардың атын (зат
есімдерді), онан соң заттардың ісін (етістіктерді), онан соң
заттардың сынын (сын есімдерді) айтып үйренеді.
Екінші жылдың аяғында бала қысқа сөйлемдерді айта
алады. 3–4-інші жылда бала жап-жақсы сөйлейтін болады.
Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға
сөзді бұзып сөйлемеу керек. Және балаға ұқпайтын жат сөз
үйретпеу керек. Екінші – баланы өзі теңді балалармен бірге
ойнату керек. Баланы ешбір уақыт сөзден тыймау керек.
Былдырласын, шолжыңдасын – сөйлей берсін. Ал енді
баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын,
байытатын – мектеп.
|