Шекшек ата 44
45
Қорабай... деп ат берген. Қыздарына А қ мар қ а , Марқаш,
Төлбасы деген есімді лайықтаған. Қыста қоздаған қойдың
қозысы «арамза» делінеді. Арамза қозы ерте жетіледі. Оны
«кебе» дейді. Қазақта «Мал адамды ащы қылады» деген аталы
сөз бар. Оны не себептен айтқан? Қой өсіру оңай шаруа емес.
Аққұла бейнет. Жазбамыздың бас жағында «үш ай /үш жыл/
қой баққан адамнан ақыл сұрама» деген сөздің мағынасына
жете тоқтамай кеттік. Оның мәнісі мынада. Қойдың өнімі: еті,
сүті, терісі, жүні, құрты мен майы, ірімшігі қаншалықты баға-
лы болса, соншалықты қымбатқа түседі. Маңдай термен
келеді. Әйтпесе, қой баққан адам ақыл-есінен айырылып,
мәңгүрт болып кетеді дегендік емес.
Қой — қасиетті мал. Исламда қой киелі саналады. Ибраһим
пайғамбар баласы Смағұлды Алланың ризалығы үшін құрбан-
дыққа шалайын деп жатқанда, көктен көк қошқар түседі. «Ер-
кек тоқты құрбандық» деген аталы сөз бар. Ер азамат Отаны
үшін отқа түседі. Жаудың бетінде, желдің өтінде жүреді. Соғыста
оққа ұшады. «Еркек тоқты құрбандықтың» мәнісі сол.
Төрт түлік делінгенде, ешкі ауызға алына қоймайды. Қо-
салқы түлікке жатқызылады. Бұл - Шекшек ата түлігін қом-
сынуға жатпайды. Қой мен ешкі бірлікте алынады. Ешкі қора-
ласы қойға жолын берген. Алдымен, ешкінің қасиетіне тоқта-
лайық. «Сойса, саны қалақтай, сауса, сүті бұлақтай...» Малдың
жылқыдан кейінгі тазасы — ешкі. Сиыр іркінді лай суды іше
береді. Ешкі тұныққа бас қояды. Отшаңдығы жөнінде қоймен
деңгейлесе алмаса да, шөпті таңдап жеуге келгенде алдына
ешбір түлікті салмайды. Шөптің кілең әсиясын /гүлін, жапы-
рағын/ теріп жейді. Серкесі қой бастайды. Серкесі бар отар ай-
барлы келеді. Бала күнімізде /қойшының баласы болғандық-
тан/ серкеге мінетінбіз. Серке, керек десеңіз, қасқыр мен итке
айбат шегеді. Халық өсер жасқа риза болғанда: «Қой бастаған
серкедей», - деп мағұрланады. Мұндай ризашылық үнемі алға
шығып, әр іске бастамашы болып жүрген жаңашылдарға қара-
та айтылады. Көткеншек жалқауды «Қой соңына ере алмай-
тын қотыр серке» деп шенейді. Алым-перім есерсоқты «Ит
көріп ешкі көзденген, елірме, жынды сөзденген» деп тұқыр-
тады.
Енді аздап ешкінің мініне тоқталайық. Шекшек ата —
ешкінің пірі. Өз малын өзі бағып, мыңғыртып ешкі өсірген
Шекшекбай бабамыз отарды жаяу бағады екен. Қартая келе
жүгіре жайылатын ешкілерге ілесе алмай, отардан көз жазып
қала берген соң, соңына ит ертіпті. Иттер иесіне жәрдемдесіп,
отарды адамша қайырмалайды екен. Ешкіде де мінез бар.
Мүйізін ала жүгіріпті бақташы иттерге. Қой десе, қоймапты.
Тауы шағылып, назаланған Шекшек ата «Иттен табыңдар!»
деп қатты кейісе керек. Иесінің назасына ұшыраған ешкілер
содан былай үркекситін әдетке басыпты. Шекшек атаның қар-
ғысына ұшыраған ешкілер ит көрсе безе жөнелетін әдетке
ұшырапты дейді. Тілімізде «Ит көрген ешкідей» деген тұрақты
сөз тіркесі бар. Дәйексіздерге қарата айтылады. «Ит көріп
ешкі көзденіп, елірме жынды сөзденіп. Жасынан үлгісіз
шіркін, не қылсын өнер ізденіп» дегендегі ақынның аңғартары
мейлінше ішті. Дәйексіздік жас адамды ұшып-қонған ұшқа-
лақтыққа, берекесіздікке ұрындырады. «Жасынан үлгісіз
өскен». Ойсыз жас ыржалақ-қылжалаққа үйір болып, не өнер-
ге бейімделмей, не еңбекке ұмтылмай, ата-анаға масыл болып,
өмірден өз орнын жөндеп таба алмай сұрқы кетеді.
Ешкінің басты міні - дәйексіз келетіні. Үріккенде алды-арты-
на қарамайды. Содан жоғалғыш келеді. Қотаңда байыздап жата
қоймайды. Өре жөнеледі. Қыста отарды тебіндеткенде / қ ыс қ ы
жайылысқа шығарғанда/ қойдың қар астынан аршыған шөбін
тартып жейді. «Есің кетсе, ешкі асыра» деген мақал бар. Мал-
дан айырылып, қорасы бос қалғандар еріксізден ешкі өсіреді.
Рас, ешкі сүтшең. Үш ешкінің сүті бір сиырдың сүтіне татиды.
Тым отшаңдығы, етінің ояздығы, үркектігі, жоғалғыш келетіні
«Есің кетсе, ешкі асыра» деген мақалды айтуға еріксіз
мәжбүрлейді.
Ешкі - ширақ мал. Лағы тез жетіледі әрі өсімтал. Шібіш
кезінде /бір жасарында/ лақтайды. Жылына екі лақтайтын
әдеті бар. Тұрмысы қиындаған, қотанынан қойы, өрісінен
жылқы кеткен кедей-кепшік ешкі өсіріп теңеліп кетеді. «Есің
кетсе, ешкі асыраның» екінші мағынасы осыған саяды. Ешкінің
сүйкімдісі - лақ пен туша. Туша - жас ешкі. Көркем әдебиетте
«тушадай сүйкімді келіншек» деген сөз оралымы бар:
Шұбар туша дегенде, шұбар туша,
Қыздар сұлу көрінер белін буса.
Есігінің алдына су төгіп қой,
Шешең тайып жығылсын мені қуса... -
деп әндетеді бозбала.
Ешкінің кәдірлісі - серке. Сүйкімсізі - теке. Төрт түлікте те-
кеден өткен ынсапсыз хайуан, сіре да, жоқ шығар. Күйекке