Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет18/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Ірімшік 
Бүгінгі озық технологиямен дайындалған ірімшікті жоққа 
шығаруға әсте болмайды. Десек те, шешелеріміз баптаған 
ірімшіктің дәмі әлі күнге таңдайдан кетпейді-ау. 
Сүтті пісіреді. Майды жияды. Ірімшікті баптайды, дайын-
дайды, жасайды. Ірімшікті «қайнаттым» демейді. Неге? Рас, 
ірімшікті  қайнатады. Мәселе бабымен  қайнатуда. Бабы 
келіспесе еңбек зая.  Қайнату  құртқа жақын сөз. Ірімшік бап 
талғайды. Әлбетте, нағыз қазақы ірімшік  қой сүтінен алынады. 
Қой отшаң келеді. Өрістен бір мезетте алты жүз түрлі шөптің 
басын шалады екен. Табиғи дала шөбінің алты жүзден аса 
түрімен  қоректенеді. Сиыр алпыс-жетпіс түрлі шөптің басын 
шалады. Ешкі сүті тіптен асыл. Ешкінің еті мен сүті кез кел-
ген ауруға ем. Әсіресе, сүтінде  құнар мол. Шөптің кілең әси-
ясын /гүлін/ талмайды.  Қой мен ешкі сүтінен алынған ірімшік 
асыл келеді.  Құнарына баға жетпейді. Өзегің тез жалғанады. 
Көп жей алмайсың, шық етіп жүрегіңе тиеді. Асылдығын осы-
дан-ақ білуге болады. 
89 


Ірімшік — тек  қазақтарға тән десек,  ұшқарылық болады. 
Ақпарат көздерінен білуімізше, француздар ірімшік дайындау-
дың ең жоғарғы технологиясын игерген делінеді. Ірімшіктің 
сандаған түрі бар делінеді. Францияда ірімшік өндірумен 
шұғылданатын бір кәсіпкер көз майын тауысып өзі өндіретін 
өнім туралы кітап жазған. Францияда ірімшікке деген мұнша-
лықты ықыластың артуында түбірлі себеп бар. Француздар 
етке зауқысыз, жеміс-жидек, сүт өнімдеріне ықыласты. 
Әсіресе, ірімшікке  құмар. Біз де осы жазбамызда «қазақ 
ірімшігі» деп ерекшеледік. Ірімшік —  ұлттық тағамның төресі. 
Ірімшік ертеректе нан орнына жүрген.  Құрт талмап, ірімшік 
жеу бір ғанибет біздер үшін. Енді аздап бала күнімізде ірімшік 
қайнатудың көзбен көрген әдіс-тәсілін таратып көрелік. 
Сүтті кіріктірудің неше  қилы әдісі болады.  Қазақтар үшін 
тоңазытқыш - шымды жер. Шымды жер  қорысты бұлақтар-
дың төңірегі. Шым  қорысты келеді. Топырағы үгітілме 
жұмсақ. ЬІстықта жаңа сауылған қой мен ешкінің сүтін шымға 
батырып  қояды торсықпен, меспен  қорысты батпаққа көмеді 
немесе батырады. Осыны шымға батыру дейді. Ірімшік  қайна-
ту шешелеріміз үшін  қарбаласқа толы жауапты күйбең. Әдет-
те, ірімшік кайнатуды бәйбішелер күн шығар-шықпастан бас-
тайды. Сүтті ірітіп алса, онда еңбектің зая кеткені. Содан да 
ерте кіріседі ірімшік  қамдауға. Үлкен  қазанға сүтті  құяды да, 
аздап қана жылытады. Бұл сүттің ірімегенін білудің тәсілі. Сүт 
ірісе, онда  қайнатуға келмегені. Ондай жарамсыз бүлінген 
сүтті іркіт жиятын меске, әйтпесе бөшкеге  қотара салады. 
Қазақта «Сүттей  ұйыған тірлігімізді ірітіп кетті» деген кейіс 
сөз бар. Ірімшік  қайнатуға дайындаған мол сүттің іріп кетуі 
сәтсіздікке, есіл бейнеттің зая кетуіне апарып соқтырады. Со-
дан да ірімшікке деп дайындаған сүттің сәтімен  ұюы жақсы 
ырым нышаны саналады. 
Қазандағы мол сүт жылы-шымшым болған сәтте  ұйытыла-
ды. Сүтті мәйекпен  ұйытады. Мәйек — жас төлдің  ұлтабары. 
Ұлтабарға уыз сүт  құйып ашытылады. Мәйек  қарын  қалтада 
сақталады. Сүт сәл жылысымен  қарын  қалтадан алынған 
мәйекті сүтке бір жүгіртіп шығады. Сүт «дір етіп»  ұйи қалады. 
Немесе ілігеді делінеді. Мәйекпен ұйытылған сүт демде ілігеді. 
Көзбен көргендіктен айтып отырмын. Сонда шешем өзгеше 
мағұрланар еді. Сәтімен іліккен сүтті лөкет пышақпен, әйтпесе 
кепсердің қырымен айқыш-  ұйқыш тіліп шығады. Бұл ырымға 
жатпайды. Іліккен сүт тұтасып жатып алмай күш алсын дегені. 
Сүттің іліккенін байқаудың тәсіліне жатады. 
Ірімшік  қайнату — аса ептілікті, айрықша ынтаны  қажет 
90 
етеді.  Қазаннан сәл алыстап,  қолы кепсерден ажырады ма, 
ірімшік  қамдаушының еңбегі зая.  Қазан астындағы отты 
мөлшерімен  қағыстырып тамыздықтау тағы бар.  Қара  қазанда 
бүлк-бүлк  қайнап жатқан ірімшікті тәңіректеген шешей 
құмығыңқы үнмен ыңылдап үнін созатын еді. Маған «Бара тұр, 
ірімшік әлі төңкеріле  қойған жоқ» дейтін. Сондағы шешейдің 
әні былайша құмығар еді: 
Ақ ірімшік дегенде, ақ ірімшік, 
Сандалған қайран елім бағың ұшып. 
Жарығына жалғанның не жетеді, 
Көрісейік жұртым-ау, сағынысып-ай! 
Сары ірімшік дегенде, сары ірімшік- ау, 
Тісім кақсап барады, жағым ісіп. 
Алты қырдың астынан ән шырқасам 
Жетермісің қалқажан, алып-ұшып-ай! 
Желбіретер есер жел желкегімді, 
Еш қылады кей жаман ерте күнді-ай. 
Мұңсыз-қамсыз сәбилер ауыз тисін-ау, 
Сәтіменен ірімшік төңкерілді... 
Ірімшік  қайнай-қайнай түйе жапырақтанып сары түске 
енгенінде, ырымдап алдын балаларға ауыз тигізеді. Ірімшікті 
кепсермен сүзіп алған соң,  қазан түбінде сары суы  қалады. 
Шешейдің кепсері  қазанға  қайта сұғынады. Сары су төң-
керіліп  қоюланғанша дамылдық алмайды. Тағы да ән кетеді 
көкке өрлеп: 
Сірне жеймін, ендеше, сірне жеймін, 
Жатқа сіңіп саяқсып жүр ме деймін. 
Өзегіңді талдырып не кыласың, 
Сақтап қойдым ірімшік, сірне деймін. 
Домаланар дауылда түйе қаңбақ, 
Ағайынға кей надан болар салмақ-ай, 
Бір аштықтың болады бір тоқтығы-ей, 
Өзегіңді жалғашы сірне талмап-ай! 
Ірімшіктің сары суы  қоюланғаңда дәмі ауыздан кетпейтін 
сірнеге айналады. Сірнені дөңгелете нобайлап, өреге (пісас 
жайып кептіретін биік сөре) жайып тобарсытады. «Сірне то-
қаш» делінеді кептірілген ірімшіктің маңызы. Сірненің тағам-
дық қуаты ересен. Үнемдеп қысқа сақтайды. Әл-қуаты азайған 
кәрілерге, балаларға шақтап береді. Жортуылшы мен жолау-
шыға таптырмас азық. Сірнені көмейлете жеу  қомағайлыққа 
91 


жатады. Тандайға басып талмайды. Сірнені көбіректеу жесең, 
жүрекке тиеді.  Қоректік  қуаты орасан.  Ұлтабары ауыратын 
шікатті адамдарға дәрі есебінде. 
Біздің кәделегеніміз кәдімгі сары ірімшік. Жаңа сауған 
сүттен алынғандықтан сары ірімшік делінеді. Сүт тартатын 
мәшиненің өңешінен өткен сүт ірімшік  қайнатуға келмейді. 
Сары ірімшік  ұзаққа сақталады. «Жазғы жуынды —  қысқа 
азық» дегендегі аңғарым пісастың асылдығын меңзегені. 
Құрт, ірімшік, сірне, басқа да сүт өнімдерін  ұзақ сақтауды 
мақсат ету үнемге жатпайды. Ірімшікқұмар француздар 
ірімшікті жүз жылға сақтайды деп әузелейді. Рас-өтірігін кім 
білсін?!  Қазақ ғұрпында асты  ұзақ сақтаудың өзіндік  қалыпта-
сқан тәртібі бар. Маңызынан айырылып, дәмі кеткен асты көп 
сақтамайды. Өзіміз сөз етіп отырған пісас /ірімшік,  құрт, сірне 
т.б./ жыл басы саналған Наурыз мейрамына шейін желініп 
бітуге тиісті. Наурыздан кейінгі пісас  қалдықтары жарамсыз 
асқа жатқызылады. Бұл неліктен? Себеп-салдары тереңде. 
Біріншіден, көп сақталған астың  құнары кемиді. Денсаулыққа 
әсер етуі кәдік, екіншіден, арамза  қоздаған  қой мен ешкіден, 
сиырдан сүт алсын, мал бағуға ықыласы аусын дегені. 
Өмір көрген үлкендер ысырапты жек көреді. Пісасты келер 
жылға  қалдырмаудағы мақсат — астың маңызын есепке алға-
ны. Маңызы кеткен, дәмі бүлінген тағам денсаулыққа зиян. Ас 
пен тамақтың, тағамның ең негізгі мәнді атауы «дәм» делінеді. 
Үйге келген  қонаққа дәм дайындайды. «Бір күн дәм татқан 
адамға  қырық күн сәлем». Ысырапты болдырмаудың амалы -
үнем. Дәмі кеткен, ескірген деп адал асты жуынды-шайындыға 
төге салу - астың киесіне  ұрындырады. «Жұтқан жұтаймайды-
ны»  қаперге алған шешелеріміз маңызынан айырылған пісас 
түрлерін ескірген екен деп күресінге төкпей, балаларына 
дәмдеп  ұсынады. Сары ірімшік  ұзаққа сақталады. Екі-үш жыл-
ға дейін маңызын жоймайды.  Қатқан ірімшікті келіге түйіп, 
әйтпесе, диірменге тартып майдалап, сүтке езіп жеуге болады. 
Майға да шылайды. Сондай тағамды «езбе» деп атайды. 
Шешелеріміз бала күнімізде: «Сүрт әрмен аузыңды! Езбе же-
гендей езуіңнен ағызғаның не сонша?!» — деп зекіп тастайтын. 
Езбе аса бапты тағам емес. Жанұяның қорегі. Езбеден «ез-
балдақ» деген сөз туындаған. Езбалдақ адам татымсыз сөзді 
көбейтіп, көкіме әдетке басып, сөзін жасытып жібереді. Езбал-
дақтар салдыр-салақ келеді. Жауапсыз сөйлейді. Мыжып 
сөйлеп кетеді. Жүріс-тұрысы, киген киімі де  қонымсыз келеді. 
Езбалдақ деп бобалақ адамдарға  қарата айтылады.  Қазақтың 
қара өлеңінде де бар: 
92 
Езбе деймін ендеше, езбе деймін, 
Шыдамайды қу ағаш тезге деймін. 
Езбалдақтап малтаңды езе бердің, 
Кедейлігің көрінді сөзге деймін. 
Езілетін құртты «езбе құрт» деп те жатады. 
Құрт 
Пісастың маңыздысы -  құрт.  Құртқа байланысты мақал-
мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ жетіп артылады. Жастарды адам-
шылыққа, еңбекті сүюге баулуда  құрттың алатын орны өзге-
ше. Үлкендер өсер жасқа деген тәрбиесін  құртқа байланысты-
ра айтады. Сөздің асылы мен жасығы да  құртқа байланысты 
туындап жатады.  Құрттың анасы - сүт, атасы - іркіт. Іркітті де 
баптайды. Іріп кеткен сүттен ақ ірімшік алады. Ақ ірімшік екі-
үш күңдік  қана. Іріген сүтті, әйтпесе, кәдімгі сүтті бөшкеге не-
месе меске /мес мал терісінен жасалады/  құяды. Бөшкедегі сүт 
бақырып ашуы керек. Бықырған сүт іркітке айналады. Іркітті 
қойылту үшін көк суын ағызып жібереді. Әбден бабына келіп 
ашыған іркіттен алынған  құрт  қышқылтым һәм маңызды 
келеді. Бөшкедегі іркіт күн көзінде көбіректеу тұрса, химия-
лық  құрамы молығады. Әсіресе, темір тотығы артады. Іркітті 
көк суынан арылтып болған соң, жанұяның би апасы іркіттің 
сапасын анықтайды. Содан кейін  құрт  қайнатуға келін-
кепшіктеріне жарлық береді. 
Құрт  қайнату - береке науқаны. Алдымен жерошақ  қазы-
лып,  қазанды жерошаққа орнатады. Үлкен темір ошақтарға да 
қазан асылады. Отын  қамдалады.  Құрт қайнатуға жам отыннан 
да (көкпек,  қу ағаш,  ұшқат)  қи пайдалы.  Қидың  қызуы өткір 
келеді. Көмірді пайлаланса да болады. Ерте кездерде  құрт  қай-
нату жауапты науқанға саналған. Ауылдың бар адамы жұмыл-
дырылады. Балалар да жүреді отын тасып.  Құрттың көбігін жа-
лаймыз деп  қуанады көген көздер. Әйелдер мен  қазаншы ер-
кектер білектерін сыбанып кіріседі  құрт  қайнатуға.  Қазанның 
түбі күйіп кетсе, еңбек зая. Бабымен  қайнатылмаған  құрт 
күйік татып кетеді.  Қариялар айтар еді. Бір жолы қаракесектің 
кернейіне жататын Жарылғап батыр /1735-1786 ж.ж./ жапсар-
лас тарақты ауылына ат басын тірейді. Күзекте отырған Байғо-
зы батырдың ауылы кұрт  қайнатудың  қамында екен. Ондаған 
қара  қазанға  қотарылған іркіт әр  қазанда бүлк-бүлк  қайнап 
жатса керек. Шаруагер жігіттерді  қасына алған Байғозы батыр 
өзі бас болып,  қазандағы іркіттің бабымен қайнағанын  қадаға-
93 


лап тұр екен дейді. Әйелдер жүн сабап, киіз басудың қамында 
жүрсе керек. 
- Уай, Байеке, бұл не кәсіп? «Ер  қартайса,  қазаншы бо-
лар» деп, жерошақты төңіректеп жүргеніңізге жол болсын?! 
Ауылыңызда шөмішке ие болатын жөні түзу бір  қатын шық-
пағаны ма? - дейді ғой. Сонда Байғозы батыр: 
- Ой, жолың болғыр!  Қатын-қалаштың  қайнатқан  құрты 
жорықшыға ас болушы ма еді?! - депті. 
Елін жаудан  қорғаған,  қол бастаған батырлардың «жорық 
асы»  құрт болып табылады.  Құрттың кәдеге жүрмейтін жері 
жоқ. Сөз бастаған шешендер мен билердің дауысын ашу үшін 
талмағаны  құрт болған.  Қой соңындағы  қойшы,  қостап жылқы 
бағатын жылқышының  қоржынында жүреді. Бойына бірдеңе 
бітейін деп жүрген келіншектің жерік асы -  қойдың  құрты. 
Қылықты бойжеткендердің жеңсік асы да осы  құрт. Әсіресе, 
жорықшылар мен кірешілердің  ұртында жүретінін кайтерсің. 
Талмап сорғанда өзегіне нәр жүгіреді. Содан да жорықшы 
ақын Махамбет: «Ерулі атқа ер салмай, егеулі найза  қолға ал-
май, еңку-еңку жер шалмай. Тебіңгі терге шірімей, терлігі 
майдан ірімей. Алты малта ас болмай... Темір  қазық жастан-
бай,  қу толағай бастанбай, ерлердің ісі біте ме?» — деп толға-
май ма. Ақын «Алты малта ас болмай...» деп біз қаузаған тақы-
рыпқа дөп түседі. Содан да батырлар ер азығы  құртты өздері 
бас болып қайнатуға білек сыбанған ғой. 
Ер азығы саналған  құртқа байланысты жаңылтпаштар, 
жұмбақтар,  қара өлең үлгілері жетерлік. Дені тәрбиелік 
мәнге ие. Бала күнімізде: «Апам үйіне барып  құрт асағым 
келді», - деп жаңылтпаш айтатынбыз. Ескілікті беташарда: 
«Қаптың аузы бос тұр деп  құрт  ұрлама, келіншек. Өзің жа-
тып байыңды тұр-тұрлама келіншек», — деген жолдар бар. 
Құрт ақындардың  қағысуында тілге тиек болып жатады. 
Ауыз әдебиетінің нұсқаларында кездеседі. Балта ақын мен 
Алшынбай бидің  қағысуы  құрттан өрбіген. Алшынбай -  Қаз 
дауысты  Қазыбек бидің шөбересі. Тілмар шешендігімен  қоса 
ақын да болыпты: 
94 
деп биді ұтып кетіпті. 
Құртқа байланысты күлдіргі әңгімелер де бар. Әдетте, 
құртты өреге жаяды. Өре - киіз үйдің маңдайшасына сұғылған 
тұғырлы сөре. Ши жаяды өреге.  Құрт асты-үстінен жел кеулеп 
тез тобарсиды. Бозбалалар қ ұ р т т ы сылтауратып, қызы бар үйді 
торуылдайды. Өреден  құрт  ұрлайды, одан  қалды сөз салады 
көңілі ауған бойжеткенге. Ауыл-аймаққа өрлігімен мәлім бір 
бәйбіше  қызына өредегі кұртты, ел жатқанша деп, күзеттіріп 
қойыпты. Содан  қызғаншақ шеше  қызын бақыласа,  қыз да 
жоқ, өредегі  құртты да сыпырып әкетіпті сұғанақ жастар. Өз 
басынан да жастықтың елең-селеңін өткізген әйел «ұялған тек 
тұрмастың» керіне бағып: «Әй, айналайындар, сендердің де 
мендей шешелерің бар шығар. Адамды адам жемейді,  қызым-
нан да бейнеттеніп жиған  құртым  қымбат еді.  Құртты  қайта-
рыңдаршы», — деп жалыныпты. 
Бір жолы жолаушылап келе жатқан жүргіншілер сықырла-
ған сары аязда атын  қорыққа жебіріп,  қар үстінде шалқасынан 
ұйықтап жатқан жортуылшыны кезіктіріпті. Терең  ұйқыдағы 
әлгінің буы аспанға шығып жатыр дейді. Сықырлаған сары 
аязды елеместен алаңсыз терең  ұйқыдағы оған риза болған 
жүргіншілердің басшысы: «Оятпай-ақ  қойындар.  Қойдың 
құртына мас болып жатыр екен», - депті дейді. 
Қойдың сүтінен алынған  құртты «қойдың  құрты» дейді. 
Қой сүтінен  қайнатылған  құрт асыл келеді.  Қойдың езілген 
құртын тоя ішкен адам бойын суыққа алдыра қоймайды. 
Құртты  қайнату бір сын болса, өреге жайып кептіру -
өзгеше ыспадиярлықты қажет етеді.  Қапқа салып  қысқа сақта-
удың өзіндік әдісін білу керек. Күн көзіне тигізбей, сызға 
ұрындырмай,  қоңыр салқын көлеңкеде сақталады  құрт. 
Құртты езудің де өз ығыты бар. Ағаш табаққа езілген 
құртты  ұн шалған суға араластырады.  Қойылып, бабына келуі 
үшін ысытылады. Ысыған кұртқа тоң май немесе сары май 
қатады. Жылы шымшым күйінде ішу керек. Сонда бойға тез 
сіңеді. 
Сүзбе күзге  қарай алынады. Сәл ашыған  қышқылтым сүт 
іріндісінен алынған  құртты сүзбе  құрт дейді. Сүзбені  қайнат-
пайды.  Қышқылтым болғандықтан сүзбе  құрт делінеді. Сүзбе 
қысқа сақталады. Кеспе көжеге араластырып ішеді. Сорпаға 
қосады.  Қайнатылған сұйық  құртты да сүзбе дей береді.  Қай-
Армысың, сұғанақ сұр ақын Балта, 
Ішінде тамам бегеш қораң орта. 
Кірген үйден білдіртпей кұрт ұрлайтын, 
Бар дейді ме қойныңда ұры қалта, -
дегенде, Балта іркілместен жауап  қайтарыпты. Балта ақын 
расында да  құртқа  құмар болған. Сол әдетін тілмар би ілік 
қылған: 
Не қалар ақынсыған бағаңыздан, 
Әрнені ілік етіп таба қылған. 
Жегенім шешем жиған қойдың құрты, 
Арам ба сіздің жеген параңыздан? -
95 


7-2628 
97 
96 
натылған сұйық құртты, сүзбені сорпаға қосып ішкенде адам-
ға әл береді. Тұмаудан сақтайды. Бойдағы жел-құзды кеті-
реді. 
Әдетте, шешелеріміз  құртты үлкен ағаш табаққа езетін. 
Бүгінде ағаш табақты ырымға таппайсың. Шыны тегенеге де 
езіле береді жарамды  құрт. Езілген  құрттың  қалдығы малта 
делінеді. Малтаға балалар  құмар келеді. Келіншектер мен  қыз-
дар да дәметеді шешелерінен. Аңға шыққан аңшы, жолаушы-
лаған жүргінші жолазыққа деп  қалтасына малта салып алады.. 
Қойдың  құртының малтасы ағараңдау келеді. Содан да ақ мал-
та делінеді. Малтамен шай ішудің өзі бір ғанибет. Жіпселеңдеп 
тершіген адам: «Малтамен шай ішкендей жадырадым-ау», — 
деп жатады. 
Ағаш асыл көрінер жаңқасынан, 
Үйші бедел алады балтасынан. 
Суы құрып аузымның бара жатыр, 
Шешеңнің уыстап бер малтасынан, — 
деп бозбала  қызға наз тастаса, бойжеткен де жігітке есесін 
жібере  қоймайды: 
Шанаға кер бестіні жегіп алдым, 
Адаспай-ақ бораннан келіп алдым. 
Қыздан да бұл ауылдың малтасы асыл, 
Сендейді дәніктіріп не қыламын... 
Құрт ішу  қазақ отбасы үшін бір ғанибет.  Қонаққа кәделеп 
ұсыну тіптен жарастықты.  Құртты күнде-күнде езе бермейді. 
Боранды күндері, шытынаған сары аязда ішілген құрт сары то-
саптай сіңімді келеді. Бойды суыққа алдырмайды. Аң аулаған 
аңшы,  ұзақ жолдан  қажыған жолаушы, түн қатып түсі  қашқан 
жүргінші міндетті түрде ішеді. Бойын суыққа алдырғандар 
қойдың  құйрығынан алынған, тоң май араластырылған жылы 
шымшым  құртты асықпай сімірген сәтінде бусанып терлей ба-
стайды.  Құрт - суыққа  қорғаныш. Тұмауратқанда бірден бір 
дауа. Бойдан жел-құзды қуалайды. 
Құрт сыртқы нобайына  қарай сықпа, малта делінеді. Әдет-
те,  қайнатылған  құртты алақан толтыра сығымдайды. Сақтау 
көтеретін,  қыста езілетін құрт осы. Сықпа, алақанға жеткізбей, 
саусақпен сығымдалады. Кішірек келеді. Сықпа тез тобарси-
ды. Сықпамен ыстықта шай ішу бір ғанибет.  Құрт маңызына 
қарай егжей, сүзбе делінеді. Егжей ашуы жетпеген іркіттен 
алынады. 
Құрт сақталуына, маңызына  қарай ақ кұрт,  қара  құрт, ша-
қалтақ  құрт делінеді. Ақ  құрт  қойдың сүтінен алынады.  Қара 
құрт сиыр сүтінің өнімі. Шақалтақ —  қаймақ айыратын 
мәшиненің өңешінен өткен, сүттен  қайнатылған кұрт. Бар ма-
ңызынан жұрдай көк сүттің бөшкеде жөндеп ашымаған 
іркітінен алынған  құрт әншейін айтарға. Ондай  құртты «тас 
құрт» деп балалар итке лақтырады. 
Көже 
Көже - көптің асы. Сыбағалы тағамға жатпайды. Кедейдің 
өзек жалғары. Көженің түрлері бірқыдыру. Бала-шағалы жа-
нұя кедей  қолды көжені сусын әрі тамақ ретінде пайдаланады. 
Отты көп  қажетсінбейді. Тез піседі. Кәдімгі сүт пен  ұн, бидай 
мен күріштен жасалады. «Бидай көже», «ұн көже», «сүт көже» 
делінеді. Кәдімгі ашымақ та «ашыған көже» деп аталады. Бала 
күнімізде  ұннан жасалған көжені көп іштік.  Қатығы /малдың 
іш майынан алынған/ тоң май болатын.  Ұн көжеміз осы.  Ұн 
көжені, көбінесе, «қара көже» дейтін еді. 
Сірә,  қатығы аз болғандықтан да,  ұнның сапасына  қарай 
солай аталған болуға тиісті. Кеспе көжеге ет туралады. «Сүт 
көже» деп те аталады. 
Көженің сандаған түрі бар. Көбінесе, тұрмысы төмен отба-
сының бала-шағасына  қорек. Шөлдегенде сусын. Ішкенде 
ұлтабарға жайлы.  Қоректігі мол. Бала-шаға, кемпір-шалдың 
ермегіне жарайды. Өзегін талдырмайды. 
Үйге келген  қонақ көжені олқысынады. Бар болып тұрып 
көжемен сыйлағандарды сөзге  қалдырады. Шығымсыздығын 
бетіне басады.  Қазақ ғұрпында кедейдің дастарқанын олқысы-
натын әдет білімсіздікке жатады. 
Көжеге байланысты ел ішінде әр  қилы әңгімелер де бар. 
Тарақты Тұяқ шешен бір жолы ауылдасы Алтыбай байдың 
үйіне бара  қалады. Байдың бәйбішесі Тұяқты көжемен сый-
лайды. Келесі жолы бай Тұяқ шешеннің үйіне бір шаруамен 
келіпті. Үй иесі әйеліне «ұннан төңкерме жаса, қара көже дай-
ында» деп бұйырады. Бай көжені  қомсынып, не ішерін, не 
ішпесін білмей отырғанда, Тұяқ шешен: «Ішсең ішкен асың, 
ішпесең, жеңсік асың шығар. Бұл көже — байдың малын сақта-
ған көже. Жарлының жанын сақтаған көже. Іш, Алтыбайым, 
іш!» - деген екен дейді. Бұдан көже  қадірсіз ас деген  ұғым ту-
маса керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет