(«Қазақтың ауызша тарихы», Ақселеу Сейдімбек,
255-бет, 2008 ж.)
Қол жілікті әр түрлі атайды. Майы тоқ болғандықтан «тоқ
жілік», «тоқпан жілік» деп түрлендіре айта береді. Тоқпан
жілікті /қара малдың - жылқы, сиыр, түйе/ әдетте, қазанға
бітеу салады. Жілік майына бола. Тоқ жілік делінетіні содан.
«Тоқпан жілік» делінуінің себебін бүгінде ешкім де ажыратып
айтып бере алмайды. Етінен арылып мүжілген бітеу жілік кей
жағдайда тоқпақ орнына /қол ағаш/ пайдаланылады. Соны
көзіміз көрді. Ал «тоқ жілік» делінетіні жілік майының мол бо-
луына байланысты. Тоқ жілік соғым сойылған күні тұтас
түседі қазанға. Бала-шаға тоқ болсын деп, ырымдап соғым
сойылғанда қол жілікті кәделеп соғым етіне шақырған көрші-
қолаңның алдына қою, жілікті шағып, майын бөлісе жеу жақ-
сы ырым нышанасы. Тоқтық белгісі саналады. Қол жіліктің
майы шыны келсе, көкірегінің желі бар шікатты адамға
109
жегізеді. Балаларға да ауыз тигізеді. Қарттарға кәделеп ұсына-
ды. Үлкеннің қолынан жілік майын жеу өзінше бір кәдеге,
сыйластыққа жатқызылады. Соғым сойған күнгі шақырысқа
халқымыз айрықша мән берген. Соғым етіне үлкен-кіші демей
көршілер, жақындар жиналады. Соғым сойылған күнгі асыл-
ған еттің дәмділігіне, сорпасына баға жетпейді. Ішек қарын,
өкпе-бауыр араластырылмайды. Тек еттің жылы-жұмсағы асы-
дады. Қазы-қарта, жал-жаяны кәделеу міндет емес. Еттің ши-
мандысы түседі қазанға. Қол жілікті бөлмей салады. Осының
жорасын үлкендерден сұрағанда «Тоқ жілік тоқтық белгісінің
нышанасы» дейді. Оны екіге бөлу ырымға жаман. Жілікті
бөлмей қазанға тұтас салу ортамыз тола берсін, ырыс-
несібеміз ортаймасын дегенді көтермелеуге жатады. Әрі тоқ
жіліктің жілік майына үлкен-кіші кенеліп, бір тоғаяды.
Көкірегінің желі кетіп, сарайы ашылады. Тоқ жіліктің жілік
майына қарап үлкендер малдың күйін андайды. Қыстың ама-
лын алдын ала болжайды.
Киізден ақ ұлтарақ ойып алдым,
Қалқаны сағыныштан ойыма алдым.
Соғымы қызды ауылдың семіз шығып,
Майына тоқ жіліктің тойып алдым, -
деп келетін қара өлең жоғарыдағы ойымызды бекемдей түседі.
Ал ұсақ малдың, қой мен ешкінің қол жілігі тәрбие-тәлімнің
көрнекі құралы іспетті. Қойлы байдың ерке баласы қол жілік
аспадың деп асықты жілікті шаңырақтан лақтырады екен. Дау
жоқ, жіліктің майы асыл. Оған құныққан бала әлгіндей оспа-
дарлыққа бармай қоймайды. Оңдай майға құмар балаға тыйым:
«Жіліктің майын көп жесең, мұрныңның боғы көбейіп кетеді.
Маңқа атанасың». Жіліктің майын шағып, карттарға, үлкен
кісілерге беру - сыйластыққа жатады. Сүйек шағып, майын
сору адамға әл береді. Тұмаудан, жөтелден сақтайды. Сүйекті
бала кезімізде шешелеріміз қайнататын. Сүйектен алынған
майды арнайы ыдысқа құйып сақтап қоятын еді. Сүйектің
майы көкжөтелге мың да бір ем. Ұлтабар жарасына шалдық-
қандар сүйек майынан жазылады. Сүйек шағатын аспап «ша-
пашот» делінеді. Бүгінде шапашот қолданыстан шығып қалды.
Сүйек кемірудің бір пайдасы - тісті сақайтады.
Ірі малдың ортан жілігін қазанға екі бөліп салады. Ұсақ
малдыкі тұтастай түседі. Қойдың ортан жілігін жұдырықпен
ұрып сындыру өзінше бір өнерге жатады. Бүгінде бұл әдет
ескілікті салтқа жатқызылып, ұмытылуға айналды. Жілікті
ұрып сындыру - жастарды шымырлыққа баулиды. Әйнешек
110
болудан сақтандырады. Бүгінше айтқанда, ұлттық спорт ойы-
ны десек те болады.
Асқаны жеңешенің атан жілік,
Құрбыңа көз алартпа қатар жүріп.
Бәстесіп жеңешеммен ойда жоқта,
Ұрғанда қақ бөлінді атан жілік, -
деген қара өлең жолдарын үлкендер әнге қосар еді. «Шіркін,
бұрынғының жігіттері-ай» дегенді қосарлайтын.
Ақсақалдар ер тұлғалы азаматты «Атан жіліктей ерім-ау!»
деп көтермелейді. Кесек келген уытты бозбаланы: «Түйенің
атан жілігіндей іріленіп келеді», - деп мағұрланады.
Ортан жіліктің /қара малдың/ бір атауы - «атан жілік».
Ертеректе түйенің атан /ортан жілігі/ жілігін ұрып сындыра-
тындар болған. Қойдың ортан жілігін бұрап сындырғандарды
өз көзімізбен көрдік. Кейінде жілікті ұрып сындыру аяқсыды.
Жілік сындыру екінің бірінің қолынан келмейді. Оған жалық-
пай машықтану керек. Кейбір мақтаншақтар жілікті ұрып
сындырам деп қолын ауыртып алып, күлкі болады.
Сондайда жеңгелері:
Ағысты мекендейді ала шабақ,
Жігітті қыз жақтайды жаңа талап.
Ұрыншақ, шыға шаппа кей бозбала
Ісінде нәтиже жоқ, орашалақ, -
деп әжуалайды.
Осы өлеңді талдасақ, мағынасы ашыла түседі. Балық екеш
балық та ағысқа үйір екен. Әрнеге еліккіш, табаны бүрлі жігітті
«жас талап» деп көтермелеп, келешегінен дәмеленеді үлкен-
кіші. Енді сол «жас талап» әр өнердің басын бір шалып, әр
кәсіппен бір айналысып, «бір-ақ секіріп шығам деп, мертігеді де
жатадының» керіне ұшыраса не болғаны?! Онда ол «шыға шап-
па» ұрыншақ аттай боғы ауып, орта жолда қалады. «Ісім өнсін
десең, ретін тап» деген халық нақылын ұстанбай, әр шөптің ба-
сын бір шалып оттаған тізгін қашаған жылқыдай іске сырдаң,
сөзге жылмаң атанып, сұйық жүрісті тұрлаусыз деген атқа қала-
ды. Жүрісі сұйық делінетіні - берекесіздіктің белгісі. Бір нәрсе-
ге табан тіреп қала алмай, әрнеге бір қол тигізумен жүретін
берекесіздер «сұйық жүрісті» делінеді. Халқымыз жаһандану
үрдісіне қосылып, нарықтық қатынасты игере бастады. Қиырға
қанат қомдап, биіктей ұшатын жігіттер керек ендігі жерде. Қай-
ратты да қайсар азаматтарға зәруміз. Атан жіліктей шымырла-
нып өскен өрені бар ел мерейі әрдайым үстем.
111
|