ЕКІ БЕТІҢ, СҰЛУ ҚЫЗ...
(Гейнеден)
Екі бетің, сұлу қыз,
Розадай ойнап, жанып тұр.
Жас жүрегің бірақ мұз,
Жүрегімді қарып тұр.
Мұның бәрі өзгерер,
Көрерсің әлі-ақ, сұлу қыз,
Жүрегіңе жаз келер,
Екі бетте орнар қыс.
АЙРЫЛДЫМ СЕНЕН, ЖАН СӘУЛЕМ
(Гетеден)
Айрылды сенен, жан сәулем,
Көруге енді жоқ үміт.
Бірақ соңғы сөздерің
Кетпейді естен боп ұмыт.
Жапанда жалғыз жолаушы,
Аспанда торғай жырласа,
Көзі көкте, тілегі –
Көріп жақын, тыңдаса...
218
C
C
Шығармалары
C
C
Мен де сондай қапамын,
Тоғайға, қырға қараймын.
Қайғымен жалғыз күңіреніп,
«Жан-жарым!» – деп жылаймын.
КҮННІҢ БАТУЫ
(Генрих Гейнеден)
Толқындаған дарияға
Қызарып оттай күн батар.
Жұқа, ақшыл бұлттар
Құрмет қып оны ұзатар.
Қарсыда, қара бұлттан
Қайғылы аппақ туар Ай.
Тұманды көкте жыбырлар
Жұлдыздар ұсақ ұшқындай.
Баяғы ерте заманда
Бұларда артық бақ болған.
Ай әйел боп, Күн – ері,
Толықсып тұрған шақ болған.
Нұрлары балқып екеуі
Қосылысқан бір мезгіл.
Айнала жұлдыз – балалары –
Жайнаған өңшең алмас гүл.
Жайнатып бақытын қоймаған,
Өтірік, өсек жайылған.
Көрместей ғып бір-бірін,
Дұшпан қып бұларды айырған.
219
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Осы күнде тәкаппар
Күн көкте жалғыз жайнайды.
Сәулесіне алтын мәз болып,
Күн ұзын көкте ойнайды.
Бақыты мол адамдар,
Көрмеген қасірет жамылып,
Оған еш зат тең келмес,
Тәңірі қып хатта табынып.
Түн болса, аппақ қайғылы
Қорқып қана Ай туар.
Апалап ерген артында
Балалары – жетім жұлдыздар.
Бақытсыз, жанған жас қыздар
Қайғыда оны ес көрер:
Мұңын жырлап аулақта,
Ащы, ыстық жас төгер.
Айнымас әйел көңілмен,
Айбынды Күн күйеуін –
Ұмытқан жоқ Ай сорлы
Әлі күнге сүюін.
Кешкі мезгіл көп уақыт
Дірілдер, қорқар, ағарар.
Жұқа бір бұлт астынан
Батқан Күнге ол қарар.
Жүрегі жанып мұңайып,
Көзінен Күнді батырад.
Айтатындай өтініп:
«Тоқта!– деп,– балалар шақырад».
220
C
C
Шығармалары
C
C
Тәкаппар Күн қарамас
Мұңды Айдың түсіне.
Онан жаман қызарар,
Ашу сыймай ішіне.
Айыпсыз Айға қарамай,
Жатары барып тұл төсек.
Күн мен де Айды айырған
Не қылмас дейсің бұл өсек!
САРҒАЙЫП КЕЛГЕН ЕГІН ТОЛҚЫНДАНСА
(Лермонтовтан)
Сарғайып келген егін толқынданса,
Жас орман, жел күңірентіп, әнге салса,
Жапырақтың жасыл ләззатты саясында
Бақшада мойыл қаймақ жасырынса;
Себілген алмас шықпен шын хош иіс,
Сары алтын – ерте, яки қырмызы кеш.
Бір топтың қолтығынан күліп қана
Бас иіп есендесер күміс ландыш.
Секіріп салқын бұлақ ойнап сайда,
Батырып көмескі түс, тұманды ойға,
Шапқылап шыққан жерін әңгіме ғып,
Былдырлап ақ бетінен сүйгізсе Айға,–
Сол уақыт жай табады асау жаным,
Сол уақыт жадырайды қас-қабағым.
Шын бақты тапқандай боп осы жерде-ақ,
Көремін көк жүзінде Жасағаным...
221
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Максим Горькийден
СҰҢҚАР ЖЫРЫ
Сары бас жылан таудың қиясына өрмелей шығып, бір
дем қапсағайда иіріліп теңізге қарап жатты.
Жоғары Көкте Күн жарқырап, тау ыстық демін Көкке
жіберіп тұрды. Төменде толқындар тасқа соғылып жатты.
Таудың қапсағайында, қараңғыда, жан-жағына шашы-
рап, тасқа соқтығып, күркіреп, теңізге қарай бет алып, бұлақ
сарқырап жатты.
Ақ шашты алыптай бұлақ көбігі бұрқырап, тауды бұзып,
ашумен ұлып, теңізге құлап жатты.
Бір мезгілде сары бас жылан иіріліп жатқан қапсағайға
көктен төсі жаралы, қанаты қанды сұңқар құлап түсті...
Сұңқар бір саңқ етіп, жерге құлап, әлсіз ашумен төсін
тасқа соқты...
Сары бас жылан сескеніп, жалма-жан өрмелеп шетке
кетсе де, біраз байқап тұрып, құстың екі-үш-ақ минут өмірі
қалған екенін білді...
Содан соң ол жаралы құстың жанына жылжып келіп,
тура көзіне ысқырып қалды:
– Немене, өлейін деп жатырсың ба?
– Иә, өлейін деп жатырмын!– деді Сұңқар ауыр уһілеп.–
Мен өмірімді ерлікпен өткіздім!.. Мен бақыттың не екенін
білемін!.. Ерлерше алыстым мен!.. Мен Көкті көрдім... Сен
өміріңде Көкті жақыннан көре алмайсың!.. Ей, бейшара!
– Жә, Көк деген не?– Бір бос жер... Мен оған қалай өрме-
леп шығайын? Маған осы мекенім ұнайды... жылы, демді!
Сары бас жылан Ер Құсқа осылай деп жауап беріп,
ішінен сұңқардың есалаңдығына күліп қойды. Және мына-
дай бір ой жүргізіп алды: «Ұш, өрмеле – бірібір, барлық зат
жерді құшпақ, барлық зат топыраққа айналмақ...».
222
C
C
Шығармалары
C
C
Бірақ Ер Сұңқар кенет қағынып, біраз көтеріліп, қап-
сағайдың жан-жағына көз салды.
Сұр тастардың арасынан су жылап шығып, қараңғы қап-
сағайда әуе тишу еді, шірік иісі шығып тұрды.
Барлық күшін жиып, қасірет-зармен саңқылдап жіберді
Сұңқар:
– Уа, дариға-ай! Көкке енді бір көтерілсем!.. Жауым-
ды төсімнің жарасына жаныштар едім... Менің қаныма
тұншығып өлер еді ол!.. Әй, соғыстың сайраны-ай!..
«Сұңқардың осынша күңіренуіне қарағанда, Көкке
шығу, тегінде, жақсы болуға тиіс-ау» – деп ойлады сары
бас жылан.
Ойлады да, Ер Құсқа айтты:
– Сен мына қапсағайдың шетіне жылжып бар да, төменге
құла, кім біледі, қанатың қағуға жарап, көксеген Көгіңде
біраз тұра аларсың...
Сұңқар селк ете түсті де, тәкаппарлықпен бір саңқ етіп
қалып, тайғақ таста тырнағы тая-тая жардың шетіне келді.
Келді де, қанатын жайып, кеудесін кернеп бір дем
алып, көзін оттай ойнатып, төменге қарай домалап кетті.
Домалағанда, тас үстінде сырғанаған тастай, қанатын сын-
дырып, жүнін жұлғызып, тез домалап кетті...
Домалап келе жатқан Сұңқарды бұлақтың толқыны қа-
ғып алып, қанын жуып, көбікке бөлеп, теңізге зырқыратып
ала жөнелді.
Теңіздің толқындары, қасіретпен күрілдеп, тасқа со-
ғылып жатты... Бірақ теңіздің бетінде құстың өлігі кө-
рінбеді...
Сары бас жылан қапсағайда Сұңқардың өлімін, оның
Көкке құмарлығын ойлап жатты...
Жатты да, жанды ылғи бақыт қиялымен еркелететін көк
майданға қарады.
223
C
C
М. Жұмабаев
C
C
– Өлген Сұңқар мынау түбі жоқ, қиыры жоқ көк шөлде
не көрді екен? Сол Сұңқар сықылдылар өлсе де, өздерінің
Көк ті көксеулерімен неге жанның тыныштығын алады?
Көк те не көреді екен олар? Көкке біраз ғана ұшып шығып,
Көктің сырын мен де біліп алар едім-ау.
Айтты да, істеді. Дөп-дөңгелек болып иіріліп әуеге аты-
лып кетіп, күн сәулесінің ішінде жіңішке жібектей жарқ
ете түсті.
Өрмелеу үшін туған жан ұша алмақ емес!.. Жылан мұны
ұмытып, тасқа жып етіп құлап түсті. Бірақ өлген жоқ, күліп
жіберді...
– Көкке ұшудың қызығы мынау екен ғой! Қызығы құлау
екен ғой!.. Әй, есер құстар!
Жерді білгісі келмей, қасірет шегіп, олар Көкке
ұмтылады.
Ыстық шөлден өмір іздейді. Ол бір бос жер ғой.
Онда сәуле көп, бірақ тірілерге тамақ жоқ, тиянақ жоқ.
Тәкаппарлық неге? Теңсінбеу неге? Бұлар оларға өздерінің
тілектерінің есалаңдық екенін бүркеу үшін, өздерінің
тұрмысқа жарамсыздығын жабу үшін керек пе? Есер
құстар... жоқ, олардың сөзі енді мені алдай алмас!.. Енді
өзім бәрін білем: Көкті көрдім мен... Көкке ұштым, Көкте
ұштым, Көкті өлшеп шықтым, құладым, онымен қирағаным
жоқ, бірақ өзіме өзімнің сенімім артты. Мейлі жерді сүйе
алмайтындар өздерінің еслаңдықтарымен бола берсін.
Олардың жел сөздеріне енді сенбеймін. Жер баласы –
жеріммен болам мен.
Сары бас жылан, сөйтіп, өзіне өзінің көңілі толып, тас
үстінде иіріліп жатып қалды.
Теңіз жарқырағаннан жарқырап, толқындары қаһармен
жарды сабап жатты.
Толқындардың жолбарыстай күңіренуінде Ер Сұңқарды
жоқтаған жырау бардай.
224
C
C
Шығармалары
C
C
Толқындардың ұруынан жартастар дірілдеді, қаһарлы
жырдан Көк дірілдеді.
Ерлердің ессіздігін жырлаймыз біз!
Ерлердің ессіздігі. Тұрмыстың түпкі түйіні – осы.
Ер Сұңқар! Жауларыңмен қарсыласып қансырадың...
Күн келер – сенің ыстық қаныңның тамшылары тұрмыс
қараңғылығында ұшқындай жарқырап, талай ер жүректерге
жарық пн азаттықты аңсататын от бере!
Өлсең, өл! Сен бірақ ерлердің жырларында өлмессің!
Жарыққа, азаматтыққа жөн сілтейтін айбынды үлгі болар-
сың! Ерлердің есіздігін жырлаймыз біз!..
225
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ЖҰРТЫН СҮЙГЕН ЖҮРЕК
Теңізден таудың жалына ұқсаған түсі суық, ауыр
қара бұлт көтеріліп, қырға түнеріп төніп келе жатты.
Оның қиясынан кішкене бұлттар жырылып, ілгері озып,
жұлдыздарды бір-бірлеп сөндіріп отырды. Теңіз шуылдап
тұрды. Жанымыздағы жүзім бауында біреулер сүйіскендей,
сыбырласқандай, күрсініскендей, жат бір иіспен танауды
қытықтап, тамырларға тиіп, ауа тарайды. Бұлттардан жерге
түскен қою көлеңкелер жерде сырғанап, еңбектеп, жоғалып
кетіп, тағы көрініп тұрды.
Ай сөніп, оның орнында ақ табақтай тап қалды. Ол тапты
да көшкен бұлттар әлсін-әлсін біржола жоқ қылып, жауып
тастап тұрды. Ішіне бір нәрсені тығып, өзі жасырынған
секілді болып, қорқынышты қара түсін алған алыс қырда
кішкене ғана зеңгір оттар жылт-жылт етіп тұрды. Бұл от-
тар кірпік қаққанша жылт етіп, сөніп тұрды. Қырда жоқ
іздеп жайылып жүрген бірталай адам әлсін-әлсін шырпы
тұтатып, ол шырпыларын жел сол сағатында-ақ үрлеп
сөндіріп тұрған секілді еді. Ойды ертегіге қарай бұратын
жат зеңгір от тілдері еді бұлар.
– Ұшқындар көресің бе?– деп сұрады менен Изергиль.
Мен қырға қарай қол сілтей:
– Анау зеңгір ме?– дедім.
– Иә, солар... Ұшып жүр екен ғой әлі! Жә!.. Мен мына
оларды көре алмаймын. Мен осы күні көп нәрсені көре
алмаймын.
– Бұл ұшқындар неден?– деп сұрадым кемпірден.
Мен бұл ұшқындар туралы бұрын біраз ертегі естісем
де, Изергиль кемпірдің әңгімесін тыңдағым келді.
– Бұл – Данконың жанған жүрегінің ұшқындары, от
болып жанып кеткен бір жүрек болған баяғыда. Мынау
ұшқындар содан. Мен саған бәрін айтайын... Бұ да ескі
226
C
C
Шығармалары
C
C
ертегі... ескі. Бәрі ескі! Баяғының бай екенін байқайсың
ба?.. Бұл заманда еш нәрсе жоқ – баяғыдағыдай іс те жоқ,
адам да жоқ, ертегі де жоқ... Бұл неліктен? Қане, айтшы?
Айта алмайсың... Сен не білесің? Барлық жастар, сендер, не
білесіңдер? Еһе-еһе... Баяғыға қырағы қарау керек. Онда бар
жұмбақтың шешуі бар... Міне, сендер қарамайсыңдар да,
өмір мәнісін білмейсіңдер... Мен осы күнгі өмірді көрмей
отырмын ба? Жоқ, көзім көмескі болса да, бәрін көріп
отырмын! Менің көріп отырғаным мынау: осы күнгі адам
бар өмірін бақастыққа, ит тартысқа құрбан қылып отыр.
Бар өмірін желге жіберіп, өздерін-өздері ұрлап тауысқан
соң, тағдырға жылайды, ол жерде тағдырдың не кінәсі бар?
Әркім өзіне-өзі тағдыр! Мен осы күні әр түрлі адам көремін,
бірақ қайратты ерлер көрмеймін! Олар қайда? Сұлулар да
азайып барады.
Осы заманда қайратты ерлер мен сұлулардың жоқтығы
туралы ойға қалып, кемпір жауап іздегендей, қараңғы қырға
қарады. Басқа бір нәрсе сұрасам, шетке шығып кетер деп,
мен үндемей, әңгімесін күтіп отырдым. Себебі, Изергиль
өткен күндерін есіне түсіре бастаса, философиясының
тегеуріні астында жоғалып кетуші еді. Дұрысы, Изергиль
философиясы жүгенсіз, жабайы философия болғанмен,
замана ұсталықпен орап тастаған, бас-аяғы табылмайтын,
түрлі түс ке боялған домалақ жіпке ұқсайтын еді.
Изергиль әңгімеге кірісті.
* * *
«Дәл қай жерде екенін білмеймін. Баяғы заманда бір ел
болыпты. Бұл елдің мекенінің үш жағын тірі жан өтпейтін
ормандар қоршап алып, төртінші жағы ашық қыр екен. Уай-
ымсыз, күшті, қайратты, қанағатшыл еді бұл ел... Бір мезгіл
бұл елдің басына ауыр заман келді: әлдеқайдан бір жат ел
227
C
C
М. Жұмабаев
C
C
пайда болып, ұларды орманның ішіне қарай тықсырып
қуды. Орман іші батпақ һәм қараңғы еді. Неге десең: қара
орман еді, бір-біріне оралып, шырмалып, жырмалып қалған
бұтақтар арасынан күн көрінбейтін еді, күннің сәулелері
жапырақтар арасынан төменге, батпаққа зорға ғана жол
табатын еді. Бұл сәулелер батпақ суға түскен соң, сасық
иіс көтеріліп, ел қырыла бастады. Қатын, бала жылауда
болып, ерлер ауырды, қалың қасіретке түсті. Қалайда бол-
са, бұл орманнан шығу керек. Шығуға екі-ақ жол бар: не
ілгері, не кейін. Кейін жүрсе, алдында – буындық-буындық
тамырларын жабысқақ ми-батпаққа терең жіберіп, жуан
бұтақтармен бірін бірі құшақтап дәу ағаштар тұр. Бұл
ағаштар күндіз сұрғылт қара көлеңкеде қозғалмай, үнсіз
тастай қатып тұрып, кеш болып от жағылғанда қозғалып,
жақыннан халықтың үстіне төніп келе жатқандай бо-
латын еді. Айналадан күндіз-түні серпілмейтін қою
қараңғылық ен қырға, жарыққа әдеттенген мынау елді
басып өлтіретіндей, таптап тастайтындай болып тұрды.
Ел енді, қатты жел ағаш бастарын сабалап, қалың орман
қолтығына жаудан жасырынған елге өлік басында жырау
айтқан секілді күбірлей күрілдегенде, қорқыныш тіпті
күшейетін еді. Бұл ел қайратты болған соң, өлімге басты
байлап, жеңген жаумен соғысар-ақ еді, бірақ олардың
қасиетті тілегі бар еді. Соғыста бәрі қырылса, қасиетті
тілек те жарыққа шықпай қалады ғой, міне, сондықтан олар
ұзын түндерде батпақтың сасығымен уланып, орманның
мылқау күйін тыңдап, ауыр ойларда болды. От басында
осылай ойлап отырғанда, жан-жақта секіріп, үнсіз билеп
жүрген көлеңкелер оларға көлеңке емес, орман менен
батпақтың жын-перілері ойнап, билеп жүрген секілді
көрінетін еді... ерлер ауыр ойда болды. Жыландай жүректі
соратын қасіретті ойлар секілді адамның жан, денесін еш
нәрсе жабықтырып, қажытпақ емес, жұмыс та, әйел де он-
228
C
C
Шығармалары
C
C
дай қажыта алмайды. Ойлардан ерлер қажиды. Қорқыныш
туып, зорайып, күшті қолдарды кісендеді. Сасық иістен
өлгендерді жоқтап және қорқып, құр жаны қалған тірілердің
тағдырын ойлап, жылап, азан-қазан болған әйелдердің
шуы қорқынышты тіпті күшейтті. Сөйтіп бастап, ақырын,
соңынан қаттырақ болып, орманда қорқу сөздер де шыға
бастады... Өлімнен қорыққан ел, құлдыққа көніп, өздерін
де, қасиетті тілектерін де жауларына құрбан қылмақшы
болысып қалып еді. Дәл осы мезгілде Данко шықты да,
жалғыз өзі барлық елді құтқарды».
Шамасы, кемпір Данконың жанған жүрегінің әңгімесін
көп айтса керек: оның аузынан сөздер майда да ұзын
жіпке ұқсап төгіліп отырды. Оның қарлыққан, қырылдаған
даусынан құлағыма батпақтың сасық уынан қырылып
жатқан елдің еңіреуі немесе желмен сырласқан орман
жапырақтарының шуылы естілгендей болды.
«Данко сол елдің сұлу бір жас жігіті еді. Сұлу адам ер
болады. Данко жолдастарына, елінің азаматтарына айтады:
– Бір домалап кеткен басты құр оймен кейін қайтаруға
мүмкін емес, түк қылмаған адамға түк те болмайды. Кү-
шімізді неге құр ой мен қайғыға запы қыламыз?! Тұрыңдар!
Орманның ішімен жүріп отырып, шетіне шығайық. Дүние-
де шетсіз нәрсе жоқ қой, бір шеті болу керек! Жүрейік!
Жүрейік! Жә! Ей!..
Халық оған қарады да, оның артық туған ер екенін білді.
Неге десеңіз, оның көзінде қайрат пен от жарқырап тұр еді.
– Жол баста!– деді халық.
Данко бастады».
Кемпір сөзін тоқтатып, қырға қарады. Қырда қараңғы-
лық қоюланғаннан қоюланып бара жатыр еді. Әлдеқайда
алыста жылт-жылт етіп тұрған Данконың жанған жүрегінің
ұшқындары көзді ашып-жұмғанша шешек жарып, солып
тұрған зеңгір гүлдерге ұқсап тұрды.
229
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Данко елін бастап алып жүрді. Оған бір сенген соң,
халық артынан тегіс ерді. Машақатты болды бұл жол! Айна-
ла қап-қараңғы, батпақ қомағай шірік аранын ашып, аяғын
аттаған сайын адамдарды жұтып, ағаштар тас қимадай
жолды бөгеді. Бұтақтары жыландай бір-біріне оралған,
тамырлары жан-жаққа тарам-тарам жайылған ағаштар
арасынан әр адам аттаған сайын көп тер, көп қан төгілді.
Ұзақ жүрді олар... Орман қоюлана берді, күш кеми берді!..
«Тәжірибесі жоқ жас бізді әлдеқайда алып бара жатыр» деп,
халық Данкоға күңкілдей бастады. Данко жарқын жүзбен,
қайратпен оларды бастап бара жатты.
Бір мезгілде орман үстінде күн күркіреп, ағаштар
қор қынышты мылқау күбірге кірісті. Орман іші, дүние
жаратылғаннан бері болып өткен түндердің бәрі жиыл-
ғандай, қап-қараңғы болды. Кішкене адамдар дәу ағаш-
тардың арасында кетіп бара жатты. Дәу ағаштар шайқалып,
сықырлап, ашулы әнге салып,күрілдеп, орман үстінде
ұшып жүрген нажағай орманды салқын көк отпен жарық
қылып, дереу жоқ боп кетіп, адамның құтын ұшырып тұр-
ды. Қараңғылық қапасынан қашқан адамдарға нажағайдың
салқын оты мен жарқ-жұрқ етіп тұрған ағаш та құжыр-
құжыр ұзын саусақтарын созып, саусақтарын тығыз
тоқылған аудай біріне-бірі айқастырып, оларды жолдан
тоқтатпақшы болып тұрған тірі бір нәрсе секілді көрінді.
Кетіп бара жатқан халыққа бұтақтардың қараңғы саласынан
қап-қара, сұп-суық қорқынышты бір нәрсе қарап тұрғандай
көрінді. Машақатты жол болды бұл. Халық қажып, жасып
қалды. Бірақ олар жасығандарын мойындарына алуға ар-
ланып, ашу-ызалары қайнап, алдарында жолдарын бастап
келе жатқан Данкоға дүрсе қоя берді. «Сен жол бастау
білмейсің!» – деп оны айыптады.
Қажыған, ызаланған халық тоқтап, орманның шуы һәм
дірілдеген қараңғылық астында Данконы тергей бастады:
230
C
C
Шығармалары
C
C
«Сен түкке тұрмайтын адамсың! Бізге жаусың сен!
Бастаймын деп, бізді қырып бітірдің, енді сен аман
қалмайсың!» – деді халық.
Нажағай ойнап, күн күркіреп, олардың сөзін қолдады.
– Өздерің «баста!» дедіңдер, мен бастадым!– деп
олардың қарсы алдында кеудесін керіп, Данко күркіреді.–
Менің қайратым бар, сондықтан сендерді бастадым! Ал
сендер? Сендер өздерің өздерің үшін не қылдыңдар? Сен-
дер құр жөңкілдіңдер, ұзақ жолға қайраттарыңды сақтай
алмадың дар! Сендер қой сықылды құр жөңкіліп жүруді
ғана білдіңдер!
Мынау сөз халықты тіпті жындандырып жіберді.
«Өлтіреміз! Өлтіреміз!» – деп ұлыды халық.
Олардың айқайына ән қосып, орман күрілдей берді,
нажағай қараңғылықты пәрша-пәрша ғып жырта берді.
Данко азап шегіп, артына ерген адамдарына қарап, олардың
бәрінің қан ішер аңға айналғанын көрді. Айналасында адам
көп еді, бірақ біреуінің бетінде де адамшылық әсері жоқ
еді. Олардан енді аяу күтуге мүмкін емес екендігі білінді.
Сол уақытта Данконың жүрегінде ашу қайнап кетті. Бірақ
елін аяғандықтан, бұл ашу тағы сөнді. Ол өз елін қатты
сүйетін еді. «Мен болмасам, бұлар қырылып қалар» деп
қорықты. Сондықтан елін құтқарып, жеңіл жолға жеткізу
тілегімен оның жүрегі от боп жанды да, сол күшті оттың
сәулелері оның көздерінде ойнап кетті... Халық Данконың
көз деріндегі отты ашу оты деп ойлап, өздеріне ұмтылғалы
тұр деп сезіктеніп, қасқырдай құлақтарын тіге қойып, оңай
ұстап алып өлтіру үшін бір-біріне тығылысып, Данконы
жақындап, қоршай бастады. Данко халықтың бұл ойын
білді. Олардың бұл бұзық ойы Данконың жүрегінде қасірет
туғызған соң, оның жүрегі тіпті лаулап жанды.
Орман қап-қара жырау айтып, күн күркіреп, жаңбыр
сабап тұр еді. «Елім үшін не істер екем мен?!» – Күннен
күшті күркіреді ер Данко.
231
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Сөйтті де, ол тез қолымен төсін сөгіп, ішінен өзінің
жү регін суырып алып, жоғары көтерді. Бұл жүрек күндей
болып, тіпті Күннен де артық жарқырап жанып тұрды.
Мынау зор ел махаббатының шырағымен орман жарық
болып кетіп, шуынан тоқтай қалды, қараңғылық жүректің
жарығынан кұлпәрша болып, қалт-қалт етіп, орманның
қою жеріне, бат пақтың шірік аранына барып құлады. Таң
қалған халық тас болып қалды. Жанған жүрегін жоғары
көтеріп ұстап, артына ерген елінің жолын жарық қылып:
«Жүріңдер!» – деп айқай салып жолға түсті ер Данко.
Халық таң-тамаша қалып, оның артынан жөңкіліп еріп
кетті. Орман таңғалып, басын шайқап, тағы шуылдай бас-
тады. Бірақ бұл шуыл жүгірген халықтың дүбірімен жоқ
болып кетті. Жанған жүректің тамаша көрінісіне қызығып,
халық қуанып, қайрат бітіп, жүгіріп отырды. Әрине, әлде
болса да, өлгені өліп жатты, бірақ зарлану, жылау-сықтау
болған жоқ. Данко халықтың алдында еді, оның жүрегі
заулағаннан заулады, заулағаннан заулады!
Бір мезгіл орман ашыла бастады. Ұзамай-ақ семіз,
мылқау дәу артта қалды. Данко мен оған ерген адамдар
күн сәулесі һәм жаңбырмен жуылған таза ауа дариясына
кірді. Арттарында – орман үстінде күн күркіреп тұр, алда-
рында – алтын күн ойнап, еркін қыр еркелікпен күрсініп,
жаңбырдың жауһарларымен себілген шөптер жылтылдап,.
алтындай жарқырап өзен жатыр... күн батып бара жатқан
шақ. Батып бара жатқан күннің сәулелері тұнып тұрған
өзеннің бетіне түсіп тұр. Ол бейне Данконың сөгілген
төсінен саулап тұрған қанға ұқсайды.
Өлім алдында қайсар ер Данко кең қырға қырандй бір көз
салып, азат жерге қуанышпен бір қарады да, күлді. Күлді
де, жығылып, жан берді.
Артта қалған ағаштар ақырын сыбырласты, Данконың
қаны тамған шөптер анау сыбырға сыбыр қосты. Қуаныш
232
C
C
Шығармалары
C
C
сол. Кеуделерін үміт кернеген халық Данконың өлгенін
байқамады. Оның денесінің жанында заулап жанып жатқан
жүрегін де көрмеді. Жалғыз-ақ, бір сұңғыла адам байқап еді,
бірақ екінші бір нәрседен қорқамын деп, мынау ер жүректі
аяғымен басып кетті. Жүрек ұшқын болып шашырады да
сөнді...
– Міне, дауыл болар алдынан қырда жылтылдайтын
зеңгір оттар сол жүректің ұшқындары!
Кемпір әдемі ертегісін бітірген кезде қыр тіпті тып-
тыныш еді. Ол да ешбір сый сұрамай, ел үшін жүрегін
жандырып өлген ер Данконың ерлігіне таңданып, қатып
қалған сықылды еді. Үзім салынған астауға арқасын сүйеп,
кемпір қалғиды. Мен оған қарап: «Оның есінде енді қанша
ертегі қалды екен?» – деп ойға баттым. Мен Данконың
жанған жүрегі, сансыз сұлу күшті ертегілер ойлап шығарған
адамзаттың қиялы, ерлері һәм айтарлық істері мол баяғы
заман туралы және күшті адам мен көрнекті істерге кедей
осы күнгі қайғылы заман туралы, өлік жаратылған жүректі
адамшылықтардың бар нәрсеге күліп қарайтын салқын сен-
беуше, имансыздыққа бай сорлы замандары туралы ауыр
ойларға баттым...
Қатты ұйқыға кірген Изергиль кемпірдің жырым-жы-
рым көйлегімен ойнап ескен жел оның кеуіп қалған төсін
жалаңаштап тастады. Мен оның қураған денесін киіммен
жауып, өзім оның жанына жерге жаттым. Қыр тып-тыныш
һәм қараңғы еді. Көкте салмақпен, ерініп бұлттар жүзіп
жатты... Теңізден қасіретті мылқау шу естіліп тұрды.
|