сырынып жүріп жайылады. Жалқау аяңдайды. Қамшылама-
саң, жөндеп жүрмейді. Ондай ат көп мінілгендіктен ердің қос
қапталы арқасына бата-бата жауырға айналады. Арқасы қажа-
лып, терісі ойылып, жарақат алады. Ердің қапталы батқан ат-
тың арқасы ағараң тартады. Аққаптал делінетіні сол себептен.
Қолдан бір шықса ұстатпай кететін ат тізгін қашаған, шылбыр
қашаған делінеді. Тізгін қашаған аттан айрылып қалсаң, айда-
лада жаяу қалғаның. Ал шылбыр қашаған жетсең алға басып
жүре жайылумен діңкелетеді. Сырғытпаға салып сөзін ұстат-
пайтынды тізгін қашаған,шылбыр қашаған деп әккілігін бетіне
басады сыншыл қарттар.
Ноқта — жүгеннің қосары. Ауыздықсыз жүген десе де бо-
лады. Жас құлынды ноқталап, желіге байлайды. Халықта
«Ноқталы басқа — бір өлім» деген даналық сөз бар. Тірі жан
иесіне өлім ортақ дегенді аңғартады.
Қанжыға туралы ұғым бірқыдыру. Қанжығаға қоржынды
бөктереді. Оны бөктеріншек дейді. «Бөктеріншегі қомақты
екен, олжалы қайтқан-ау» десіп жатады біреуге біреу. Алған
аң қанжығаға бөктеріледі. Аңға шыққан адамға: «Қанжығаң
майлансын!» — деп тілек айтады. Аңнан, әйтпесе, құдалықтан,
базардан қайтқан адамдарға: «Бөктеріншегі тоқ, қанжығасы
майланып қайтқан екен», — деп тілеулестік білдіреді.
Жырым — айылдың доғаға өткізілетін екінші басы. Ұшы
сүйір келеді. Кәдімгі былбырақ, жұмсақ қайыстан жасалады.
Жырымға иттер өш келеді. «Құс қырымға, ит жырымға қарай-
ды» деген мақал осыдан шыққан. Мәні ішті бұл мақалдың. Ри-
зық-несібесін бейнеттеніп теріп жейтіндерді қыранға теңесе,
ұсақ қулықпен жан асыраған, пайдакүнем сұғанақтарды «ит
жырымға қарайдымен» шенейді.
Ер-тұрман әбзелдері халық өнерінің баға жетпес асылы. Ал-
тынды күмістелген ерлер және оның әбзелдері көз жауын ала-
ды. Мәселен, Арғынның Қуандығынан тарайтын Темеш бұтағы
ер-тұрманға қатты мән беретін көрінеді. Атқа сұлу отырып,
сәнді ер-тұрманды пайдаланған бұл атаны: «Тебінгісі терме ал-
тын» деп көтермелейді. Тебінгі — тоқымның үзеңгі баумен
шектесетін тұсы. Тебінгенде тоқым (киізден сырған) ойылмас
үшін былғарымен сырып қалыңдатады. Былғары тебінгіні
күміспен зерлеп, ою-өрнек салады. Мұндай ер-тұрман
зергерліктің жемісі. Ер-тұрманды қаншама өрнектеп, алтын-
күміспен әшекейлегенмен, атқа жайсыз, адамның қимыл-қоз-
ғалысына үйлеспей тұрса, онда мұндай ер неше жерден алтын
болғанмен, қасиеті кемшін түсіп жатады. «Алтын ерің атқа
тисе, алтынын ал да, отқа жақ» деген де тәмсіл бар.
50
Ат әбзелінің бірі - құйысқан. «Құйысқандық» деп те атай-
ды. Ол ердің ат арқасында ілгері кетпей, нық тұруы үшін
дәнекерлік етеді. Ат ылдилап төменге түскенде, құйысқансыз
ер шоқтығы аласа аттың мойнына кетеді. Халықта «Ері мойны-
на кетіп, еңселеп қалыпты» деген мүсіркеу бар. Салдыр-салақ,
ісі алға баспаған, күнкөрісі төмендеген, жағдайы ауырлаған
адамды осылайша атайды. Кекетуден туған сөз емес, мүсіркеу
басым. Құйысқанға байланысты мына бір тұрақты сөз тіркесі
көп айтылады: «Құйысқанға қыстырылған боқ құсап». Бүгінгі
жастар бұл сөздің мәнін бірден түсіне алмайды. Құйысқанға
боқтың /жылқының тезегі/ қыстырылуы еш қисынға келмейді.
Олай болса, бұл сөз ауыздан ауызға неге көшіп жүр? Қисын-
сыз жерде ширақсып, пысықси қалатын, біткен іске жарма-
сып, иелене кететіндер болады. Не болса соған килігіп және
ығыр қылады адамдарды. Сондай жөнсіздерге қарата айтыла-
ды. Оларға үлкендер «Сен оның құйысқанына кыстырыла бер-
ме» деп ескертеді.
Достарыңызбен бөлісу: