Бағдарламасы бойынша шығарылды Жұмабаев Мағжан Шығармалары (әдеби басылым). 2-том: Әңгіме



Pdf көрінісі
бет15/27
Дата19.01.2017
өлшемі1,21 Mb.
#2251
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27

181
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Ақанның ғашықтық өлеңдеріне келсек, басқа өлеңдері-
мен салыстырғанда оның шеберлігі сонда көрінеді. Сері 
Ақанның мұндай өлеңге шебер болуының, әрине, таңы жоқ. 
Ғашықтық  өлеңдерінде  Ақанның  әрбір  сөзінен  ақындық 
иісі  аңқып  тұрғандай,  ұсатусыз,  суретсіз  сөз  жоқ  деуге 
болғандай: 
Оралдың мен ақиық сырандағы. 
Сен, сәулем, қызыл түлкі қыраңдағы. 
Қия тас қиынына кетсең дағы
Қамшылап қанатымды бұрам дағы. 
Қия тас қиынында бекінсең де, 
Тәуекел майданында тұрам дағы. 
Асыл зат, алқызыл гүл қарындасым, 
Серуайдың
1
 саясында ерем дағы. 
Есілдің құба талы, шынарым-ай, 
Алдымнан майысып шық бұрал дағы...
 Көріндің хордай болып жұмақтағы, 
Өткірсің нар кескендей қынаптағы. 
Сөзіңді ешбір жанға ұстатпайсың, 
Қалбырға құйып қойған сынап тағы.
...Жігіттің ғасы болған пері едіңіз. 
Аспанда ұшып жүрген сіз ақ тұйғын. 
Екіден үшке жеткен түлегіңіз. 
Сұқсұрдай су ішіңде мекен етіп, 
Ілінбей қармағыма жүр едіңіз. 
Көрініп қолға түспей жүрсің, қалқа, 
Қай жерде мекен еткен түнегіңіз. 
Түн қайтып, түнегіңнен ұшқаныңша, 
Үзілмес, сірә, сізден күдеріміз. 
Жұмысым көңлімдегі бітер еді, 
Артылса ақ төсіңе білегіміз... 
1
  Ағаш (М. Жұмабаевтың ескертпесі).

182
C
C
Шығармалары
C
C
Ақанның ғашықтық өлеңдерінің ішінде көп жерге та-
рап кеткені – «Ақ көйлек» өлеңі. Бұл – Ақанның ең сұлу 
өлеңінің бірі. Ту басында жүз бірнеше өлең болса керек, 
бәрі «Ақ көйлек» деп басталған.
Бір ауызы: 
Етегі ақ көйлектің ілмеленген, 
Қастарың харіф мәттей сүрмеленген. 
Сүмбіл шаш, лағыл ерін, асыл қалқа
Іш-бауырым ғашық отпен тілмеленген...
Мынау  өлеңдеріне  қарағанда,  ғашықтыққа  Ақанның 
көз  қарасы мен жай бозбаланың көзқарасы арасында артық 
айыр ма жоқ сықылды. Алайда Ақан ғашықтыққа тереңірек 
қа раған адам. Ол ғашықтықты «ақ төске білектің артылуы, 
артыл мауымен» ғана байлап қойған емес. Бұл – Ақанның 
өмірінен белгілі – бір. Екінші, мынау өлеңдерінде ишара 
бар: 
Кісідей өкпелеген мойның бұрмай, 
Білдің бе кемшілік деп ғашықтықты?.. 
Жоқ болса айтар сөзің жұбайыма, 
Жүрейін, амалым не, өз жайыма. 
Обалың, айнымасам, маған емес, 
Жаратқан жақсы қылып құдайыңа.
Сен сүймей кетсең де, мен сүйе бермекпін. Сені мендік 
болғаның үшін емес, жақсы жаратылғаның үшін сүйемін... 
дегені ғой.
Ақанның айтыс һәм мақтау өлеңдері туралы ешнәрсе 
деуге мүмкін емес.
Мұндай өлеңдері менің қолыма түспеді. Жұрттың ай-
туына қарағанда, бірнеше ақынмен ауызбен де, жазысып 
та айтысқанға ұқсайды. Өзгесін жеңді, бірақ Орымбайдан 
жеңілді  деседі.  Орымбайға  Ақан  былай  дейді  (Орымбай 
жиында әйелдер отырған үйге кіріп шықса керек): 

183
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Ореке, сөз бастайын, жолың қисаң, 
Мурит боп ең ғой пірге сен Зейнолла ишан. 
Жаңа тағы өңкеңдеп қол тапсырдың, 
Шулаған, ақ сәлделі бұ қай ишан?
Сонда Орымбай қартың: 
Ақыл аста, күш атта, сөз малдыда, 
Ақыл, айла болмайды жоқ-жарлыда. 
Парыз, уәжіп баршасын тамам қылып, 
Жалғыз-ақ әйел деген сөз қалды ма?– 
деп  Ақанның  ораза,  намазға  салақтығын  бетіне  басып, 
тоқтатып кетті деседі.
Ақынның сопылық туралы өлеңдері де менің қолыма 
жөнді түспеді. Алайда, серілік пен сопылықты қоса білген, 
намаз,  оразаны  жанының  тілеген  уақыттарында  ғана 
атқаратын Ақанның сопылығы жанына жын ұялаған, сиыр 
көзді соғылғандардың сопылығынан бөлек болған десек, 
құрғақ сәуегейлік қылған болмаспыз. Бұл пікірге алдымен 
Ақанның өмірі күшті дәлел болса, мынау өлеңі де ишара 
қылады: 
Дүниенің қызығын кешіп өтіп
Тәттіліктің алмадық еш ләззәтін. 
Пәруадигар сопылардың жолыменен 
Құдайға құлшылықта ғибадатым. 
Айырушы алла бар, не қамым бар, 
Адамның ішкі сырын, заһыр, батын.
Енді Ақанның қазақ қайғысы туралы өлеңдеріне келсек, 
оның сері Ақан болумен бірге жаралы елдің шын азаматы 
болғандығы сол өлеңдерінде көрінеді. Дұрыс, бұл өлеңдер 
таза  ақындық,  сұлу  сурет,  ұйқас  теру  жағынан  басқа 
өлеңдерінен көп төмен. Бірақ бұл төмендікті оның ойлы 
азаматтығы жуып кете аларлық. Ақан бұл өлеңдерінде елдің 
қайғысын көре білген, сол қайғының себебін таба білген. 

184
C
C
Шығармалары
C
C
Ол қайғы – қазақтың ата тұрмысының аз дәуірдің ішінде 
көріне көзге қирағаны, қираудың себебі – қазақ даласына 
қарашекпендердің  құжынап  келіп  орнағаны.  Ақан  соны 
жыр лайды. Жерінен айрылған елдің көзінің жасы болғанын 
ай тады. Қарашекпеннен көрген қорлықты санайды. Үкі-
мет тің орыс, қазақты ала ұстайтынын білдіреді.
Тасыған қазақ көзі бұлақтай боп, 
Соятын крәсиянға лақтай боп.
Патшаның сүйікті ұлы келгеннен соң, 
Шетке шығып қалдық қой брактай боп...
Қор болып крәсиянның табанында, 
Қалайша күн көрерміз дәурен кешіп?
Темір айыр, ақ балта қолдарында, 
Тілге келмей ұрады өңмеңдесіп.
Іштен келген тоң мойын, надан халық, 
Бұл жұртты ойран қылмай ма төбеленіп!..
Осы күнде мағылұм сұрасаңыз, 
Талай жанның тастап жүр басын кесіп.
Қасиетті ата-баба зиратының 
Үстіне егін салды, жайлап есіп.
Тірі түгіл, өлінің көрін алып, 
Бұлайша іс қылады ерегісіп. 
Қай дума, комиссия болса дағы, 
Бұған закон сұраймыз төрелесіп.
Жетпіс екі милләтте жол бар ма екен 
Сүйекті, дінді қорлауға тепкілесіп?
Құдайдан кітап келген халық болса, 
Іс қылмас айуандарша көрді тесіп.
Россия патшасының мизамында, 
Мұндай іске «Інжілде» закон нешік?
Бұларға патша мизам білдірмеп пе?
Надандықпен қыла ма гуілдесіп?
Бір орыстың тимейді моласына!.
Қазаққа әдейі қыла ма дүрілдесіп?
Қазақтың халқынан да крәсианға

185
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Ит баласы қадірлі бір көк күшік.
Жыртқыш, айуан мінез халықпенен
Қалай отыр дейсіздер біргелесіп?
Қалайша күн көресің, қазақ байғұс, 
Күнде сот, күнде бунт боп, зар илесіп?
«Інжілдің»  аяты  шіркеуде  ән  салуға  ғана  жарап  қал-
ға  нын,  үкіметтің  төбе-төбе,  том-том  закондарымен  іс 
қы латынын,  олар  болса  бір  сәрі-ау,  жандаралдардың 
«тауы ғының тұм сығы қанаса, көршіңдегі қазақты қират» 
деп  шығарған  бұй рықтарымен  қарашекпендердің  қимыл 
қылатынын Ақан сорлы қайдан білсін!
Қазақтың мұндай күйге түскенін Ақан ә дегенде жер-
гілікті әкімдердің надандығынан, қаралығынан деп біледі.
Патша алыс, жете алмаймыз Петрборға 
Және де сегіз санат алыс қия,– 
дейді. «Ақ патша», сегіз санат қазақ даласыңдағы мынау 
зом былықты білмей отыр ғой, білсе олар аяр еді дейді бала 
елдің бала ақыны.
Мал өсірген халықпыз, егін екпей, 
Аз жерге сия алмаймыз сызғандай-ақ. 
Шеттен келген төрелер норма қылған, 
Қазақ жайын білмейді жалғыз қарап. 
Петрбордан шафқатты санат келсе, 
Патшадан жарлық алып құдай қалап. 
Қазақ үшін қайғырып жылар еді, 
Ол мейірбан ер болса ұялмай-ақ. 
Қойдан қоңыр не қылған халық еді деп, 
Көз жасын қайтар еді тия алмай-ақ.
Есті Ақан ұзамай-ақ мынау ақ көңілділіктен құтылады. 
Бәленің басы Петрбордағы «патша ағзамда» екенін біледі. 
Енді  Ақан  Петрбордан  жай  мархамат  күтудің  орынсыз 

186
C
C
Шығармалары
C
C
екенін ұғып, «ақ патшаға» баяғы жеріңе тимеймін деген 
уәдеңнен тайдың деп, қыр көрсетіп, өкпе айтады. Мұндай 
қыр, өкпеден де ешнәрсе өнбейтінін біліп, үкіметке тіпті 
бізді  аямай-ақ  қой,  өз  мемлекетіңнің  пайдасын  ойлашы. 
Өзің үшін қазақ жерін, қазақ малын құртпағаның пайдалы 
ғой дейді. Мұндай негізді пікірге ол күнде екінің бірі-ақ 
ие болған шығар: 
Парапар крәсиянға тең болмадық. 
Тартылып қай жараға ем болмадық? 
Малымыз, жерімізден пайда тиіп, 
Қалайша патшамызға дем болмадық? 
Орыс, ноғай, сарт-сауан саудагерге
Қалайша малмен, жермен тең болмадық! 
Сексен бес жыл болыпты бодандыққа, 
Қайырсыз патшамызға ел болмадық. 
Құр мен қоян секілді алуға оңай, 
Қай жұртқа аңқаулықпен жем болмадық. 
Қазақ малы азайса, халқың азар, 
Қалайша бай-көпестер дүкен жазар? 
Патшалық дүкендердің бәрі кемір, 
Сезімнің дәлеліне салсаң назар. 
Қазақ малы кемісе, бәрі кемір, 
Ірбіт, Мәскеу, Мәкәржі – күллі базар. 
Сиыр, қой, жылқы қылы, май, терісі. 
Фабрик те асыл пұлды жүннен тозар. 
Шолақ мәстек, қу бөшке крәсиян 
Қазақтың байлығына бермес ажар. 
Сендер үшін қазақ малы азайды деп, 
Фабриктер крәсиянның шашын күзер, 
Зираттың тақтайларын ұрлап алып, 
Айуанша қараңғыда қазып мазар, 
Үстіне егін шықса қырқып алып, 
Аузына не түскенін итше қажар. 
«Біз солдат патшаға бердік» дейді, 
Омырауға салады өңкей ожар. 

187
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Қай жауды әскер беріп мұқатыпты? 
Соғыста солдаттары жүреді әзер.
 Күллі халық кәсібі қазақпенен
Қисап неге қылмайды думашылар? 
Пайдасы қрәсияннан кейін бе екен 
Қазақтың қайран малы көлге жүзер? 
Әскерге де ат керек, тамақ керек. 
Данышпандар қисапты қылса сезер. 
Жер, суын, баққан малын алдыңыз да, 
Қазақтан бұл уақытта болдың безер. 
Дариға, дертті заман келгеннен соң, 
Қаламға жөн қалмады тізгін тежер...
Газет, журнал оқымаған, пікірлі азаматтың бетін көр-
меген надан Науанның шәкірті – Ақанның мынадай пі кірге 
келе білгендігі шынымен тамаша, өз миымен шаруа түр-
лерінің арасындағы байламды көре білген Ақан, не десең 
де, тым-ақ жабайы жан емес.
Соңғы кезде Ақан патшаға көшіп кетеміз деп қоқан-лоқы 
қылады. Өзі шынында құтсыз қоныстан ауу керек деген 
пікірге келеді: 
Бостаншылық берсе егер басымызға, 
Патшамыз мархамат қып ризаласып, 
Бетімізбен біз де өлмес қүнін көріп, 
Тынышты жай іздер ек арып-ашып. 
«Құрметті» крәсианға жер кеңісін,
Орнымызды сол алсын еһлесіп. 
Өлтірсе құн, сатылсақ пұлымыз жоқ, 
Құр елді не қыласыз «құрметтесіп»?
Ақанның соңғы сөзі: 
Мархабат патшамыздан ала алмадық, 
Я Бұқар кетеміз бе, я Турция?
Ворон иттің астында қалғаныңша, 
Тірлікте ізденіңіз исламия

188
C
C
Шығармалары
C
C
Бір үш кез жер тимейді өлгеніңе...
Бұ не кеп, бұ не қасірет, ғамкіния?
Соңғы сөз: «бұл не кеп, бұл не қасірет, ғамкіния». Шерлі 
Ақан осы сөзбен дүниеден қайтқан.
Ақанның сөздері – осы. Соңғы өлеңдерінің мағынасы 
дұрыс екені даусыз.
Ілгергі өлеңдерінде бірталай сұлу сурет бар екені рас. 
Сонымен  бірге,  соңғы  өлеңдерінің  тілі  тұтқыр,  барлық 
өлеңдерінің тілі тарғыл екені рас. Осы өлеңдерді шығарған 
Ақаннның  өз  өмірі  жалпақ  елге  жат  болғаны,  жұмбақ 
болғаны тағы рас. Бұлардың бәрінің себебі Ақанның өмір 
сүрген дәуірінде. Ол дәуір – Нухақтың толқындары арасын-
да қазақтың қайығы қалтылдап батып бара жатқан дәуір. 
Ойы – тұман, тілі – тарғыл да жасыған, ділі де жасыған. 
Қалың  қазақ  қайықтың  батып  бара  жатқанын  білмейді. 
Бірақ Ақан сықылды бірен-саран сезімпаз ұлдары ғана бо-
лар-болмас сезген де, көпке алдымен өзінің өмірімен ереуіл 
жасаған, оның өзінің – сері, жолдасының – пері атанғаны 
осыдан. Тұманды дәуірдің ұлы – Ақанның тілінің таза бол-
мауы тағы осыдан. Ақанның барлық кемшіліктерінің үстіне 
бір сұлу сипаты – елдің сол дәуірдегі өмірін өлеңдерімен, 
әсіресе, өзінің өмірімен суреттей білген. Өмірді өлеңмен 
ғана емес, өзінің өмірімен суреттей білу ірі жанды адамның 
ғана қолынан келмек.
Біздің міндетіміз – өткенді аударып, ішінен көрнектіле-
рін аршып ала білу, кешегі милы қазақтың «Ескісіз жаңа 
болмайды» деген мәтелін киімнің қолтығына ғана қамап 
қоймай, балапан әдебиетімізге де қабыстыру.
Сөз соңында Ақанның сөздерінің тегіс жиналмағанды-
ғын  ескертеміз.  Көкшетаудағы  Біләл  жолдас  жинауға 
кіріссе дұрыс болар еді.

189
C
C
М. Жұмабаев
C
C
БЕРНИЯЗ КҮЛЕЕВ
29  январьда  Қазанда  жас  ақынымыз  Бернияз  Күлеев 
өзін-өзі атып, дүниеден қайтты. Жиырма-ақ жаста екен.
Бернияз Ақтөбе уезіне қарайтын Кіші жүз Әлім руынан. 
11 жасына шейін үйінде молдадан сабақ оқыған. 11–12-де 
Томаркөл болыстық школында оқыған. Туған әкесі Бекен 
ол школдан алып, Ақтөбе гимназиясына берсе де, шығынын 
ауырсынып, қайтып алып, Бөрте болысындағы екі класты 
школға  кіргізген.  Бұл  школды  бітірген  соң  Бернияз  16 
жылы  Орынборға  барып,  даярланып,  17  жылы  учитель-
ский школға түскен. Апалаң-топалаң заман тәртіпті ғылым 
алуға ырық бермей, онда бір-ақ жыл оқып, жас бала жеке 
тұрмысқа, әлеумет ісіне кіріп кетеді. 18 жылы Торғайдың 
облыстық  комитетіне  мүше  болады.  20  жылы  «Ұшқын» 
газетінің бір жазушысы болады. 21 жылдан былай қарай 
Қазақстан елді ағарту комиссариаты қызметімен Орынбор 
жаққа анда-санда аз уақытқа келіп-кеткені болмаса, ылғи 
Қазанда болады. Сол Қазанда қайтыс болып отыр.
Бернияздың өмірінің сырты осы. Жас жанның өмірінің 
ыстық асқары да болмақшы. Бірақ бұл асқарда елге үлгі 
болатын  нәрсе  аз  болар.  Біз  әлі  біреудің  тұрмысы  мен 
талантын айырып үйренгеніміз жоқ. Сондықтан біз әрбір 
үлгілі өмірден талант іздейміз, әсіресе, жиырма-ақ жаста 
қайтқан Бернияздың өмірінен үлгі іздеу, әрине, қисынсыз. 
Оның ел алдында аз ба, көп пе – бағасы болса, оған бұл 
бағаны беруші оның өзі емес, сөзі.
Бернияз төңкеріс заманында туған ақын, бірақ төң ке-
ріспен дүниеге шыққан шағы бір келгені болмаса, төңкеріс 
туғызған ақын емес еді. Тегінде, әдебиет көктен түсетін 
пайғамбарлық емес. Әдебиет – елдің жанында жүре бас-
таған толқындардың жарыққа шыққан жаңғырығы. Төң-
керіске шейін жаңа оянған жас баладай елімізді әдебиеті 

190
C
C
Шығармалары
C
C
алдынан тәй-тәйлап жетектеп келе жатты. 15–20 жыл бұрын 
еліміздің көзі жасты еді. Әдебиетіміздің де көзі жасты бол-
ды. Бірақ алдында келе жатқандығын ақтап, жұбата білді. 
Соңғы 10–15 жылдарда елімізге елдік сезімі кіре бастады. 
Алыста үміт елестей бастады. Сондықтан әдебиетіміз де 
екпінді, отты мінез алды. «Кекті кексей», алыстағы үмітті 
жырлай бастады. Әдебиетіміздің жүріп келе жатқан табиғи 
жолы осы еді.
«Ұшқын»  бетінде  жарыққа  шыққан  жас  Бернияз  әде-
биетіміздің сол табиғи жолымен шықты. Бірақ екпін тым 
күшті еді. Біраз өлеңдері басылған соң-ақ, оқушы оған жалт 
беріп қарап қалған еді. Екпін зор еді. Оның екпіндерінде 
әдебиетіміздің ескі екпініне төңкерістің әсерімен жаңа күш 
қосылған сықылды. Бірақ біздің жалпы әлеумет тәрбиесі на-
шар болғандықтан, һәм баспа ісінде тәрбие аз болғандықтан 
болар,  21–22  жылдарда  Бернияздың  өлеңдері  еш  жерде 
көрінбеді. Жалғыз-ақ 22 жылдың аяғында «Еңбекші қазақ» 
пен «Өртеңде» бірнеше өлеңдері һәм «Қызыл Қазақстанда» 
бір поэмасы басылды. Бұл өлеңдерінде, әсіресе, поэмасын-
да Бернияздың бұрынғысынан бірталай ілгері кеткендігі 
көрініп-ақ қалып еді. 
А  деп  бұл  қалам  ұстап  шыққанда,  оянған  үмітіміз 
біржола  бекіп  еді.  Бернияздың  әдебиетіміздің  берік  бір 
бағанасы болуына сеніп едік.
Бағытты бір қылып, таспиқ болып тізіліп келе жатқан аз 
ғана жазушыларымыздың қатарына жас Бернияз да келіп 
тізіліп еді. Бірақ, не лаж, таспиқтан сол тас үзіліп түсті.
Бернияздың өз өмірін өз қолынан бітіруіне қандай се-
беп болғаны бізге мағлұмсыз. Алайда, жастықпен, әсіресе, 
тәртіпті дұрыс тәрбие алмаудан туған бір себеп болуында 
шүбә жоқ. Олай болса, жас жанның мұндай жолға түсуіне 
өзінен бетер әлеумет айыпты. Түзу жолға сала білмеген, 
дұрыс  тәрбие  бере  білмеген  әлеумет.    Аласұрған  жас 

191
C
C
М. Жұмабаев
C
C
жанның қолына мылтық беруші сол. Осыны ұғыну керек. 
Үмітті жасымыз неге ерте кетті деп емес, неге ерте кетірдің 
деп ренжу керек.
Күнә сенікі емес, көптікі, 
Жаның тыныш болғай еді, жас ұлан!
БАЗАР ЖЫРАУ
Өткен дәуірдегі теңіздей тұңғиық әдебиетіміздің бізге 
бұл күнде адасқан ұшқындары, тентіреген тамшылары ғана 
жетіп отыр. Көбі, көбі болғанда ең сұлулары ұмытылған, 
желдей  ескен  жыраулармен  бірге  топыраққа  айналған. 
Баяғыда отыз күн, отыз түн айтылатын Қобыландылардың 
ауызда  адасып  азғантайы  ғана  қалған.  Талай  түндерге 
созылған  ертегілердің  басы  қайырылып,  аяғына  жетіп, 
шоп-шолақ болып қалған. Талай жүйріктердің тұңғиық таза 
толғаулары – араб, парсы, сарт-сауанның сөздері араласып, 
балдыр-батпаққа айналған...
Бірақ, талайлар ұмытылып қалды деп қанша өкінгенмен, 
әлде болса да ауызда аман қалған әдебиетіміз талай елдер-
дің ауыз әдебиетінен бай. Әлде болса да ауыз әдебиетіміз 
бір елдің жазба әдебиетіне негіз болуға жарарлық. Өзінің 
ауыз әдебиетін негіз қылмай ешбір елдің жазба әдебиеті 
өркендемек емес. Біздің де жазба әдебиетіміз ауыз әдебие-
тін негіз қылуға міндетті. Алдымен сабақты шеттен емес, 
өзінен алуға міндетті. Жазба әдебиетімізге қайтуға міндетті. 
Мағына аз десе де, түр аз десе де. (Бұл туралы толық пікірді 
екінші бір уақытқа қалдырдық.)
Осы  күні  біздің  оқушыларымыз  қазақ  әдебиеті  десе, 
Абай дан  бергі  әдебиетті  ғана  ойлайды,  қазақ  ақындары 
де се,  Абайдан  бергі  ақындарды  ғана  көреді.  Әдебиетті 
білсе де, ақындарды білмейді. Білсе де, білгісі келмейді. 

192
C
C
Шығармалары
C
C
Ақындардың қатарына қосқысы келмейді. Ауызға алынбай-
тын олардың жазасы не? Жазалары – шығарған нәрселерін 
Қазандағы Каримовтерге, Орынбордағы Хұсайыновтарға, 
яки осы күнгі Госиздаттарға бастырмағандықтары ма? Бұл 
ауыр  жаза  емес  қой.  Шынында,  сол  өткен  ақындардың 
көбінен  жаңа  ақындар  әлі  озып  кете  алды  ма?  Өзгені 
қоя  тұрайық,  жұрт  келемеж  қылатын  Шайхысламұлы 
Жүсіпбектің  «Қыз  Жібегіндей»  кім  не  нәрсе  жазды?  Ол 
ойланатын әңгіме.
Сол  «бейкүнә»  ұмытылып  бара  жатқан  ақындардың 
біреуі – менің бір-екі сөзбен таныстырайын деп отырғаным 
Базар жырау. Базардың дәл қанша терең ақын екендігі ту-
ралы мен бұл жерде толық пікір айта алмаймын. Қолымда 
Базардың  4-5-ақ  өлеңі  бар.  Мұндай  өлеңмен  ақынды 
өлшеуге  болмайды  ғой.  Бірақ  осы  төрт-бес  өлеңінде-ақ 
Базардың  сөзге  жүйрік,  ойлы  ақын  екендігі  сезілетін 
сықылды.
Базар  Қазалы  үйезіне  қарайтын  Кіші  жүз  Шөмекей-
Балқы руынан болса керек. Жуырда, 10–15 жылдың ішінде, 
өлгенге ұсайды (Базардың өмірі туралы ешнәрсе біле алма-
дым). Қазалылық Жомарт молда Базар жырауды жоқтаған 
бір өлеңінде былай суреттейді: 
Кеңесі кеңінен келген кертағы еді. 
Үш жүзге орман-дария ортақ еді.
Иіріліп, толықсып аққан дариядай 
Шалқыған шартарапқа орқап еді. 
Бұл  Базардың  ақындығының  кеңдігін,  тереңдігін, 
сөзге  жүйріктігін  айтқаны  ғой.  Шынында,  Базарың  көр-
жерді өлең қылып, көрінгенді мақтайтын құр мал тапқыш 
болмас.  Асса,  елдің  қамын  ойлаған,  қалса,  өзінің  ойына 
терең  бойлаған  «кеңесі  кеңінен  келетін»  ақын  екендігі 
өлеңдерінен байқалады.

193
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Базар жырау сол Шөмекейдің ағасы өлген біреуіне мы-
надай деп көңіл айтады: 
Бұл заманда би бар ма   
Темір тұяқ Мұрындай,   
Белі жуан құр аңдай.    
Ақылыңа болайын        
Тасты жарып, қайнаған  
Баһардағы бұлақтай.       
Олардың айтқан сөзіне   
Халқы салар құлақты-ай,  
Жапырылып құрандай.    
Бешенемде өткен дүниеден  
Атаңның салған жолы деп,   
Анамның пішкен тоны деп,  
Бейшараны жылатпай,         
Жылатқанды ұнатпай         
Анадан туған сен едің,     
Тай жолбарыс сияқты-ай.
Тиген жерін тілетін
Айбалтаның бауырына
Болаттан салған қияқтай...
Жоқтамайтын ер бар ма
Атасы бірге бауырды?
Шын аруана қаса нар
Қабырғадан саз кешсе
Қайғырмай тартар ауырды
Қабағын қағып білдірмес
Арқадағы жауырды.
Алдыңда аға барында 
Атандай бұтыңды алшайтып
Жарасты керсең ауыңды.
Байтаққа керек сен едің, 
Тілейміз Хақтан сауыңды.

194
C
C
Шығармалары
C
C
Бұл  өлеңде  Базардың  қазақы  сөзге  шеберлігі  көрініп 
тұр. Сонымен бірге бір ескеретін нәрсе мынау. Оқушылар 
бұрынғы  ақындардың  бәріне,  қанша  ақындығы  күшті 
болғанымен, мақтауға тұрса-тұрмаса да байды, мықтыны 
мақтамайтыны жоқ деп қарайды. Бұл пікірде бірталай қате 
бар. Тегінде, ақын біткеннің бәрі мықтыны, бай біткеннің 
бәрін  мақтай  берген  емес.  Шын  ақындар  өздерінше 
мақтауға тұрарлығын ғана мақтаған. Мысалы, Базар жырау 
«Темір тұ яқ Мұрынды» мақтаса, халқы «құрандай жапы-
рылып»  сөзіне  құлақ  салғаны  үшін,  яғни  жалпақ  елдің 
ақылгөйі болғаны үшін мақтап отыр. «Жекенді» бишараны 
жылатпағаны, жылатқанды ұнатпағаны үшін мақтап отыр. 
Мынау көңіл айтқан мырзаның өзіне, байтаққа керек болған 
соң ғана, саулығыңды тілейміз деп отыр. Қысқасы, қазақ-
тың  шын  ақыны  ешбір  уақытта  аты  мықтыны  мақтаған 
емес.  «Байтаққа  пана  болған»  мықтыны  мақтаған.  Ылғи 
қарадан  шыққан  қазақтың  ақыны  еш  уақытта  қарасын 
ұмытқан емес. Өткеннің бәрін өртеп жібереміз дей бермей, 
мұны біз де ұмытпауымыз керек.
Жоғарыда  біз  Базар  жырауды  «асса,  елдің  қамын 
ойлаған, қалса, өзінің ойына терең бойлаған ақын» дедік. 
Бұл сөзді төмендегі өлеңдермен шешуге болады. Базар жы-
рау патша Арыс, Түркістанды жаңа алған кезде өмір сүрген 
адамға  ұқсайды.  Ол  кез  –  Жайдан  сықылды  қырғыздың 
соғылғандары,  Байзақ,  Құдайберген  сықылды  қазақтың 
құдай ұрғандарының шенді шекпенге қарық болып, жалпақ 
елдің «аузы түкті гәуір, жеті басты ауыр» деп қан жылап 
жүрген кезі ғой. Сол кезде кешегі көкжал Кененің ер ұлы 
Сыздық «елім» деп жортып жүріп, Шөмекей ішіне барса ке-
рек. Сонда Сыздық бастаса гәуірден құтыламыз деп жалпақ 
елмен бірге Базар жырау да қуанғанға ұсайды. Базардың ә 
дегенде Сыздыққа айтқаны: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет