96
бір адамның тұтас характері жатыр. Кейін қазақ сахнасының
классикалық тұлғаларына айналатын Қарабай, Қоңқай тип-
терінің алғашқы үлгісі, әйтеуір генетикалық түбірі дәл осы
Тер лікбай екендігінде дау жоқ. Бұл ұқсастыққа кезінде зерт-
теушілер орнымен назар аударған болатын.
Қара күш, жағымсыздық, жауыздық сипаттарын драматург
Нөкербай, Иса, би бейнелері арқылы көрсетеді, әрекет үстінде
алғашқы
екеуінің есімі толық аталмай, болыс, қалпе делінеді.
Бұлардың әрқайсысының даралық ерекшеліктері анық ашыл-
маса да, үшеу бір қылмысқа жұмыла кіріскен жырынды
дұшпан, жемтіктес қорқау екендігі жақсы байқалады.
Әскерге шақырылған жігітті пара алу арқылы құтқару сце-
насында бұл үшеуінің мінез-құлқы, сиқы көпшіліктің көз ал-
дында анық ашылады.
Контраст, қарама-қарсы күштердің қатты түйісетін кезі –
осы тұс. Терлікбай, болыс, қалпе, би
бір төбе, Ермек жалғыз
өзі бір төбе. Драматург, әсіресе, Ермек бойындағы сахналық
әрекеттерге, атап айтқанда, оның отырыс-тұрысына, қимыл-
қозғалысына, үстіндегі киіміне,
қойған шашына, қолына
ұстаған домбырасына дейін айрықша мән берген. Характерлік
кесектігі жөнінен айрықша зор алшақтықтары бола тұра, әдейі
қисық сөйлеуді қарсылықтың бір түрі ретінде қолданатын
мінездері жөнінен Ермек қылықтары атақты Шекспирдің
тентек Гамлетін еске түсіретін орайлары бар. Қалпе – Ермек
диалогтарының үстінде оқыған
жігіт надан молданы жерге
қаратады.
Соңғы, үшінші перде оқиғасының да Терлікбай үйінде
өтуі драманың ықшамдылығын, сахналық көп заттарды ке-
рек етпейтіндігін көрсетеді. Әуелде Ермек аузынан айтылатын
екпінді сөз, өрелі ой, еркін пікірлер енді көпшіліктің көкейіне
қона бастайды.
Өз ғұмырларының біткендігін өздері хабарлағандай, қалаға
барып қайтқан би мен қалпе патшаның тақтан түскендігін
әкелері өлгендей естіртеді. Бұл – Терлікбай үшін сұмдық, ал
Ермек үшін қуаныш.
97
Драматург
авторлық идеалын, бостандық жөніндегі негізгі
ойларын Ермек образы арқылы берген. Оның сөздерінің
қысқа реплика, жауап лебіз, қостау, қарсылық, қолдау ғана
емес, ұлғайған,
кеңейген, толғау үлгісінен дамыған драмалық
монологтарға айналған тұстары мол. Сәкен Сейфуллиннің жа-
зушы ретіндегі енді бір зор табысы «Бақыт жолында» драмасы-
ның тіліне эпостың риторикалық, жалт-жұлт стилінің салқыны
тимеген.
Пьесада қажетсіз, артық-ауыс жүрген кейіпкер жоқ. Эпи-
зодта
көрінетін Жұмаш малай, шабарман Ермектің тілеуіңде
екені тез аңғарылады. Ал Мүслима – жаңа ояна бастаған, елең-
алаң заманда махаббат бостандығы үшін, ұяң да болса, әлсіз
де болса, алғашқы қадам басқан қыздардың типі. Драматург
өмір құбылыстарын бұрып көрсетіп, артық әсірелеуден аулақ.
Мүслима
қылықтары оның бойына лайық, алғашқыда ол әке
билігіне көніп қалып, артынан Ермек әсерімен тәуекелге бел
буады. Туған қарындасын күйеуге жасырын түрде өз қолынан
шығарып беру жолы бұрынғы ескілікті қазақ рәсімінде болма-
са да, сахарадағы соны жаңалықты дәл көрген қырағы жазу шы
бұл
жолдың атын дәл тауып, «Бақыт жолында» деп атаған.
Автордың өз көрсетуінде 1917 жылдың қазан-желтоқсан
айларында жазылып, 1918 жылдың 1 Май мерекесі күні алғаш
рет Ақмола қаласында сахнада қойылған «Бақыт жолында»
драмасының 1922 жылы Орынборда жарияланған тұңғыш ба-
сылымын, эстетикалық-көркемдік талаптарды мүлде ұмы-
тып, шығарма идеясын дәлелсіз бұрмалаушылар да болды
(«Темірқазық». 1923, №23).
Мұхтар Әуезовтің «Төңкерісшіл» драманың басы – Сәкеннің
«Қызыл сұңқарлары» мен «Бақыт жолында» пьесасы
Достарыңызбен бөлісу: