109
Перизат пен Рамазанның орыс поселкесіне қашып кетуі
пьесадағы тартыстың басталуына себеп болады. Оп-оңай жеңіле
салайын деп тұрған ескі дәстүр, бұ- рынғы салт жоқ.
Ең алды-
мен қыз әкесі, қыз ағасы күреске шығады. Перизатты қайтадан
тартып әкеледі. Зорлықпен Рамазан екі рет қамауға алынады.
Конфликтінің күшеюіне Жарылғап бастаған жалшылардың
күреске түсуі зор ықпал жасайды. Рамазан, Жарылғап бейне-
лері жалпы санасындағы психологиялық өзгерістерді көрсетеді.
Есе-теңдік, бас бостандық, сүйген жарды құтқару жолындағы
күрес, осы тартыста
өзі көрген қиыншылық, зорлық, зомбы-
лық Рамазанды шынықтырып шығарады. Пьесаны сахнаға
қойғанда осы жайттарға көңіл бөлінеді
(«Еңбекші қазақ», 1930,
9 желтоқсан).
Феодалдық салт-сананың қатыгездігі Толқын кемпір бей-
несі арқылы көрінеді. Ата-ана рұқсатынсыз, бата алмай, өз
бетімен
жол бұзып, есікте жүрген жалшымен қашып кеткен
Пе ризатты ешқандай аяуға болмайды. Некесіз туған бала –
арам бала. Сондықтан ескілік құлы Толқын кемпір жазықсыз
сәбиді өз қолымен өлтіргенде тәңірі бұйрығын орындадым деп
ойлайды, қылмыс жасағанын мүлде сезінбейді, осы үшін жаза-
ланатынын ұқпайды. Түгелдей алғанда, Ж. Тілепбергеновтің
«Перизат – Рамазан» драмасы – қазақ аулында жаңа қарым-қа-
тынастардың орнай бастағанын, психологиялық өзгерістердің
пайда болғанын көрсеткен, сахнада
табыспен қойылған алғаш-
қы спектакльдердің бірі.
Жазушы өмірінің биографиялық материалдары шығарма-
шылық сапарда үнемі ықпал етіп отыратын факторлардың бірі
екені дау туғызбайды. Уақыт шаңына көміліп, көмескіленген су-
реттер қиял қуатымен тіріліп, қанаттанып,
көркем шығармаға
айналады.
Қазақ драматургтерінің арасында бірінші болып өңдіріс
тақырыбына Жұмат Шаниннің пьеса жазуы әлдеқандай сырт
әсерден, тапсырма-талаптан емес, қаламгердің ыстық ықылас,
ынтасынан туған еді. Бала көзімен көріп, жадында қалған
тіршілік – әкесінің ит қорлықта кен қазған күндері,
тиын-тебен
110
үшін Омбы көшесін сыпырған шағы, майдан шебінде белуардан
саз кешкен түндері – осындай өз жүрегіндегі жаралар мазалап,
қалам тербеткен.
Әуелде «Өлімнен үмітке» деп аталған төрт перделі драма
қазақ театры сахнасында тұңғыш рет 1928 жылы 14 наурыз күні
қойылды. Спектакль туралы рецензиясында Мұстапа
Достарыңызбен бөлісу: