Жылқының бабы
Жылқының арғы тегі — тарпаң делінеді. Тағылық түйсік
жылқыда әлі де бар. Жылқыны қолға ұстау оңай емес. Асау
жылқының қайыры болмайды. Содан да мыңды айдаған бай-
лар ақысын беріп, тақымды жігіттерге, талапкер бозбалаларға
/балаларға/ тай мен құнан үйреттіретін үрдісті еш бұлжытпа-
ған. Мұны «асауды бастықтыру» дейді. Тай үйретуден жалтар-
ған бала «бос көтен» деген атаққа қалады. Жігіттің шымырла-
нып, бой күшінің жетілуіне және септеседі. Содан да асауды
жуасытып бастықтыру — қазақ ауылдарында науқанға айна-
лып, соңы ат ойындарына ұласқан.
Асау жылқыға бұғалық салады немесе шалма лақтырады.
Шалма — арқан тұзақ. Епті жігіттер шалманы асаудың мойны-
на дөп түсіреді. Оның екі түрі бар. Асауды аяқтан шалады
Бұдан жылқының аяғы кетеді. Мертігеді. Сойысқа мал керек
болып қалғанда, шу асауды осы тәсілмен бұғалықтайды.
Жиырмасыншы ғасыр поэзиясының ілкімді өкілі Сарбас-
тың Түскені (1880-1937 ж.ж. Отыз жетінші жылы ұсталып кет-
кен.) түрмеде жатқанда былайша толғаныпты:
Биіктер асуы жоқ белең келді,
Жүйрікті арқан шалып көбең келді.
Қайғымен қапаланып жатқанымда,
Құлаққа бір-ақ ауыз өлең келді.
51
«Жүйрікті арқан шалып» деген сөз тіркесі жылқыға шалма
лақтырудан шыққан.
Асауды бастықтырады. Құлынды желіге байлайды. Тайды
үйретеді. Қулықты (бірінші құлындаған) бастықтырып саууға
үйретуге батылдық керек. Айғырды үйірге салудың ығыты мен
амал-тәсілі жетерлік. Мал екеш малда да талғам бар. Жылқы -
сезімтал келеді. Жақсы айғыр енесіне оқыранбайды. Жылқы-
ның бір қасиеті осы. Баласына шаппайды текті айғырлар.
Көктемнің қанды қыздырған дүбірінде кексе айғырлар
үйіріндегі тай-байталдарды мойнын салып қуалап тастайды.
Сауырлы сұлу мүсінді байталдарды да үйірден бездіріп
жібереді. Өзінен тараған нәсілге шабыты қозбайды екен
құтпан айғырлардың. Содан да көктемнің ала қызбасында бай-
талдар жоғалғыш келеді. Үйір қожасы айғырлардың да мінезі
әрқалай келеді. Төбелесқор, қызғаншақ, мазасыз айғырларға
қарата: «Үнді айғыр үйірлі болмас», — деп жатады үлкендер.
Бауыры құтты құтпан айғырлар салмақты келеді. Орынсыз
кісінеп, мазасыздана бермейді. Әдетте, үйірге жаңа түскен жас
айғырлар мазасыздығымен ығыр қылады. Сәуріктерді шайнап,
мертіктіріп тастайды. Аттың арқасынан алып тастайды. «Бесті
айғырдың бетінен сақтасын» деген мақал содан шыққан. Билік
тізгініне енді ғана қолы жеткен басшының солақайлығын ше-
неу осы мақалдың еншісінде. Қолы бірдеңеге тисе жетісе қала-
тын кеудемсоқтардың сазайы — осы мақал.
Үйірден бөлініп жеке жүретін тайларды, құнан мен аттар-
ды, кейбір қашаған жылқыны «саяқ» дейді. «Саяқ баққан
жүгенін ұстап қалар» дегендегі аңғартудың мәні түсінікті. Саяқ
жылқы жоғалғыш келеді. Қасқыр да өш жеке жүрген саяққа.
Ұры да қуа жөнеледі. Үйленбеген жігітті «саяқ жүрісті» деп
шенейді дос-жараны. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды»
дейтін мақал осыдан шыққан.
Бабаларымыз ырымшыл болған. Төре түлік жылқыны са-
намай-ақ түстеп таныған. Малды түстеу - қапердің шынығуы-
на септеседі. Бір айғыр үйір жылқы елуге барады. Бір қос жы-
лқы бес жүзге жуық.
Үйірге түсе қоймаған жас айғырды «сәурік» дейді. Құнан,
дөнен айғырлар үйірге түспесе, сәурік делінеді. Сәурік маза-
сыз келеді. Құтты есерсоқ бозбала іспетті. Үні бір сембейді.
Кейбір мазасыз жасты үлкендер «сәурікше шәңгірлей
бермеші» деп тыйып тастайды. Үйірге түсуден қалған кәрі айғ-
ыр «сасай» делінеді. Қыран топшылы, сұңқар дауысты Сәкен
Сейфуллин турашыл, бетті кісі болған. Әдебиетіміздің белгілі
өкілі драматург-жазушы Әлжаппар Әбішев Сәкен өмірінен
52
көркем шығарма жазуға талаптанып жүргенімде мына бір
әңгімені айтып беріп еді: «Отыз алтыншы жыл шығар ұмытпа-
сам. Жазушылар одағында жиналыс өтті. Жиналыстың күн
тәртібінде бір-ақ мәселе. Жазушылар одағының жаңа басшы-
сын сайлау керек. Жиналысты Сәкен басқарды. Үш-ақ минәт-
те бітіргені есімде қалыпты, - дейді Әлжекең. - «Жолдастар,
жиналыс бір-ақ мәселені қарайды. Бұрынғы одақ төрағасы
Ілияс Жансүгіров сасайдың орнына сәурік Ілияс Қабылов сай-
лансын дегендерің қолдарыңды көтеріңдер», - деп шорт
кесті...»
Сәкен қалай сөйлеуді білетін, ішкі мәдениеті жоғары,
ысылған қоғам қайраткері. Бұл арада анайылыққа шарасыздан
барып тұр. Қазақ әдебиетінің құлагері атанған айтулы ақынды
төрағалықтан босату жөніндегі жоғарғы жақтың шешіміне на-
разылығы осы сөзді айтуға ақынды еріксіз мәжбүрлеген.
Қысырақты бір-біріне үйірлестіру оңайға түспейді. Үйірі
басқа-басқа байталдар бір-бірін қатты жатырқайды. Содан да
малшылық дәстүрде қысырақ матауға қатты мән берілген.
Қысырақты /тай-байталдарды/ көктемде бөлек үйірге са-
лады. Сол себептен де байталдарды ұстап матауға тура келеді.
Қыл арқаннан қос қабаттап желі тартып, асау байталдарды
шыңғыртып бұғалықтап, басына ноқта кигізіп, желіге тұқыр-
тып байлап тастайды. Серті үш күн, үш түн. Осы әдісті «қысы-
рақ матау» дейді. Үш күннен кейін азаттық алған байталдар
бір-бірінен еш ажырамайды екен. Қысырақ матау қып-қызыл
науқан. Бала күнімізде көзіміз көрді. Асау байталдарды бұға-
лықтап ұстауға тақымы мықты жігіттер белсенеді. Қысырақ-
тың үйіріне айрықша бағым керек. Қашан іштерінен үйірді ба-
стайтын көсемі шыққанша жылқы баққандар қысырақтың
үйірін көзден таса жібермейді. Келер жылы да бұл үйір назарда
болады. Сүтшеңдерін саууға үйретеді. Бірінші құлындаған жас
биені «қулық» дейді. «Қулық сауғанның күбісі толмайды» де-
ген сөз шындыққа жуық. Қулық сүтейе қоймайды. Қулықтың
қымызы асыл әрі жұғымды келеді. Кеудесінің желі бар сырқат
адамдар қулықтың қымызын торсыққа бөлек ашытып ішеді.
Жас биелерді құлыны қатпа болады деп бірер сауып ағытады.
Осы күні жылқы баққандар қысырақ матауды артық
жұмыс көреді. Матап әуреленгенше деп, қораға қамап бастық-
тырады. Бос тұрған жылқы бір-бірімен тебісіп, шәлкестеніп
бітеді. Жылқыны қораға қамап үйірлестіру жабайы амалға жа-
тады. Қысырақ матау әдісімен үйретілген үйір бір-біріне
үйірсек келеді. Қысырақ матау — сандаған ғасырғы малшы-
лықтың оңтайлы тәсілі.
53
«Жақсы ат — ер қанаты». Бұл сөздің мәні бүгінде солғын-
дап кеткен. Техникаға жаппай әуестік жастарды салбөксе
еріншек етіп жіберген. Бос көтен балалардың тай үйретіп, атқа
мінуге икемі жоқ. Қала баласына кешірімді. Ауыл балалары да
жылқыдан алыстап барады. Ер қанаты аттан қасиет қаша бас-
тады. Атқа байланысты тәрбие-тәлімдік сөздердің мәні қалмай
барады. Ер қанаты ат емес, мәшине бүгінде. Десек те, атқұмар
жастар жоқ емес. Атқа мінген кісі ер үстінде қаққан қазықтай
тіп-тік отыруы керек. Атқа сұлу отырудың өзі өнер. Атты си-
пай қамшылайды. Орынсыз қамшылап, сауырына қамшы
үйіре берсе, аттың жүрісі бұзылады. Тізгінді тежеп ұстап, атты
еркіне жібермей ауыздыққа сүйеу керек. Сонда ат басын
көтеріңкі ұстап, жүрісін түзеп алады. Атты ширақ жүруге дағ-
дыландыру, аяңшыл болуға икемдеу — өзінше бір өнер. Ерге
қолапайсыз отырып, қисынсыз тебініп, атты қамшымен
ұрғыштау - атқа міну мәдениетінің ережесіне қайшы. Ұзақ
жолға мінілген атты жолай оттатып, шөп үздіріп алады. Белін
босатып, аялдайды. Мұндай тынысты «белсуыт» дейді. Меже-
леген тұсқа жеткенде атты суытады. Үрдіс мінілген тұғырды
зорық шалады. Зорық шалған ат көп мініс көтермейді. Ұзақ
жолға шыдамай болдырып қалады. Атты міне сала шапқылап,
дөрекі қамшылау— тәртіпке қайшы. Ондай оспадарлар
мінгішті «қызыл май» етіп зорықтырады. Қызыл май болған ат
тершең келеді. Көп мініс көтермейді. Болдырғыш келеді. Атты
«қызыл май» етіп шапқылай берген бала үлкендерден сазайын
алады. Таяқ жейді. Жібек жал, бөкен сан, сұлу мүсінді жылқы-
ны қор етіп жөндеп міне алмағандарға қарата: «Ат қадірін
білмесең, жаяулық берсін сазаңды», — деген мақал жүрегіңде
малға деген аяушылығы жоқ ұзын сойыл ұрда-жықтарға қара-
та айтылған.
Жылқы - мінезді түлік. Бұлардың да тістеуігі, тебегені,
қыршаңқысы болады. «Сырын білмеген аттың сыртынан
жүрме» деген мақал содан шыққан. Кейбіреу бүгін достасып,
ертеңге жетпей қастасып кек қуысып кетеді. Алдымен қатар
жүрген адамның сырын алып, оның ішіне үңілу керек.
Адамгершілігі қандай, мінезінде нендей оғаштық бар, соны
біліп алып достасқан жөн. «Жақсы жаныңа жолдас, жаман ма-
лыңа жолдас» дегенді қаперде ұстау керек.
Күн таластыру деп күндіз мінілген атты күн батысымен
отқа қоюдың тәртібін айтады. Ұзақ сапарлаған жолаушы
қоналқада атын жатарда қояды отқа. Мұндай ат суытуды
«қазан суыт» дейді. Ұзақ жолда қатты қиналған тұғырды таңа-
сырады. Таң ата қояды отқа. Суытылып дағдыланған мінгіш
54
ширап сала береді. «Суытылған аттай сергек екен мына жігіт»
дегенді үлкендерден сан естідік. Ел қорғаған батырлар, дуалы
ауыз билер мен шешендер, жыраулар, үлкендер өздерін атша
суытқан. Тағамға бірден бас қоймай, тынығып алған соң же-
ген. Өздерін атша суытатын кісілерді көзіміз көрді. Ауыр
жұмысқа иық талдырып, қара жұмыстан титықтағанда
әкелеріміз тамақты әбден тынығып барып ішетін.
Жылқы - киелі түлік. Содан да халқымыз жылқыны ес
көріп, адамнан зият деп қатты іш тартқан. Балаға еншісін бер-
генде бірінші кезекте кішкене күнінде ен салдырған бәсірелі
тайдан өрбіген қылқұйрықты бұйырып береді. Бәсірелеп ата-
ған малға ен салдыру тек жылқыға жарасымды. Басқа малға ен
салып әуреленбейді. Жиен нағашысына жиеншілеп барғанда,
әйтпесе, немересі атасының ауылына келгенде жас балаға
ырымдап мал атайды. Соны «бәсірелі тай» дейді, меншік малы
деген мағына береді. Баланы ырымдап ашамайға отырғызып
атқа мінгізу — әулеттің салтанатты жорасына жатады.
Ата-анасына серіктесуге жараған баланы «ат жалын тар-
тып мінуге жарады» деп ырымдаған. Бүгінде мәшине рөлін
ұстатады.
Жылқы уайымшыл келеді. Қыс қатты болатын жылы жыл-
қының түгі үрпиіңкі тартып, қабағы салыңқыланып кетеді.
Жүре жайылып, отшаңсып алады. Қыс жақсы болатын жылы
жылқының жүні жылтырап тұрады. Бейбіт, тыншу қалыпта
иіріле жайылады. Жылқыға жау тиетін болғанда айғырлар
кісінегіш келеді. Биелер дамыл-дамыл шұрқырайды.
«Жақсы ат - жан серігі» дегенді үлкендер жиі айтар еді.
Атқа ер салып жатқанда боқ тастаса, онда жолаушы жолым
болады деп қуанады. Жол үстінде мінгіші дамыл-дамыл ішін
тарта берсе, жолаушы сақтанады. Жанына балаған жақсы аты-
ның иесін бір қатерден сақтандырғаны деп біледі.
Жылқы жершілдік жөнінен түйеден кейінгі сезімтал түлік.
Бауыр басқан мекенін ұмытпайды. Әсіресе, кексе биелер мен
аттар, құтпан айғырлар жер түбіне кетсе де, үйреншікті
мекенін қайткенде де іздеп табады. Таба алмаса, сол жолда
мерт болады.
Арғы бабаларымыз - ғұндар, сақтар, түркілер адам өлген-
де бәсіре атын бірге көмген. Бұл ғұрып кейінге дейін сақталып
келді. Қайтыс болған марқұмның жақсы атын тұлдап (құйрық-
жалын күзеп, кекілін шорт кесіп), иесінің жылына арнап
құрбандыққа шалады. Елге белгілі адамдарға бейіт тұрғызған-
да, бейіттің маңдайшасына тақымына басқан атының бас
сүйегін белгі етіп қалаған.
55
«Ат арыса - тулақ, ер арыса - аруақ». Мақалдың мәні
түсінікті. «Сен салар да мен салар, атқа тоқым кім салар?»,
«Құс аяған көкке қарар, ат аяған жерге қарар». Түсінікті мәтін.
Жайылсын деп бос жібере салған атты ұры әкетеді. Әйтпесе,
қасқыр жарады. Жоғалып та кетуі кәдік. Жылқыда шәлкестік
жетерлік. Оның да тістеуігі, қыршаңқысы, қашағаны болады.
«Астыңдағы атыңа сенбе, қойныңдағы қатыныңа сенбе» деген
мақал өмір тәжірибесінен алынған. «Атың үркек болса - та-
қымның соры, қатының жеңілтек болса - шашыңның соры»
деп және ескертеді. Осы сарындағы мәністі сөзге халық былай-
ша тұжырым жасайды: «Атың жақсы болса, дүниедегі пы-
рағың, әйелің жақсы болса, жанып тұрған шырағың». Құтпан
айғырдың қабағы қалың келгенімен, тісі жұмсақ келеді. Оның
мәнісі - бауырындағы тай-жабағыға, құлдыраңдаған құлынға
тісін батырмайды дегені. «Қу бас айғыр құлынын талайды» де-
ген содан шыққан. «Ат айналып қазығын табар, ер айналып
елін табар», «Алып анадан, арғымақ биеден туады» дейді ха-
лық. Анасын аңыратқан бала Отанына лаң салғанмен бірдей.
Олай болса, жылқыда бие - асыл, адамзатта - ана асыл.
Әке мен бала жолаушылап келе жатады. Баласы атын аяп,
жайылсын деп тұсап жібереді. Әкесі сақтық жасап, мінгішін
қасынан ұзатпайды. Тұсаулы атты жолбарыс соғып кетеді. Әке
баласына кейіп, тілімді алмадың деп жаяу тастап кетіпті. Жая-
улаған ол: «Бұқараның жолында арыған (бұрлығып шалдық-
қан) ат, өз қолыңда жоқ болса әкең де жат, еңді қу бас көрінсе
арқандап жат», - деп бармағын тістелеген екен дейді. Жүйрік
атқа байланысты аңыздар бір кітапқа сыймайды. Қазақтың
байырғы қара өлеңінің дені жылқыға байланысты өрбиді. Ән
де, жыр да жетерлік. Жылқының жабы тұқымы мініс
көтермейтін шабандау келеді. Жылқының қазанаты түлкі
құрсақтау жүрісті келеді. Жүйріктің дені қазанаттан шығады.
56
Жылқыны аузына алып сөйлесе, ақындардың шабыты қоз-
ған. Бозбаланың қызға ынтығы күшейген:
Жылқым жүзге жеткенде қатты болар,
Қағаз шай қантпен ішкен тәтті болар.
Сен есіме түскенде қимас қалқам,
Күйігің күйдіргеннен қатты болар.
Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едім даламенен.
Түскенде сен есіме қалқатай-ау,
Сарғайып сағынамын санаменен...
Ежелгі әдебиет үлгілерінің дені жылқыға байланысты
өрбіген. Ақан серінің Құлагеріне арнап қаншама дастандар,
әңгіме, романдар туындады. Ел ішіндегі аңыз-әңгімелерде жік
жоқ. Жылқы - қазақтың намысы мен жігері, сұлулықтың жи-
ынтығы есепті. Хас шебер, айтулы мүсінші Шота Уәлиханов ел-
таңбамызға /герб/ қанатты атты /пырақты/ тегін бейнелемеген.
Жылқы мейлінше сезімтал жануар. Жылқының сезімтал-
дығын көретін көз, сезетін саңлақ сана керек. Үлкендер мал
бауыздағанды жылқыға көрсетпеген. Сезімтал жануардың
түйсігіне ауыр тиетінін білген. Батырлар жырларында ер қана-
ты атты сұлу жырмен төгілдіре бейнелейді. Тайбурылдың ша-
бысы жырда былайша төгіледі: «Айт жануар шу деді, шу деген-
де гуледі, табаны жерге тимеді. Тасқа тиген табаны саз бал-
шықты иледі...» Немесе «Төменгі ерні жер тіреп, үстіңгі ерні
көк тіреп...» деп келетін күшейткіш сөздер жырды оқыған
адамға қанат бітіргендей болады.
Арғынның Мейрам сопысынан тарайтын Қаракесек /Болат-
қожа/ руының Сырт Бошанына жататын Машайдан тараған
Қояныштағай ұлысының аталары Қояншы, Танай, Дәулет бо-
лып бөлінеді. Таңайдан тараған Кешубай мен Сазанбай өскен
аталар.
«Сазанбай кешегі жоңғар шапқыншылығында ерекше қай-
рат көрсеткен аға батырлардың бірі. Батыр болғанда, жеке ба-
тыр болған. Жасы келіп қалғанына қарамастан, жау қашыра-
рым азды, тұқым аламын деп Тәшкеннің қақпасын бұзып,
жылқы алады. Алайда қапылыста сарттардың қолына түсіп
қалып, қаза табады. Осыдан барып ел ішінде «Сазанбай аттан
елген, Кешубай /к...тен/ тақтан өлген» деген сөз аңыз болып
қалған. Сарттардың қолында қалған Сазанбайды құтқару үшін
Кешубай жай адам болып Тәшкеннің қақпасына барып, ел
қатарлы тұра береді. Сондағы бір өзбек әйелімен тамыр болып,
қамақта отырған батырға ас-суын үзбей жеткізіп тұрған.
57
Жылқым жүзге жеткенде қуанамын,
Еңкейіп шыныаяқпен су аламын.
Түскенде сен есіме қимас қалқам,
Қолында асасы жоқ дуанамын, -
деп үздігеді жігіт қызға.
Осылайша жалғасатын қара өлең пәлсапалық ойға құрылған.
Жабыны жауға мінбе, жалды екен деп,
Жаманды еске тұтпа, малды екен деп.
Баласын қазанаттың бақпай қойма,
Қан түсіп аяғына қалды екен деп...
|